Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

«Қазақмыс» еңбек ұжымдары мен еңбек әулеттері дауыс беруге қатысуда
Бүгін, 23 тамызда, «Қазақмыс» тобының кәсіпорындарында еңбек ететін кеншілер, байытушылар, металлургтер, энергетиктер, жөндеу мамандары және басқа да қызметкерлер Құрылтай сайлауында дауыс беруде.

Олардың қатарында «Қазақмыстың» еңбек әулеттерінің өкілдері де бар. Көптеген отбасылар үшін компаниядағы еңбек ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрге айналған.

Дауыс беру қызметкерлердің жұмыс және ауысымдық кестесіне сәйкес ұйымдастырылған. Өндірістік нысандарда және вахталық ауысымда жүрген қызметкерлердің дауыс беруіне жағдай жасау үшін Компания сайлау комиссияларымен және жергілікті атқарушы органдармен алдын ала қажетті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Бүгін «Қазақмыс» қызметкерлері отбасыларымен және әріптестерімен бірге сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасауда.

The post «Қазақмыс» еңбек ұжымдары мен еңбек әулеттері дауыс беруге қатысуда appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Құрылтай сайлауы-2026: сайлау учаскелерінде кезек ұлғайып, қазақстандықтар креатив танытуда
Таңсәріден басталған сайлаушылар легі кей өңірлердегі жауын-шашынға қарамастан, толастар емес. Уақыт өткен сайын дауыс беруге келушілер қатары артып келеді.

Қостанай облысында спортшылар дауыс беруге шаңғыроллермен келсе, Қызылордада сайлауға қатысушылар арасында бүгін алғаш рет дауыс беріп жатқан 18 жастағы түлектер де бар.

Сайлау күні біртіндеп үлкен жалпыұлттық оқиғаның сипатына еніп келеді. Шымкенттегі №360 сайлау учаскесіне «Әжелер» ансамблінің мүшелері ұлттық киім киіп, ақ жаулық тағып келді.

Атырауда сайлаушыларды «90-жылдарды еске алып» атты фотозона қарсы алса, учаскелерде музыка ойнап, өнерпаздар өнер көрсетуде. Дауыс берушілердің бірі ондағы көңіл күйді: «Президентті қарсы алғандай қарсы алып жатыр», – деп сипаттады.
Оралда дауыс беруге Төлеген мен Қыз Жібек те «келді». Жастар театрының актерлері әйгілі туынды кейіпкерлерінің образынан шықпастан өз таңдауларын жасауды жөн көрген.

Ақтөбеде сайлаушыларды гуманоид робот қол алысып қарсы алса, оның жанында робот-ит жүр.

Алматыда сайлау учаскелерінде «Месси» мен «Роналду» бой көрсетсе, Петропавл оған өз «Эрлинг Холандын» шығарды. Маңғыстауда ұлттық киім киген садақшылар мен Атазаң есімді баланың әкесі дауыс берді. Өңірлердің бірінде тіпті Өрмекші адам да сайлау учаскесінен көрінді.

Ал Алматыда бұған дейін дауыс берген Құрылтай есімді азаматтың қатарына Абай облысындағы аттасы – 68 жастағы Құрылтай Әлімжанов қосылды.

The post Құрылтай сайлауы-2026: сайлау учаскелерінде кезек ұлғайып, қазақстандықтар креатив танытуда appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Qazaqstan» телеарнасы Құрылтай-2026 сайлауына арналған марафонды тікелей эфирде көрсетіп жатыр
Тікелей эфирді барлық алаңнан бірден тамашалауға болады:

YouTube

Facebook

TikTok

Еске сала кетейік, 23 тамызда Қазақстанда Ұлттық Құрылтайға сайлау өтіп жатыр. Ол Парламенттің екі палатасы – Сенат пен Мәжілістің орнын басады. Жаңа Парламент құрамына барлығы 145 депутат кіреді, олардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды. Орталық сайлау комиссиясы барлығы жеті саяси партия ұсынған тізімдер бойынша 545 кандидатты тіркеді.

The post «Qazaqstan» телеарнасы Құрылтай-2026 сайлауына арналған марафонды тікелей эфирде көрсетіп жатыр appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының үндеуі
«Тыныштық күні» және дауыс беру күні ақпараттық кеңістікте түрлі жалған ақпарат, манипуляциялық және арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен бейнематериалдар таралуы мүмкін.

Мұндай ақпараттық араңдатулар сайлау күндері әлемнің көптеген елдерінде тұрақты түрде тіркеледі. Олардың мақсаты — дауыс беру рәсімі туралы бұрмаланған түсінік қалыптастыру және азаматтардың ел өміріндегі маңызды оқиғаға қатысты жағымсыз эмоциялық реакциясын туындату.

Мұндай жарияланымдарда көбіне бұрын түсірілген фотосуреттер мен  бейнематериалдар, басқа елдерге қатысты материалдар (мысалы, сайлау бюллетеньдерді жаппай жәшікке салу көріністері), түсірген уақыты мен орны көрсетілмеген бейнежазбалардың үзінділері, сондай-ақ анонимді аккаунттардан жарияланған ақпараттар пайдаланылады.

Заманауи технологиялар монтаж және жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, осындай контентті жасауға және таратуға мүмкіндік береді. Олардың қатарында қоғамға танымал тұлғалар мен саясаткерлердің бет-бейнесі, дауысы пайдаланылған жалған фото, аудио және бейнематериалдар да бар.

Құрметті қазақстандықтар!

Ақпарат алу кезінде ресми дереккөздерге сүйеніп, мәліметтің бастапқы дереккөзін тексеріңіздер. Расталмаған хабарламаларды таратпаңыздар. Сіздердің ақпаратқа мұқият әрі жауапкершілікпен қарауларыңыз сайлау күні сабырлы әрі өзара құрметке негізделген ахуалды сақтауға ықпал етеді.

The post Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының үндеуі appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қазақстанда үй жануарларына ең жиі қойылатын аттардың рейтингі жасалды
Қазақстанда үй жануарларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесі – TAÑBA жұмыс істейді. Жүйе бір дерекқорда үй жануары мен оның иесі туралы негізгі мәліметтерді, сондай-ақ вакцинация, стерилизация және басқа да ветеринариялық рәсімдер туралы ақпаратты біріктіруге мүмкіндік береді.

Жануарды жүйеге тіркеген кезде электрондық паспорт қалыптастырылады. Онда жануардың аты, тұқымы, жынысы, туған күні, сәйкестендіру нөмірі және иесі туралы мәліметтер көрсетіледі. Кейін цифрлық профильде жүргізілген ветеринариялық рәсімдер туралы ақпарат та тіркеледі. Мұндай есеп жануарды жедел сәйкестендіруге және ол туралы қажетті мәліметтерді жылдам алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде TAÑBA жүйесінде 400 мыңға жуық үй жануары тіркелген. Олардың басым бөлігін иттер мен мысықтар құрайды: жүйеде 291 761 ит және 107 414 мысық есепте тұр.

Тізілім деректері Қазақстандағы үй жануарларына ең жиі қойылатын аттардың өзіндік рейтингін де жасауға мүмкіндік береді. Иттер арасында бірінші орында – Ақтөс. Бұл атты 8 863 ит иеленген. Одан кейін Шарик – 6 027, Рекс – 5 409, Тузик – 4 243 және Лайка – 4 137. Ең танымал он аттың қатарына сондай-ақ Арлан – 3 012, Мойнақ – 2 382, Алапар – 2 056, Барсик – 2 004 және Барбос – 1 963 енді.

Мысықтар арасында ең көп таралған ат – Мурка. Бұл ат 2 236 мысыққа қойылған. Екінші орында Муся – 1 529, үшінші орында Барсик – 1 491. Одан әрі Мурзик (842), Соня (833), Рыжик (721), Симба (698), Алиса (657), сондай-ақ Вася мен Кузя (әрқайсысы 604-тен) орналасқан.

Алайда TAÑBA жүйесі тек иттер мен мысықтарды есепке алумен шектелмейді. Мұнда сирек кездесетін үй жануарлары да тіркелген. Цифрлық тізілімде қазірдің өзінде сегіз үй қояны мен төрт күзен, сондай-ақ бір-бірден тасбақа, сәндік егеуқұйрық, шағын тұқымды шошқа, атжалман және капибара бар.

Олардың кейбірінің аттары да ерекше. Мәселен, жүйеде Айша есімді тасбақа, Томпи есімді атжалман, Библик есімді шағын тұқымды шошқа, Финик есімді сәндік егеуқұйрық және Борис есімді капибара тіркелген. Үй қояндарының арасында Кембридж, Оксфорд, Рафинад және Снежинка, ал күзендердің арасында Пирожок, Умка, Кипиш және Жижа деген аттар кездеседі.

Жүйеде үй жануарларының басқа түрлеріне де, соның ішінде теңіз шошқаларына, шиншиллаларға, қояндарға, маймылдар мен кірпілерге арналған санаттар қарастырылған. Әзірге бұл түрлердің өкілдері дерекқорда тіркелмеген, алайда оларды есепке алу мүмкіндігі жүйеде бар.

Бірыңғай цифрлық есеп үй жануарлары туралы мәліметтерді жүйелеуге, нақты жануар жөніндегі ақпаратты жедел анықтауға, сондай-ақ оның денсаулығы мен жүргізілген ветеринариялық рәсімдер туралы деректерді өзекті күйде сақтауға мүмкіндік береді.

The post Қазақстанда үй жануарларына ең жиі қойылатын аттардың рейтингі жасалды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

6 жылда тағы 4 млн қазақстандық газға қол жеткізді
Қазақстанда халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. Соңғы алты жылда елдегі газдандыру деңгейі 51%-дан 64,2%-ға дейін өсті. Осы кезеңде шамамен 4 млн қазақстандық табиғи газға қол жеткізді — газбен қамтамасыз етілген халық саны 9,1 млн адамнан 13,1 млн адамға дейін артты.

Осы жылдары газдандыру жұмыстарына 1 мыңнан астам елді мекен қамтылып, 20 мың км газ тарату желісі салынды.

Көрсеткіштің өсуі газ тасымалдау және газ тарату жүйелерін дамытуға, сондай-ақ жаңа елді мекендерді газға қосуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде қамтамасыз етілді.

Тек 2025 жылдың қорытындысы бойынша 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Бір жыл ішінде шамамен 2 мың км газ тарату желісі салынды.

Солтүстік өңірлерді газдандыру үшін «Ишим – Астана» магистральдық газ құбырын салу жобасының маңызы зор. Оны іске асыру жөніндегі меморандумға Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» арасында қол қойылды. Жоба Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын сенімді газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдің солтүстік өңірлеріне табиғи газ жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

2026 жылы газ инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 40 жоба іске асырылуда, оның ішінде 7 өтпелі және 33 жаңа жоба бар. Жобаларды іске асыру аясында биыл тағы шамамен 36 мың адам табиғи газға қол жеткізеді деп күтілуде.

Газдандыруды одан әрі кеңейту Мемлекет басшысының халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілу деңгейін 2035 жылға қарай 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады.

Газдандыру елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту өмір сүру сапасын арттыруға, өңірлерді дамытуға және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

The post 6 жылда тағы 4 млн қазақстандық газға қол жеткізді appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Алматыға қол созым жер қалды»: Меңдібай аға Алматы облысына жетті
«Құрылтайға жол» бағытының басым бөлігі артта қалды. Таңсәріде Меңдібай аға мен оның жас серіктері Ақсүйек ауылынан сапарын жалғастырып, шамамен 130 шақырымды еңсеріп, Айдарлыға жетті. Команда Жамбыл облысының шекарасынан өтіп, Алматыға апарар жолдың мәрелік бөлігіне шықты.

Көптен күткен шекара

Шежіренің жаңа шығарылымы таңсәріден басталды. Ақсүйекті артта қалдырған команда Айдарлы ауылына бет алды.

Бұл жол бөлігі қатысушылар үшін ерекше маңызды болды. Шамамен 130 шақырымды жүріп өткен олар Жамбыл облысының аумағындағы сапарын аяқтап, Алматы облысына жетті. Енді ультрамарафонның соңғы нүктесіне дейін аз ғана жол қалды.

Мәреге жақындау Меңдібай ағаның көңіл күйін айтарлықтай көтерді. Бойына жиналған шаршауға қарамастан, ол бар күш-жігерін жинап, бастаған ісін аяқтауға ниетті екенін растады.

«Жолдың қиындығы да, қуанышты сәттері де қатар жүреді. Сол қуаныштың бірі – ақыры Алматы облысына жеткеніміз. Ал бұл жерден Алматыға қол созым ғана қалды. Жасыратыны жоқ, қатты шаршадық. Бірақ бастаған ісімізді соңына дейін жеткізуге бекініп отырмыз», – деді марафоншы.

Соңғы шақырымдар көп күшті талап етеді

Меңдібай аға мен оның командасы Астанадан Алматыға дейінгі жолдың басым бөлігін артта қалдырды. Күнделікті ауыр жүктеме, аптап ыстық пен жүріп өткен жүздеген шақырым өз әсерін тигізбей қоймады.

Алайда Алматының жақындығы марафоншыға жаңа күш берді. Бұл шығарылымда оның жігерленіп, жолды соңына дейін жүріп өтуге нық бекінгені байқалады. Дене шаршағанымен, сапардың басында қабылдаған шешімі өзгерген жоқ.

Видеороликтен кадр

Әрбір жаңа шақырым команданы Алматыға ғана емес, «Құрылтайға жол» бастамасының мәресіне де жақындата түседі. Меңдібай аға бұл әрекеті арқылы ел үшін маңызды оқиғалар әр азаматтың жеке қатысуын талап ететінін қазақстандықтардың есіне салғысы келеді.

Шәкірттері тәлімгеріне тірек болды

Бағыттың күрделі бөліктерінде жас серіктері Меңдібай ағаны қолдауға тырысады. Тәлімгерінің кейде қиналып келе жатқанын көрген жігіттер жүктің бір бөлігін өз мойнына алады.

Видеороликтен кадр

Видеороликтен кадр

Шәкірттерінің бірі алға шығып, жүріс қарқынын белгілесе, екіншісі жанында қалып, жігерлендіріп, күшін үнемдеуге көмектеседі. Олардың қолдауының арқасында команда ең қиын сәттердің өзінде қозғалысын жалғастырып келеді.

Видеороликтен кадр

Бұл жол ұрпақтардың бір-біріне қолдау көрсетуінің үлгісіне айналды. Меңдібай аға жас жігіттермен тәжірибесін бөлісіп, оларға жеке үлгінің күшін көрсетіп келеді. Ал шәкірттері өз кезегінде тәлімгеріне бастаған ісін соңына дейін жеткізуге көмектесуде.

Айдарлыдағы жылы жүздесу

Айдарлыға дейінгі жолда команда жергілікті тұрғындармен жылы жүздесті. Жұрт Меңдібай ағаны танып, команданы қарсы алып, қатысушыларға Алматыға аман-есен жетуді тіледі.

Ауылға жақындаған кезде марафоншыны жергілікті балалар қоршап алды. Тұрғындар қатысушыларға қарбыз ұсынып, естелікке бірге суретке түсті. Кейін оларға арнап дастарқан жайды.

Видеороликтен кадр

Видеороликтен кадр

Айдарлыда команда тынығып, күш жинау үшін аялдады. Шаршаған жолаушылар үшін мұндай кездесу демалып алуға мүмкіндік қана емес, бүкіл жол бойы оларды түрлі адамдар қолдап келе жатқанының тағы бір дәлелі болды.

Қазақстандықтар бағытты бақылап, қолдау білдіруде

Әлеуметтік желілерде де қолдау толастаған жоқ. Меңдібай ағаның жарияланымдарының астына оның спорт саласындағы әріптестері мен еліміздің әр өңірінің тұрғындары пікір қалдырып жатыр.

Қазақстандықтар марафоншыға зор денсаулық, соңғы шақырымдарды еңсеруге күш-қуат және ультрамарафонды сәтті аяқтауын тілейді. Команда мақсатына жетуге шақ қалғанымен, жолдың әрбір жаңа бөлігі барған сайын қиындай түскен қазіргі сәтте мұндай қолдау сөздері айрықша маңызға ие.

Марафоншының жеке парақшасынан алынған сурет (Instagram⁠) (https://www.instagram.com/p/DcQitgUoN26/)

Осылайша бір адамның жеке бастамасы біртіндеп көптеген жанашыр жанның басын қосты. Бірі команданы елді мекендерде қарсы алса, енді бірі жолда көмектесіп, тағы бірі жылы лебізімен қолдау білдіруде.

Алматыға аз ғана жол қалды

Айдарлыда тынығып алғаннан кейін Меңдібай аға мен оның шәкірттері сапарын қайта жалғастырады. Алда бағыттың соңғы бөлігі мен Алматыдағы көптен күткен мәре қалды.

«Құрылтайға жол» бастамасы мәресіне жақындап келеді. Алайда оның негізгі мәні жүріп өткен қашықтықпен ғана шектелмейді. Меңдібай аға бұл сапары арқылы елдің ортақ жолы әр адамның шешімі мен іс-әрекетінен құралатынын еске салады.

23 тамызда қазақстандықтар жаңа Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына қатысады. Меңдібай аға Алматыға дейінгі соңғы шақырымдарды еңсеріп жатқанда, азаматтарға өз қадамын жасап, сайлау учаскелеріне барып, өз ұстанымын білдіру қалады.

Жолдың басым бөлігі артта қалды. Команда Алматы облысына жетіп, мәреге жақындай түсті. Ал Меңдібай ағаның мақсаты берік: жаңа Құрылтайға бастар жол соңына дейін жүріп өтіледі.

The post «Алматыға қол созым жер қалды»: Меңдібай аға Алматы облысына жетті appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Жаңа кезеңдегі Қазақстан: Сарапшылар негізгі даму бағыттарын анықтады
21 тамызда Астанада «Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға» атты National Think Tank Forum өтті. Форумға мемлекеттік органдардың, ұлттық талдау орталықтарының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылық және академиялық қауымдастықтар қатысты.

Форум соңғы жылдардағы Қазақстанның дамуын жан-жақты талқылау және жаңа кезеңге арналған басымдықтарды анықтау үшін алаң ретінде қызмет етті. Басты назар адами капиталға, білім беру мен ғылымға, цифрлық трансформацияға және жасанды интеллектке, әлеуметтік тұрақтылыққа, экономикалық және өнеркәсіптік дамуға, энергетикаға және Қазақстанның халықаралық қатынастардың өзгермелі жүйесіндегі орнына аударылды.

Форумды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов жүргізді.

«Бүгінгі Қазақстан: болашақты айқындайтын нәтижелер» атты бірінші сессия елде болған негізгі өзгерістерді және оның болашақ дамуының негізін құрайтын ресурстарды бағалауға бағытталған.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа елдің өмір сүру сапасын жақсарту, адами капиталды дамыту және цифрландыру саласындағы айтарлықтай ілгерілеуін атап өтті.

«Қазақстан одан әрі даму үшін берік негіз қалады: білім беру мен жұмыспен қамтуға қолжетімділіктің жоғары деңгейі цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытумен және экономиканың неғұрлым орнықты моделіне біртіндеп көшумен ұштасады», — деп атап өтті К. Вавьерниа.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан студенттердің басым бөлігін шетелде оқытудан өзінің халықаралық білім және таланттар орталығын қалыптастыруға біртіндеп көшіп келе жатқанын атап өтті: елде шетелдік университеттердің 33 филиалы жұмыс істейді, ал қазақстандық жоғары оқу орындарында 92 елден 37 мыңнан астам шетелдік студенттер оқиды. Білім, ғылым және жаңа технологиялардың интеграциясы бөлек бағыт болып табылады.

«Сапалы білім беру, таланттардың халықаралық мобильділігі, жасанды интеллект пен қолданбалы ғылымды біріктіру Қазақстанның білім экономикасына көшуіне негіз болады», — деп атап өтті С.Нұрбек.

Q.AI компаниясының бас директоры Дмитрий Мун цифрлық үкімет моделіндегі түбегейлі өзгерісті атап өтті. Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметті дамыту индексінде 193 елдің ішінде 24-ші орында және онлайн қызметтер индексінде алғашқы 10 елдің қатарына кіреді. Бұл жаңа кезең Ұлттық жасанды интеллект платформасын дамытумен, жасанды интеллект агенттерін құрумен және деректерге негізделген басқаруға көшумен байланысты.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев 2022 жылдан кейін болған өзгерістерді тұрақтылықтан қоғамдық тұрақтылыққа көшу деп қарауды ұсынды.

«Төзімділік – өзгерістің немесе қателіктердің болмауы емес. Бұл қоғамдық талаптарды тыңдау, қателіктерді түзету және бақылауды немесе қоғамдық келісімді жоғалтпай қажетті өзгерістерді енгізу мүмкіндігі», – деп атап өтті Ғ. Әбішев.

Ұлттық Құрылтай қоғамдық және сараптамалық талқылауларды үкіметтік шешімдерге айналдыру тетіктерінің біріне айналды: төрт жыл ішінде оған қатысушылардың бастамалары негізінде 26 заң қабылданды.

Нархоз университетінің профессоры Андрей Казанцев трансформацияланатын жаһандық тәртіп контексіндегі Қазақстанның мүмкіндіктерін қарастырды. Сарапшы Қазақстанның стратегиялық құндылықтарын көпвекторлы сыртқы саясат, географиялық орналасуы, табиғи ресурстары, дамыған цифрлық инфрақұрылымы, адами капиталы және тарихи қалыптасқан ашықтық мәдениеті ретінде анықтады.

Форумның екінші сессиясы «Болашақ күн тәртібі: басымдықтар мен шешімдер» елдің болашақтағы даму бағыттарына бағытталды.

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрайымы Жұлдызай Ысқақова Қазақстанның әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне көшіп жатқанын атап өтті. Сарапшының айтуынша, зерттеулер әлеуметтік оптимизмнің жоғары деңгейін растады: қазақстандықтардың 85,8%-ы өз өміріне қанағаттанады, ал 60%-ы одан әрі оң өзгерістерді күтеді.

«Келесі кезең — жеке көрсеткіштерді өлшеуден демографиялық, әлеуметтік, экономикалық, технологиялық және институционалдық өзгерістердің жеке тұлғалардың әл-ауқатына және жаңа мүмкіндіктеріне қаншалықты әсер ететінін кешенді бағалауға көшу», — деп атап өтті Ж.Ысқақова.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Акебаев Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі экономика ретіндегі өз орнын сақтап қалғанын атап өтті. 2025 жылдың соңына қарай Қазақстанның ЖІӨ 159,6 триллион теңгеге немесе шамамен 306 миллиард АҚШ долларына жетеді деп күтілуде. Ел Орталық Азияның жалпы ЖІӨ-нің шамамен 54%-ын құрайды, ал соңғы бес жылдағы нақты экономикалық өсім 21,3%-ды құрады.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Эльдар Ғұмаров өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспорттың рөлін күшейтуге назар аударды. 2025 жылы Қазақстанның шикізаттық емес экспортының көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 45% — ға ұлғайып, 29 млрд долларға жетті. Ірі субъектілердің сатып алуларындағы отандық өнімнің үлесі 50,7% немесе 14,9 трлн теңге.

А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық білімді зерттеу және бағалау орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Гүлжайна Елеусинова мектептегі білім беру жүйесіндегі өзгерістер туралы айтты. Қазақстан халықаралық адам дамуы мен білім беру рейтингтеріндегі өз орнын нығайтып келеді.

«Білім беру инфрақұрылымының дамуы және мұғалімдердің мәртебесінің артуы келесі кезеңнің білім беру сапасын одан әрі жақсартумен және тұрғылықты жеріне қарамастан балалар үшін тең мүмкіндіктер жасаумен байланысты болуы керектігін көрсетеді», — деп атап өтті Г.Елеусинова.

Energy Insights & Analytics аға басқарушы серіктесі Әлихан Байдусенов Қазақстанда жаңартылған көмір мен газ өндіруді, жаңартылатын энергия көздерін, ядролық энергияны және электр желісі инфрақұрылымын дамытуды біріктіруі тиіс жаңа энергетикалық архитектураның қалыптасуын атап өтті.

National Think Tank Forum қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне айтарлықтай ілгерілеумен жақындап келеді деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, жаңа күн тәртібі сандық нәтижелерден сапалық өзгерістерге: білім берудің қолжетімділігінен – адами капиталдың сапасына, қызметтерді цифрландырудан – белсенді мемлекетке, экономикалық өсуден – технологиялық күрделілік пен жоғары қосылған құнға, тұрақтылықтан – қоғам мен институттардың өзгерістерге бейімделу қабілетіне көшуді талап етеді. Пікірталас барысындағы ортақ тақырып қол жеткізілген нәтижелерді реформалардың соңғы нүктесі ретінде емес, жаңғыртудың келесі кезеңі үшін ресурс ретінде қарастыру қажеттілігі болды.

The post Жаңа кезеңдегі Қазақстан: Сарапшылар негізгі даму бағыттарын анықтады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

FlyArystan Turkistan Marathon 2026 қарсаңында рейстер санын арттырады
Қазақстандық FlyArystan әуекомпаниясы 2026 жылғы 25 қазанда өтетін Turkistan Marathon жарысына байланысты Түркістанға рейстер санын арттырады. 24-26 қазан аралығында әуекомпания Алматы – Түркістан – Алматы және Астана – Түркістан – Астана бағыттары бойынша қосымша рейстер орындайды.

Қосымша рейстердің кестесі:

– 24 қазан, Алматы – Түркістан – Алматы: Алматыдан ұшу уақыты – 05:15, Түркістаннан кері ұшу уақыты – 07:15;
– 24 қазан, Астана – Түркістан – Астана: Астанадан ұшу уақыты – 05:35, Түркістаннан кері ұшу уақыты – 07:50;
– 25 қазан, Алматы – Түркістан – Алматы: Алматыдан ұшу уақыты – 18:15, Түркістаннан кері ұшу уақыты – 20:25;
– 26 қазан, Алматы – Түркістан – Алматы: Алматыдан ұшу уақыты – 15:20, Түркістаннан кері ұшу уақыты – 17:30.

24-26 қазан аралығындағы қосымша рейстер қатысушыларға сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді. 24 қазанда Алматы мен Астанадан орындалатын таңғы рейстер марафонға қатысушылардың Түркістанға жарыс қарсаңында келіп, стартқа алдын ала дайындалуына жағдай жасайды. Ал 25 және 26 қазандағы рейстер іс-шарадан кейін қайту үшін қолайлы уақытты таңдауға мүмкіндігін кеңейтеді.

FlyArystan Turkistan Marathon жарысына екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп келеді. 2025 жылы әуекомпания 20-дан астам елден келген 3 000 жүгірушінің басын қосқан іс-шараның әуе серіктесі болды.

Биыл FlyArystan «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорымен ынтымақтастығын жалғастыруда. Серіктестік аясында қор ұйымдастыратын жүгіру жарыстарына қатысушылар жарыс өтетін қалаларға ұшуға арналарнайы шарттарды пайдалана алады.

Жарысқа тіркелген қатысушыларға FlyArystan әуекомпаниясының Қазақстан ішіндегі бағыттарына әуебилеттерін 30% жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік беретін дербестендірілген промокод беріледі. Промокод қор ұйымдастыратын барлық жарыстардың қатысушыларына, соның ішінде алдағы Turkistan Marathon және Almaty Marathon қатысушыларына да қолданылады. Промокодты ұйымдастырушылар жарысқа тіркеліп, қатысу жарнасын төлегеннен кейін қатысушыға ұсынады. Шарттар туралы толық ақпарат алдыңғы материалда қолжетімді.

Промокодты марафонға тіркелгеннен кейін FlyArystan әуекомпаниясының ресми www.flyarystan.com сайтында және FlyArystan мобильді қосымшасында рәсімдеу кезінде пайдалануға болады. FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын, салмағы 7 келіге дейінгі бір дана қолжүгі кіреді.

The post FlyArystan Turkistan Marathon 2026 қарсаңында рейстер санын арттырады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Балалар хирургиясындағы ерекше жағдай: 6 жастағы баладан салмағы 3 келіден асатын түзіліс алынды
Алты жастағы бала іш көлемінің айқын ұлғаюы, ауырсыну және мазасыздық шағымдарымен Алматы қаласындағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Жан-жақты тексеру нәтижесінде дәрігерлер құрсақ қуысының артқы кеңістігінде орналасқан алып түзілісті анықтады.

№2 БҚКА директоры Марат Рабандияровтың айтуынша, операцияның күрделілігі тек түзілістің көлемінде ғана емес, оның ірі қан тамырларымен тығыз байланысы мен қанмен мол қамтамасыз етілуінде болды. Бұл ота кезінде көп мөлшерде қан кету қаупін арттырған. Сондықтан әрбір миллиметрдің маңызы зор болды.

«Техникалық күрделілігіне қарамастан, біздің хирургтер түзілісті толықтай бір блок түрінде алып тастап, елеулі қан жоғалтуға жол бермеді. Алынған түзілістің көлемі 22 × 16 × 9,5 см, салмағы — 3 кг 124 грамм болды. Гистологиялық зерттеу оның липома екенін, яғни май тінінен дамитын қатерсіз түзіліс екенін растады», — деп атап өтті Марат Рабандияров.

Дәрігерлердің айтуынша, түзіліс одан әрі өсе берген жағдайда ішкі ағзалар мен қан тамырларын қысып, олардың орнын ығыстырып, ауыр асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін еді.

«Бұл — біздің ұжымның тағы бір кішігірім жеңісі. Ең бастысы — бала денсаулығын қалпына келтіріп, үйіне қуанышпен оралып жатыр. Балаларыңыздың жағдайында немесе сыртқы келбетінде әдеттен тыс өзгерістер байқалса, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыздар», — деді операцияны жүргізген хирург, хирургия жөніндегі директордың орынбасары Марат Қаптағаев.

Операция сәтті өтті. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, бала толық қалпына келіп, үйіне шығарылды.

The post Балалар хирургиясындағы ерекше жағдай: 6 жастағы баладан салмағы 3 келіден асатын түзіліс алынды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Ел болашағы әр адамнан басталады: еңбек адамы сайлау туралы еске салды
Қарағанды облысында бидай алқабында алдағы Құрылтай сайлауына арналған «23» саны түріндегі ауқымды композиция жасалды.

Бейнероликтің басты кейіпкері ауыл еңбеккері болды. Ол өзінің жұмысы, жауапкершілігі және дауыс беруге қатысу туралы шешімі жайында айтып берді.

Бидай алқабының ортасындағы алып «23» саны

Ауқымды композиция биіктен толықтай көрсетілді. «23» саны жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауы өтетін күнді тікелей меңзейді.

видеороликтен кадр

Бұл орынның бастама үшін таңдалуы кездейсоқ емес. Бидай алқабы жарқын визуалды бейненің жай ғана фоны емес, еңбек адамы, оның жауапкершілігі мен ертеңгі күнге деген қамқорлығы туралы оқиғаның бір бөлігіне айналды.

Осылайша, дауыс беру күні ауыл тұрғындарының күнделікті еңбегімен және туған өлкенің болашағына деген үмітімен сабақтастырылды.

Жер жауапкершілікке үйретеді

Бейнеролик кейіпкері жердің еңбекті, төзімділікті және жауапкершілікті талап ететінін айтады. Бүгін еңбек ете отырып, ол отбасы мен балаларының болашағын, туған ауылының дамуы мен ауылдастарының әл-ауқатын ойлайды

видеороликтен кадр

видеороликтен кадр

Оның үміті нақты әрі түсінікті: жаңа жұмыс орындары, тең мүмкіндіктер және лайықты өмір сүруге қолайлы жағдай. Бұл үшін өз жұмысыңды адал атқарып қана қоймай, ел болашағына қатысты шешімдерге де қатысу маңызды.

Егін егу мен күнделікті еңбектен өнім шығатыны сияқты, өзгерістер де жеке жауапкершіліктен басталады. Нәтиже бірден көрінбейді, алайда бүгін жасалған әрбір қадам ертеңгі күннің қандай болатынына әсер етеді.

Жеке таңдау – ортақ болашақтың бір бөлігі

23 тамызда бейнеролик кейіпкері сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге ниетті. Ол үшін сайлауға қатысу – күн сайын жерде еңбек етіп, жақындарының болашағына қамқорлық танытудағы жауапкершіліктің жалғасы.

видеороликтен кадр

видеороликтен кадр

Сөз соңында ауыл еңбеккері қазақстандықтарға үндеу жасады:

«Болашақ әрқайсымыздан басталады!»

видеороликтен кадр

23 тамызда қазақстандықтар жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын алғаш рет сайлайды. Бидай алқабының ортасындағы алып сан ел болашағы әрбір азаматтың еңбегінен, жауапкершілігі мен таңдауынан басталатынын еске салады.

The post Ел болашағы әр адамнан басталады: еңбек адамы сайлау туралы еске салды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Ғылым академиялары басымдықтар бойынша келісімге келді
2026 жылғы 18 тамызда Бейжің қаласында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев пен Қытай ғылым академиясының Президенті Хоу Цзяньгоның кездесуі өтті.

Тараптар академиялық өзара байланыстан нақты бірлескен ғылыми-технологиялық жобаларды іске асыруға көшу мәселесін талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың төрт басым бағыты айқындалды.

1. Қытай-Орталық Азия жерсеріктік желісі

Бірінші бағыт ғарыштық мониторинг жүргізу үшін бірлескен жерсерік инфрақұрылымын құруға байланысты. Жоба бес жерсерікті, оның ішінде өсімдіктердің, топырақтың, судың және минералды объектілердің жай-күйін егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік беретін кеңістіктік ажыратымдылығы жоғары аппараттарды, гиперспектрлік жерсеріктерді, сондай-ақ бұлттылық пен тәулік уақытына қарамастан бақылау жүргізе алатын радиолокациялық жерсеріктерді ұшыруды көздейді.

Жобаның практикалық міндеті – ғарыштық суреттерді алудан бастап толыққанды циклге: деректерді жинау, оларды өңдеу, ғылыми талдау, болжау және мемлекеттік органдар мен экономика салалары үшін шешімдер дайындауға көшу. Қолданудың негізгі салалары – су ресурстары мен мұздықтарға, ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдарға, су тасқынына, құрғақшылыққа, табиғи өрттерге, жердің тозуына және басқа да табиғи-климаттық тәуекелдерге мониторинг жүргізу.

Қазақстандық тарап Қытай ғылым академиясының бейінді институттарымен жерсеріктерді әзірлеу, ұшыру, пайдалану және алынатын деректерді іс жүзінде қолдану бойынша ынтымақтастықты пысықтауда. Жерсеріктік желіні жасанды интеллект құралдарымен ұштастырудың маңызы зор, бұл мониторингтен болжау мен модельдеуге көшуге мүмкіндік береді.

2. Ғылымға арналған жасанды интеллект (AI for Science) және DeepBas платформасын дамыту

Кездесудің басты тақырыбы ғылым үшін жасанды интеллектті — AI for Science дамыту болды. Бұл тек тілдік модельдерді пайдалану ғана емес, жасанды интеллектіні (ЖИ) тікелей ғылыми циклде қолдану: ғылыми әдебиеттер мен үлкен деректер массивтерін талдау, заңдылықтарды анықтау, гипотезаларды тұжырымдау және тексеру, күрделі процестерді модельдеу, эксперименттерді жоспарлау және нәтижелерді болжау.

Ұлттық ғылым академиясы осы бағыттың қазақстандық негізі ретінде кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллектінің DeepBas платформасын дамытуда. Оның міндеті — күрделі пәнаралық мәселелерді шешу үшін ғылыми білімді, жерсеріктік және геоақпараттық деректерді, бақылау нәтижелері мен мамандандырылған модельдерді бірыңғай ортаға біріктіру.

Келіссөздер барысында Қытай ғылым академиясының бейінді институттарымен Қазақстанда «Паньши» (磐, Panshi) іргелі ғылыми моделін және «Цзыдун Тайчу» (紫东太初, Zidong Taichu) мультимодальді моделін бейімдеу, сондай-ақ оларды DeepBas-пен біріктіру бойынша ынтымақтастық талқыланды. Бұл дайын шешімдерді жай ғана көшіру емес, мамандандырылған ғылыми модельдер мен ЖИ-агенттерін бірлесіп жасау үшін оларды қазақстандық ғылыми деректерге, тілдік ортаға және салалық міндеттерге бейімдеуді білдіреді.

Практикалық қолдану бағыттары су ресурстарын, ауыл шаруашылығын және геологияны қамтиды:

Су тасқынын, құрғақшылықты және су тапшылығын бағалау үшін – жерсеріктік, гидрологиялық және метеорологиялық деректерді;

Өнімділікті болжау үшін – топырақ, егіс және ауа райы туралы деректерді;

Перспективалық кен орындарын іздеу үшін – геологиялық, геофизикалық, геохимиялық және аэроғарыштық деректерді бірлесіп талдау.

Хоу Цзяньго геологиялық болжау мен іздеудің, соның ішінде аса маңызды минералдық ресурстарды барлаудың дәлдігін арттыру үшін ЖИ және кешенді деректерді қолданатын «ақылды геология» бағытын дамытуды жеке ұсынды.

Тағы бір маңызды бағыт – модельдерді оқыту және верификациялау, соның ішінде тарихи-мәдени мұра материалдарын қоса алғанда, қазақ және орыс тілдерінде сапалы ғылыми корпустар мен білім базаларын құру. Бұл өзіміздің ұлттық ғылыми білім базамызды дамытуға және ЖИ-ді тек жаратылыстану ғылымдарында ғана емес, сонымен қатар гуманитарлық зерттеулерде де қолдануға мүмкіндік береді.

AI for Science саласындағы ынтымақтастық сонымен қатар бірлескен зерттеу топтарын құруды, ғалымдармен алмасуды және шынайы ғылыми жобаларда жаңа ЖИ-құралдарын апробациялауды көздейді.

3. Ядролық физика және энергетика

Үшінші бағыт Қазақстанның ядролық саладағы шикізаттық мамандануынан жоғары деңгейдегі технологияларды дамытуға көшуімен байланысты. Тараптар ядролық физика, материалтану, қауіпсіздік және жаңа энергетикалық технологиялар саласындағы бірлескен зерттеулерді талқылады.

Дәстүрлі ірі энергия блоктарымен салыстырғанда қуаты төмен, ықшам ядролық энергетикалық қондырғылар – шағын модульдік реакторлар (SMR) ерекше қызығушылық тудырады. Қазақстан үшін мұндай технологияларды ғылыми және инженерлік сүйемелдеу: модельдеу, конструкциялық материалдарды, сенімділік пен қауіпсіздікті зерттеу перспективалы болып табылады.

Тағы бір бағыт – қарқынды нейтрондық және радиациялық әсер кезінде және жоғары температурада ұзақ уақыт жұмыс істей алатын радиацияға төзімді материалдар. Мұндай әзірлемелер жаңа буын реакторлары мен басқа да жоғары технологиялық қондырғылар үшін маңызды.

Сондай-ақ ядролық отынның перспективалық түрлері талқыланды. TRISO – жоғары температураға төзімді микроотын, мұнда ядролық материал бөлшектері бірнеше қорғаныш керамикалық қабаттарға салынған, бұл олардың жоғары температурадағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттырады. MOX – ядролық отын циклінің ресурстарын толық пайдалануға мүмкіндік беретін уран мен плутоний оксидтеріне негізделген аралас оксидті отын. Қосымша бағыттар ядролық және радиациялық қауіпсіздікті, радиоэкологияны, изотоптық технологияларды және ядролық әдістерді медицинада, өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолдануды қамтиды.

Практикалық іске асыру үшін нақты зерттеу міндеттері бар, эксперименттер жүргізетін, мамандармен алмасатын және кадрлар даярлайтын Қазақстан мен Қытайдың бейінді институттарының бірлескен ғылыми топтарын құру ұсынылды.

4. Alatau City бойынша ғылыми-технологиялық серіктестік

Төртінші бағыт – Қытай ғылым академиясының Alatau City ғылыми-технологиялық экожүйесін дамытуға қатысуы. Қазақстан қытайлық инновациялық орталықтардың, ең алдымен ғылым, инженерия, технологиялық компаниялар, инвестициялар мен өнеркәсіп бірыңғай жүйеге біріктірілген Шэньчжэньнің тәжірибесін пайдалануға мүдделі.

Қытай ғылым академиясның институттары мен сарапшыларын ғылыми-технологиялық болжауға, перспективалық жобаларды сараптауға, технологиялық мамандануларды қалыптастыруға және бірлескен зерттеу әрі инженерлік орталықтарды дамытуға тарту ұсынылады. Alatau City аумағында ҚР ҰҒА мен Қытай ғылым академиясының бірлескен ғылыми-инновациялық орталығын құру мүмкіндігі жеке қаралды.

Мұндай орталық жасанды интеллект, ғарыш технологиялары, жаңа материалдар, энергетика, робот техникасы, цифрлық егіздер және басқа да перспективалық бағыттардағы бірлескен жобалар үшін алаңға айналып, ғылыми идея мен прототиптен бастап пилоттық жобалауға, инженерлік пысықтауға және коммерцияландыруға дейінгі жолды қамтамасыз ете алады.

Ғылыми кадрларды даярлау.

Ынтымақтастықтың маңызды ортақ бағыттарының бірі ғылыми кадрларды даярлау болмақ. Хоу Цзяньго Қазақстан ғалымдары үшін өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша Қытай ғылым академиясының докторлық және постдокторлық бағдарламаларына квоталар қарастыруды ұсынды. Бұл тұрақты бірлескен зерттеу командаларын құруға және жасанды интеллект, ғарыш технологиялары, геология, ядролық физика мен энергетика, су ресурстары, жаңа материалдар және басқа да перспективалық ғылыми-технологиялық бағыттар саласындағы ынтымақтастықтың кадрлық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Уағдаластықтардан – бірлескен жобаларға.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар үйлестірушілерді анықтап, аталған төрт бағытты егжей-тегжейлі пысықтау үшін бірлескен жұмыс тобын құруға келісті. Оның міндеті нақты жобаларды, бейінді институттарды, іске асыру кезеңдері мен өзара іс-қимыл тетіктерін анықтау болмақ. Жаңа кезеңнің негізгі міндеті – негіздемелік меморандумдардан технологияларды, ғылыми инфрақұрылымды және практикалық шешімдерді бірлесіп жасауға көшу, мұнда AI for Science бағытына ерекше орын беріледі.

ҚР ҰҒА Президенті сондай-ақ Хоу Цзяньгоны, Қытай ғылым академиясының басшылығы мен жетекші ғалымдарын ҚР Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысуға шақырды.

The post Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Ғылым академиялары басымдықтар бойынша келісімге келді appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде метан деңгейін бақылауды күшейтуде
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішіндегі өздігінен жүретін жерасты техникасына стационарлық датчик – метан-реле орнатып жатыр.

Жаңа жүйе техника жұмыс істеп тұрған кезде ауадағы метан мөлшерін үздіксіз бақылап, метан концентрациясы белгіленген шекті деңгейден асып кетсе, техниканы автоматты түрде cөндіреді.

Бүгінде өздігінен жүретін жерасты техникасына 31 метан-реле орнатылды. Тағы 31 техникаға монтаждау жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмыс толық аяқталғаннан кейін 62 бірлік техника метанды автоматты бақылау жүйесімен жабдықталады.

Метан-реле кеніштегі ауаның құрамын үздіксіз бақылауда ұстайды. Метан концентрациясы белгіленген шекті деңгейге жеткен кезде жүйе техниканың жұмысын автоматты түрде бұғаттайды. Бұл шешім метан мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткен жағдайда техниканы пайдалануға тыйым салып, жерасты тау-кен жұмысын жүргізу кезінде қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік береді.

Автоматты жүйеден бөлек, «Жомарт» кенішінде ауа құрамын бақылауға арналған 130 портативті газ талдағыш қолданылады. Бақылау тәулік бойы жүргізіледі, ал стационарлық датчиктерден алынған ақпарат нақты уақыт режимінде бірыңғай диспетчерлік орталыққа түсіп отырады.

Метан-реле орнату – «Жомарт» кенішіндегі өндірістік қауіпсіздікті арттыруға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі. Бағдарлама аясында барлығы 45 іс-шара қарастырылған. Оның 39-ы жүзеге асырылды, қалғаны аяқталуға жақын. Бағдарламаның жалпы қаржыландыру көлемі 2,7 млрд теңгені құрайды.

Бағдарлама аясында кеніштегі жұмыскерлердің орналасқан жерін бақылау жүйесі де дамытылуда. 15,5 шақырым сәуле тарататын кабель тартылып, жеке қорғаныс құралдарын тексеруге арналған терминалдар мен бейнебақылау жүйесі орнатылды. 2026 жылғы шілдеде тау жынысы массивінің жағдайын бақылауға арналған бірыңғай цифрлық геомеханикалық мониторинг жүйесі іске қосылды.

Іске асырылып жатқан кешенді шаралар өндірістік қауіпсіздіктің әртүрлі бағыттарын кезең-кезеңімен күшейтуге мүмкіндік береді. Ол кеніш ауасының құрамын бақылауды, жабдықты автоматты түрде қорғауды, жұмыскерлердің орналасқан жерін анықтауды және тау-кен қазбасының жағдайын тұрақты назарда ұстауды қамтиды.

Жұмыс Қазақмыстың 2026-2028 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздікті трансформациялау стратегиясы аясында жүргізілуде. 2026 жыл компанияда Өндірістік қауіпсіздік жылы деп жарияланған.

The post «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде метан деңгейін бақылауды күшейтуде appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД волонтерлерінің алғашқы форумына қатысушыларды құттықтады
Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің алғашқы форумы басталды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімі бойынша Достастық елдерінің волонтерлік бастамаларын біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуға арналған жыл сайынғы тұрақты алаң ретінде құрылды.

Форумның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы директоры Тойли Курбанов, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, ТМД Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Сейітімов, сондай-ақ волонтерлік ұйымдардың өкілдері мен Достастық елдерінің делегациялары қатысты.

Форум Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінен басталды. Мемлекет басшысының құттықтауын Аида Балаева оқып берді.

«Осы маңызды басқосудың Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанның ұсынысымен жариялаған Халықаралық волонтерлер жылында өтуінің мәні ерекше. Бұл волонтерлердің әлеуметтік, гуманитарлық және экологиялық мәселелерді шешудегі орасан еңбегінің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын көрінісі.

Қазақстан осы форумды өткізуді ұсына отырып, ТМД елдерінің волонтерлері тұрақты түрде тәжірибе алмасып, ортақ бастамаларын халықаралық деңгейде бірлесе ілгерілететін алаң құруды мақсат етті. Біз үшін достықты нығайтып, ынтымақ, мейірімділік пен жанашырлық сияқты ізгі құндылықтарды қоғамға терең сіңіру айрықша маңызды.

Қазақстанда волонтерлік адам әлеуетін дамытуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғамда жанашырлыққа негізделген жаңа қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп келеді. 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияда еліміздің тарихында алғаш рет волонтерлік қызметті мемлекеттік қолдау ең жоғары құқықтық деңгейде бекітілді.

Еріктілердің ізгі ниеті мен риясыз еңбегі – адамдарға жігер беріп, қоғамды жақсы жаққа өзгертетін қуатты күш. Бұған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» қозғалысы айқын мысал бола алады. Бұл игі бастама аз уақыттың ішінде көптеген азаматты, әсіресе белсенді жастарды ортақ іске жұмылдырды. Жалпы, Еріктілер жылы аясында мыңдаған іс-шара өткізілді. Бүгінде еліміздегі волонтерлер саны 300 мыңға жуықтады.

Осы форум елдеріміздің гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, адамдар арасындағы байланысты, өзара сенім мен тату көршілікті нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенемін. Біздің басты мақсатымыз – Достастықты жасампаздық пен өрлеу, бірлік пен өзара түсіністік салтанат құрған ортақ кеңістікке айналдыру.

Барша волонтерге айналасына бейжай қарамай, әрдайым көмек қолын созуға және әлемді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылып жүргені үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Форум жұмысына сәттілік, бірлескен бастамаларға табыс тілеймін!» – делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Айта кетейік, екі күнге созылатын форумға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 300-ге жуық делегат қатысуда. Олардың қатарында мемлекеттік органдар мен волонтерлік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ еріктілер бар.

Форум аясында панельдік сессиялар, тақырыптық пікірталастар және волонтерлік қызметтің табысты тәжірибелерінің таныстырылымдары өтеді. Мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ экология, әлеуметтік және инклюзивті қолдау, жастар волонтерлігі бағыттарында бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылады.

The post Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД волонтерлерінің алғашқы форумына қатысушыларды құттықтады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жезқазған қаласындағы әлеуметтік, білім беру және мәдениет салаларындағы бірқатар маңызды нысанды аралап, жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Сапар барысында жұмыстардың қазіргі қарқынына, белгіленген мерзімдердің сақталуына және құрылыс сапасына баса назар аударылды.

Алдымен «Ұлытау университеті» КЕАҚ-тың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қаралды. Руслан Өскенәлі университет аумағындағы құрылыс барысымен танысты. Жоғары оқу орнын дамыту өңір үшін қажетті білікті мамандарды, соның ішінде тау-кен саласына қажет техникалық кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Университеттің білім беру қызметін 2026 жылғы 1 қыркүйекте бастау жоспарланған. Алғашқы қабылдау пайдалы қазбаларды өндіру және барлау бағыттары бойынша бакалавриат бағдарламаларына жүргізіледі.

Бұдан кейін «Жастар» қалалық саябағындағы қайта жаңғырту жұмыстарының барысы тексерілді. Жобаны іске асыруға 4,9 млрд теңге бөлінген. Саябақ аумағында жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын, субұрқақ, балалар ойын алаңдарын және басқа да заманауи инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланған.

Қазіргі таңда саябақтағы демонтаж жұмыстары аяқталып, абаттандыруға қажетті аумақты дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Руслан Өскенәлі жауапты тараптарға жұмыстардың қарқынын сақтап, жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ Басқарма төрағасы С. Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Құны 5,1 млрд теңге болатын жоба театрдың сәулеттік және тарихи келбетін сақтай отырып, сахналық және инженерлік инфрақұрылымды жаңартуды көздейді. Нысанды аралау кезінде құрылыс жұмыстарының сапасы мен бекітілген жұмыс кестесінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, Руслан Өскенәлі салынып жатқан Орталық мешіт пен Кеңгір су қоймасы жағалауының абаттандырылып жатқан аумағын да көрді. Қазіргі уақытта жағалауды абаттандырудың екінші кезеңі аясында аумақты жоспарлау жұмыстары жүргізілуде. Жоба толығымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны – 3,4 млрд теңге.

Сапар қорытындысы бойынша Руслан Өскенәлі жауапты бөлімшелер мен мердігер ұйымдардың басшыларына құрылыс сапасына бақылауды күшейтуді, бекітілген жұмыс кестесін қатаң сақтауды және жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы компания басшылығының тұрақты бақылауында.

Қалалық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – «Қазақмыстың» қатысу өңірлеріндегі маңызды бағыттардың бірі. Компания білім беру, мәдениет және қоғамдық кеңістіктерді дамытуға бағытталған жобаларды жүйелі түрде іске асырып, өңірлердегі инфрақұрылымды одан әрі жаңғыртуға инвестиция салуды жалғастырады.

The post Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Бірінші жартыжылдықта каско бойынша жүргізушілерге Alatau City Garant 1 миллиард теңгеден астам төледі
2026 жылдың алғашқы алты айында «Alatau City Garant» сақтандыру компаниясы клиенттерге автомобильдерді ерікті сақтандыру (каско) шарттары бойынша 1,2 миллиард теңге төледі. Бұл компания 2025 жылы каско бойынша төлеген көрсеткішпен бірдей.

Бірінші жартыжылдықтағы ірі сақтандыру жағдайларының бірі Алматы – Ташкент тас жолында Scania автокөлігімен болған ЖКО болды. Жүк көлігінің жүргізушісі қатты қарлы боранның салдарынан көлікті басқара алмады және алдында қозғалып бара жатқан Toyota Hilux көлігімен соқтығысып қалды. Соқтығысу нәтижесінде тартқыш көлік жартылай тіркемемен аударылып, айтарлықтай зақым келтірілді. Alatau City Garant жүк көлігінің иесіне 22 миллион теңге көлемінде залалды өтеді. Астанада Kia K8 автокөлігімен тағы бір ірі сақтандыру жағдайы орын алды. Жүргізуші рульде келе жатып, артына алаңдап, басқаруды жоғалтып, металл соққыға ұрынды. Апат кезінде машинаның барлық сол жағы зардап шекті, залал 9 миллион теңгені құрады. Alatau City Garant клиентке каско полисі бойынша барлық соманы төледі.

Сақтандыру төлемдерінің өсуі бірқатар үрдістерді көрсетеді: жолдарда автомобильдер көбейіп келеді, ал қазақстандықтардың өздері жаңа және қымбат машиналарға ауысуда. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, ҚР-да 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6 миллион автомобиль тіркелген, оның ішінде үш жасқа дейінгі көлік — шамамен 10%. Тіпті кішігірім ЖКО-ның өзі қымбат жөндеуге айналуы мүмкін.

«Бүгінде елеусіз болып көрінетін жол апатынан кейінгі залал миллиондаған теңгеге жетуі мүмкін. Бұл автомобильдердің қымбаттығына, қымбат түпнұсқа бөлшектерге және заманауи машиналармен толтырылған күрделі электронды жүйелерге байланысты, сонымен қатар, жөндеу жұмыстары да арзан емес. Каско мұндай күтпеген шығындардың алдын алуға және оқиғаға кім кінәлі болғанына қарамастан, сақтандыру төлемін алуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Alatau city Garant.

Компанияда каско ЖКО, өрт, айдап әкету, Қазақстанда жиі қайталанатын су тасқыны немесе дауыл сияқты табиғи апаттар, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері сияқты тәуекелдердің кең тізбесін қамтитынын еске салады.

The post Бірінші жартыжылдықта каско бойынша жүргізушілерге Alatau City Garant 1 миллиард теңгеден астам төледі appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қазақмыс қауіпсіздікке басымдық бере отырып, жерасты техникасын жаңартуда
Q.I.Satbaev atyndagy Jezqazgan Tau-ken ondirisi «Батыс» кенішіндегі №67 шахтаның төртінші учаскесіне жаңа Sandvik DS511 бұрғылау техникасы жеткізілді. Машина анкерлік бекітпені орнату және бекіткіш торды монтаждау кезінде теспені механикаландырылған әдіспен бұрғылау үшін қолданылады. Жаңа техника учаскеде бұрын пайдаланылған бұрғылау қондырғысын алмастырып, Қазақмыстың талабына сай қосымша мүмкіндікпен және техникалық шешімдермен жабдықталды.

Бекіткіш торды ұстап тұратын қосымша құрылғының орнатылуы жаңа техниканың басты артықшылықтарының бірі болды. Бұл шешім тау-кен қазбаларын бекіту кезінде атқарылатын жұмыстың бір бөлігін механикаландыруға, жұмысшыларға түсетін физикалық жүктемені азайтуға және жұмысты орындаудың қолайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Корпорацияның талабына сәйкес машина «Eclipse» орталықтандырылған өрт сөндіру жүйесімен де жабдықталған. Қосымша камералар жұмыс аймағын 360°-қа дейін шолуды қамтамасыз етеді. Бұл операторға жұмыс барысында машинаның айналасындағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.

Sandvik DS511 көлемі 4,5 литрлік Cummins дизельді қозғалтқышымен жабдықталған. Машинаның құрылымы мен қозғалтқышының жоғары қуаты оны жерасты тау-кен жұмысы жағдайында пайдалануға мүмкіндік береді. Техниканың болжамды қызмет ету мерзімі алты жылдан асады.

Машина бір жұмыс циклы аясында бұрғылау және тау-кен қазбаларын бекіту бойынша негізгі операцияларды орындай алады. Кабина екі адамнан — бұрғылаушы мен оның көмекшісінен тұратын экипажға арналған. Ол қорғаныс экрандарымен, кондиционермен және жылыту жүйесімен жабдықталған.

Өздігінен жүретін техниканы жаңарту «Қазақмыс» корпорациясының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Компания қолданыстағы техника паркінің жарамдылығын қамтамасыз етумен қатар, қауіпсіздік пен өнімділікке қойылатын заманауи талапты ескере отырып, оны кезең-кезеңімен жаңартып келеді. Тамыз-қыркүйек айларында кеніштерге 14 бірлік ауыр жерасты техникасын, оның ішінде бұрғылау қондырғыларын, тиеу-жеткізу машиналарын және шахталық тиеу-жеткізу машиналарын жеткізу жоспарланған.

Sandvik DS511 техникасының «Батыс» кенішіне келуі — осы бағдарламаның бір бөлігі. Жерасты техникасы паркін жаңарту қауіпсіздікті арттыруға, өндірістік операцияларды механикаландыруға және тау-кен жұмысын тиімді орындау үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

The post Қазақмыс қауіпсіздікке басымдық бере отырып, жерасты техникасын жаңартуда appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Arystan Café: FlyArystan бортындағы тамақтану қызметі
Саяхат кезіндегі жайлылық көптеген бөлшектерден құралады, солардың бірі – борттағы тамақтану. FlyArystan рейстерінде жолаушыларға ұшу ұзақтығына, ұшу уақытына және жеке талғамына қарай тағамдар мен сусындардың кең таңдауын ұсынатын Arystan Café қызметі қолжетімді.

Бағытқа байланысты тамақты ұшу барысында сатып алуға немесе рейске дейін алдын ала тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, кейбір бағыттарда әуекомпания арнайы тиімді бағамен комбо-жиынтықтарды ұсынады.

Бұл материалда FlyArystan бортындағы тамақтану қызметінің қалай жұмыс істейтінін, жолаушыларға қандай мүмкіндіктер ұсынылатынын және Алматы – Астана – Алматы тікелей рейстеріне арналған арнайы ұсыныстың ерекшеліктерін баяндаймыз.

Борттағы тамақтану қызметі қалай жұмыс істейді

FlyArystan low-cost үлгісі бойынша жұмыс істейді, яғни жолаушылар сапар барысында өздеріне қажет қосымша қызметтерді ғана таңдайды. Осыған байланысты борттағы тамақтану әуе билетінің құнына кірмейді және бөлек сатып алынады.

Борттағы тамақтануға Arystan Café қызметі жауап береді. Оның мәзірінде ыстық тағамдар, сэндвичтер, бәліштер мен тәтті тоқаштар, десерттер, жеңіл тіскебасарлар, алкогольсіз сусындар және түрлі комбо-ұсыныстар бар.

Мәзірдегі көптеген өнімдерді ұшу кезінде, борттағы қор болған жағдайда сатып алуға болады. Дегенмен, ең қолайлы тәсіл – алдын ала тапсырыс беру. Бұл таңдалған тағамның нақты рейсте болуына кепілдік береді әрі ұшу кезінде сатып алумен салыстырғанда ұқсас ұсыныстардан 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Алдын ала тапсырыс мәзірі ішкі және халықаралық рейстер үшін әртүрлі. Негізгі мәзірден бөлек, жолаушыларға балалар мәзірі, вегетариандық, диабеттік және глютенсіз арнайы тамақтану түрлері де ұсынылады.

Ұшу алдында тамақты қалай таңдауға болады

Тамақ таңдаған кезде ұшу ұзақтығы мен рейстің жөнелтілу уақытын ескерген жөн.

Егер сапар таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас уақытына сәйкес келсе, ыстық тағамға алдын ала тапсырыс беру тиімді шешім болады. Балалармен бірге сапарлайтын жолаушыларға, сондай-ақ арнайы тамақтану рационын ұстанатындарға да таңдалған мәзір нақты олардың рейсіне дайындалуы үшін тапсырысты алдын ала рәсімдеу ұсынылады.

Алдын ала тапсырыс сапар кезіндегі тамақтануды ертерек жоспарлауға және борттағы қызмет көрсету кезінде тағам таңдаудың қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Мәзірдегі көптеген позицияларға тапсырысты ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын рәсімдеуге болады.

Arystan Café толық мәзірімен әуекомпанияның ресми сайтындағы «Қызметтер және құны» бөлімінде танысуға болады. Бағыт пен қызмет таңдалғаннан кейін жүйе сол бағытқа қолжетімді алдын ала тапсырыс мәзірін және әр позицияның құнын автоматты түрде көрсетеді.

Алматы – Астана – Алматы рейстеріне арналған арнайы алдын ала тапсырыстар

Алматы мен Астана арасындағы рейстерге жоғары сұранысты ескере отырып, FlyArystan осы бағыт үшін алдын ала тапсырыс беруге арналған жеке мәзір әзірледі.

Бұл комбо-ұсыныстардың негізгі артықшылығы – басқа бағыттарда қолжетімді ұқсас стандартты алдын ала тапсырыстармен салыстырғанда төмен арнайы бағада. Сонымен қатар арнайы ұсыныс жолаушылардың таңдауын шектемейді: олар FlyArystan ішкі рейстеріне арналған басқа позицияларға да тапсырыс бере алады.

Арнайы мәзірге алты комбо-ұсыныс кірді:

• вегетариандық бәліш және 0,2 л шырын – 2 500 теңге;
• тауық еті қосылған үшбұрышты сэндвич және 0,2 л шырын – 3 200 теңге;
• қызғылт шоколадты пончик және шай немесе кофе – 1 500 теңге;
• шоколадты пончик және шай немесе кофе – 1 500 теңге;
• күркетауық еті қосылған сэндвич және 0,2 л шырын – 3 500 теңге;
• ірімшік қосылған сэндвич және 0,2 л шырын – 3 200 теңге.

Ұшу кезінде жолаушыларға тағы екі арнайы комбо-ұсыныс қолжетімді болады (бортта өнім болған жағдайда):

• вегетариандық бәліш және 0,25 л су – 2 700 теңге;
• тауық еті қосылған үшбұрышты сэндвич және 0,25 л су – 3 500 теңге.

Алдын ала тапсырысты қалай рәсімдеуге болады

Стандартты тамақтануға алдын ала тапсырысты FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайтында немесе мобильді қосымшасында ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын рәсімдеуге болады.

Сайтта:

«Брондау және брондауды өзгерту» → «Қызметтеріміз» → «Брондауды өзгерту» → «Қосымша қызметтер».

Мобильді қосымшада:

«Қызметтер» → «Жүк, орын және тамақтану» → «Жүк, орын және қызметтерді сатып алу» → «Тамақтану»

Алматы – Астана – Алматы рейстеріндегі арнайы ұсыныстарға алдын ала тапсырысты ұшуға дейін кемінде 16 сағат бұрын рәсімдеуге болады. Арнайы мәзір 2026 жылғы 1 шілдеден бастап сатып алынған осы бағыттағы тікелей рейстерге жаңа брондау жасау кезінде автоматты түрде қолжетімді болады. Бұл жолаушыларға өзіне қолайлы тамақтану нұсқасын таңдауға көбірек уақыт береді және сапарды жоспарлау кезінде қосымша икемділік ұсынады.

Тапсырыс рәсімделгеннен кейін таңдалған тамақ туралы ақпарат отырғызу талонында көрсетіледі. Борттағы қызмет көрсету кезінде жолаушыға оны бортсерікке көрсету жеткілікті.

The post Arystan Café: FlyArystan бортындағы тамақтану қызметі appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Әсем Ережеқызы: «Қазақстанға «Мәдениет және жауапкершілік» идеологиясы қажет»
Белгілі қазақстандық ақын, айтыскер Әсем Ережеқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамдағы тәртіп пен мәдениет мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Ақынның айтуынша, Қазақстанда соңғы уақытта жақсы өзгерістер көп. Ол қоғамда тәртіп мәселесіне басымдық беріле бастағанын атап өтіп, ендігі кезекте мәдениет пен тәрбиеге көбірек көңіл бөлу қажет екенін жазды.

«Өткенді айтып өкіне бермей, жақсы үмітпен алға ұмтылатын кез келген сияқты. Баладай өкпешілдікті қою керек. Саралап, сараптап қарасам, айналада жақсы өзгеріс көп, Іштей риза болып қоямын, құдай бұл күнді де көрсетті. Сіздерді қайдам, маған Мемлекетіміздің саясаты қоғамдық тәртіп мәселесін қатты қолға алғаны сезіледі. Тәртіп мәселесіне Президент те жиі айтып жүр. Бұл маған ұнайды. Қазір бізде бәрі бар. Той-думанды сәл реттеп, ысырапшылдықтан арылсақ, қаражат мәселесі де реттеледі деп ойлаймын. ЖЕТІСПЕЙ жүрген нәрсе Мәдениет пен Тәртіп. Әйтпесе Қазақ өте дана, зерек халық қой! Қазір біздің жастардың арасында төрт тілде еркін сөйлейтіндер көп. Жастар өте талантты. Қуанасың. Тек тәрбиені дұрыс беруіміз керек. Әл-Фараби атамыз “Балаға ең әуелі тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы” деп бекер айтпаған ғой.

Мәселен, адамның көшеде қоқыс тастамауы үшін оның жанында үнемі полиция тұруы шарт емес.

Қоғамдық орында айқайламауы үшін айыппұлдан қорқуы міндетті емес.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету үшін заңның әр бабын жаттап алудың қажеті жоқ.

Мұның бәрі – мәдениет пен тәрбиеден басталады.

Сондықтан бүгін Қазақстанға «Заң және тәртіп» идеологиясымен қатар «Мәдениет және жауапкершілік» идеологиясы да қажет. Жапондар мектепте алғашқы үш жыл бойы сабақ оқыту орнына тәртіп үйретеді екен.

Балаға кішкентайынан:

— қоғамдық орынды таза ұстауды;

— кезек сақтауды;

— қарт адамға жол беруді;

— өзгенің тыныштығын сыйлауды;

— мемлекеттік мүлікке өз мүлкіндей қарауды;

— үлкенмен сөйлесу мәдениетін;

— өзгенің құқығын құрметтеуді үйрету керек.

Бұл – ұсақ-түйек емес.

Ұлттың мәдени деңгейі осындай күнделікті әрекеттерден көрінеді. Еліміз дамып, Отанымыз көркейе берсін!»

Әсем Ережеқызының пікірінше, қоғамдық тәртіпті тек заң мен айыппұл арқылы қалыптастыру жеткіліксіз. Оның негізінде адамның ішкі мәдениеті, тәрбиесі және өзгелерге деген жауапкершілігі болуы керек.

The post Әсем Ережеқызы: «Қазақстанға «Мәдениет және жауапкершілік» идеологиясы қажет» appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Жезқазғанда 6 мың көрерменге арналған жабық стадион мен теннис орталығы салынады
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Ұлытау облысының әкімдігі Жезқазған қаласының спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеді. Құжатқа Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі қол қойды.

Келісім аясында Қазақмыс Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп, Жезқазған қаласында 6 мың көрерменге арналған жабық футбол стадионы мен заманауи теннис орталығының құрылысына қатысты екі ірі жобаны пысықтауға кіріседі. Бұл бастамалар заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыруға, тұрғындардың спортпен айналысуына жағдай жасауға және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталған.

«Жезқазған қаласында жаңа теннис орталығы мен 6 мың көрерменге арналған стадион салуды жоспарлау жөніндегі меморандумға қол қойдық. Бұл нысандар қала тұрғындарына, әсіресе балалар мен жастарға спортпен тұрақты айналысуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл және 2027 жылы өңірімізде 25-тен астам ірі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы басталады. Біздің басты міндетіміз – облысқа инвестиция тарту қарқынын бәсеңдетпей, жүзеге асырылып жатқан жобалардың нақты нәтижесін халыққа сезіндіру», – деді облыс әкімі Есет Байкен.

6 мың көрерменге арналған жабық футбол стадионын 2027–2028 жылдары салу жоспарланған. Жаңа нысан жергілікті футбол командалары мен спорт мектептерінің жыл бойы жаттығу өткізіп, ойын ұйымдастыруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар стадионда облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге жағдай жасалады. Стадионның әмбебап форматы ауа райының құбылуына қарамастан ірі спорттық, қоғамдық және мәдени іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Заманауи теннис орталығының құрылысы 2026–2028 жылдарға жоспарланған. Жоба аясында жабық және ашық теннис корттарын, әкімшілік-тұрмыстық кешен, жаттығу залдарын, сондай-ақ спортшыларға медициналық қолдау көрсетуге және жаттығудан кейін қалпына келуіне арналған бөлмелер салу көзделген. Орталық Жезқазғанда балалар мен жастар арасында теннисті дамытуға арналған заманауи базаға айналып, тұрақты жаттығу өткізуге және жарыс ұйымдастыруға жағдай жасайды.

«Қазақмыс үшін Ұлытау облысы – компанияға қатысы бар негізгі өңірлердің бірі. Бұл жерде біздің жұмыскерлер өмір сүріп, олардың отбасы, бала-шағасы өсіп-өніп жатыр. Сондықтан біз үшін әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен тұрғындарға жаңа мүмкіндік сыйлаудың маңызы зор. Біздің мақсатымыз – тұрғындарға қажетті және өңірдің игілігі үшін ұзақ жылдар бойы қызмет ететін заманауи инфрақұрылым қалыптастыру», – деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі.

Қол қойылған меморандум жобаларды практикалық тұрғыдан пысықтаудың келесі кезеңіне жол ашады. Қазақмыс Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп, болашақ нысандардың негізгі техникалық-экономикалық талабын, сәулеттік келбеті мен сипаттамасын айқындайды.

2026–2027 жылдары Жезқазғанда Қазақмыс компаниясының бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жаңа жобалары жүзеге асырылып, іске қосылады. Олардың қатарында мешіт пен Конгресс-орталық салу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, мәдениет нысандарын жөндеу және Кеңгір су қоймасының жағалауын абаттандыру және т.б. жұмыстар бар. Футбол стадионы мен теннис орталығын жобалау кезеңі аяқталғаннан кейін, оларды қаржыландыру көлемі компанияның өңірдегі әлеуметтік инвестициясының жалпы бюджетіне қосымша енгізіледі.

Жобаларды іске асыру Қазақмыстың өзіне қатысы бар өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындардың спортпен шұғылдануына және белсенді өмір салтын ұстануына жағдай жасауға, сондай-ақ жас ұрпақты дамытуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болмақ.

The post Жезқазғанда 6 мың көрерменге арналған жабық стадион мен теннис орталығы салынады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қазақстандықтар балаларды мектепке онлайн түрде дайындайды: оқу тауарларына сұраныс Ozon Қазақстанда 2,5 есе өсті
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында Ozon Қазақстан талдаушылары мектеп керек-жарақтарының сатылымын талдады.

Осы жазда ата-аналар онлайн режимінде белсенді түрде сауда жасай бастапты. Шілде және тамыз айларында маркетплейсте оқуға арналған тауарларға сұраныс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Көбінесе ата-аналар дәптер жиынтықтарын, шарикті қаламдар мен мәтін ерекшелегіш-маркерлер сатып алды. Сатып алуға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін дайын мектеп жиынтықтары да сұранысқа ие бола бастады. Елордада да, өңірлерде де жоғары динамика байқалады: оқуға арналған тауарларға сұраныстың өсуі бойынша Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен және Қостанай көш бастап тұр. Алайда сарапшылардың болжауынша, сатып алу сұранысының шарықтау шегі тамыз айының соңында болады.

Дайын дәптер жинақтары сатып алуды жеңілдетеді

Дәптерсіз бірде-бір сабақты елестету мүмкін емес. Олардың сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе өсті. Бұл санатта бір стильде жасалған, бірнеше данадан тұратын жиынтықтар әсіресе көп сұранысқа ие — мұндай тауарлар 4 есе өсімді көрсетті. Олар мектеп тізімінің едәуір бөлігін бір рет сатып алу арқылы жабуға мүмкіндік береді, өйткені жиынтықтағы дәптерлер әдетте барлық негізгі пәндерге жеткілікті.

Үздік сатылым қатарындағы жазуға және сызуға арналған керек-жарақтар

Жазуға арналған тауарларға деген сұраныс жылды жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Ең үлкен динамиканы мәтін ерекшелегіш-маркерлер, шарикті қаламдар және қара графитті қарындаштар көрсетті — 3 есе өсім. Сатылымның дәл осындай өсімін сызуға арналған тауарлар көрсетті: өшіргіштер, сызғыштар және ұштағыштар.

Жапсырмалар мен бетбелгілер танымал бола бастады

Мектеп себеті қосымша керек-жарақтар есебінен кеңейтіледі. Ата-аналар балаларға оқу материалдарын ұйымдастыруға көмектесетін заттарды жиі сатып алады: кітап бетбелгілері 3 есе өсім көрсетті. Олар оқулықтардағы беттерді ерекшелеуге және қажетті абзацтарды тезірек табуға көмектеседі.

Шығармашылыққа арналған тауарларға сұраныс шамамен 2,5 есе өсті

Қазақстандықтар бейнелеу өнері мен еңбек сабақтарына арналған керек-жарақтар туралы да ұмытпайды.

Шығармашылыққа арналған тауарларға сұраныс шамамен 2,5 есе өсті Өткен жылмен салыстырғанда акварель бояулары мен балаларға арналған түрлі-түсті қағаздар жиынтығы сәйкесінше 3 есе, ал гуашь 2 есе көп сатып алынды.

Жаңа оқу жылына жаңа рюкзак

Аспа дорбалар, рюкзактар және мектеп сөмкелері санаты жыл жылмен есептегенде 2 есе өсті. Бұл ретте көбінесе сатып алушылар классикалық рюкзактарды таңдайды — олардың сатылымы 5 есе өсті. Бұл мектеп маусымындағы ең жылдам дамып келе жатқан сегменттердің бірі.

Ең бастысы: ата-аналар онлайн түрде жиі сатып алуда, ал сұраныстың шарықтау шегі әлі алда

Биылғы жылы қазақстандықтар мектепке дайындық үшін маркетплейстерді белсенді пайдаланады және бұл тұрақты әдетке айналуда. Өңірлерде динамика елордадағыдай жоғары. Оқуға арналған тауарларға деген сатып алу сұранысының өсуі бойынша Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен және Қостанай көш бастап тұр.

Көбінесе ата-аналар келесі санаттардағы тауарларды сатып алды: дәптер жиынтықтары, шарикті қаламдар, мәтін ерекшелегіш-маркерлер, мектеп рюкзактары және қарындаштар. Алайда сарапшылардың пікірінше, сатып алу сұранысының шарықтау шегі тек тамыз айының соңында болады. Өткен жылы да тапсырыстардың негізгі көлемі осы кезеңде тіркелді, ал қазіргі динамика сұраныстың тек өсіп келе жатқанын көрсетеді.

The post Қазақстандықтар балаларды мектепке онлайн түрде дайындайды: оқу тауарларына сұраныс Ozon Қазақстанда 2,5 есе өсті appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Аптап ыстық пен техникалық ақаулар «Құрылтайға жол» қатысушыларын тоқтата алмады: команда тағы 250 шақырымды еңсерді
Балқаштан кейін «Құрылтайға жол» ультрамарафонының қатысушылары бағыттың екінші жартысына шықты.

Жаңа кезең команда үшін ең қиын кезеңдердің біріне айналды. Денсаулықтың нашарлауы, жоспардан тыс демалыс және велосипедтің бұзылуы марафоншыларды бірнеше рет аялдауға мәжбүр етті. Алайда қысқа үзілістерден кейін олар қайтадан жолға шығып, қарқындарын арттырды және алдымен Сарышағанға, кейін Мыңаралға жетті. Хрониканың бір эпизодында қатысушылар шамамен 250 шақырымды еңсерді.

Марафоншының бейнеролигінен алынған кадр

Жолдың жартысы және жаңа сынақтар

Балқаш ультрамарафонның маңызды межесіне айналды. Астанадан Алматыға дейінгі бағыттың жартысына жуығы артта қалды. Алайда дәл осы жерде жол қатысушыларға алғашқы күрделі сынақтарын дайындады.

Аптап ыстықта ұзақ уақыт жүру команданың денсаулығына әсер етті. Меңдібай ағаның болжамынша, жағдайдың нашарлауына күннің қатты ыстығы себеп болуы мүмкін. Күш жинап, денсаулыққа қосымша қауіп төндірмеу үшін қатысушылар жоспардан тыс үзіліс жасауға мәжбүр болды.

Марафоншының бейнеролигінен алынған кадр

Көп ұзамай тағы бір мәселе туындады. Марафоншыны жас жігіттер сүйемелдеп келе жатқан велосипедтердің бірінің дөңгелегі жарылып қалды. Команда бұл жолы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қайта аялдады.

Марафоншының бейнеролигінен алынған кадр

Марафоншының бейнеролигінен алынған кадр

Бұл кідірістер қозғалыс кестесін толығымен бұзуы мүмкін еді. Алайда демалып, велосипедті жөндегеннен кейін қатысушылар күш жинап, қайтадан жолға шықты және қарқындарын айтарлықтай арттырды.

Сарышағанға дейін 140 шақырымнан астам жол

Балқаштан сапарын жалғастырған Меңдібай аға мен оның жас серіктері 140 шақырымнан астам жол жүріп, Сарышаған кентіне жетті.

Жолдың қиын бөлігіне қарамастан, команда жергілікті тұрғындардың қолдауын тағы да сезінді. Қатысушыларға түнеуге орын беріп, тамақтандырды және жолды жалғастырар алдында күш жинауына көмектесті.

Бұл жолы батаны Меңдібай ағаның өзі берді. Бұған дейін ол жүріп өткен қалалар мен ауылдардың тұрғындарынан жолға бата алып келген еді. Ал Сарышағанда марафоншы жергілікті тұрғындарға амандық, өз командасына күш-қуат пен денсаулық тіледі.

Марафоншының бейнеролигінен алынған кадр

Бұл сәт «Құрылтайға жол» тарихына алғашқы күннен тән өзара қолдаудың көрінісіне айналды. Тұрғындар қатысушылардың алға жылжуына көмектессе, Меңдібай аға оларға алғысын білдіріп, ақ тілегін арнады.

Мыңаралға дейін тағы 111 шақырым

Сарышағанда тынығып алған команда бірден сапарын жалғастырды. Бағыттың келесі нүктесі шамамен 111 шақырым жерде орналасқан Мыңарал ауылы болды.

Хрониканың жаңа шығарылымы Мыңаралға жетумен аяқталды. Жалпы алғанда, Балқаштан шыққаннан кейін қатысушылар шамамен 250 шақырым жолды еңсерді. Жолда кездескен аптап ыстықты, денсаулықтың нашарлауын және техникалық ақауды ескерсек, бұл нәтиже ерекше әсер қалдырады.

Сынақтар команданың жүрісін қысқа уақытқа ғана баяулатты, алайда олардың бағытынан тайдыра алмады. Меңдібай аға мен оны сүйемелдеп жүрген жастар басты мақсатқа қарай сапарын жалғастырды.

Жас ұрпаққа берілетін өнеге

Бүкіл бағыт бойы 58 жастағы ультрамарафоншының жанында оның жас шәкірттері жүр. Олар тәлімгерін велосипедпен сүйемелдеп, жолда көмектеседі және кездескен барлық қиындықты онымен бірге еңсереді.

Марафоншының бейнеролигінен алынған кадр

Бұл оқиғада аға буынның рөлі ерекше байқалады. Меңдібай аға табандылық, жауапкершілік және белсенділік туралы сөзбен ғана шектелмейді. Ол мұны өз ісімен көрсетіп келеді. Жастар жасына, шаршағанына және қиындықтарға қарамастан, қабылдаған шешіміне адал болып қалған адамды көріп келеді.

Мұндай өнеге тек спортта ғана маңызды емес. Аға буын өз іс-әрекеті арқылы жастардың қоғамдық өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Егер ересектер азаматтық жауапкершілік танытса, жас ұрпақ ел өміріне атсалысуды оның болашағына деген көзқарастың табиғи бір бөлігі ретінде қабылдайды.

23 тамызда аға буынның жастарға жеке үлгі көрсетуіне тағы бір мүмкіндік туады. Жаңа Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу арқылы ата-аналар, тәлімгерлер және аға буынның барлық өкілі әр азаматтың дауысы маңызды екенін көрсете алады.

Мыңдаған дауыс бір адамның шешімінен басталады

Меңдібай ағаның бастамасының негізінде қарапайым ой жатыр: үлкен нәтиже әр адамның жеке іс-әрекетінен құралады.

Астанадан Алматыға дейінгі жолды бір қадаммен еңсеру мүмкін емес. Мың шақырымнан астам қашықтық жекелеген қадамдардан құралады және олардың әрқайсысы команданы мәреге жақындатады. Елдің ортақ таңдауы да дәл осылай қалыптасады.

Бір дауыс шағын үлес болып көрінуі мүмкін. Алайда жекелеген дауыстарсыз ортақ нәтиже қалыптаспайды. Мыңдаған дауыс әр адамның шет қалмау туралы шешімінен басталады.

Меңдібай аға өзінің марафоны арқылы азаматтық жауапкершілік спорттық ерлікті талап етпейтінін еске салады. Ол сайлау учаскесіне өз еркіңмен барып, ұстанымыңды білдіруге дайын болудан басталады.

Бағыт жалғасуда

Еске салайық, «Құрылтайға жол» ультрамарафоны Астанада басталды. Бағыттың соңғы нүктесі – Алматы қаласы. Меңдібай аға мен оның командасы ол жерге жаңа Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтетін күні, 23 тамызда жетуді жоспарлап отыр.

Марафоншының жеке бастамасы әртүрлі қалалар мен ауылдардың тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Жұрт қатысушыларды қарсы алып, түнеуге орын ұсынады, дастарқан жайып, бата береді және мәреге аман-есен жетуін тілейді. Соның арқасында әр елді мекен үлкен сапар шежіресінде өзіндік із қалдырып келеді.

Жаңа кезең қиындықтар аялдауға мәжбүр етуі мүмкін екенін, алайда мақсаттан бас тартуға себеп болмауға тиіс екенін көрсетті. Команда күш жинап, сапарын жалғастырды және күрделі кезеңді Мыңаралда аяқтады.

Шамамен 250 шақырым артта қалды. Алда бағыттың жаңа нүктелері, сонымен бірге бір адамның жеке бастамасы көпшіліктің қолдауына ие болатынын көрсететін жаңа мысалдар күтіп тұр.

The post Аптап ыстық пен техникалық ақаулар «Құрылтайға жол» қатысушыларын тоқтата алмады: команда тағы 250 шақырымды еңсерді appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Дело экс-главреда Orda.kz завершилось – вина полностью доказана
Суд первой инстанции завершил рассмотрение дела бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой. По совокупности обвинений ей назначили восемь лет лишения свободы, однако отбывание наказания отсрочили на два года. Также в течение пяти лет Бажкеновой запрещено заниматься определенными приговором видами журналистской, публичной и руководящей деятельности.

В рамках судебного процесса рассматривались сразу несколько направлений. Суд изучал финансовые операции, связанные с Orda.kz, движение средств через ИП, обналичивание крупных сумм, расходы компании и сделки с недвижимостью. Отдельный блок разбирательства составили восемь эпизодов распространения заведомо ложной информации.

Переводы через ИП и выплаты зарплат наличными

Одной из ключевых тем процесса стали финансовые операции Orda.kz. В суде Бажкенова сама рассказывала о том, как распоряжались деньгами издания.

Она признала, что значительные суммы переводились через ИП, после чего снимались наличными. По ее словам, ежемесячные переводы могли составлять 10, 15 и 20 млн тенге.

Бажкенова объясняла это необходимостью иметь наличные средства для выплаты заработной платы сотрудникам. Она утверждала, что примерно половину зарплат старалась выдавать именно наличными.

Суд также разбирал расходы, которые не были напрямую связаны с редакционной работой. В частности, обсуждалась оплата обучения в частной школе. Бажкенова объясняла происхождение этих расходов и отрицала присвоение денежных средств компании.

Несмотря на позицию обвиняемой, суд пришел к выводу о ее виновности. Финансовые эпизоды стали частью совокупности обвинений, по которым был вынесен приговор на восемь лет.

Почему в статье появилась сумма 27 млн тенге

Отдельное внимание суд уделил публикациям Orda.kz и обстоятельствам их подготовки.

Один из эпизодов был связан с материалом о Green Tower. В публикации говорилось об ущербе в размере 27 млн тенге.

Во время судебного разбирательства возник вопрос, откуда журналисты получили именно эту сумму. Свидетельница защиты, которая являлась автором материала, не смогла сразу точно объяснить, на каком основании указанная цифра попала в публикацию.

Во время допроса она сказала: «Я сейчас чуть подвисла».

Потерпевшая сторона заявляла, что претензии касались не только суммы ущерба. Она требовала признать опубликованную информацию недостоверной, удалить материал с сайта, разместить опровержение и выплатить компенсацию за моральный вред.

При этом публикация о Green Tower стала лишь одним из материалов, которые суд подробно разбирал в ходе процесса.

«Меня уволили из-за вашей статьи»

О последствиях публикаций рассказывали и люди, признанные потерпевшими по делу.

Один из бывших руководителей напрямую заявил Бажкеновой в судебном зале: «Меня уволили из-за вашей статьи».

Суд выяснял, каким образом журналисты получали сведения для материалов, кто занимался проверкой информации, с кем согласовывались тексты и кто в конечном итоге принимал решение о публикации.

Вопросы к редакционной работе имели особое значение, поскольку обвинение касалось не одного спорного материала. Всего в деле фигурировали восемь эпизодов распространения заведомо ложной информации.

Предупреждение редакции не остановило публикацию

Еще одним важным моментом стали показания бывшего заместителя прокурора Алматы.

Как следовало из оглашенных в суде показаний, редакцию Orda.kz до выхода одного из материалов предупреждали о недостоверности содержащейся в нем информации. Несмотря на это, публикация все же появилась на сайте.

В связи с этим суду предстояло установить, что именно было известно редакции до выхода материала и почему, несмотря на полученное предупреждение, было принято решение опубликовать его.

В рамках другого эпизода стороны также обсуждали расходы КТЖ в размере 7,8 млн тенге, которые рассматривались в связи с публикацией.

Таким образом, судебное разбирательство касалось не одной ошибки журналистов. Суд последовательно исследовал несколько материалов, обстоятельства их подготовки, источники информации и последствия публикаций.

Кто принимал окончательное решение

О том, как была устроена работа редакции Orda.kz, в суде рассказывала бывшая журналистка издания Сандугаш Дуйсенова.

По ее словам, самостоятельно публиковать материалы она не могла и выполняла задания руководства.

Суд интересовало, кто занимался первоначальными версиями текстов, кто редактировал материалы, кто проверял содержащуюся в них информацию и кому принадлежало последнее слово перед публикацией.

Для защиты Бажкеновой было важно показать, что ответственность за конкретные материалы могла лежать не только на руководителе издания, но и на других сотрудниках. Обвинение, в свою очередь, акцентировало внимание на роли Бажкеновой как руководителя Orda.kz.

Финансовые операции, недвижимость и восемь публикаций

В итоге дело объединило несколько разных блоков обвинения.

Финансовая часть включала переводы крупных сумм через ИП, последующее обналичивание денег, выплаты зарплат наличными и отдельные расходы компании.

Кроме того, суд изучал сделки с недвижимостью, которые также вошли в материалы дела.

Значительный объем судебного процесса был посвящен журналистской деятельности Orda.kz. Восемь эпизодов распространения заведомо ложной информации разбирались отдельно, при этом суд исследовал не только содержание самих публикаций, но и источники данных, процесс подготовки материалов и последствия их выхода.

В судебных заседаниях выступали потерпевшие, бывшие сотрудники редакции и другие свидетели. Потерпевшие рассказывали о последствиях публикаций для их работы и репутации. Бывшие сотрудники, в свою очередь, объясняли, как внутри редакции создавались материалы и кто участвовал в принятии решений об их публикации.

Бажкенова и ее защита вину оспаривали. Она отрицала присвоение денег и приводила собственные объяснения по финансовым операциям, расходам компании и спорным публикациям.

Тем не менее суд первой инстанции признал Бажкенову виновной и вынес обвинительный приговор.

По совокупности обвинений ей назначили восемь лет лишения свободы. Отбывание наказания отсрочено на два года. Кроме того, на протяжении пяти лет Бажкеновой запрещено заниматься предусмотренными приговором видами журналистской, публичной и руководящей деятельности.

The post Дело экс-главреда Orda.kz завершилось – вина полностью доказана appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қазақмыс ЖМЗ-ның газ тазарту жүйесін соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды жаңғырту жұмысын бастайды
18 тамызда Жезқазғанда Қазақмыс пен China National Chemical Engineering Company (CNCEC) тобына кіретін компаниялар консорциумы Жезқазған мыс балқыту зауытында жаңа күкірт қышқылы цехын салу жобасын іске асыру туралы шартқа қол қойды.

Қол қою рәсіміне «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі, Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен және CNCEC Директорлар кеңесінің төрағасы Бао Гуандун қатысты. EPC-келісімшарттың құны 213,76 млн АҚШ долларын құрайды. Жобаны іске асыру кәсіпорынды экологиялық және технологиялық жаңғыртудың негізгі кезеңдерінің бірі болады.

Жобаны іске асыруға жобалау және күкірт қышқылы өндірісін салу саласында халықаралық тәжірибесі бар, оның ішінде Қазақстанда осындай жобаларды іске асырған China National Chemical Engineering Company (CNCEC) компаниялар тобы бас мердігер болып таңдалды.

Жаңа цехтың құрылысы Жезқазған мыс балқыту зауытын ауқымды жаңғырту және заманауи экологиялық стандарттарға көшу қажеттілігіне байланысты қолға алынды. Металлургиялық газдарды кәдеге жаратуға арналған қолданыстағы инфрақұрылым 1970-жылдары пайдалануға берілген және бүгінде технологиялық тұрғыдан түбегейлі жаңартуды талап етеді.

Жоба жаңа күкірт қышқылы өндірісін салумен қатар технологиялық газдарды ұстау және тазарту жүйесін жаңғыртуды көздейді. Атап айтқанда, конвертерлерге арналған арнайы жабындар, заманауи салқындату мұнаралары, электр сүзгілері және басқа да газ тазарту жабдықтары орнатылады. Жаңа жүйе технологиялық үдерісті автоматтандыру және бақылаудың заманауи құралдарымен жабдықталады.

Жоба іске асырылғаннан кейін технологиялық газдарды ұстау деңгейі 99%-ға жетеді. Ал тазартылған газдағы күкірт диоксидінің қалдық мөлшері ең озық қолжетімді технологиялар жөніндегі халықаралық BREF анықтамалықтарының талабына сәйкес болуы тиіс. Жобаны іске асыру SO₂ шығарындыларын және кәсіпорынның Жезқазған қаласына түсіретін экологиялық жүктемесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жаңа цехтың жобалық қуаты жылына 350 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге жетеді. Жүйе сағатына 300 мың қалыпты текше метрге дейін технологиялық газды өңдей алады. Нысанды 2028 жылы алдын ала пайдалануға беру жоспарланған.

«Жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысы – ең алдымен, Жезқазғанның экологиялық қауіпсіздігі мен кәсіпорынның ұзақ мерзімді тұрақтылығына салынған инвестиция. Біз өндірісті алдағы ондаған жылдарға арналған жоспармен жаңғыртып жатырмыз. Біз үшін заманауи нысан салумен қатар белгіленген экологиялық көрсеткішке қол жеткізу, жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз ету және жобаны іске асыру мерзімін сақтау аса маңызды», – деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі.

Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін жоба белсенді іске асыру кезеңіне өтеді. 2026 жылдың соңына дейін өндірістік алаңда ауқымды жұмылдыру және дайындық жұмысын бастау көзделген. Құрылыс-монтаждау жұмысы шамамен 29 айға созылады.

Жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысы Жезқазған мыс балқыту зауытын ұзақ мерзімді жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Жобаны іске асыру газ тазарту жүйесінің сенімділігін арттыруға, өндірісті заманауи экологиялық талапқа сәйкестендіруге және елдегі маңызды металлургиялық кәсіпорынның тұрақты жұмысына берік негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

The post Қазақмыс ЖМЗ-ның газ тазарту жүйесін соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды жаңғырту жұмысын бастайды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Бажкенова сможет участвовать в суде: врачи не нашли причин для госпитализации
Судебный процесс над Гульнар Бажкеновой продолжается, несмотря на её жалобы на самочувствие. Медицинские документы, представленные суду, показали, что состояние подсудимой оценивается как удовлетворительное и не мешает ей участвовать в заседании.

Об этом 18 августа сообщила судья Бостандыкского районного суда №2 Алматы Елена Кван.

Что показал осмотр

«Суду предоставлены медицинские документы, по которым состояние подсудимой удовлетворительное, и она может участвовать в судебных разбирательствах. В связи с чем продолжаем прения», – сказала судья.

В суде также дала показания врач скорой помощи Диана Сулейменова. Она подтвердила, что состояние Бажкеновой позволяет ей присутствовать на судебном заседании.

Ранее из-за жалоб на здоровье слушания уже несколько раз переносились. В июле Бажкенова обращалась в городскую клиническую больницу №12, однако после обследования врачи не нашли оснований для госпитализации и рекомендовали амбулаторное лечение.

11 августа она не пришла на утреннее заседание, сославшись на плохое самочувствие. Однако медицинские сведения, переданные суду, не подтвердили, что её состояние не позволяет участвовать в процессе.

17 августа к Бажкеновой снова вызвали скорую. После осмотра госпитализация не потребовалась, от неё подсудимая также отказалась.

Суд продолжил прения

На следующий день суд получил медицинские документы, в которых указано, что Бажкенова может участвовать в разбирательстве. Поэтому заседание 18 августа продолжилось.

Бажкенову обвиняют в присвоении или растрате чужого имущества, незаконной предпринимательской деятельности и распространении заведомо ложной информации.

The post Бажкенова сможет участвовать в суде: врачи не нашли причин для госпитализации appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Қазақмыс» Жедел сатып алу картасын енгізіп, шұғыл сатып алуды жеделдетті
2026 жылғы шілдеде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да Жедел сатып алу картасы енгізілді.

Ол кәсіпорындарға шұғыл қажет құрал-жабдықтарды, қосалқы бөлшектер мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды жеңілдетілген тәртіппен сатып алуға мүмкіндік береді.

Жедел сатып алу картасы өндірістік және жөндеу жұмысы кезінде, сондай-ақ апаттық жағдайда туындайтын шұғыл қажеттілікті өтеу үшін қолданылады. Мысалы, қажет материал қоймада болмаса, ал оның жеткізілуін стандартты рәсім бойынша күту жұмысты баяулатып, жабдықтың тоқтап тұруына әкелуі мүмкін жағдай туындатса.

Жұмыскерлердің өтінішін қарау нәтижесінде карта бойынша жалпы жылдық лимит 57 млн теңгеден 252 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Әр кәсіпорын үшін лимит 2026 жылға жоспарланған сатып алу көлемі ескеріле отырып есептелді.

Сонымен қатар өтінімді келісу үдерісі де қысқартылды. Аталған механизмді әзірлеу барысында өтінімді бас директорлар деңгейінде бекітіп, одан кейін Сауда үйінің директорына жолдау көзделген болатын. Енді өтінімді зауыт, кеніш немесе шахта директоры бекітеді де, тікелей сатып алуды үйлестіру бөліміне жібереді.

Сатып алуды рәсімдеу үшін қажетті құжаттардың бірыңғай тізбесі белгіленді. Құжат жинау және одан әрі сүйемелдеу жұмысын Сатып алуды үйлестіру бөлімі атқарады. Өндірістік бөлімше өтінім әзірлеп, сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықты қабылдайды және оның мақсатына сай пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Картаның қолданысқа енгізілген алғашқы айында 20 бөлімше жалпы құны 6,4 млн теңгеден асатынтауарлық-материалдық құндылықтың 71түрін сатып алды. Олардың қатарында өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілікте қолданылатын құрал-саймандар, қосалқы бөлшектер, шығыс материалдары мен жабдықтар бар. Әр сатып алуға бір күн ғана жұмсалды. Ал осындай тауарды стандартты рәсім бойынша сатып алу 88 күннен 188 күнге дейін созылатын.

Компания барлық өңірлерде сатып алудың толық циклы аяқталғаннан кейін картаны қолданудың алғашқы нәтижесін талдап, кәсіпорындарменкері байланыс жасайды. Анықталған ескертулер механизмді одан әрі жетілдіру барысында назарға алынады.

Компания басшылығының негізгі басымдықтарының бірі – қызметкерлермен тікелей диалог орнатып, еңбек ұжымдарының пікіріне құлақ асу. Жедел сатып алулар картасының енгізілуі қызметкерлердің ұсыныстарын ескеріп, оларды нақты шешімдерге айналдыруға бағытталған жаңа тәсілдің алғашқы нәтижелерінің бірі болды. Қазіргі уақытта маусым айынан бастап компания басшылығының кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен өткізген кездесулері қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерді іске асыру жалғасуда. Кездесулер барысында көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлімшелер айқындалып, қабылданған шешімдердің іске асырылуы компания басшылығының тұрақты бақылауында.

The post «Қазақмыс» Жедел сатып алу картасын енгізіп, шұғыл сатып алуды жеделдетті appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Шымкентте Жаңа адамдар әлеуетті педофилді әшкереледі
Екі жылдан астам уақыт бойы 124 Азаматтық науқаны Қазақстанның барлық өңірінде балалардың қауіпсіздігі мәселесін көтереді. Бұл бастама Шымкент қаласында жалғасын тапты. Эксперимент аясында белсенділер әлеуметтік желіде жалған 13 жасар қыздың атынан фейк парақша ашты.

Қысқа уақыт ішінде парақшаға жүздеген ересек ер адамнан хабарлама келді. Солардың бірі ерекше табандылық танытты. Ол жыныстық сипаттағы суреттерін жіберіп, қызды да солай жасауға итермелеуге тырысты.

Хабарламадан ер адамның қыздың кішкентай екенін анық білгені байқалады. Ол бірнеше рет «ешкімге айтпауын», әсіресе ата-анасына хабарламауды өтініп, қызбен жеке кездесуді табанды түрде талап еткен.

Оның өтініші бойынша кездесу орын алды. Белгіленген жерге 27 жастағы Өтеуіл Бағдат Полатханұлы келді. Алайда оны 13 жасар қыз емес, Жаңа адамдар белсенділері қарсы алды. Кездесу орнына оның кәмелетке толмаған қызға жолдаған хабарламалары мен жіберген жыныстық сипаттағы суреттері басылған үлкен баннер қойылды.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді. Жиналған барлық материалдар мен хабарламалар тексеру және тергеу жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Жанұлы Нұрсұлтан, Жаңа адамдар:

«Біз болжалды қаскөйді өз бетімізше жазалау үшін емес, балалардың қауіпсіздігі үшін әшкереледік. Егер ересек адамның балаға қатысты әрекеті орынсыз немесе күмәнді көрінсе, шынымен де солай болуы мүмкін. Бейжай өтіп кетпеңіздер. Балалардың қауіпсіздігі әрқайсымыздан басталады».

The post Шымкентте Жаңа адамдар әлеуетті педофилді әшкереледі appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қан қысымының жоғарылауы қандай асқынуларға әкелуі мүмкін?
Артериялық қысымды не үшін бақылау маңызды екені туралы Алматы қаласындағы «Құлагер» БМСКО дәрігері Анэля Ярмұхаметова айтып берді.

Артериялық гипертония — ең көп таралған созылмалы аурулардың бірі. Оны бақылауда ұстамау ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Олардың қатарында миокард инфарктісі, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының бұзылуы және бүйректің зақымдануы бар.

«Қан қысымының жоғары болуы жүрек пен қан тамырларына түсетін жүктемені арттырады. Уақыт өте келе бұл нысана-мүшелердің — жүректің, мидың, бүйректің және қан тамырларының зақымдануына әкелуі мүмкін», — дейді дәрігер.

Ыстық ауа райында қан қысымын бақылауға ерекше көңіл бөлу қажет. Жоғары температура ағзаның сұйықтықты көп жоғалтуына ықпал етеді, бұл артериялық қысымның ауытқуына және денсаулық жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін. Гипертониясы бар адамдар дәрігердің ұсынымдарын ескере отырып, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдауы, күн астында ұзақ уақыт болудан және ыстық уақытта қарқынды дене жаттығуларынан аулақ болуы керек.

Асқынулардың алдын алу үшін маман артериялық қысымды үнемі өлшеп тұруды, тағайындалған дәрі-дәрмектерді қабылдауды өткізіп алмауды, тұзды тұтынуды шектеуді, темекі шегуден және алкогольді шамадан тыс тұтынудан бас тартуды, дене белсенділігін сақтауды және дене салмағын бақылауды ұсынады.

Денсаулық жағдайы күрт нашарлаған кезде, кеуде тұсы қатты ауырса, айқын ентігу пайда болса, сөйлеу бұзылса немесе аяқ-қолдарда әлсіздік байқалса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.

The post Қан қысымының жоғарылауы қандай асқынуларға әкелуі мүмкін? appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Мемлекет сөз бостандығын шектемейді, керісінше оны қорғайды – Аида Балаева
Аида Балаева сайлау алдындағы кезеңде БАҚ-пен жұмыс істеудің ерекше маңыздылығы туралы ескертті.

Сайлауалды науқан кезінде журналистердің, белсенділер мен блогерлердің қызметіне қатысты түрлі сауалдар туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар мәселеге арнайы тоқталып, түсінік беруді жөн көрдім.

Ең алдымен, журналистер мен блогерлердің заң шеңберінде өз қызметін еркін жүзеге асыруға, соның ішінде фото және бейнетүсірілім жүргізуге құқығы бар екенін атап өткім келеді.

Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңына сәйкес журналистер кәсіби қызметі барысында фотоға, аудиоға және бейнеге түсіруге, сондай-ақ ақпарат таратуға құқылы.

Бұл ретте журналистер де, блогерлер де адамның келісімінсіз мынадай үш жағдайда түсірілім жүргізе алады:

— егер адам ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға, спорттық-бұқаралық іс-шараларға, бейбіт жиналыстарға немесе өзге де көпшілік іс-шараларға қатысса не сол жерде болса;

— егер таратылатын ақпараттағы адамның бейнесі оның қызметтік және (немесе) қоғамдық қызметіне қатысты болса, сондай-ақ ол өз бейнесін ашық қолжетімді дереккөзде өзі жариялаған жағдайда;

— егер адамның бейнесін пайдалану қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында қажет болса.

Сонымен қатар бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының, белсенділер мен блогерлердің әлеуметтік желідегі парақшалары жаппай бұғатталып жатқаны туралы ақпаратқа да жеке тоқталғым келеді.

Журналистер мен блогерлердің кәсіби қызметіне немесе сөз бостандығына негізсіз шектеу қойылды деген пікір туғызатын кез келген әрекет тек жекелеген журналистер мен блогерлерге ғана емес, мемлекеттік органдардың беделіне де нұқсан келтіреді.

Бұл мәселе сайлау науқаны кезінде айрықша маңызды. Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желі қолданушыларының, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің аккаунттарын бұғаттамайды. Мемлекет те мұндай әрекеттерге немесе сөз бен пікір еркіндігін шектеуге мүдделі емес.

Керісінше, мұндай әрекеттер мемлекет пен оның институттарының беделіне нұқсан келтіріп, оларды қоғам алдында теріс көрсетуге пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ бұл Министрліктің сөз бостандығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысына кедергі келтіреді.

Өкінішке қарай, соңғы уақытта осы тұрғыда алаңдататын жайттар байқалып отыр. Сондықтан масс-медиа саласындағы уәкілетті орган ретінде біз, ең алдымен, сөз бостандығына кепілдік беретін заңды құқықтардың жүзеге асуына қолдау көрсетеміз.

Бұл мәселелер Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан бүгінгі уақытта ерекше мәнге ие. Жаңа Конституция қабылданды, негізгі мемлекеттік институттарды жаңарту үдерісі басталды, алда Құрылтайды қалыптастыру міндеті тұр. Елімізде жаңа саяси және қоғамдық мәдениеттің негізі қаланып жатыр.

Оның өзегінде мемлекет кепілдік берген құқықтар мен бостандықтармен қатар, әр азаматтың өз әрекетіне жауапкершілігі де тұруға тиіс. Бұл – Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаттарының бірі. Заң алдында лауазымына, мәртебесіне, кәсібіне, қоғамдағы танымалдығына немесе әлеуметтік желідегі жазылушыларының санына қарамастан бәрі тең.

Осы ұстаным «Заң мен тәртіп» қағидатының мазмұнын айқындайды. Мемлекет сөз бостандығын, журналистер мен блогерлердің заңды қызметін қамтамасыз етуге және қорғауға міндетті. Ал сөз бостандығы таратылатын ақпарат үшін жауапкершілікті де талап етеді. Бір адамның құқығы екінші адамның құқығын бұзу есебінен жүзеге аспауға тиіс. Қоғамдағы мәртебе де ешкімге заң талаптарын елемеуге артықшылық бермейді.

Бүгінде «Адал азамат» құндылықтарының маңызы артып келеді. Бұл өз құқығын ғана емес, қоғам мен мемлекет алдындағы міндетін де түсінетін, заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары әрі жасампаз азаматтың бейнесі. Жаңа саяси кезең бізден осындай азаматтық жауапкершілік пен кемелдікті талап етеді.

Сонымен бірге журналистер мен блогерлер үшін аса маңызды тағы бір қағидатты ұмытпауымыз керек. Ол – таратылатын ақпараттың анықтығын міндетті түрде тексеру.

Осыған байланысты әлеуметтік желілер мен онлайн-платформалардың әкімшіліктерін заңға қайшы контентті дер кезінде анықтап, жою жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырамын. Алайда заңға қайшы материал мен заңды түрде айтылған пікірдің, кәсіби журналистік қызмет пен қоғамдық пікірталастың ара-жігін нақты ажырату аса маңызды. Заңсыз контентпен күрес сөз бостандығын негізсіз шектеуге әкелмеуге тиіс.

Сөз бостандығы мен жауапкершілік бір-біріне қайшы ұғымдар емес. Керісінше, олардың үйлесімі азаматтардың құқықтары сенімді қорғалатын, заң бәріне бірдей қолданылатын, ал қоғамдық диалог нақты дерекке, өзара құрмет пен жауапкершілікке негізделетін кемел қоғам қалыптастырады.

Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерді тарататын ақпаратына жауапкершілікпен қарауға, дереккөздерді мұқият тексеруге және масс-медиа, онлайн-платформалар мен сайлау туралы заңнама талаптарын сақтауға шақырамын.

The post Мемлекет сөз бостандығын шектемейді, керісінше оны қорғайды – Аида Балаева appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Клиенттер үшін көбірек мүмкіндік: KMF Банк алғашқы жылын қорытындылады
Банк лицензиясын алғанына бір жыл толған KMF Банк трансформацияның алғашқы нәтижелерін қорытындылады. Бұл өзгерістің басты нәтижесі микроқаржы ұйымынан банкке айналу фактісінің өзі емес, клиенттер үшін ашылған жаңа мүмкіндіктер. Атап айтқанда, қаржылық қызметтердің, цифрлық құралдардың артуы және өңірлердегі кең ауқымды филиалдық желінің сақталуы.

KMF Банк алғашқы жыл ішінде қызметтердің үздіксіз болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, одан әрі даму үшін берік негіз қалыптастырды. Бүгінде клиенттер төлем карталарын пайдалана алады, ағымдағы шоттарды, оның ішінде мультивалюталық және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шоттарды, депозиттерді ашып, телефон нөмірі арқылы ақша аударымдарын жүзеге асырып, Бірыңғай QR арқылы төлем жасай алады. Сондай-ақ банктің мобильді қосымшасы арқылы серіктестердің сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік бар. Жақында банк заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг қызметін іске қосуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар KMF Банк трансформацияға дейін клиенттері үшін аса маңызды болған құндылықтарды сақтап қалды. Атап айтқанда, микро және шағын бизнеске басымдық беру, өңірлерде кең ауқымда қызмет ұсынып, бөлімшелерде клиенттерге жеке қызмет көрсету мүмкіндігі.

«Алғашқы жылдың басты нәтижесі — банктің ұзақ мерзімді перспективада тұрақты дамуына берік негіз қалау. Сондықтан біз бірінші кезекте өнімдер желісін қарқынды кеңейтуге емес, қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруға басымдық бердік. Осындай тәсілдің арқасында операциялық қызметтің үздіксіз болуын қамтамасыз ете алдық. Соның нәтижесінде бұл кезеңде клиенттер өзгерістерді іс жүзінде сезінген жоқ», — деді KMF Банк Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Банк лицензиясын алу KMF Банк үшін жаңа даму кезеңінің басталуын, ал клиенттер үшін трансформация ең алдымен мүмкіндіктердің кеңеюін білдіреді. Бір жыл ішінде клиенттерге бұрыннан таныс қаржылық өнімдерге толыққанды банктік қызметтер қосылды. Осылайша, банктік мәртебеге көшу клиенттердің күнделікті қаржылық тәжірибесіне нақты әсер ете бастады. Жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер енді бірыңғай банктік экожүйе аясында қаржылық құралдардың кеңірек спектрін пайдалана алады. Бұл ретте KMF Банк өзінің негізгі бағытын өзгертпейді, басты назар бұрынғыдай микро және шағын бизнеске, өңір тұрғындарына және әйел кәсіпкерлерге аударылады.

Бүгінде банк клиенттерінің 65%-ы ауылдық жерлерде тұрады, ал барлық клиенттердің 55%-ын әйелдер құрайды. Банктің физикалық қатысуын шамамен 140 қызмет көрсету нүктесі қамтамасыз етеді. Ал KMF Банк Қазақстанның ең шалғай өлкелерін қоса алғанда, шамамен 4 мың елдімекенді қамтиды. Бұл клиенттерге банкпен жұмыс істеудің өзіне ыңғайлы арнасын таңдауына мүмкіндік береді, яғни қажетті мәселені мобильді қосымша арқылы өз бетінше шешуге немесе бөлімшеде маманнан жеке кеңес алуға болады.

«Біз ешқашан адамды технологиямен алмастыруды мақсат еткен емеспіз. Біз үшін цифрлық сервистер клиенттердің күнделікті өмірін жеңілдетсе, бөлімшелер ең маңызды құндылықтарды сақтайды — сенім мен жеке қолдауды. Біз заманауи технологиялар мен клиентке жақын болуды біріктіретін фиджитал-модельді болашақтың еншісінде деп есептейміз», — деп атап өтті Шалқар Жүсіпов.

Клиенттерге толыққанды банк қызметін ұсыну үшін KMF Банкке қысқа мерзім ішінде жаңа технологиялық және операциялық инфрақұрылым құруға тура келді. Трансформация кезеңінің өзінде банктің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті 60-қа жуық ақпараттық жүйе енгізілді. Бұл ретте бизнес өз жұмысын тоқтаусыз жалғастырды: жүздеген мың клиент күн сайын KMF қызметтерін пайдаланып отырды.

Алғашқы нәтижелер банктің негізгі көрсеткіштерінен де көрініс табуда. Жыл басынан бері банк кредиттік портфельдің, депозиттік базаның және транзакциялық бизнестің тұрақты өсімін көрсетіп келеді. Капитал жеткіліктілігі шамамен 19%-ды құрап, реттеушінің нормативтік талаптарынан айтарлықтай жоғары деңгейде сақталуда. Биыл маусым айында Fitch Ratings агенттігі KMF Банктің рейтингін тұрақты болжаммен B+ деңгейінде растады. Сонымен қатар банк үшін негізгі көрсеткіштердің бірі — клиенттердің сенімі. Клиенттердің адалдық индексі (NPS) 83% деңгейінде сақталып отыр.

«Біз үшін ауқымды трансформацияның клиенттер сеніміне кері әсер етпегені маңызды. Керісінше, қалыптасқан сенімге сүйене отырып, қызметтер мен ұсыныстар ауқымын кеңейтіп, біртіндеп толыққанды банктік экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз. Бұл ретте өзіміздің негізгі мамандануымыз бен клиентке жақын болу қағидатымызды сақтаймыз», — деп атап өтті Шалқар Жүсіпов.

Сонымен қатар KMF Банктің дамуы қаржылық қызметтермен ғана шектелмейді. Банк жастардың Enactus қозғалысын қолдайды және қазақтың дәстүрлі зияткерлік ойыны тоғызқұмалақты дамытуға үлес қосып келеді. Ұлттық құндылықтармен байланыс банктің имиджінен де көрініс тапқан: оның маскоты ретінде жылдамдықтың, алға деген ұмтылыс пен төзімділіктің символы саналатын қазақтың құмай тазысы таңдалған.

Банк дамуының келесі кезеңі — жасанды интеллектіні кеңінен қолдану. Бүгінде KMF Банк AI технологияларын кредиттік өтінімдерді талдау, құжаттарды өңдеу, кепіл мүлкін бағалау, ұсыныстарды жекелендіру және ішкі процестерді автоматтандыру үшін пайдаланады. Банктің ішінде AI-Дана корпоративтік AI-ассистенті жұмыс істейді. Сонымен қатар байланыс орталығына арналған дыбыстық AI-көмекшіні іске қосу, құжат айналымын автоматтандыру және киберқауіпсіздікті күшейту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Клиент үшін технологиялық трансформация ең алдымен қызмет көрсету жылдамдығы мен қолайлылығынан байқалуы тиіс.

«Біздің міндетіміз жасанды интеллект арқылы адамды алмастыру емес, қызметкерлерді күнделікті қайталанатын операциялардан босатып, олардың тәжірибесі, білімі мен кәсіби құзыретін клиентпен тікелей қарым-қатынас кезінде аса қажет болатын міндеттерге аударуына мүмкіндік беру», — деп атап өтті Шалқар Жүсіпов.

Банктік мүмкіндіктердің кеңеюі KMF экожүйесінің тарихи тұрғыда ажырамас бөлігі болған әлеуметтік бағыттың сақталуымен қатар жүріп келеді. «KMF-Демеу» қорымен бірлесіп, банк Қазақстанның барлық өңірінде білім беру және қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруда. Соңғы 13 жыл ішінде қор 64 білім беру жобасын жүзеге асырып, 187 мыңнан аса адамды қамтыды. Негізгі бағыттардың қатарында кәсіпкерлікті дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру, әйелдердің бизнестегі бастамаларын қолдау және өңір тұрғындарына арналған білім беру бағдарламалары бар. Сондай-ақ көпшілікке кеңінен танымал жобалардың бірі — KMF Isker Hanymy премиясы. Биыл бұл жоба алтыншы рет ұйымдастырылады.

«KMF-Демеу көптеген жылдар бойы компаниямыздың дамуына қолдау көрсетіп, құндылықтарымыз бен әлеуметтік миссиямыздың сабақтастығын сақтауға ықпал етті. Бүгінде қор банктің негізгі акционері болып қала береді. Алайда оның стратегиялық мақсаты — біртіндеп миноритарлық акционер мәртебесіне өту», — деді KMF Банк басшысы.

Бұл процесс қазірдің өзінде басталды. Банк капитал құрамына кіруге қызығушылық танытқан бірқатар халықаралық институционалдық инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Мұндай инвесторды тарту акционерлер құрылымын әртараптандыруға, халықаралық сараптаманы күшейтуге, ұзақ мерзімді ресурстарға қолжетімділікті кеңейтуге және даму стратегиясын іске асыруды қолдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте қор негізін қалаған құндылықтар мен әлеуметтік миссия сақталады», — деп атап өтті Шалқар Жүсіпов.

Алғашқы жылдың тағы бір маңызды нәтижесі — халықаралық ынтымақтастықтың дамуы. KMF Банк Еуропа қайта құру және даму банкімен, IFC, JICA, Proparco, SIFEM, Аустрияның Даму банкімен және басқа да даму институттарымен ынтымақтастық орнатып келеді. Маңызды оқиғалардың бірі Түркі инвестициялық қорымен серіктестік орнату болды, бұл қордың Қазақстандағы алғашқы келісімі.

«Бүгінде алғашқы жылдың қорытындысын шығара отырып, банк лицензиясын алу туралы шешімнің стратегиялық тұрғыдан дұрыс болғанына көз жеткіздік. Біз ең маңызды құндылықтарымызды — клиенттердің сенімін, кәсіби сараптамамызды және клиенттерге жақын болу қағидатымызды сақтай отырып, сонымен қатар даму үшін жаңа мүмкіндіктерге жол аштық. Қаржылық нәтижелер, банктің тұрақтылығы, расталған рейтинг және клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сенімі трансформацияның сәтті жүзеге асқанын көрсетеді. Ендігі міндетіміз – қалыптастырылған негізді банкті одан әрі дамытуға тиімді пайдаланып, клиенттерімізге ұсына алатын мүмкіндіктер ауқымын кеңейту», — деп қорытындылады Шалқар Жүсіпов.

ҚНРДА 15.07.2026 жылы берген № 1.1.719.137 лицензия

The post Клиенттер үшін көбірек мүмкіндік: KMF Банк алғашқы жылын қорытындылады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Алматыдағы Канье Уэст концертінің қонақтарына маңызды ақпарат
Канье Уэст концертінің ұйымдастырушылары жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, Орталық стадион маңында жиіліктердің бір бөлігін пайдалануды уақытша шектеу туралы өтінішпен Tele2/Altel-ға жүгінді. Бұл шара концерт кезінде қолданылатын және дәл сол жиілік диапазонында жұмыс істейтін арнайы техникалық жабдықтың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, осындай техникалық талаптар басқа елдерде, оның ішінде Грузия мен Түркияда өткен іс-шаралар кезінде де қойылған.

Tele2/Altel бұл ауқымды шараның Алматы үшін маңызын түсінеді және ұйымдастырушылар мен Әкімдіктің өтінішін ескере отырып, концерттің өтуіне қажетті техникалық қолдау көрсетіп отыр.

Сонымен қатар Tele2/Altel іс-шара өтетін аумақта клиенттер үшін ұялы байланыс пен интернеттің қолжетімділігін сақтау мақсатында қолда бар барлық техникалық мүмкіндікті іске қосады. Дегенмен ұйымдастырушылардың техникалық талаптарын орындауға байланысты жиіліктердің бір бөлігін уақытша шектеу және желіге түсетін жүктеменің артуы жекелеген уақыт аралығында мобильді интернет жылдамдығына әсер етуі мүмкін.

Концерт барынша жайлы өтуі үшін Орталық стадионға келгенге дейін билеттерді, QR-кодтарды және іс-шараға өту үшін қажетті басқа да ақпаратты телефоныңызға алдын ала жүктеп алуды ұсынамыз.

The post Алматыдағы Канье Уэст концертінің қонақтарына маңызды ақпарат appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Менингитті қалай анықтауға болады: Алматы дәрігері негізгі белгілерін атады
Менингит — медициналық көмекке дер кезінде жүгінуді қажет ететін ауыр ауру. Алғашқы белгілері туралы Алматы қаласындағы №14 қалалық емхананың ЖТД бөлімінің меңгерушісі Жансая Жанабаева айтып берді.

Маманның айтуынша, бастапқы кезеңде менингитті ЖРВИ-мен шатастырып алу мүмкін. Алайда қатты бас ауруы, жоғары дене қызуы, қайта-қайта құсу, айқын әлсіздік, мойынның ауыруы, жарыққа сезімталдық және дыбысқа сезімталдық сияқты белгілер алаңдатуы тиіс.

Менингококк инфекциясы кезінде менингококцемия — менингококктың қанға таралуы орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда теріде өзіне тән геморрагиялық бөртпе пайда болады.

Құрысу, сананың бұзылуы және тыныс алудың қиындауы аса қауіпті белгілерге жатады. Мұндай жағдайда шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру қажет.

«Менингит көзді ашып жұмғанша тез өршитін түрінде, жылдам дамуы мүмкін. Тіпті бірнеше күн жоғалтудың өзі ауыр асқынуларға әкелуі ықтимал. Сондықтан күдікті белгілер пайда болған кезде күтпей, өздігінен емделуге болмайды», — дейді дәрігер.

Ауру ауа-тамшы жолымен берілуі мүмкін. Отбасында менингококк инфекциясы анықталған жағдайда қарым-қатынаста болған адамдарды медицина мамандары тексереді. Қажет болған жағдайда мұрын-жұтқыншақтан жағынды алынып, зерттеу жүргізіледі.

Дәрігер жеке бас гигиенасын сақтауды, бөлмелерді жиі желдетуді, науқас адамдармен тығыз қарым-қатынаста болудан және адам көп жиналатын орындарға барудан мүмкіндігінше бас тартуды ұсынады.

Менингитке күдік туындаған жағдайда медициналық көмекке дереу жүгіну қажет.

The post Менингитті қалай анықтауға болады: Алматы дәрігері негізгі белгілерін атады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Электоралды рейтингте «Әділет» партиясы көш бастап тұр – жаңа зерттеу
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 21 шілде мен 4 тамыз аралығында азаматтардың электоралды таңдауын анықтау мақсатында республиканың барлық өңірлерінде (Астана, Алматы, Шымкент қалалары және 17 облыс) 1200 респонденттің қатысуымен телефон арқылы екінші сауалнама жүргізді.

Анықталған деректер азаматтардың алдағы сайлау науқанына қазіргі уақыттағы көзқарасын бағалауға мүмкіндік берді.

«Сіз 2026 жылдың 23 тамызында өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуды жоспарлап отырсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің 73,8%-ы сайлау учаскелеріне баруға ниетті екенін айтты, 8,1%-ы дауыс беруге қатыспайды, ал 18,1%-ы әлі шешім қабылдамаған.

Шілденің 8-і мен 20-сы аралығында жүргізілген алғашқы зерттеу деректерімен салыстарғанда, азаматтардың сайлауға қатысуының ықтимал белсендігі 2,5%-ға артқан, дауыс беруден бас тартатындардың үлесі 15,2%-ға азайған, ал әлі шешім қабылдамағандар қатары керісінше 1,7%-ға ұлғайды.

Сайлауда дауыс беру жоспары туралы қала тұрғындарына қарағанда ауылдық жерде тұратындар 5,3%-ға жиірек «Иә» деп жауап берген.

Азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігінде респонденттердің жасына байланысты айырмашылық жоқ. Ересек жастағы сайлаушылардың «46 жастан жоғары» сайлауға қатысуға белсенділігі 18-28 жас аралығындағы жастармен бір деңгейде.

Әйелдер ерлерге қарағанда сайлауға қатысатынын 6,2%-ға жиірек растайды. Жоғары білімі бар респонденттер арасында сайлау белсенділігі көбірек тіркелді.

Сондай-ақ зерттеуге қатысушылар алдағы сайлауда қай партияға дауыс бергісі келетінін көрсетті. Респонденттерге «Құрылтай сайлауында Сіз қандай саяси партияға дауыс бересіз?» деген сұрақ қойылды.

Сайлау рейтингінде өзінің көшбасшылық позициясын одан әрі күшейткен «Әділет» партиясы алдыңғы орында тұр, оған респонденттердің 70,2%-ы дауыс беруге дайын. Партия жынысы, жасы, тұрғылықты жері, білімі және этностық ерекшелігі бойынша анықталған барлық негізгі әлеуметтік-демографиялық топтарда бәсекелестерді басып озады.

Екінші топта салыстырмалы түрде ұқсас көрсеткіштері бар партиялар тұр, олардың рейтингідегі айырмашылық статистикалық дәлсіздік шегінен аспайды: «Ауыл» – 5,6%, «Ақ жол» – 4,9%, Respublica – 4,7%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) – 4,5%, Қазақстан халықтық партиясы (ҚКП) – 3,3%, «Байтақ» жасылдар партиясы – 0,8%.

Алдыңғы зерттеу нәтижелерімен салыстырғанда, ЖСДП-дан басқа партиялардың көрсеткіштері аздап өзгеріске ұшыраған.

Осы ретте олардың ықтимал жақтастары құрамы әртүрлі.

«Ауыл» партиясына қалаға қарағанда ауылдық жерлерде 1,6 есе жиі дауыс береді, бұл партияның сайлау науқанында аграрлық және территориялық даму мәселелеріне басымдық беруімен түсіндіріледі.

«Ақ жол» партиясын керісінше, қалалықтар, сондай-ақ 61 жастан асқан респонденттер жиі қолдайды.

«Respublica» партиясы 18-28 жастағы қала жастары мен жоғары білімді респонденттер арасында ең жоғары көрсеткішке ие. Бұл партияларды қолдаушылар құрамында ерлер мен әйелдердің саны шамалас.

Аумақтық-демографиялық бөлініс бойынша ЖСДП-ға дауыс берушілер құрамы біркелкі екені байқалды.

Қазақстан халық партиясына әлі де бірінші кезекте аға буын өкілдері қолдау көрсетеді.

«Байтақ» партиясын көбінесе ауыл тұрғындары мен 61 жастан асқан респонденттер таңдайды.

Респонденттердің 1,5%-ы ғана «бәріне қарсымын» нұсқасын таңдауға ниетті.

Респонденттердің тағы 1,3%-ы өз таңдауын әлі жасамаған немесе нақты жауап беруге қиналды.

Саяси оқиғалар туралы ақпараттың негізгі көзі әлеуметтік платформалар болып қалып отыр, сауалнамаға қатысқандардың 65,4%-ы осы нұсқаны таңдады. Одан кейін – теледидар (22,4%) және жаңалық таратушы интернет-сайттар (14,9%). (жауаптардың жиынтығы 100%-дан асады, себебі респонденттер жауаптардың 2 нұсқасын таңдай алды)

Сайлау науқаны басталғаннан бері теледидардың рөлі алдыңғы зерттеумен салыстырғанда 10%-ға артты. Аудиторияның қызығушылығын арттырған факторлардың бірі теледебаттар мен жаңа тақырыптық бағдарламаларды іске қосу болуы мүмкін.

Ақпарат тарату арналарын таңдау аудиторияның жасына байланысты әртүрлі: 18-28 жастағы респонденттердің 77,5%-ы әлеуметтік платформаларды, 12,9%-ы теледидарды атап көрсеткен, ал 61 және одан жоғары топтағы азаматтардың 51,3%-ы әлеуметтік платформаларды, 37,8%-ы теледидарды атайды. Ауылдық жерлерде теледидардың рөлi қалаға қарағанда жоғары – сәйкесінше, 26,6% және 19,9%.

Зерттеу нәтижелері сайлау науқаны басталғаннан бері азаматтардың электоралды таңдауы қалыптасып келе жатқанын және өзгеріске ұшырауға бейім екенін көрсетті. Азаматтардың сайлауға көзқарасын және олардың соңғы таңдауын айқындайтын факторлардың бірі – партиялардың ақпараттық және жұмылдыру белсенділігі.

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек халқының жынысы, жасы, елдімекен түрі және тұратын аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме бойынша ұйымдастырылды. Сауалнама ҚР ОСК-ның ресми хабарламасына сәйкес ұялы, стационарлық телефон нөмірлері бойынша жүргізілді.

Қазақстандық қоғамдық даму институты деректерді Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 шілдедегі №ОСК-11-07/1290 жазбаша хабарламасы бойынша жариялайды.

The post Электоралды рейтингте «Әділет» партиясы көш бастап тұр – жаңа зерттеу appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Жаңа адамдар балаларға әлеуетті қауіп төндіретін тұлғалардың арнайы реестрін құруды ұсынады
Жаңа адамдардың 124 Азаматтық науқаны балаларды онлайн-грумингтен қорғау үшін азаматтық жауапкершіліктің маңызын көрсетеді. Заң және Тәртіп қағидаты зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділіктен және баланың қауіпсіздігіне қатер төнгенде қоғамның әрекет етуге дайын болуынан басталады.

Жаңа адамдарға Семей қаласының тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз қолданушы әлеуметтік желілердегі түрлі топтарға кіріп, сол арқылы кәмелетке толмағандармен байланыс орнатқан. Ол 12-15 жас аралығындағы қыздарға интимдік сипаттағы бейнежазбалар үшін ақша ұсынған. Манипуляция жасау арқылы ер адам кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы контент жасауға көндіріп, кейін оны өзінің Telegram-арнасына жариялаған.

Жаңа адамдар бұл ақпаратты Жетісу ауданының Киберполициясына тапсырды. Болжалды азғын 22 жастағы Жақыпбек Б. болып шықты. Қозғалыстың жәрдемдесуімен құқық қорғау органдары ер адамды ұстады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 312-бабы — «Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы жағдайға байланысты Жаңа адамдар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне балалардың қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық жұмысты күшейтіп, кәмелетке толмағандарға әлеуетті қауіп төндіретін тұлғалардың арнайы тізілімін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

Асель Баденова, Жаңа адамдар негізін қалаушы:

«Біз Ішкі істер министрлігіне балаларға қауіп төндіруі мүмкін адамдардың арнайы тізілімін құруды бастауды ұсынамыз. Қуатты қоғам бейжай қарамайтын адамдардан басталады. Балалардың қауіпсіздігі — бәрімізге қатысты».

Нурсултан Орынбек, заңгер:

«Бүгінде Жаңа адамдар ауқымы артып жатқан педофилия мәселесіне қарсы күреседі. Көптеген балалар әлеуметтік желілер арқылы жыныстық сипаттағы алымсақтыққа ұшырауда. Сондықтан нақты әрі тиімді шаралар қажет. Заңгер ретінде осындай тізілімді енгізуді дұрыс деп санаймын. Бұл — Конституциямызға қайшы емес. Ал қоғамдық өкіл ретінде осы бастаманы толық қолдаймын».

Балалардың қауіпсіздігі тек құқық қорғау органдарының жұмысына ғана емес, қоғамның мәселені дер кезінде байқап, әрекет етуге дайын болуына байланысты. Заң және Тәртіп — әрқайсымыздан басталады. Баланы қорғау бөтен мәселе болмауы керек.

The post Жаңа адамдар балаларға әлеуетті қауіп төндіретін тұлғалардың арнайы реестрін құруды ұсынады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Жаңа адамдар жалған анықтамалар сатылымын әшкереледі
Жаңа адамдардың AntiLIPA Азаматтық науқаны осыған дейін Ayana Clinic-те тексеру жүргізген. Сол кезде мәселе бір ғана тергеу шеңберінен шығып, БАҚ пен қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыдан кейін Жаңа адамдарға Астанадағы Adam Clinic желісінде жалған анықтамалар сатылатыны туралы көптеген өтініштер түсе бастады.

Астанада оннан астам филиалы бар желіге қатысты Жаңа адамдар өз зерттеуін жүргізді. Клиникаға телефон арқылы хабарласқанда, тексерусіз анықтамалар алуға болатыны расталып, әр құжаттың бағасы айтылды. Кейін белсенділер клиникаға өздері барып, анықтамаларды сату дерегін камераға түсіріп тіркеді.

Осындай тәжірибенің салдарын көрсету үшін Жаңа адамдар арнайы Жалған экспресс — жалған анықтамаларды сатудың салдары көрсетілген кубтар тиелген жүк көлігін дайындады. Әр куб — жалған медициналық құжаттарды пайдалануға байланысты нақты жағдай.

Жүк көлігі жалған анықтамалардың салдарымен байланысты оқиғаларды клиниканың алдына жеткізді: мектептегі балалардың жұқпалы ауру жұқтыруы, балалар ауруханасында туберкулездің таралуы, жатақханада стафилококк инфекциясының өршуі және сатып алынған, шынайы білімі мен біліктілігі расталмаған медициналық мамандардың жұмыс істеуі.

Сату дерегі камераға түсірілгеніне қарамастан, клиника өкілдері оны жоққа шығара бастады. Әкімшілік бұл мәселені мойындамай, өз дегендерінде қалды. Ал салдары көрсетілген кубтар клиниканың ішіне орналастырылып, жалған анықтамаларды сатудың не нәрсеге әкелуі мүмкін екені көрнекі түрде көрсетілді.

Даниил Львов, Жаңа адамдар:

«Біреу жалған анықтаманы сатуға келіседі. Біреу оны сатып алуды шешеді. Біреу болып жатқан жағдайға көз жұма қарайды. Осындай жолмен тәжірибе жалғаса береді. Мәселе тек клиникаларда емес. Заңбұзушылық қалыпты жағдайға айналып, ал адал жол қиын болып көрінгенде, мәселе қайталана береді. Қоғам жалған құжат сатып алуды қалыпты нәрсе ретінде қабылдағанда, осындай жағдайлар қайта бола береді. Өзгерістер жеке жауапкершіліктен — жалған анықтама сатып алмаудан, сатпаудан және заңбұзушылыққа үнсіз қалмаудан басталады. Осылай ғана бұл тізбекті үзуге болады».

The post Жаңа адамдар жалған анықтамалар сатылымын әшкереледі appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

8 лет тюрьмы с отсрочкой: какое наказание запросили для Гульнары Бажкеновой
Прокурор в суде заявил, что вина бывшего главного редактора Orda.kz Гульнары Бажкеновой доказана по всем трем эпизодам уголовного дела. Государственное обвинение считает установленными факты незаконной предпринимательской деятельности, хищения средств в особо крупном размере и распространения заведомо ложной информации, передает Qazaqpress.kz со ссылкой на Optimism.kz.

По словам прокурора, собранные по делу материалы подтверждаются показаниями потерпевших и свидетелей, банковскими и бухгалтерскими документами, результатами налоговой проверки, а также заключениями специалистов и судебных экспертиз. Доводы защиты, которые могли бы опровергнуть эти доказательства, по оценке обвинения, представлены не были.

Один из эпизодов касается сделок с недвижимостью. Прокурор утверждает, что Бажкенова, не имея статуса зарегистрированного предпринимателя, регулярно покупала и продавала квартиры в Алматы ради получения прибыли. В результате, согласно материалам обвинения, в бюджет не был уплачен индивидуальный подоходный налог на сумму 12,12 млн тенге.

Второй эпизод связан с финансовыми операциями ТОО «Орда Медиа KZ». По версии прокурора, Бажкенова, используя свои полномочия руководителя, организовала перечисление денег компании на счет индивидуального предпринимателя, которым являлся сотрудник редакции. Всего таким образом было перечислено 84,2 млн тенге.

В суде свидетель подтвердил, что проводил операции по просьбе Бажкеновой. Защита, в свою очередь, объясняла снятие наличных необходимостью выплаты зарплат сотрудникам и ссылалась на наличие «двойной бухгалтерии».

Однако государственный обвинитель отметил, что документальных подтверждений этой версии суд не получил. В материалах, по его словам, отсутствуют платежные ведомости, кассовые документы, расписки работников или иные доказательства того, что снятые средства действительно направлялись на выплату заработной платы.

Отдельно прокурор указал на перевод 4,64 млн тенге непосредственно со счета компании на оплату обучения сына Бажкеновой в частной школе Haileybury Almaty.

Факт перечисления денег подсудимая не оспаривала. Она пояснила, что получила средства от компании в качестве займа. При этом обвинение указывает, что договор займа в деле отсутствует, как и решение участников товарищества, которое позволяло бы использовать корпоративные средства на личные цели. Кроме того, перечисленная сумма компании так и не была возвращена.

Третий эпизод относится к публикациям на Orda.kz. По версии обвинения, через этот интернет-ресурс распространялись сведения, которые не соответствовали действительности и наносили ущерб чести, достоинству и деловой репутации граждан и организаций.

Потерпевшие в ходе процесса заявили, что опубликованная информация была недостоверной. При этом, утверждает прокурор, защита не смогла представить доказательства, подтверждающие правдивость спорных сведений.

Обвинение также обратило внимание суда на порядок подготовки публикаций. По данным прокурора, редакция до выхода ряда материалов не связывалась с людьми, о которых шла речь, и не запрашивала у них комментарии либо подтверждение изложенной информации.

В качестве примера был приведен материал о бывшем заместителе прокурора Алматы Н. Ауганбаеве. В 2024 году Orda.kz сообщила о его задержании. Генеральная прокуратура впоследствии опровергла эту информацию, однако публикация, как отметил прокурор, не только осталась на сайте, но и была распространена через социальные сети.

Гособвинитель считает, что действия Бажкеновой свидетельствуют о несоблюдении базовых требований журналистской добросовестности. По его словам, сведения не проверялись должным образом, у лиц, в отношении которых распространялась информация, не запрашивалась позиция, а отдельные сообщения публиковались без подтверждения со стороны государственных органов.

В завершение прокурор попросил суд признать Бажкенову виновной по всем предъявленным обвинениям.

По статье 274 части 2 подпунктам 1 и 3 УК за распространение заведомо ложной информации он запросил 1 год 6 месяцев лишения свободы. По статье 189 части 4 пункту 2 УК за хищение вверенного имущества в особо крупном размере — 8 лет лишения свободы. По статье 214 части 2 пункту 2 УК за незаконную предпринимательскую деятельность — 2 года 6 месяцев лишения свободы.

С учетом совокупности преступлений прокурор попросил назначить Бажкеновой окончательное наказание в виде 8 лет лишения свободы с запретом в течение пяти лет заниматься предусмотренными обвинением видами журналистской, публичной и руководящей деятельности.

При этом гособвинитель попросил отсрочить исполнение наказания в виде лишения свободы на два года.

The post 8 лет тюрьмы с отсрочкой: какое наказание запросили для Гульнары Бажкеновой appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Қазақмыс» жер астындағы апаттарға ден қою жүйесін тексерді.
«Батыс» кенішінің 73/75 шахтасында апаттық жағдай кезіндегі іс-қимылды пысықтау бойынша оқу дабылы өтті. Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, тау-кен массасының опырылуы салдарынан жұмыскер үйінді астында қалды.

Жаттығуға «Серіктес» АҚҚ ЖШС Жезқазған тау-кен құтқару жасағының бөлімшесі қатысты. Құтқарушылар жағдай мен ықтимал тәуекелдерді бағалағаннан кейін 20 метр деңгейжиекке түсіп, іздеу-құтқару жұмысына кірісті.

Шартты түрде зардап шеккен адамды үйінді астынан тапқан мамандар «Спрут» апаттық-құтқару жиынтығының көмегімен оны үйіндіден шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Одан кейін зардап шеккен адамды медицина қызметкерлеріне тапсыру үшін жер бетіне шығару жұмысын ұйымдастырды.

Оқу-жаттығу барысында тау-кен массасы опырылған кездегі құтқарушылардың іс-әрекеті, зардап шеккен адамды іздеу және эвакуациялау, сондай-ақ тау-кен құтқару бөлімшесінің кәсіпорын қызметтерімен өзара іс-қимылы пысықталды. Сонымен қатар мамандар жерасты жағдайын бақылап, өлшеу жұмысын жүргізді.

Жер астында жұмыскерлерді жедел іздестіру үшін өндірістік нысандарда позициялау жүйесі қолданылады. Ол нақты уақыт режимінде жерасты учаскелеріндегі жұмыскерлердің орналасқан жерін анықтауға және олардың қозғалыс тарихын сақтауға мүмкіндік береді. Дерек кеншілердің жеке жарық шамында орнатылған маяк арқылы беріледі.

Жүйе штаттан тыс жағдайды да тіркеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жұмыскердің 30 минуттан астам уақыт қозғалысы байқалмаған жағдайда тиісті хабарлама қалыптастырылады. Бұл оның орналасқан жерін жедел анықтап, тиісті шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазақмыстың өндірістік нысандарында оқу-жаттығу дабылы бекітілген кесте мен Апатты жою жоспарына сәйкес тұрақты түрде өткізіледі. Әрбір нысан үшін мұндай жоспар
жыл сайын өндірістің ерекшелігі мен ықтимал апаттық сценарий ескеріле отырып әзірленеді.

Оқу-жаттығу іс жүзінде құтқару бөлімшелерінің дайындығын және төтенше жағдай туындаған кезде іс-қимылдың жеделдігіне әсер ететін техникалық жүйелердің өзара үйлесімді жұмысы мен кәсіпорынның қызметін тексеруге мүмкіндік береді.

The post «Қазақмыс» жер астындағы апаттарға ден қою жүйесін тексерді. appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Инвесторлар қандай автомобильдерді таңдайды
Адамдар көбі Toyota, Tesla, Mercedes-Benz, BMW, BYD немесе Geely компанияларын автомобиль өндірушілері ретінде біледі. Бірақ тағы бір қызықты жайт бар. Бұл компаниялардың барлығы дерлік қор нарығында ұсынылған. Бұл дегеніміз, адам өзінің сүйікті брендінің автомобиліне иелік етіп қана қоймай, оның акцияларын сатып алу арқылы компанияның өзіне де ортақ иелік ете алады.

Freedom сарапшылары сатып алушылардың таңдауы қалай өзгеретінін және бүгінгі таңда автомобиль нарығында не болып жатқанын зерттеді. Басты қорытынды күтпеген жерден қарапайым болып шықты: электромобильдердің танымалдылығы қарқынды өсіп жатқанына қарамастан, іштен жану қозғалтқышы бар автомобильдер әлі тарих қойнауына кетуге асығар емес. Бүгінгі таңда нарық бір уақытта екі түрлі шындықта өмір сүріп жатыр: бір сатып алушылар үйреншікті технологияларды таңдаса, басқалары электрлі көлікке көшуде. Миллиондаған адамдардың дәл осы таңдауы автомобиль индустриясының қай бағытқа қарай жылжитынын және жақын жылдары қай компаниялардың өсетінін анықтайды.

Көлікті сіз сатып аласыз — ал ондаған компания табыс табады

Автомобиль сатып алу тек авто өндірушіге ғана қатысты сияқты көрінеді. Іс жүзінде бәрі әлдеқайда қызығырақ.

Қазіргі заманғы автомобиль — бұл бүкіл әлем бойынша жүздеген компаниялардың жұмысының нәтижесі. Аккумулятор, микрочип, электроника, шина, бағдарламалық жасақтама, навигациялық жүйелер, камералар, қадағалар, зарядтау станцияларын өндірушілер — олардың барлығы бір өнімнің бөлшегіне айналады.

Сондықтан бүгінгі таңда автомобиль саласы — бұл жай ғана машина шығару емес. Бұл өнеркәсіпті, IT-ді, энергетиканы, телекоммуникация мен қаржылық сервистерді біріктіретін үлкен экожүйе. Дәл осы себепті аналитиктер қанша автомобиль сатылғанын ғана емес, сонымен бірге сатып алушылардың нақты қандай автомобильдерді таңдайтынын да жіті бақылап отырады.

Қазақстандықтар не таңдайды

Егер еліміздің жолдарына көз жүгіртсек, жауап айқын көрінеді — іштен жану қозғалтқышы бар автомобильдер әлі де айтарлықтай көп. Және бұл таңғаларлық жағдай емес. Олар үшін әлдеқашан дамыған инфрақұрылым жасалған, қызмет көрсету үдерісі үйреншікті, ал модельдердің таңдауы өте ауқымды. Сонымен қатар, электромобильдерге арналған зарядтау станцияларының желісі де кеңеюін жалғастыруда.

Дегенмен электромобильдер қазірдің өзінде таңсық болудан қалды.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес Қазақстанда олардың паркі жоғары қарқынмен өсіп келеді. Қазіргі уақытта олардың елдің жалпы автопаркіндегі үлесі аз болғанымен, электрлі көлікке деген қызығушылық артып келеді. Электромобильдердің ең көп саны Алматы, Астана қалаларында және Алматы облысында тіркелген — бұл өңірлерде зарядтау инфрақұрылымы белсендірек дамып жатыр және заманауи автомобильдерге деген сұраныс жоғары.

Көрсеткіштердің инфографикасы компаниялардың аналитикалық деректері негізінде ЖИ көмегімен жасалған.

Ал енді қарапайым сценарийді елестетіп көрейік: егер сіз Tesla-ның өсімін жай ғана бақылап қоймай, 2020 жылдан бастап жыл сайын оның акцияларына $500-дан салып отырсаңыз, онда жеті жыл ішінде $3 500 инвестициялаған болар едіңіз. 2026 жылдың 7 тамызына қарай мұндай портфельдің құны шамамен $9 783 құрайтын еді – яғни салынған сома шамамен 2,8 есе өсер еді. Әрине, өткен кезеңнің нәтижесі болашақ табыстылыққа кепілдік бермейді, бірақ мұндай есеп айырысу жүйелі инвестициялардың ұзақ мерзімде түпкілікті нәтижені қалай өзгерте алатынын айқын көрсетеді.

Сонымен қатар, дәстүрлі автомобиль өндірушілері нарықтың маңызды ойыншылары болып қала беруде. Олардың көбі іштен жану қозғалтқышы бар автомобильдерді шығаруды және электрлі модельдерді дамытуды сәтті ұштастырып отыр.

Сондықтан бүгінгі таңда мәселе «кім жеңеді – бензин бе, әлде электр ме?» дегенде емес. Қай компаниялар сатып алушылардың жаңа сұраныстарына тезірек бейімделе алатынын түсіну әлдеқайда маңызды. Кәсіби инвесторлар да ең алдымен дәл осыған назар аударады.

Автомобиль цифрлық сервиске айналуда

Бүгінгі таңда көлік сатып алумен қатар, иелері сақтандыруды ресімдейді, мобильді қосымшалар арқылы сервис залына жазылады, тұрақты төлейді, жол-көлік оқиғасы кезінде көмек алады және көптеген мәселелерді қашықтан шешеді.

Қызметтердің көбірек бөлігі бірыңғай цифрлық кеңістікке біріктірілуде. Мысалы, сақтандыру полисін онлайн ресімдеуге, апаттық комиссарды шақыруға, маусымдық шиналарды сатып алуға, шина жөндеуге жазылуға немесе кеңсеге бармай-ақ автокөлік жүргізушілеріне арналған басқа да сервистерді пайдалануға болады. Мұндай шешімдерді бүгінде көптеген қаржылық және технологиялық компаниялар, соның ішінде Freedom, дамытып келеді. Дәл солай болғандықтан, бүгінде автомобиль саласындағы бәсекелестік тек автомобильдің өзінің сапасы үшін ғана емес, сонымен қатар жүргізуші күнделікті пайдаланатын сервистердің ыңғайлылығы үшін де жүріп жатыр.

Бүгінгі таңда бұл әрқайсымыздың күнделікті таңдауымыз әлемдік экономиканың ең ірі салаларының бірінің дамуына біртіндеп қалай әсер ететіні туралы. Бәлкім, болашақта автокомпаниялардың акцияларына иелік ету көпшілік үшін автокөлік сатып алып, сақтандыру полисін рәсімдеу сияқты қалыпты әдетке айналар.

The post Инвесторлар қандай автомобильдерді таңдайды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Моананың дауысы: фильмдегі басты кейіпкердің вокалдық партияларын қазақстандық әнші Санат Асуат орындады
Қазақстанда Disney студиясының «Моана» фильмінің кинонұсқасы прокатқа шығады. Фильмнің әлемдік орыстілді нұсқасындағы басты кейіпкердің әндерін 21 жастағы қазақстандық әнші Санат Асуат шырқайды.

Жас вокалист үшін бұл жай ғана кезекті кәсіби жоба емес, миллиондаған көрерменнің сүйікті мультфильмдерін бірнеше рет қайталап қараудан басталған балалық шақтағы арманының орындалуы. Бұл жайында Санат Асуат ойымен бөлісті.

«Мені осы жобаға шақырып, осындай ерекше рөлді сеніп тапсырғаны үшін шынайы алғысымды айтамын. Бұл, шынымен де, үлкен мәртебе және шығармашылық өмірімдегі маңызды кезең. Себебі бала кезімнен Disney мультфильмдерін қатты жақсы көргендіктен, әрине, кез келген вокалды әнші ретінде бір күні кинодағы кейіпкерге өз дауысымды сыйласам деген арманым болды.

Дыбыстаудағы алғашқы тәжірибемнің дәл Моана болуына ерекше қуаныштымын. Бұл мен үшін символдық мәнге ие әрі өте құнды. Өйткені бұл кейіпкер маған шынымен жақын. Моана – батыл, қайсар, еркіндікті сүйетін, әрдайым өз жолымен, арманы мен мақсаттарына қарай жүруге дайын қыз. Бұл қайсар қазақ қызының тарихи бейнесіне ұқсайды. Осындай қасиеттері жағынан екеуміз өте ұқсаспыз. Сонымен қатар фильмдегі ата-бабалармен және өз тегіңмен байланыс тақырыбы да маған жақын. Мен бұл байланысты өте терең сезінемін және ол мен үшін үлкен маңызға ие. Жалпы айтқанда, ең кереметі – балалық армандардың шындыққа айналатынын түсіну. Ең бастысы, оларға деген сенімді жоғалтпай, арманға қарай қадам басу керек», – деді Санат Асуат.

Айта кетейік, Санат Асуат – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі (2026 жыл). Ол Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиеваның вокал сыныбында білім алған.

2025 жылы Санат «Әзірбайжан дауысы – 2025» жобасында Қазақстанның атынан қатысқан жалғыз өнерпаз әрі финалист атанды. Осы байқау барысында ол «Аптаның үздігі» саналатын әлемдік «Голос» франшизасының шолулары мен рейтингтеріндегі ең көп талқыланған вокалистердің біріне айналды (Санаттың 6 өнерінің 4-еуі продюсерлерден өте жоғары баға алды).

Қазіргі таңда әнші Қазақстанның түкпір-түкпірінде өтетін концерттер мен қайырымдылық жобаларына белсенді қатысып жүр. Алдағы уақытта авторлық альбом әзірлеп, магистратураға түсуді жоспарлап жүр.

The post Моананың дауысы: фильмдегі басты кейіпкердің вокалдық партияларын қазақстандық әнші Санат Асуат орындады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды
Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды кезеңін еңсерді.

Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Команда Қарағандыдан жүгіруін жалғастырып, күн соңына қарай Ақсу-Аюлы ауылына жетіп, тағы 130 шақырымды артқа тастады. Бұл кезең ұрпақтар сабақтастығын бейнелеген эстафетамен, Қазақстан даласының көркем көріністерімен, жол үстіндегі тосын сыймен және жергілікті тұрғындардың айрықша жылы қарсы алуымен есте қалды.

Жанды тарих күн сайын жазылып жатыр

58 жастағы ультрамарафоншы әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыға қарай сапарының қалай жалғасып жатқанын көрсететін кезекті бейнеролик жариялады. Меңдібай ағаның күнделікті жазбалары біртіндеп «Құрылтайға жол» бастамасының жанды шежіресіне айналып келеді.

Желі қолданушылары қалалар мен көріністердің қалай алмасып жатқанын, жүгіруге қатысушыларға бейтаныс адамдардың қалай жақындап, әрбір жаңа елді мекеннің осы тарихта өзіндік із қалдырып жатқанын бақылауда. Үлкен сапар қазақстандықтардың көз алдында өтіп жатқан қарапайым әрі шынайы сәттер арқылы ашылады.

Бұл шежіреге алдағы жаңа Құрылтай депутаттарын сайлаумен байланысы ерекше мән береді. Ел маңызды саяси оқиғаға дайындалып жатқанда, Меңдібай аға күн сайын жолын жалғастырып, өз дауысына деген жауапты көзқарасын ісімен көрсетіп келеді.

Эстафетаны жас ұрпақ жалғастырды

Жаңа бейнероликтің алғашқы кадрларында Ақсу-Аюлыға дейінгі жолда Меңдібай ағаның шәкірті Аким Еркебай көш бастады. Жас марафоншы кезекті кезеңнің қарқынын белгілеген соң, команда тасжол бойындағы қозғалысын жалғастырды.

Бұл көріністен эстафетаның тәлімгерден шәкіртке символикалық түрде табысталғанын аңғаруға болады. Аға буынның тәжірибесі мен жастардың қуаты бір жолда тоғысты. Меңдібай аға табандылық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетсе, шәкірттері ұстазын қолдап, ортақ мақсатқа қарай ілгерілеуіне көмектесіп келеді.

Осылайша жүгіру идеясы жастардың нақты ісінен жалғасын табуда. Олар ультрамарафоншыны жай ғана ертіп жүрмей, онымен бірге жолдың барлық қиындығын еңсеріп, ортақ іске қатыстылығын нақты әрекетімен көрсетіп келеді.

Кадрдағы Қазақстан және жолдағы өзара көмек

Жаңа шығарылым Қазақстан табиғатының көркем кадрларымен де есте қалды. Ұшы-қиыры жоқ дала, көкжиекке ұласқан жол мен кешкі күн ультрамарафонның кезекті кезеңіне табиғи көрік берді. Бұл көріністер команданың қаншалықты ұзақ жолдан өтіп келе жатқанын және алда әлі қанша елді мекен күтіп тұрғанын аңғартты.

Марафоншының парақшасындағы бейнероликтен кадрлар

Жолда тосын кездесу де болды. Тасжолмен өтіп бара жатқан жас жігіт көлігін тоқтатып, қатысушыларды жеткізіп салуды ұсынды. Меңдібай аға мен шәкірттерінің бүкіл жолды өз күштерімен жүгіріп өтпек екенін білген соң, оларға ақ жол тілеп, командаға тұтас бір қарбыз сыйлады.

Марафоншының парақшасындағы бейнероликтен кадрлар

Бұл шағын сыйлық күннің жарқын сәтіне айналды. Бейтаныс адам жанынан өтіп кетпей, не болып жатқанын сұрап, қатысушыларға қолынан келгенше қолдау көрсетті. Осындай кездесулер «Құрылтайға жол» бастамасының қалалар мен ауылдарда ғана емес, жол үстінде де қолдау тауып жатқанын көрсетеді.

Ақсу-Аюлы қонақжайлықтың биік үлгісін көрсетті

130 шақырымдық кезеңнің соңында Меңдібай аға мен шәкірттері Ақсу-Аюлыға жетті. Ауыл тұрғындары қатысушыларға шын мәнінде салтанатты қарсы алу ұйымдастырды.

Ультрамарафоншыларды ұлттық киім киген тұрғындар дәстүрлі дәм-тұз және жанды музыкамен қарсы алды. Тасжолдағы ұзақ күннен кейін оларды жай жолаушы ретінде емес, сапары бір өңірден тыс жерлерге де мәлім болған құрметті қонақтар ретінде күтіп алды.

Марафоншының парақшасындағы бейнероликтен кадрлар

Марафоншының парақшасындағы бейнероликтен кадрлар

Марафоншының парақшасындағы бейнероликтен кадрлар

Ақсу-Аюлы алдағы бағыттағы келесі елді мекендер үшін биік меже белгіледі. Енді қонақжайлық эстафетасы «Құрылтайға жол» өтетін басқа қалалар мен ауылдарға жалғасады. Олардың тұрғындары да Меңдібай ағаны қарсы алып, команданы қолдап, көз алдында жазылып жатқан тарихтың бір бөлігіне айнала алады.

Қонақжайлықтан қатысу мәдениетіне

Қазақстандықтар ежелден қонақжайлығымен, ақкөңілдігімен және көмекке әзір тұратынымен танылған. Меңдібай ағаның бағыты бойында бұл қасиеттер күн сайын көрініс табуда: бірі су ұсынады, бірі дәм әкеледі, енді бірі қасында жүгірсе, тағы бірі қатысушыларды тұтас ауыл болып қарсы алады.

Жаңа Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы қарсаңында азаматтық қатысу мәдениетін таныту да маңызды. Ол елде болып жатқан өзгерістердің әр адамға қатысты екенін түсінуден басталады. Азамат өз ұстанымын нақты әрекетімен растағанда ғана оның мәні арта түседі.

Меңдібай аға мен шәкірттері бір күнде 130 шақырымды еңсерді. Өзге қазақстандықтардан мұндай спорттық сынақ талап етілмейді. Алайда 23 тамызда әркімнің бірнеше қадам жасап, елдің алдағы бес жылдағы заңнамалық бағытын айқындайтын оқиғаның қатысушысы болуға мүмкіндігі бар.

Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» шежіресіне өз атын жазып үлгерді. Алда жаңа қалалар, ауылдар мен кездесулер бар, демек бұл тарихқа әлі талай адам қосылады.

The post Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Алматыда QAZAQ MED TRAVEL медициналық туризмінің жобалық кеңсесі ашылды
Алматыда №3 қалалық емхананың базасында QAZAQ med travel медициналық туризмінің жобалық кеңсесі ашылды.

Жоба шетелдік пациенттерді тартуға және медициналық көмекті «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыруға бағытталған. Бұл – консультация мен диагностикадан бастап емдеу, оңалту және медициналық сүйемелдеуге дейінгі қызметтерді қамтиды.

Жобаның ашылуы аясында туристік операторлармен, сондай-ақ Үндістан және Қытай елдерімен халықаралық туризм мен серіктестік байланыстарды дамытатын компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

«Бұған дейін медициналық туризм негізінен стационарлар базасында дамып келді. Бүгінде бұл бағытты бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде де дамытуды бастаймыз. Жобаны №3 қалалық емханадан бастап, алдағы уақытта кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов.

Медициналық туризмге деген қызығушылық артып келеді. Туристік компаниялардың мәліметінше, шетелдік қонақтар Алматыда болған кезінде медициналық тексеруден өту мүмкіндігіне барған сайын көбірек қызығушылық танытуда.

Жобалық кеңседе ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған чекаптар, сондай-ақ кардиолог, эндокринолог, гастроэнтеролог, невролог және басқа да бейінді мамандардың арнайы тексерулері қолжетімді.

Screenshot

Негізгі бағыттардың бірі – онкологиялық оңалту. Көптеген пациенттер операциялар мен емнің басқа да түрлерін шетелде, соның ішінде Үндістанда алады. Елге оралғаннан кейін олар әрі қарай қалпына келтіру көмегіне мұқтаж болады.

Енді бұл бағыттағы медициналық маршрутты №3 қалалық емхана базасында ұйымдастыру жоспарлануда. Ол пациенттің емнен кейінгі жағдайын бағалауды, әрі қарайғы емдеу тактикасын айқындауды және оңалту кезеңінде медициналық сүйемелдеуді қамтиды.

Сонымен қатар қытайлық серіктестермен бірлесіп, денсаулық жағдайын кешенді бағалауды, оның ішінде биологиялық жасты, психикалық жай-күйді және тұқым қуалайтын ауруларға генетикалық бейімділікті зерттеуді қамтитын «Ұзақ өмір сүру жолы» жобасын дамыту жоспарлануда.

Screenshot

2026 жылы емханада медициналық техниканың 34 бірлігі және зертханалық жабдықтың бес түрі сатып алынды.

Жобалық кеңсе денсаулық сақтау мен туристік индустрияның мүмкіндіктерін біріктіруге, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және Алматының медициналық туризм бағыты ретінде тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

The post Алматыда QAZAQ MED TRAVEL медициналық туризмінің жобалық кеңсесі ашылды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қазақстан шикізаттан агроөңдеуге көшу үшін 53 жобаны іске қосты
Қазақстан – жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған ел, бұл үлкен артықшылық. Сөз ауыл шаруашылығына жарамды орасан зор аумақтар мен өсімдік шаруашылығын жүргізуге салыстырмалы түрде қолайлы жағдайлар туралы болып отыр. Бұл елге азық-түліктің ірі өндірушісі әрі экспорттаушысы болуға мүмкіндік береді. Алайда Қазақстанның ауыл шаруашылығы экспортының құрылымында дәстүрлі түрде өңделмеген шикізат басым болса, қазір бұл модель өзгеріп келеді.

Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін арттырып, экспорт географиясын кеңейтіп, өнімді өңдеуге инвестиция салып, суару инфрақұрылымын жаңғыртуда. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы бастапқы өндіріс пен шикізат алудан бастап, терең өңдеу және қарқынды дамып келе жатқан нарықтарға шығуға дейінгі бүкіл құн қалыптастыру тізбегін қамтитын күрделі агроазық-түлік жүйесіне біртіндеп айналып келеді.

Бұл өзгеріс әлемдік азық-түлік жүйесінің ауқымды қайта құрылуымен қатар жүріп жатыр. Сондықтан Қазақстанның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі ішкі нарық шеңберінен асып, әлдеқайда кеңеюі мүмкін.

Азық-түлік – жаһандық тұрақтылық мәселесі

Бүгінде әлемдік азық-түлік жүйесі бір мезетте бірнеше сын-қатермен бетпе-бет келіп отыр. Халық саны мен тұрғындардың табыс деңгейі өсіп келеді, әсіресе халықтың табыс деңгейі орташа елдерде тұтыну құрылымы өзгеріп, етке, сүт өнімдеріне және ақуыздың басқа да көздеріне сұраныс артып отыр. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы климаттық тәуекелдердің, су тапшылығының, ресурстар құнының өсуінің және геосаяси шиеленістен туындаған жеткізу тізбектеріндегі іркілістердің салдарын сезінуде.

2025-2034 жылдарға арналған ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі ЭЫДҰ мен FАО болжамына сәйкес, алдағы онжылдықта ауыл шаруашылығы және балық өнімдерінің әлемдік өндірісі шамамен 14%-ға өседі. Бұл өсімнің едәуір бөлігі, әсіресе тұрғындарының табыс деңгейі орташа елдерде, өнімділіктің артуы есебінен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Алайда тағы бір фактордың маңызы кем түспейді, ол – халықаралық сауда. ЭЫДҰ мен FАО-ның бағалауынша, 2034 жылға қарай әлемде тұтынылатын барлық калорияның шамамен 22%-ы халықаралық шекаралар арқылы өтеді. Басқаша айтқанда, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі өнім артық өндірілетін елдер мен өңірлерде тапшылық туындайтын жерлерге азық-түлікті жеткізу мүмкіндігіне барған сайын тәуелді бола түсуде.

Осы тұрғыда Орталық Азиядағы ең ірі экономика – Қазақстанның рөлі айрықша. 2025 жылы елдегі ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 18,2 млрд доллардан асып, бір жылда 5,9%-ға өсті. 25,9 млн тонна астық жиналды, оның 19,3 млн тоннасы бидай болды.

Бұл ретте Қазақстандағы өсімдік шаруашылығының құрылымы біртіндеп әртараптандырылып келеді.

Соңғы жылдары бидай егістігінің көлемі шамамен 900 мың гектарға қысқарған болса, майлы дақылдар алқабы 1 млн гектардан астамға, ал дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 275 мың гектарға ұлғайды. Бұл тек өндіріс көлемі тұрғысынан ғана маңызды емес: ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерін кеңейту тамақ өнеркәсібі үшін жаңа шикізат базасын қалыптастырады. Мұндай қайта бағдарлану майлы және дәнді-бұршақты дақылдардың экспорттық және өңдеу мүмкіндіктерінің артуымен де байланысты.

Қазақстанның экспорттық әлеуетін тағы бір маңызды артықшылық – географиялық орналасуы арттырады. Ел Еуразиядағы ең ірі тұтыну нарықтарының арасында орналасқан. Агроазық-түлік секторы үшін бұл Орталық Азия, Қытай, Кавказ, Таяу Шығыс және одан тысқары аймақтардағы бірнеше сұраныс алаңдарына шығуға мүмкіндік береді.

Осылайша, Қазақстанның географиялық орналасуы біртіндеп дәстүрлі шектеуден экономикалық артықшылыққа айналып келеді. Ел азық-түлік өндіріп қана қоймай, өндірушілерді көршілес өңірлердегі қарқынды дамып келе жатқан нарықтармен байланыстыра алады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл әлеуетті бірнеше рет атап өткен. 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде ол Қазақстанның жаһандық азық-түлік тапшылығы мәселесін шешу үшін өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалануға бейілді екенін айтып, елдің астық пен басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сенімді жеткізуші санатында әрекет етуге дайын екенін жеткізді.

Шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім экспортына дейін

Алайда ең маңызды өзгеріс егіс алқаптарында емес, өнім жиналғаннан кейінгі кезеңде жүріп жатыр. ЭЫДҰ-ның 2025 жылғы Қазақстанның аграрлық саясатына жасаған шолуында сектордың құрылымдық ерекшелігі атап өтіледі: тарихи тұрғыдан алғанда, елдің агроазық-түлік экспортының шамамен 60%-ын бастапқы, яғни шикізаттық өнім құраған. Осы ретте Қазақстан әлемдегі ең ірі бидай экспорттаушылардың бірі болып қала береді.

Бұл экономиканы дамыту үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ашады. Логикасы қарапайым. Егер астық негізінен шикізат ретінде экспортталса, оның құнының едәуір бөлігі елден тыс жерде – крахмал, глютен, макарон өнімдері, мал азығы, биоотын және басқа да өнімдерді өндіру барысында қалыптасады. Ал ауыл шаруашылығы шикізаты ел ішінде өңделсе, қосылған құнның, инвестицияның және жұмыс орындарының көбірек бөлігі ұлттық экономика еншісінде қалады.

Сондықтан соңғы жылдары азық-түлік өнімдерін өңдеу Қазақстанның аграрлық саясатының негізгі басым бағыттарының біріне айналды.

Қазақстан Үкіметінің мәліметінше, 2025 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында жалпы құны 230 млн доллар болатын 53 инвестициялық жоба іске қосылды. Азық-түлік өнімдерінің өндіріс көлемі 7,5 млрд долларға жетіп, жылдық мәнде 8,1%-ға өсті.

Динамика 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында жеделдей түсті. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі 2,8 млрд доллардан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4%-ға өсті. Саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар екі еседен астам өсіп, 800 млн доллардан асты.

Экспорт динамикасы одан да айқын. 2026 жылдың алғашқы төрт айында өңделген агроазық-түлік өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетіп, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының жалпы көлемінің 50%-дан астамын құрады. Үкімет бұдан да ауқымды мақсат қойды – өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін арттыру.

Басқаша айтқанда, дамудың өзі өзгеріп келеді. Ендігі міндет – жоғары өнімділік есебінен өндіріс көлемін жай ғана арттыру емес, ауыл шаруашылығы шикізатының әр тоннасынан алынатын экономикалық құнды ұлғайту.

Бұл іс жүзінде қалай жүзеге асады? Қазақстанда қазірдің өзінде айтарлықтай өңдеу базасы бар, ал мемлекеттік саясат өндірістік қуаттарды одан әрі кеңейтуді көздейді. 2028 жылға дейінгі ауыл шаруашылығын дамыту жоспарлары аясында астықты терең өңдейтін жаңа кәсіпорындар құру көзделіп отыр.

Бұл экспорттық модельді де өзгертеді. Бұған дейінгі тізбек салыстырмалы түрде қарапайым болды: егіннен экспортқа дейін. Енді оған қосымша кезеңдер – өңдеу, дайын өнім өндіру, қаптау, маркетинг және логистика қосылады. Соның арқасында ел ішінде қосылған құн едәуір көбірек қалыптасады.

Өнімділіктің осы моделінің қалыптасуына қарай, бұл азық-түлік өндірісінің өсуінен де көрініс тауып отыр, Қазақстан өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өз орнын нығайта түсуде.

Өңірлік азық-түлік қауіпсіздігі

Қазақстанның астық нарығындағы рөлі айқын көрінеді. Үкіметтің мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 17 шілдеге дейін Қазақстан астық эквивалентінде 13,5 млн тонна астық пен ұн экспорттады, бұл өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға көп.

Өсімнің негізгі бөлігі көршілес нарықтарға тиесілі болды. Ауғанстанға экспорт 59%-ға өсіп, 2,2 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға жеткізілім 504 мың тоннаны құрап, шамамен 40%-ға артты. Түрікменстанға 210 мың тонна өнім экспортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға көп. Ал Өзбекстанға экспорт 37%-ға өсіп, 5,6 млн тоннаға жетті.

Бұл көрсеткіштер Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторының бүкіл өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесіне барған сайын тереңірек кірігіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл әсіресе Азия үшін маңызды, өйткені мұнда халық саны өсіп, урбандалу үдерісі жеделдеп келеді, ал көптеген елдердің ауыл шаруашылығы жер және су ресурстарына байланысты шектеулерге тап болуда.

Бүгінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері 72-ден астам елге экспортталады. Негізгі бағыттардың қатарында Орталық Азия мен Ауғанстаннан бөлек, Еуропалық одақ, Еуразиялық экономикалық одақ, Түркия және Қытай бар. Ресми мәліметтерге сәйкес, соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы экспорты екі есеге жуық өсіп, 3,8 млрд доллардан 7 млрд долларға жетті.

Бұл халықаралық сауда азық-түлік қауіпсіздігінің барған сайын маңызды құрамдас бөлігіне айналып келе жатқан ауқымды трансформацияның бір бөлігі. ЭЫДҰ мен FAO өнім артық өңірлерден тапшылыққа ұшыраған аумақтарға азық-түлік жеткізу нарықтарды тұрақтандыруға және жергілікті деңгейдегі жеткізілімдердің үзіліп қалу қаупін азайтуға ықпал етуі мүмкін екенін атап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан қазірдің өзінде өңірге азық-түлік жеткізетін маңызды қайнар көздердің біріне айналып келеді.

Жаңа ауыл шаруашылығы циклі және жаңа экспорттық модель

Қазіргі азық-түлік секторы, әсіресе оны экспорттық әлеует тұрғысынан қарастыратын болсақ күрделі жүйе. Қазақстан мұндай жүйені қазірдің өзінде қалыптастырып келеді. Оның мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен ғана шектелмей, жаһандық азық-түлік тізбектеріне тереңірек кірігу.

Бұл халықаралық сауданың маңызы артып отырған жағдайда аса өзекті. FAO-ның бағалауынша, 2026 жылы әлемдік азық-түлік импортының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға өсіп, 2,22 трлн долларға жетеді. Осы жүйеде Қазақстанның алатын орны өндірілетін шикізат көлемімен ғана емес, табиғи және өндірістік артықшылықтарды тұрақты құн қалыптастыру тізбектеріне айналдыра алу қабілетімен де айқындалады.

Үкімет агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бірнеше бағыты бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Біріншісі – фермерлерді заманауи техникамен қамтамасыз ету. Бұған дейін әлемнің жетекші ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілері өз өнімдерін негізінен импорттаса, қазір оның өндірісі Қазақстанда локализацияланып жатыр. Өндірушілер салаға инвестиция сала бастады, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға және жабдықтарды жаңартуға, сондай-ақ тракторлар мен комбайндар шығаратын жаңа зауыттардың құрылысын жүргізуге мүмкіндік берді.

2019 жылдан бастап Қазақстанда доңғалақты тракторлар, астық және жемшөп жинайтын комбайндар, жаткалар, топырақ өңдеу техникасы, сепкіштер, егіс кешендері және басқа да көптеген техника түрлерінің өндірісі локализацияланды. Мысалы, 2025 жылғы сәуірде америкалық John Deere техникасын өндіру басталды. Компания мен Қазақстан арасындағы ұзақмерзімді өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтатын құны 2,5 млрд доллар болатын стратегиялық келісімге қол қойылды. 2025 жылы 430 бірлік техника өндірілді.

2026 жылы Еуропа, Канада және Солтүстік Американың тағы бірнеше жетекші әлемдік технология өндірушісі өз өнімдерін локализациялауды бастады. Олардың қатарында Väderstad, Dewulf, Lindsay Corporation, Amity Technology, Vervaet, Kuhn Group және Brandt Agricultural Products сынды құрылымдар бар. Нәтижесінде бүгінде Қазақстанда түрлі қуаттағы тракторлар, астық, жемшөп және мақта жинайтын комбайндар шығаратын 10 зауыт жұмыс істейді.

Жалпы, Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі 2025 жылы 22%-ға өсті, ал компаниялар биыл заманауи техниканың 10 мыңға жуық бірлігін шығаруды жоспарлап отыр.

Негізгі бағыт: терең өңдеу және суды үнемдеу

Екінші маңызды бағыты – ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдейтін кәсіпорындар құру. Қазақстанда жалпы қуаты 510 мың тоннадан асатын астық өңдейтін үш кәсіпорын қазірдің өзінде жұмыс істейді. Олар крахмал, биоэтанол және глютен өндіреді. 2029 жылға дейін олардың қатарына жалпы құны 4 млрд доллар болатын тағы алты ірі инвестициялық жоба кезең-кезеңімен қосылады.

Атап айтқанда, Астанада Tiryaki Agro компаниясының крахмал, глютен және глюкоза-фруктоза шәрбатын өндіретін кәсіпорын салу жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның құны 320 млн долларға бағаланады. Тағы бір мысал, қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған Fufeng Group Company Limited компаниясының зауыты. Ол жылына 3 млн тонна жүгері өңдеуге қауқарлы. Инвестиция көлемі 1,5 млрд долларды құрайды.

Елімізде Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. және Hopefull Grain & Oil Group компанияларының да инвестициялық жобалары жүзеге асырылуда. Олардың құны тиісінше 650 млн және 1,5 млрд долларды құрайды. Бұл кәсіпорындар бидайды өңдеуге маманданады.

Бұл мысалдар ірі компаниялардың Қазақстанға қомақты қаржы салып, елдің өңірдегі аграрлық хабқа айналуына ықпал етіп отырғанын көрсетеді.

Қазақстандық фермерлерді тыңайтқышпен қамтамасыз ету де маңызды мәселелердің бірі. Елімізде құны бірнеше млрд доллар болатын заманауи кәсіпорындар салынуда. 2027 жылға қарай Qazaq Kalium Ltd. қуаты 1 млн тонна калий тыңайтқыштарын өндірудің бірінші кезеңін іске қосады, ал 2035 жылға қарай өндіріс көлемін 12 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Қазақстанның тыңайтқыштың бұл түріне ішкі сұранысы шамамен 100 мың тоннаны құрайтындықтан, ел ірі әлемдік экспорттаушыға айнала алады.

Сонымен қатар карбамидке деген қажеттілік 2029-2030 жылдары үш ірі кешен іске қосылғаннан кейін қамтамасыз етіледі. Олардың қатарында қуаты 800 мың тонна болатын KMG PetroChem, қуаты 700 мың тоннаға жетені Qazesta Fertilizers Ltd., сондай-ақ 577 мың тонна карбамид және 500 мың тонна аммиак селитрасын өндіретін KazAzot PRIME бар. Сонымен қатар Kazphosphate SINOPEC және CNCEC компанияларымен бірлесіп, фосфор тыңайтқыштарын өндіру қуатын 5 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Қуаты 1 млн тонна аммофос өндіретін бірінші кезеңді 2029 жылы іске қосу жоспарланған.

Осылайша, 2030 жылға қарай Қазақстан тыңайтқыштардың негізгі түрлеріне деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық нарықтарға да шығады.

Сонымен қатар климаттың өзгеруіне бейімделу маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Еліміздегі су ресурстарын тұтынудың шамамен 60%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі, сондықтан дәл осы салада суды үнемдейтін заманауи технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Бұл саланың климаттық өзгерістерге төтеп беру бағытындағы әлеуетін едәуір арттырады.

Қазақстан фермерлерді суды үнемдеуге және сонымен қатар өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретін заманауи суару әдістерін пайдалануға ынталандыратын кешенді шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, мемлекет фермерлердің қажетті инфрақұрылымды салуға, жаңбырлатып суару машиналарын, тамшылатып суару жүйелерін және басқа да заманауи жабдықтарды сатып алуға әрі орнатуға жұмсайтын шығындарын өтейді.

Бұл шаралар қазірдің өзінде оң нәтиже беріп отыр. 2025 жылдың соңына қарай суды үнемдейтін технологиялар қамтыған жер көлемі 543 мың гектарға жетті. 2026 жылы мұндай технологиялар тағы 163 мың гектар жерге енгізіледі. Суды үнемдейтін технологияларды кезең-кезеңімен енгізу жыл сайын 2,2 млрд текше метрге дейін суды үнемдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Жер ресурстарын тиімді пайдалану суды үнемдеуге және өнімділікті арттыруға жол ашады.

Осылайша, Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында өнім өндіру тиімділігін жүйелі түрде арттырып, жаңа технологияларды енгізіп және өндіріс көлемін ұлғайта отырып, әлемдік азық-түлік жүйесіндегі рөлін нығайта береді. Ел Еуразияның ірі агроазық-түлік хабы ретінде қалыптасып келеді, ал мұндай модель Қазақстан ауыл шаруашылығы дамуының алғышартына айналуда.

The post Қазақстан шикізаттан агроөңдеуге көшу үшін 53 жобаны іске қосты appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

КІАҒЗИ пациенттеріне жаңа буынның биорезорбцияланатын магнийлік скаффолдтары имплантацияланды
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында өткен шеберлік класы аясында төрт пациентке жаңа буынның биорезорбцияланатын магнийлік скаффолдтары имплантацияланды.

Магнийлік скаффолдтар — уақытша, өздігінен сорылатын тамырлық каркастар (биорезорбцияланатын стенттер). Олар жүректің ишемиялық ауруы және басқа да жүрек-қантамыр аурулары кезінде тарылған коронарлық артерияларға енгізіліп, тамырды кеңейтуге және қан ағымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. 6–12 ай ішінде каркас ағзада із қалдырмай толықтай ериді.

КІА ҒЗИ рентгенэндоваскулярлық операциялық блогының меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, жаңа буынның биорезорбцияланатын магнийлік скаффолдтарын имплантациялау олардың қауіпсіз еруі барысында ағзаға каркасты өзінің табиғи тінімен алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл созылмалы қабыну қаупін төмендетіп, қан тамырларының табиғи қалпына келтіреді.

Іс-шара интервенциялық кардиология саласындағы жетекші мамандардың басын қосып, озық халықаралық тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаңға айналды. Шеберлік класына шақырылған сарапшы-проктор ретінде Германияның Klinikum Fürth клиникасының интервенциялық кардиология саласындағы жетекші маманы, күрделі коронарлық араласуларды орындау және коронарлық артериялардың күрделі зақымдануы бар пациенттерді емдеу бойынша халықаралық сарапшы дәрігер Стильянос Пиксарас (Dr. Stylianos Pyxaras) қатысты.

Шеберлік класының бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Білім беру сессиялары барысында қатысушылар биорезорбцияланатын скаффолдтарды қолдану технологияларымен танысып, пациенттерді іріктеу мәселелерін, оларды қолдануға арналған клиникалық көрсеткіштерді, сондай-ақ технологияны әртүрлі клиникалық жағдайларда пайдалану ерекшеліктерін қарастырды.

Коронарлық араласулардың күрделі жағдайларын талдауға, имплантацияның практикалық аспектілерін талқылауға және кәсіби тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлінді. Операциялар сәтті өтті. Барлық жоғары технологиялық медициналық араласулар МӘМС қаражаты есебінен жүргізілді.

Осындай білім беру іс-шараларын өткізу инновациялық медициналық технологияларды енгізуге, мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге және Қазақстандағы интервенциялық кардиологияның одан әрі дамуына ықпал етеді.

The post КІАҒЗИ пациенттеріне жаңа буынның биорезорбцияланатын магнийлік скаффолдтары имплантацияланды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Жастарды қолдау саясаты мемлекетіміз үшін әрдайым негізгі басымдық болып қала береді», – Мемлекет басшысы Халықаралық жастар күнімен құттықтады
Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Елорда төріне еліміздің барлық өңірінен 3 мыңға жуық белсенді жас жиналды. Олардың қатарында волонтерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, жастар ұйымдары мен жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, өнерпаздар және спортшылар бар.

Қазақстан Республикасының Президенті жастарға арнайы құттықтауын жолдады. Мемлекет басшысының құттықтау сөзін ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың қоғамды алға бастайтын қозғаушы күш әрі жасампаз идеялардың қайнар көзі екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстан жастары халықаралық деңгейдегі білім және ғылым байқауларында, спорт сайыстарында топ жарып, Көк Туымызды биікте желбіретіп жүр.

«Жастарды қолдау саясаты мемлекетіміз үшін әрдайым негізгі басымдық болып қала береді. Қазіргі таңда республикамыздың әр аймағында көптеген мектептер, спорт нысандары, даму орталықтары салынып жатыр. Ауқымды жобалар қолға алынып, дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Бүгін табысталатын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – соның жарқын көрінісі. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпарды» анықтайтын үздіктер сайысы озық ойлы, отаншыл, білімді әрі еңбекқор азаматтардың басын қосып отыр.

Қастерлі Отанымыздың болашағы – Сіздердің қолдарыңызда!

Қазір елімізде барлық салада түбегейлі реформалар жасалып жатыр. Халқымыз жалпыұлттық референдумда бірауыздан қабылдаған жаңа Конституция еліміздегі ауқымды өзгерістерге тың серпін берді, Қазақстанның одан әрі өсіп-өркендеуіне жол ашты.

Ата Заңымызда адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны дамыту стратегиялық бағыт ретінде айқындалды. Сонымен қатар, бас құжатта алғаш рет волонтерлік қызметке мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні нақты жазылды. Осылайша, біз қоғамда өркениетті ұлтқа тән жаңа этиканы орнықтырып, «Таза Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттарын ұлт санасына сіңіре бастадық.

Қазақстан беделі жоғары мемлекет ретінде дамудың даңғыл жолына түсіп, тарихи өрлеу кезеңіне қадам басты. Еліміз жаппай цифрландыру ісін қарқынды жүргізіп, жасанды интеллект технологияларын барлық салаға белсенді енгізіп жатыр. Түптеп келгенде, біздің мақсатымыз – экономикасы құатты, Заң мен Тәртіп үстемдік ететін, Әділетті, Озық, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру.

Жаңашылдыққа ұмтылған, игі бастамалардың бел ортасында жүрген жалында жастар кез-келген белесті бағындыра алады.

Мен бұған кәміл сенемін! Баршаңызға табыс тілеймін! Жолдарыңыз ашық болсын! Қастерлі Отанымыз – Қазақстан көркейе берсін!», – делінген Президент құттықтауында.

Сондай-ақ іс-шара аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен қорытындыланды.

The post «Жастарды қолдау саясаты мемлекетіміз үшін әрдайым негізгі басымдық болып қала береді», – Мемлекет басшысы Халықаралық жастар күнімен құттықтады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қазақстанда тәуелсіз байқаушылардың Ақпараттық штабы өз жұмысын қайта бастады
Қазақстан Республикасы Құрылтайына сайлау қарсаңында тәуелсіз байқаушылардың Ақпараттық штабы өз жұмысын қайта бастады. Бүгін Қоғамдық коммуникациялар орталығының алаңында Штабтың алғашқы брифингі өтті.

Бастамашыл топ бүгінде азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғам белсенділерінің 50-ден астам өкілін біріктірді. Дауыс беру күніне дейін Штаб құрамын және өңірлердегі өкілдігін одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.

Штабты Қоғамдық коммуникациялар орталығының басшысы Рафаэль Гасанов басқарады. Алматы Штаб жұмысының және өңірлермен өзара іс-қимылдың негізгі орталық алаңына айналады. 23 тамызда мұнда өңірлерден тікелей қосылымдар ұйымдастырылып, БАҚ-пен жедел жұмыс жүргізетін ақпараттық орталық құрылады.

Қоғам белсендісі, жазушы Бекнұр Кисиков объективті қоғамдық бақылаудың, саяси бейтараптық пен заңнаманы сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Андрей Андреев таратылатын ақпаратқа жауапкершілікпен қарау қажеттігін және болжамды заң бұзушылықтар туралы расталмаған мәліметтерді анықталған факт ретінде ұсынуға жол бермеу керектігін атап өтті.

Дауыс беру күніне дейін Штаб өңірлермен жұмысты жалғастырып, азаматтық қоғам өкілдерінің, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесулер мен брифингтер өткізеді.

Еске салайық, мұндай жұмыс форматы алғаш рет республикалық референдум кезінде сынақтан өткізіліп, байқаушыларды, азаматтық қоғам мен БАҚ-ты біріктіретін ашық ақпараттық алаң ретінде өзінің қажеттілігін көрсетті. Сол кезде тікелей қосылымдарға еліміздің 15-тен астам өңірінің өкілдері қатысып, ақпараттық хабар таратудың жиынтық аудиториясы 1 миллионнан астам пайдаланушыны қамтыды.

The post Қазақстанда тәуелсіз байқаушылардың Ақпараттық штабы өз жұмысын қайта бастады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Информбюро» өзінің 30 жылдығына орай Алматыға шахмат алаңын сыйлады
Отыз жыл бойы «Информбюро» елдегі  басты оқиғаларды бақылап, саралап, көрермендерін ақиқат хабарларымен  ақпараттандырып, күрделі үдерістерді түсіндіріп, адамдардың тағдырына қатысты мәселелерді назардан тыс қалдырмай, бағдарлап келеді.  Енді міне, «31 арнаның» басты ақпараттық бағдарламасы өзінің мерейтойына орай мерекелік эфирмен ғана шектелмей, Алматыға жаңа шахмат алаңын сыйға тартуды шешті.

Жаңа шахмат алаңы  қала тұрғындарының серуендеуге және демалуға арналған сүйікті орындарының бірі – Тереңқұрда орналасады. Мұнда тұрғындар үйге қайтар жолда жылдам блиц-шахмат  ойнап, отбасылық турнир ұйымдастыра алады  немесе бейтаныс қарсыласпен шаршы тақтада жекпе-жек өткізуіне болады.

Алаңның ашылуын Қазақстандық шахмат федерациясы қолдады.

Алаңның ашылуында балалар мен шахмат әуесқойлары үшін кәсіби спортшылар – әйелдер гроссмейстері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионатының алтын иегері, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова, сондай-ақ Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы чемпион Эдгар Мамедов бір мезгілде ойын сеансын өткізеді.

«Алматы үшін мұндай шахмат кеңістігінің пайда болуы – шын мәнінде маңызды оқиға. Қалаға балалар,  ата-аналар, әуесқойлар және болашақ чемпиондар үшін шахмат ойыны күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналатын орындар аса  қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанда шахматтың прайм-дәуірі өрлеп тұр: шахмат өнеріне деген қызығушылық артып, жаңа есімдер танылып, олардың халықаралық деңгейде беделі артып келеді. Дәл осындай көзқарас аула мен қала алаңдарынан бастап үлкен кәсіби тақтаға дейінгі бағдарлар болашақ жеңістер үшін берік іргетас болмақ», — дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры, әйелдер гроссмейстері Гүлмира Дәулетова.

«Алматы – мәдениет пен идеялар қаласы, онда бос уақыттың өзі үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Шахмат және басқа да зияткерлік ойындар қала тұрғындарының өмірінде ерекше орын алады. Біз жастар мен аға ұрпақты біріктіретін және шабыттандыратын саналы демалыс дәстүрін дамытуға өз үлесімізді қосқымыз келеді», — деді  «31 арнаның» бас директоры Айгүл Ақсамбиева.

«Информбюроның» 30 жылдығы тек теледидар тарихындағы маңызды белес ретінде ғана емес, сондай-ақ  Алматы төрінде  күн сайын шахмат әлемінің жаңа партиялары ойналып, қызықты да тартымды нағыз халықтық бәсекелер өткізілетін спорт алаңының ашылуымен де есте қалады.

The post «Информбюро» өзінің 30 жылдығына орай Алматыға шахмат алаңын сыйлады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Алматыда Almaty Youth Forum 2026 өтті: Орталық Азияның жас көшбасшылары жасанды интеллектіні, климаттық технологияларды және әлеуметтік инновацияларды таныстырды
Тұрақты даму мүддесі үшін халықаралық еріктілер жылы аясында Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Алматы Волонтерлерінің фронт-офисі «Almaty Youth Forum 2026: Орталық Азия тұрақты даму үшін» халықаралық жастар форумын ашты. Форум тәжірибе алмасу, өңірлік ынтымақтастықты нығайту және Орталық Азия елдерінің жаңа буынының жастар бастамаларын ілгерілету алаңына айналды.

Екі күндік форум бағдарламасы жасыл дағдыларды дамыту мен климаттың өзгеруімен күресуден бастап цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллектіні қолдануға дейінгі алты негізгі тақырыптық бағытты қамтыды. Қатысушылар министрліктер өкілдерінің, жетекші ЖОО ректорларының және халықаралық сарапшылардың қатысуымен панельдік сессияларға қатысты.

Бірінші күннің басты оқиғаларының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында жаңа UNICEF Zhastary Hub құру туралы ресми хабарландыру және ЮНИСЕФ пен университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Жаңа жастар хабы волонтерлікті, жастар бастамаларын және тұрақты даму жобаларын дамыту алаңына айналады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алина Галеева былай деп атап өтті:

«Біз үшін UNICEF Zhastary Hub ашылуы — бұл жастар көшбасшылығына инвестиция. Біз университеттің тек кәсіпқойлар ғана емес, сонымен қатар қоғамға нақты пайда әкелетін бастамалар туатын орынға айналғанын қалаймыз.»

Ұйымдастырушылар тәжірибелік воркшоптар мен TEDx форматындағы сөз сөйлеуге ерекше назар аударды. Кәсіпкерлер, жасанды интеллект, қаржылық сауаттылық, тұрақты даму және инвестициялар тарту саласындағы сарапшылар, олардың ішінде Үкілі Омарова (Soile AI), Күнекей Нұрлан, Жұлдыз Сәулебекова (Almaty Air Initiative) және Талғат Қантаев (Investbanq) жастармен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Форумның орталық алаңдарының бірі Жастар жобаларының көрмесі болды. Қазақстан мен Қырғызстанның барлық өңірлерінен берілген 211 өтінімнің ішінен финалға 29 жастар жобасы шықты. Жас инноваторлар сарапшылар мен келушілерге жасанды интеллект, цифрлық қауіпсіздік, экология, инклюзивті білім беру, кәсіпкерлік, климаттың өзгеруі және тұрақты даму саласындағы шешімдерді ұсынды.

Көрменің ең көрнекті бастамаларының бірі — GLOFcast — табиғи тәуекелдерді болжау үшін жасанды интеллект пен спутниктік деректерді пайдаланатын мұздық көлдерінің жарылуы туралы ерте ескерту жүйесі; Samruq.AI — өнеркәсіптік кәсіпорындарда қауіпсіздікті арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолданатын жастар командасын әзірлеу; сондай-ақ EcoTube — автокөліктің көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтуға бағытталған инновациялық шешім. Бұл жобалар жастардың климаттың өзгеруі мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктен қоршаған ортаны қорғауға дейінгі өзекті мәселелерге практикалық шешімдерді қалай ұсынатынын көрсетеді.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті:

«Орталық Азия жастары қазіргі заманның күрделі әлеуметтік сын-қатерлерін шешу үшін зор әлеуетке ие. Almaty Youth Forum сияқты платформаларды қолдай отырып, біз өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және жастарға өз идеяларын дамытуға, пікірлес адамдарды табуға және өз қауымдастықтарындағы оң өзгерістердің көшбасшысы болуға мүмкіндік беруге тырысамыз.»

Форумның екінші күні Almaty Museum of Arts-пен серіктестікте жастардың позитивті дамуындағы өнердің рөліне арналған шығармашылық сессиялар, кинорежиссер Айсұлтан Сейітовпен кездесу өтті. Сондай-ақ психикалық денсаулық және зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы пікірталастар, шақырылған қызықты спикерлермен кездесулер, шығармашылық шеберлік сабақтары және жастар жобалары байқауының финалы өтті. Форумның бірінші күнінде көрмеге келушілердің ең көп дауысын жинаған он команда сарапшы қазылар алқасына өз бастамаларын ұсынды және өз жобаларын одан әрі дамытуға қолдау көрсету үшін таласты.

Жастар жобалары байқауының жеңімпаздары:

1-орын:

VoiceX жобасы (Астана) – мойын бұлшықеттерінің микровибрацияларын дербестендірілген сөйлеуге айналдыра отырып, дауысын жоғалтқан адамдардың табиғи сөйлеу мәнерін қалпына келтіретін AI негізіндегі құрылғы.

2-орын:

Samruq.AI жобасы (Қарағанды облысы) – аварияларды болжайтын, автономды байланысты қамтамасыз ететін және төтенше жағдайларда адамдарды жедел құтқаруға көмектесетін шахталарға арналған предиктивті қауіпсіздік AI платформасы.

MOVE. (Алматы) — пациенттердің үй жаттығуларының орындалуын бақылайтын және қалпына келтіру тиімділігін арттыруға көмектесетін физиотерапия және оңалту клиникаларына арналған AI платформасы.

3-орын:

EcoTube (Астана) — атмосферадағы шығарындыларды азайта отырып, автомобильдің шығару жүйесіндегі көмірқышқыл газын алуға арналған құрылғы.

Qyran (Абай облысы) — ым-ишара тілін мәтінге және сөйлеу мәнеріне нақты уақыт режимінде аударатын, есту қабілеті нашар адамдардың қарым-қатынасы мен жұмысқа орналасуын қолжетімді ететін AI платформасы.

Бірінші орын үшін қатысушылар POLYMER MARKET демеушісінен 1 000 000 теңге алды.

Екінші және үшінші орындарда командалар өздерінің бастамаларын дамытуға және кеңейтуге көмектесетін ұзақ мерзімді тәлімгерлік сүйемелдеуге ие болады.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек былай деп атап өтті:

«Бүгінгі таңда жастар үшін идеялар нақты жобаларға айналатын, ал бастамашылық мемлекет, халықаралық ұйымдар мен бизнестің қолдауына ие болатын кеңістік құру аса маңызды. Almaty Youth Forum Қазақстан мен Орталық Азия жастарын тұрақты даму мен волонтерліктің ортақ құндылықтары төңірегінде біріктіретін дәл осындай алаңға айналды».

Ұйымдастырушылар Almaty Youth Forum-ды Орталық Азияның жас көшбасшыларын біріктіретін жыл сайынғы өңірлік платформаға айналдыруды жоспарлап отыр. Оның мақсаты — болашағы зор идеяларды анықтап қана қоймай, олардың одан әрі дамуын сүйемелдеу, жастар бастамаларының қоғам үшін нақты шешімдерге айналуына көмектесу және өңірдің жас көшбасшылары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету.

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп, бұл ретте әлемнің әр түкпіріндегі балалардың игілігі үшін ең аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына ерекше назар аудара отырып, әлемнің 190 елі мен аумақтарында өз міндеттемелерін іске асыру мақсатында жұмыс істейді.

The post Алматыда Almaty Youth Forum 2026 өтті: Орталық Азияның жас көшбасшылары жасанды интеллектіні, климаттық технологияларды және әлеуметтік инновацияларды таныстырды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Абыз» кенішінде жұмысшыларға арналған жатақхана жаңартылуда
«Абыз» кенішінде 150 жұмыскерге арналған жатақханада ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілуде. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС нысанды жаңартуға 126 млн теңге бағыттады.

Жөндеу жұмысы жатын бөлмелер мен ортақ пайдаланылатын орындарды қамтиды. Бөлмелерде қабырға, төбе және еден жабыны, есіктер мен терезелердің жақтауы, сондай-ақ электр жабдығы жаңартылуда. Дәліздерде, холда әрлеу жұмысы жүргізіліп, санитарлық-тұрмыстық бөлмелерде сантехника мен кафель ауыстырылуда. Бұған қоса жарықтандыру жүйесі кешенді түрде жаңартылуда.

Жатақхананың жалпы ауданы 969,5 шаршы метрді құрайды. Жөндеу жұмысы жұмыскерлердің тұруына кедергі келтірмей, кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жөндеу жүргізу үшін бір уақытта екі бөлме босатылады, ал онда тұратын жұмыскерлер ауысымдық жұмыс кестесін ескере отырып, уақытша басқа бөлмелерге орналастырылады.

Жатақхананы жаңарту жұмысын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жұмыс аяқталғаннан кейін кеніш жұмыскерлері жаңартылған тұрғын және тұрмыстық бөлмелерде ауысым арасында қолайлы жағдайда демалу мүмкіндігіне ие болады.

«Абыз» кенішінің жатақханасын жөндеу Қазақмыс кәсіпорындарының әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. 2026 жылы компания әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы 80-нен астам нысанды жаңартуға 2,4 млрд теңге бағыттады. Бағдарлама әкімшілік-тұрмыстық кешендерді, медициналық пункттерді, жатақханаларды, асханаларды, жуынатын бөлмелерін және кәсіпорын жұмысшылары күнделікті пайдаланатын басқа да нысандарды қамтиды.

Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыс орындарында ғана емес, сонымен қатар жұмысшылардың тұруына, демалуына және күш-қуатын қалпына келтіруіне арналған нысандарда да заманауи әрі жайлы жағдай жасауға бағытталған.

The post «Абыз» кенішінде жұмысшыларға арналған жатақхана жаңартылуда appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

CCI Kazakhstan әлемдегі Coca-Cola сусындарының үздік өндірушісі болып танылды
CCI Kazakhstan бүкіл әлем бойынша 200-ден астам компанияны біріктірген Coca-Cola жаһандық жүйесінің ең беделді марапаты — Кандлер кубогының (Candler Cup) иегері атанды. Халықаралық бағалау қорытындысы бойынша компания бірінші орынға ие болды және әлемдегі үздік Coca-Cola боттлері болып танылды.

Бұл жеңіс компания үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін тарихи жетістік болды. Әлемнің мықты нарықтарына қарсы күресте CCI Kazakhstan қазақстандық команданың жаһандық деңгейде табысты бәсекеге түсу қабілетін растай отырып, коммерциялық тиімділік, орындау сапасы, бизнесті дамыту және операциялық жетілдіру саласында ерекше нәтижелер көрсетті.

Кандлер кубогы Coca-Cola жүйесіндегі ең жоғары марапат болып табылады және компанияның негізін қалаушы Аса Кандлердің есімімен аталады. Жыл сайын бұл трофей әлемдік Coca-Cola жүйесінің барлық қатысушылары арасында үздік нәтижелерді көрсететін бір ғана компанияға беріледі.

Жеңіске жету жолы бірнеше кезеңнен өтеді. Алдымен компаниялар өңірлік конкурстар аясында жарысады, содан кейін Еуропа, Таяу Шығыс және Африка, Солтүстік Америка, Латын Америкасы және Азияның үздік өкілдері жаһандық финалға шығады. Дәл сол жерде Кандлер кубогының иегері анықталады — бүкіл әлемдік Coca-Cola жүйесіне стандарттар белгілейтін компания.

Қазақстан үшін бұл марапат отандық мамандардың кәсібилігін мойындау және қазақстандық команданың әлемдегі ең үздік болуға қабілетті екендігінің айқын дәлелі болды.

«Бұл жеңістің артында мыңдаған сағаттық жұмыс, батыл шешімдер, үнемі жетілуге ұмтылыс және қызметкерлеріміздің керемет құлшынысы жатыр. Кандлер кубогы CCI Kazakhstan командасының әлемдік стандарттарға сай келіп қана қоймай, сонымен қатар бұл стандарттарды Coca-Cola бүкіл жүйесіне белгілейтінін растайды», — деп атап өтті CCI Kazakhstan бас директоры Вели Динчель.

Бүгінгі таңда CCI Kazakhstan елдегі алкогольсіз сусындардың ірі өндірушілерінің бірі болып табылады. Компания Алматы, Астана және Шымкенттегі үш заманауи зауытты басқарады, мыңдаған қазақстандықтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, өндірісті дамытуға инвестиция салады, озық технологияларды енгізеді және тұрақты даму саласындағы ауқымды жобаларды іске асырады. Қазіргі уақытта компания Ақтөбеде өндірістік қуаттылықты нығайту мен өңір экономикасын дамытудағы маңызды қадам болатын төртінші зауытты салу арқылы саладағы соңғы жылдардағы ірі инвестициялық жобалардың бірін іске асыруда.

Кандлер кубогындағы жеңіс CCI Kazakhstan компаниясының Coca-Cola жаһандық жүйесіндегі көшбасшылығын мойындау ғана емес, сонымен қатар компанияның бүкіл әлемдік Coca-Cola жүйесі үшін тиімділік стандарттарын белгілейтінінің дәлелі болды. Бұл компанияның командасы ғана емес, бүкіл Қазақстан мақтана алатын жетістік.

CCI – Anadolu Group еншілес кәсіпорны болып табылатын және Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Бангладеш, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түрікменстан және Сирияда жұмыс істейтін түрік халықаралық сусындар компаниясы. CCI компаниясы The Coca-Cola Company және Monster Energy Beverage Corporation компанияларының газдалған және газдалмаған сусындарын шығарады, таратады және сатады, сондай-ақ өзінің еншілес компаниясы Anadolu Etap İçecek (Anadolu Etap Penkon Gıda ve İçecek Ürünleri Sanayi ve Ticaret Anonim Şirket) арқылы концентрацияланған жеміс шырынын шығарады.

CCI-да 10 000-нан астам адам жұмыс істейді, компанияның 12 елде барлығы 36 құю зауыты және 3 жеміс өңдеу зауыты бар, олар 600 миллион халыққа сусындардың кең ассортиментін ұсынады. Газдалған сусындардан бөлек, өнім портфеліне шырындар, су, спорттық және энергетикалық сусындар, мұздатылған шай және кофе кіреді.

CCI акциялары Borsa Istanbul (BIST) қор биржасында «CCOLA.IS» символымен сауда-саттыққа қатысады.

CCI-дың қазіргі көрсеткіштері сандармен:

12 ел, 10 мың+ қызметкер, 36 құю зауыты, 3 жеміс өңдеу зауыты, ~1,2 миллион сату нүктесі, 600 миллион+ халық, 25+ бренд

The post CCI Kazakhstan әлемдегі Coca-Cola сусындарының үздік өндірушісі болып танылды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстандағы алғашқы командалық теледебатқа қатысатын партиялардың сөз сөйлеу ретін анықтау мақсатында ашық жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе қорытындысы бойынша Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдерінің сөз сөйлеу кезегі төмендегідей болды:

1. «Ақ жол» партиясы

2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия

3. «Әділет» партиясы

4. Қазақстан Халық партиясы

5. «Ауыл» партиясы

6. «Байтақ» жасылдар партиясы

7. Respublica партиясы

Теледебат 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Тақырыбы – Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі.

Командалық теледебаттың басты ерекшелігі – Құрылтай сайлауына қатысатын әр саяси партиядан екі өкіл сөз сөйлейді.

Көрермендер партиялардың сайлауалды бағдарламасымен, әділетті қоғам құру жөніндегі бастамаларымен танысады. Сонымен қатар спикерлер WhatsApp арқылы келіп түскен сайлаушылар мен журналистердің сұрақтарына жауап береді. Тікелей эфир барысында партиялардың жария түрде берген уәделері де ұсынылады.

Трансляция кезінде көрермендер QR-код арқылы веб-сауалнамаға өтіп, теледебатқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.

The post Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі
Орталық Азия экономикасының жалпы көлемі жарты триллион доллардан асты. Оның жартысынан астамы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Сондай-ақ еліміз экспорт көлемі мен жинақталған шетелдік инвестициялар бойынша өңірде көш бастап тұр.

The Times of Central Asia дерегінше, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның жиынтық жалпы ішкі өнімі 543 млрд долларға бағаланады. Соның 306 млрд доллары Қазақстанға тиесілі.

Салыстырмалы түрде алғанда, Өзбекстан экономикасының көлемі – 147 млрд доллар, Түрікменстанда – 50 млрд доллар, Қырғызстанда – 23 млрд доллар, ал Тәжікстанда – 18 млрд доллар.

Қазақстан Орталық Азия экспортының үштен екісін қамтамасыз етеді

Қазақстанның сыртқы саудадағы үлесі бұдан да жоғары. Орталық Азия елдерінің жалпы экспорт көлемі 139 млрд долларды құрайды. Соның 92 млрд доллары немесе 66%-ы Қазақстанға тиесілі.

Өзбекстан өңірлік экспорттың 23%-ын немесе 32 млрд долларын қамтамасыз етеді. Түрікменстанның үлесі – 5% немесе 7 млрд доллар, Қырғызстанда – 4% немесе 6 млрд доллар, ал Тәжікстанда шамамен 1% немесе 1,6 млрд доллар. Қазақстан мен Тәжікстан бойынша шолуда 2024 жылғы деректер пайдаланылған.

Осылайша, Қазақстан Орталық Азиядағы негізгі экспорттық орталық болып қалып отыр. Ел бес мемлекеттің жалпы экспортының шамамен үштен екісін қамтамасыз етеді.

Шетелдік инвестициялардың 70%-ға жуығы Қазақстанға тиесілі

Қазақстанның шетелдік капитал тартудағы үлесі де жоғары. Орталық Азиядағы жинақталған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 220,5 млрд долларға бағаланады.

Оның 151,3 млрд доллары немесе 68,6%-ы Қазақстанға тиесілі. Одан кейін Түрікменстан – 44,6 млрд доллар, Өзбекстан – 16,7 млрд доллар. Ал Қырғызстан мен Тәжікстанның әрқайсысына шамамен 4 млрд доллардан келеді.

Қазақстан өңір экономикасының елеулі бөлігін қалыптастырғанымен, Орталық Азия халқының төрттен бірі ғана елімізде тұрады. Өңірдегі 83,6 млн адамның шамамен 21 миллионы немесе 25%-ы Қазақстанда тұрады. Ал Өзбекстанға Орталық Азия халқының 44%-ы немесе шамамен 37 млн адам тиесілі.

Қаржылық көрсеткіштер бойынша да Қазақстан көршілес елдерден ерекшеленеді. Елдің резервтері 129,3 млрд долларға бағаланады. Ал мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз көлемі 34 млрд долларды құрайды. Яғни резерв көлемі сыртқы қарыздан 3,8 есе көп. Бұл – салыстырмалы деректер ұсынылған өңір елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Қазақстанның мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 24,6%-ына тең. Шетелден келетін ақша аударымдарының көлемі ЖІӨ-нің небәрі 0,1%-ын құрайды. Ал шетелдік көмекке тәуелділік жалпы ұлттық табыстың 0,03%-ына тең.

Осылайша, Орталық Азия халқының төрттен бірі Қазақстанда тұрғанымен, еліміз өңір экономикасының жартысынан астамын, жалпы экспорттың үштен екісін және жинақталған тікелей шетелдік инвестициялардың шамамен 69%-ын қамтамасыз етеді. Бұл көрсеткіштер экономикасының жалпы көлемі жарты триллион доллардан асқан Орталық Азиядағы Қазақстанның экономикалық салмағын айқын көрсетеді.

The post Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде
Жезқазған өңірінде «Қазақмыстың» кеніштері мен өзге де өндірістік нысандарына апаратын автомобиль жолын жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Кірме жолдың жай-күйі компания басшылығының еңбек ұжымымен өткізген кездесуі барысында жұмыскерлер тарапынан бірнеше рет көтеріліп, шешім қабылданған шаралар тізіміне енгізілген болатын.

Қазіргі уақытта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен жасалған келісімшарт негізінде мердігер ұйым Батыс Жезқазған кенішінің №73-75 және №67 шахталарына, сондай-ақ Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасына апаратын автомобиль жолының асфальт-бетон жабынына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуде.

2026 жылғы құрылыс маусымында №55 шахта басқармасына, «Анненск» шахтасына және Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасына апаратын автомобиль жолдарын да жөндеу жоспарланған. Бұдан бөлек Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасына апаратын кірме жолды жөндеу, сондай-ақ №1 және №2 Жезқазған байыту фабрикалары жұмыскерлерінің көлігіне арналған автотұрақ салу көзделген.

Кірме жолды жөндеу жұмыскерлердің өндірістік нысандарға күнделікті қатынауын қауіпсіз әрі қолайлы етіп, Жезқазған өңіріндегі кәсіпорындардың көлік қатынасын жақсартуға ықпал етеді.

Еңбек ұжымының өтініштері бойынша жұмыс жалғасуда. Кездесу қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер компания басшылығының бақылауына алынып, «Қазақмыстың» бейінді бөлімшелері тарапынан кезең-кезеңімен іске асырылуда.

The post «Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Freedom Holding Corp.-тың 2027 ф.ж. І-тоқсанындағы қаржылық нәтижелері
Freedom Holding Corp. 2026 жылдың 30 маусымында аяқталған компания үшін 2027 фискалдық жылының  I-тоқсанындағы қаржылық нәтижелерін жариялайды*.

Қаржылық көрсеткіштер

Компания өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі $524 млн-мен салыстырғанда, 2027 қаржылық жылының I-тоқсанында $732,9 млн көлемінде жиынтық түсімді көрсетті. Түсімнің өсуін бірден бірнеше бағыт қамтамасыз етті: пайыздық және комиссиялық кірістердің артуы, саудалық бағалы қағаздармен жүргізілген операциялардан алынған таза қаржылық нәтиженің оң динамикасы. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша салық салуға дейінгі пайда $40,8 млн құрады, таза пайда $31,7 млн болды, ал бір жай акцияға шаққандағы пайда $0,52 құрады**.

2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша ақшалай қаражат пен олардың баламаларының, шектеу қойылған қаражаттың және инвестициялық бағалы қағаздардың көлемі $7 млрд, жиынтық активтер $14 млрд, ал акционерлердің меншікті капиталы $1,5 млрд құрады.

Клиенттер базасы

Freedom Holding Corp. құрамына кіретін компаниялардың клиенттер базасы 8,7 млн-ға дейін өсті. 2026 жылғы 31 наурыздағы көрсеткіштермен салыстырғандағы нәтижелер келесідей болды: брокерлік шоттар бойынша — 874 мың (+16 мың), Freedom SuperApp банктік мобильді қосымшасының пайдаланушылары — 5,7 млн (+493 мың), қаржылық емес компаниялардың клиенттері — 1 498 мың (+393 мың).

2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Freedom экожүйесі клиенттерінің жалпы саны, серіктес компаниялардың пайдаланушыларын қоса алғанда, бір жыл бұрынғы 11,7 млн-мен салыстырғанда 13,8 млн-нан асты.

Нәтижелердің негізгі факторлары

Холдингтің пайыздық кірісі маржиналдық қарыздар, клиенттерге берілген кредиттер, сондай-ақ өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар, саудалық және сатуға қолжетімді бағалы қағаздар, кері РЕПО операциялары мен банктерде орналастырылған қаражат бойынша кірістердің өсуі арқасында $198,6 млн-нан $295,1 млн-ға дейін ұлғайды.

Комиссиялық кіріс клиенттер базасының және сауда белсенділігінің артуы салдарынан брокерлік қызметтерден түсетін кірістің өсуі есебінен $107,6 млн-нан $156,7 млн-ға дейін өсті.

Саудалық бағалы қағаздар бойынша таза пайда $79,8 млн-ға дейін өсті (бір жыл бұрын $45,6 млн болған) — бұл ең алдымен Қазақстанның егеменді бағалы қағаздарын, корпоративтік борыштық бағалы қағаздарын сату және есепті кезеңнің соңында Топтың портфелінде қалған бағалы қағаздардың әділ құнының өсуі есебінен болды.

Валюталық операциялар бойынша нәтиже жақсарды — $12,9 млн шығыннан $13,7 млн пайдаға ауысты. Бұл, негізінен, теңгенің еуроға шаққандағы бағамының бір жыл бұрынғы айтарлықтай әлсіреуімен салыстырғанда тұрақты болуы аясында валютаны қайта бағалаудан болатын шығындардың айтарлықтай азаюы арқасында мүмкін болды.

Компания шығыстары бір жыл бұрынғы $476,5 млн-мен салыстырғанда шамамен $691,3 млн құрады.  Өсімнің негізгі факторлары — сақтандыру шығындары мен полис ұстаушыларға жасалатын төлемдердің (қайта сақтандыруды шегергенде), пайыздық шығыстардың, еңбекақы төлеу мен бонустарға жұмсалатын шығындардың, жалпы және әкімшілік шығыстардың ұлғаюы болды.  Бұл ретте шығыстардың өсуі комиссиялық шығыстардың төмендеуімен ішінара өтелді.

Freedom Holding Corp. «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы Қазақстандағы әлеуметтік бастамалар мен тұрақты даму жобаларын іске асыруға жүйелі түрде инвестиция салып келеді.  2026 күнтізбелік жылдың бірінші жартыжылдығында осы мақсаттарға шамамен $25 млн бағытталды.

Кезеңнің айтулы жетістіктері

2026 жылғы маусымда компания экожүйенің қаржылық және цифрлық сервистерін біріктіре отырып, бірыңғай Freedom брендіне көшетінін жариялады.  Ребрендинг холдингтің бірыңғай платформаны дамыту, брендтің танымалдылығын арттыру және қатысушы барлық нарықтарда кедергісіз клиенттік тәжірибе жасау жөніндегі стратегиясын көрсетеді.

Тағы бір маңызды оқиға — S&P Global Ratings агенттігінің Freedom Holding Corp.-тың негізгі қаржылық бөлімшелерінің кредиттік рейтингтерін «тұрақты» болжамымен «B+» деңгейінен «BB-» деңгейіне дейін, сондай-ақ еншілес компаниялардың Қазақстанның ұлттық шкаласы бойынша рейтингтерін «kzA-» деңгейіне дейін көтеруі болды. Freedom Holding Corp.-тың өзінің рейтингі «тұрақты» болжамымен «B-» деңгейінде қалды. Агенттік топтың тәуекелдерді басқару жүйесінің нығаюын және тұрақты қаржылық көрсеткіштерін рейтингті көтерудің негізгі факторлары ретінде атап өтті.

Түркиядағы холдингті дамыту стратегиясын іске асырудағы маңызды оқиға Turkish Bank A.Ş. сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталуы болды:  Freedom Finansal Hizmetler A.Ş. Түркиядағы қажетті реттеушілік мақұлдауларды алғаннан кейін банктің акционерлік капиталының 99,32% мөлшеріндегі бақылау пакетіне ие болды. Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің жаңа құрамын бекітті және банктің атауын Freedom Bank A.Ş. деп өзгерту туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 10 шілдеде Freedom АҚШ-тың 1933 жылғы «Бағалы қағаздар туралы» заңының Regulation S ережесіне сәйкес, АҚШ резиденті еместер үшін қолданылатын рәсім бойынша жалпы сомасы $300 млн 2 374 356 жай акцияны орналастыруды аяқтады.

Осы пресс-релиз шыққан сәтте компания білім беру технологиялары саласындағы Қазақстан мен Орталық Азияның ірі ойыншысы — жетекші технологиялық компаниялардың бірі «Bilim Group LTD» ЖШС-нің үлесін сатып алу мәмілесін аяқтады. Мәміле ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мақұлдауын алды, бұл жасанды интеллектті қолдана отырып, бірлескен білім беру жобаларын одан әрі дамытуға мүмкіндіктер ашады.

The post Freedom Holding Corp.-тың 2027 ф.ж. І-тоқсанындағы қаржылық нәтижелері appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Астанада Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты
Comic Con Astana 2026 халықаралық фестивалі өткен «Барыс Арена» және «Алау» мұз сарайы алаңдарында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында экологиялық акция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фестивальдің қорытынды күнінде алаңға Тазабек маскоты да келді. Ол «Барыс Арена» сахнасына шығып, жүргізушімен бірге қонақтарға тазалықты сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын еске салды.

Негізгі бағдарлама аяқталғаннан кейін елорда тұрғындары мен қонақтары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды. Қатысушылар фестиваль алаңдарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және қала тазалығын сақтау идеясын қолдады.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge  @TazaQazaqstan

The post Астанада Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Жаңа адамдар балаларға әлеуетті қауіп төндіретін тұлғалардың арнайы реестрін құруды ұсынады
Жаңа адамдардың 124 Азаматтық науқаны балаларды онлайн-грумингтен қорғау үшін азаматтық жауапкершіліктің маңызын көрсетеді.

Заң және Тәртіп қағидаты зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділіктен және баланың қауіпсіздігіне қатер төнгенде қоғамның әрекет етуге дайын болуынан басталады.

Жаңа адамдарға Семей қаласының тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз қолданушы әлеуметтік желілердегі түрлі топтарға кіріп, сол арқылы кәмелетке толмағандармен байланыс орнатқан. Ол 12-15 жас аралығындағы қыздарға интимдік сипаттағы бейнежазбалар үшін ақша ұсынған. Манипуляция жасау арқылы ер адам кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы контент жасауға көндіріп, кейін оны өзінің Telegram-арнасына жариялаған.

Жаңа адамдар бұл ақпаратты Жетісу ауданының Киберполициясына тапсырды. Болжалды азғын 22 жастағы Жақыпбек Б. болып шықты. Қозғалыстың жәрдемдесуімен құқық қорғау органдары ер адамды ұстады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 312-бабы — «Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы жағдайға байланысты Жаңа адамдар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне балалардың қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық жұмысты күшейтіп, кәмелетке толмағандарға әлеуетті қауіп төндіретін тұлғалардың арнайы тізілімін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

Асель Баденова, Жаңа адамдар негізін қалаушы:

«Біз Ішкі істер министрлігіне балаларға қауіп төндіруі мүмкін адамдардың арнайы тізілімін құруды бастауды ұсынамыз. Қуатты қоғам бейжай қарамайтын адамдардан басталады. Балалардың қауіпсіздігі — бәрімізге қатысты».

Нурсултан Орынбек, заңгер:

«Бүгінде Жаңа адамдар ауқымы артып жатқан педофилия мәселесіне қарсы күреседі. Көптеген балалар әлеуметтік желілер арқылы жыныстық сипаттағы алымсақтыққа ұшырауда. Сондықтан нақты әрі тиімді шаралар қажет. Заңгер ретінде осындай тізілімді енгізуді дұрыс деп санаймын. Бұл — Конституциямызға қайшы емес. Ал қоғамдық өкіл ретінде осы бастаманы толық қолдаймын».

Балалардың қауіпсіздігі тек құқық қорғау органдарының жұмысына ғана емес, қоғамның мәселені дер кезінде байқап, әрекет етуге дайын болуына байланысты. Заң және Тәртіп — әрқайсымыздан басталады. Баланы қорғау бөтен мәселе болмауы керек.

The post Жаңа адамдар балаларға әлеуетті қауіп төндіретін тұлғалардың арнайы реестрін құруды ұсынады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Қазақмыс» Жезқазған мыс балқыту зауытын жаңғыртуға 25,2 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады
Жезқазған мыс балқыту зауыты — «Қазақмыс» Тобының негізгі металлургиялық кәсіпорындарының бірі. 2026 жылы компания кәсіпорынның күрделі жөндеу жұмыстарына, техникалық қайта жарақтандыруға, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және жабдықтардың сенімділігін арттыруға 25,2 млрд теңгеден астам инвестиция бағыттады.

Жаңғыртудың кешенді бағдарламасы негізгі өндірістік цехтарды, энергетикалық шаруашылықты, инфрақұрылым нысандарын және әлеуметтік-тұрмыстық объектілерді қамтиды. Бағдарламаның негізгі мақсаты — зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру, технологиялық процестердің тиімділігін жақсарту және өндірістің экологиялық көрсеткіштерін көтеру болып табылады.

Инвестициялардың негізгі бөлігі — 15,9 млрд теңге — негізгі металлургиялық жабдықтарға күрделі жөндеу жүргізуге бағытталды. Балқыту цехында №2 руднотермиялық пешке, №1–3 анод пештеріне және конвертер блогына (№1–4 конвертерлер) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар технологиялық процестің сенімділігін арттырып, жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Тағы 3,6 млрд теңге технологиялық жабдықтарды жаңартуға бағытталды. Мыс электролизі цехында 234 полимербетон ваннасы орнатылуда, ТНДП-10000/10 күштік трансформаторы ауыстырылып, №39 жаңа көпірлі кран монтаждалуда. Балқыту цехында №1 карусельді құю машинасын, ал жылу-энергиямен қамтамасыз ету цехында Н-900 турбонагнетателін ауыстыру жоспарланған.

Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытқа 4,4 млрд теңге бағытталды. Бағдарлама аясында №1 градирняға күрделі жөндеу жүргізіліп, мыс электролизі цехының шатыр жабыны ауыстырылуда, сондай-ақ конвертер бөлімшесінің шатыры қалпына келтірілуде. Сонымен қатар балқыту цехының әкімшілік-тұрмыстық кешеніндегі душ бөлмелеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Бұл жұмыстар қызметкерлердің тұрмыстық жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін компания шихтаны дайындау цехының жабдықтарына күрделі жөндеу жүргізуге және кран жабдықтарына қауіпсіз қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған алаң құруға қосымша 1,4 млрд теңге бағыттайды.

Жезқазған мыс балқыту зауытын кешенді жаңғырту «Қазақмыс» компаниясыныңметаллургиялық кәсіпорындарын дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Іске асырылып жатқан жобалар өндірістік процестердің сенімділігін, жабдықтардың тиімділігін және өндірістің экологиялық тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

The post «Қазақмыс» Жезқазған мыс балқыту зауытын жаңғыртуға 25,2 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты
Ербол Мырзабосынов Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі аясындағы фиджитал-футбол жарысын тамашалап, қазақстандық командаларға қолдау көрсетті.

Еске салайық, Қазақстанда әлемнің 50 елінен 800 спортшының басын қосқан ірі халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің атынан барлық сегіз спорттық бағыт бойынша 11 команда қатысуда.

Жарысты тамашалау барысында министр «Болашақ ойындары 2026» турнирін өткізудің еліміз үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында бұл турнирдің өтуінің мәні ерекше. «Болашақ ойындары» спорт пен заманауи технологияларды біріктіріп, еліміздің инновациялық даму бағытын айқын көрсетеді.

Турнирге әлем бойынша қызығушылық артып келеді. Бүгінде трансляцияларды көру саны 185 миллионға жетті. Жарыстар 16 тілде көрсетіліп, ондаған халықаралық медиасеріктес пен 100-ден астам стример ақпарат таратуда. Бұл турнирге деген халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырушы ел ретіндегі беделін нығайта түседі.

Турнирдің өтуіне үлес қосып жатқан спортшылар мен волонтерлерге алғысымды білдіремін. Командаларымызға сәтті өнер көрсетіп, жаңа жеңістерге жетулерін тілеймін», – деді Ербол Мырзабосынов.

The post Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті
АСТАНА, 7 тамыз 2026 жыл – Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жасанды интеллект көмегімен жасалған дипфейк-бейнелерге қатысты кезекті талдауын жариялады. Зерттеуде шетелдік танымал өнер иелерінің бейнесі мен дауысы қолданылып, олар ешқашан айтпаған мәлімдемелердің қалай таратылатыны көрсетілген.

Орталықтың мәліметінше, мұндай бейнероликтерде жасанды интеллект адамның дауысын, бет әлпетін және сөйлеу мәнерін шынайы түрде қайталайды. Соның салдарынан көрерменде бейнежазба түпнұсқа деген әсер қалыптасады. Алайда ондағы ақпараттың мазмұны толықтай ойдан шығарылған.

Мамандардың айтуынша, мұндай контенттің негізгі мақсаты – адамдардың эмоциясына әсер етіп, оларды жаңылыстыру және қоғамдық пікірге ықпал ету.

Осыған байланысты Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды ақпаратты қабылдауда сақ болуға шақырады. Сарапшылар бейнероликтің қаншалықты шынайы көрінетініне емес, оның қай дереккөзден жарияланғанына назар аударудың маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ кез келген күмәнді ақпаратты ресми ақпарат көздері арқылы тексеріп, әлеуметтік желілерде кең таралған контентке сыни көзқараспен қарау ұсынылады. Орталықтың пікірінше, бұл қазіргі заманғы ақпараттық манипуляциялар мен дипфейктерден қорғанудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып қала береді.

The post «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды
Сайлауалды күнтәртібі өңірлердің сұранысы негізінде қалыптасып жатыр

Дауыс беру күні жақындаған сайын партиялар өңірлердегі сайлауалды жұмысын жалғастырып жатыр. Науқан аясында жергілікті мәселеге ойысып, әр өңірдің өзекті түйткілдері алдыңғы қатарға шығады. Бір жерде – жұмыспен қамту, енді бірінде – экология, өнеркәсіп, әлеуметтік инфрақұрылым немесе ауылды дамыту мәселесі көтеріледі. Жергілікті жердегі кездесулер партия бағдарламасының ел тұрғындарының нақты сұранысына қаншалықты сәйкес келетінін бағалаудың маңызды алаңына айналды. Төменде 6 тамыз күні Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қай өңірлерге барып, қандай аудиториямен кездескеніне шолу ұсынамыз.

«Әділет» партиясы өңірлердегі жұмысын «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені аясында жалғастырды. Қостанай облысында керуеннің бағыты Ұзынкөл, Меңдіқара, Алтынсарин, Әулиекөл және Қарасу аудандарын қамтыды. 700-ден астам ауыл тұрғынымен өткен кездесуде жолдардың жағдайы, ауызсумен қамтамасыз ету, байланыс сапасы және жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.

Келесі бағыт Жамбыл облысы болды. Мұнда ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер күнтәртібінде тұрды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған керуен Жуалы ауданындағы шаруа қожалығы мен сүт өңдеу кооперативіне барып, Нұрлыкент ауылының тұрғындарымен жеке кездесу өткізді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия күнді өткен теледебаттарды талдауға арнады. Партияның республикалық сайлауалды штабында «Жетінші арна» эфирінде партия атынан пікірсайысқа қатысқан Құрылтай депутаттығына кандидат Мақсұт Насибуловтың сөзі талқыланды.

Сайлауалды күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі төрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесі болды. Бұл бастама қоғамда кең пікірталас туғызды. ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов Respublica партиясы өкілдерінің сын-пікіріне жауап беріп, төрт күндік жұмыс аптасы енгізілген немесе енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқан елдердің тәжірибесі ескеріліп отырғанын айтты.

«Байтақ» партиясы бірден бірнеше өңірде кездесу өткізді. Петропавлда еріктілер мен кандидат Алмаз Жакишев үй-үйді аралау форматында жұмыс жүргізіп, партия мәліметінше, 300-ден астам тұрғынмен тілдесті.

Жетісу облысының Мұқыры ауылында кандидат Темірлан Файзулин ауыл тұрғындарымен экотуризмді дамыту мәселесін талқылады. Кандидат Владимир Мартель Алматы ауыр машина жасау зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, өндірісті экологиялық жаңғырту тақырыбын көтерді.

Ал Шымкентте Түркістан көшесінің тұрғындарымен кездесуде жағымсыз иіс мәселесі сөз болды. Сонымен қатар партия өкілдері Алматыдағы №15 емханада медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын, ал Ақтөбе облысындағы балабақшада экологиялық тәрбиені дамыту мәселесін талқылады.

Қазақстан халық партиясы бірнеше облыста еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Кандидаттар Болат Смағұлов пен Нұржан Бияқаев Еңбек мобильділігі орталығының ұжымымен кездесіп, жұмыспен қамту мәселесін талқылады.

Атырауда «Банк ЦентрКредит» филиалының қызметкерлерімен, Өскеменде автопарк ұжымымен кездесу өтті. Онда жүргізушілердің жалақысы, кадр тапшылығы және еңбек қауіпсіздігі мәселесі көтерілді.

Қарағандыда кандидаттар «ГорКомТранс» кәсіпорнының ұжымымен, Павлодар облысында дәрігерлік амбулатория мен «Ertis Su» кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті. Сондай-ақ партия Қарағанды индустриялық университетіндегі кездесуден кейін 40 адамның партия қатарына өткенін хабарлады.

«Ауыл» партиясы Қарағанды облысындағы Шахтер ауылдық округінде сайлауалды жұмысын жалғастырды. Мұнда партия өкілдері «Шахтерское» ЖШС ұжымымен және ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметімен танысты.

Кездесулер барысында элиталық тұқым шаруашылығын дамыту, аграрлық секторды мемлекеттік қолдау, заманауи агротехнологияларды енгізу, жер мен су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл инфрақұрылымын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ партия өкілдері Нұра ауданындағы Шахтер ауылына барып, тұрғындармен және шаруашылық ұжымымен кездесті. Олар егістік алқаптарын, суару жүйелерін және өндірістік нысандарды аралады. Кездесу барысында ауылдық аумақтарды дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу, сондай-ақ ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелері көтерілді.

«Ақ жол» демократиялық партиясы төраға Дания Еспаева бастаған делегациямен Алматыдағы «Үркер-АШ» ЖШС еңбек ұжымымен және логистика саласының өкілдерімен кездесті. Онда өндірісті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды.

Кандидат Виктор Микрюков партияның Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде азаматтардың жеке шоттарын енгізу жөніндегі ұсынысын таныстырды. Түркістан облысында партия филиалының өкілдері «Атлант» шипажайының ұжымымен кездесті.

Respublica партиясы Шымкенттегі жұмысын алюминий профильдері мен кабель өнімдерін шығаратын Alutech кәсіпорнына барудан бастады. Кандидаттар өндіріс барысымен танысып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Партия өкілдері Шымкент пен Түркістан облысындағы бірқатар кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесті. «Алтын дән» кәсіпорнында өндірісті дамыту, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала мәселесі талқыланды.

Леңгір ауданында партия өкілдері «Балмұздақ» ЖШС-не барып, электрмен жабдықтаудың сенімділігі, инженерлік инфрақұрылым және өндірісті дамыту мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ отандық шикізаттан өнім өндіретін «Шымкентмай» АҚ-да болып, отандық өндірісті қолдау, экспортты дамыту, цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, студенттік жатақханалар салу және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Осылайша, сайлауалды науқанның кезекті кезеңі ірі қалалар мен ауылдық елді мекендерді қатар қамтыған өңірлік кездесу форматында жалғасып жатыр. Көтерілген мәселелер әр өңірдің ерекшелігі мен кәсіпорындардың қызмет бағытына қарай әртүрлі болғанымен, басым бөлігі экономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, инфрақұрылым, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, экология және халықтың өмір сүру сапасын арттыру тақырыптарына арналды.

The post Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Тойдың құны: Қазақстанда 2026 жылы той өткізу қанша тұрады?
Жаз бен күздің басы Қазақстанда дәстүрлі түрде үйлену тойлары ең көп өтетін кезең саналады. Дәл осы уақытта көптеген отбасы той жасап, банкет залдарына, асабаларға, фотографтарға, декораторларға және әртістерге сұраныс айтарлықтай артады. Соған сәйкес жас жұбайлардың шығыны да көбейеді. Бүгінде заманауи той тек мейрамхана жалдап, дастарқан жаюмен шектелмейді. Ол ондаған түрлі қызметті қамтитын ауқымды шараға айналды.

OLX Қазақстанның талдау қызметі үйлену тойын ұйымдастыру қызметтері іс-шаралар нарығындағы ең белсенді бағыттардың бірі екенін анықтады. Платформада негізгі санаттардың өзінде жүздеген ұсыныс жарияланған. Соның арқасында жас жұбайлар шағын отбасылық мерекеден бастап дәстүрлі үлкен тойға дейін кез келген бюджетке лайық қызметті таңдай алады.

Банкет залы

Той бюджетінің ең қомақты бөлігі бұрынғыдай банкетке жұмсалады. Банкет залын жалға алу құны қалаға, мейрамхананың танымалдығына, қонақ санына және ұсынылатын қосымша қызметтерге байланысты өзгереді.

Банкет залын жалға алудың ең төменгі бағасы шамамен 500 мың теңгеден басталады. Алайда мұндай ұсыныстар сирек кездеседі және көбіне шағын іс-шараларға арналған.

Ең жиі ұсынылатын нұсқалардың бағасы 800 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін жетеді. Ал ірі тойларға арналған беделді залдарды жалға алу құны банкет мәзірін есептемегеннің өзінде 2,5 миллион теңгеге дейін барады.

Егер ерекше локациялар немесе тұтас кешен жалға алынатын болса, баға бұдан да жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жоғарғы шек іс жүзінде болмайды. Сондықтан той өтетін орынды таңдау жалпы бюджеттің қалыптасуына тікелей әсер етеді.

Безендіру

Соңғы жылдары тойды безендіру тәсілі айтарлықтай өзгерді. Бұрын тек төр безендірілсе, бүгінде жас жұбайлар фотоаймақтар, гүл композициялары, пресс қабырғалар және сәндік жарықтандырумен бірге кеңістікті толық рәсімдеуді жиі таңдайды.

Сонымен қатар көптеген жұп неке АХАТ-та немесе ХҚКО-да ресми тіркелгеннің өзінде, сақина алмасу рәсімін көшпелі форматта өткізуді жөн көреді. Мұндай рәсім тойды ерекше етіп, шығынның тағы бір бабына айналады.

OLX.kz платформасында үйлену тойларын безендіруге арналған 371 хабарландыру, сондай-ақ баннерлер мен фотоаймақтарды әзірлеуге қатысты 220 ұсыныс жарияланған.

Той залын безендірудің орташа құны 500 мың теңгеден, ал фотоаймақты жалға алу немесе дайындау шамамен 150 мың теңгеден басталады. Егер жеке дизайн таңдалса немесе сәндік элементтер көп қолданылса, шығын бірнеше есеге артуы мүмкін.

Асаба және шоу-бағдарлама

Қаншалықты сәнді болса да, қызықты бағдарламасыз тойдың сәні кірмейді. Сондықтан асаба қызметі той нарығындағы ең сұранысқа ие бағыттардың бірі болып қала береді.

Қазір платформада асабалар мен жүргізушілердің қызметі бойынша 117 хабарландыру жарияланған. Бағасы шамамен 500 мың теңгеден басталғанымен, тәжірибелі асабалардың, әсіресе ірі қалалардағы мамандардың қызметі бұдан әлдеқайда қымбат болуы мүмкін.

Көптеген жұптар мерекеге өнерпаздарды да шақырады. Платформада би ұжымдарының 123 ұсынысы жарияланған. Бір қойылымның құны ұжым құрамына және бағдарламаның ұзақтығына қарай орта есеппен 20-50 мың теңге аралығында.

Фотографтар мен видеографтар

Фотосуреттер мен бейнероликтер – той күнінен қалатын ең қымбат естелік. Сондықтан жас жұбайлар маман таңдауға ерекше мән береді.

Платформада фотографтардың 157, ал видеографтардың 41 хабарландыруы жарияланған. Фотограф қызметінің ең төменгі бағасы сағатына шамамен 10 мың теңгеден, ал видеографтікі 20 мың теңгеден басталады. Әдетте мамандар тойды толық түсіру үшін кемінде төрт-алты сағат жұмыс істейді. Сондықтан жалпы құны бастапқы бағадан әлдеқайда жоғары болады.

Тойға арналған образ

Тойға дайындық тек мерекені ұйымдастырумен шектелмейді. Ол қалыңдық пен күйеу жігіттің образын дайындауды да қамтиды.

Қалыңдық көйлегінің бағасы орта есеппен 250 мың теңгеден басталады. Ал дизайнерлік үлгілер бірнеше есе қымбат болуы мүмкін. Күйеу жігіттің той костюмі орта есеппен 30-50 мың теңге тұрады. Премиум брендтер немесе жеке тапсырыспен тігілген костюмдер бюджетке қосымша салмақ түсіреді.

Бұдан бөлек, аяқ киімге, аксессуарларға, макияжға, шаш үлгісіне, әшекейлерге және қалыңдықтың гүл шоғына да қаражат қарастырылады.

Той кортежі, қалыңдықтың гүл шоғы және торт

Дәстүрлі лимузиндердің орнын біртіндеп бизнес-класс көліктері басып келе жатқанына қарамастан, той кортежі әлі де мерекенің маңызды бөлігі болып саналады.

Көлікті жалға алудың ең төменгі құны шамамен сағатына 25 мың теңгеден басталады. Жалпы баға автокөлік маркасына және жалға алу мерзіміне байланысты өзгереді.

Қосымша шығындарға қалыңдықтың гүл шоғы мен мерекелік торт та кіреді.

Қалыңдықтың гүл шоғының бағасы шамамен 30 мың теңгеден басталады. Ал авторлық композициялар 70-100 мың теңге немесе одан да қымбат болуы мүмкін.

Үйлену тойына арналған торттың орташа бағасы салмағына, безендірілуіне және жасалу күрделілігіне қарай 50 мыңнан 150 мың теңгеге дейін өзгереді.

Той өткізу қанша тұрады?

Ең қарапайым сценарийдің өзінде үйлену тойы қомақты қаржыны талап етеді. Нарықтағы ең қолжетімді ұсыныстарды таңдаған жағдайда шағын тойдың өзі банкет мәзірін, неке сақиналарын, бал айын және басқа да қосымша шығындарды есептемегенде шамамен 4-5 миллион теңгеге түседі.

Алайда бүгінгі таңда ең жиі кездесетін сценарий басқаша. Банкет мәзірін есептемегеннің өзінде үйлену тойының жалпы бюджеті көбіне 7-10 миллион теңгеге дейін жетеді.

Сонымен қатар көптеген қазақстандық отбасы үшін шығын бір ғана тоймен шектелмейді. Дәстүрлі қазақ үйлену тойы көбіне сырға салу, құдалық, қыз ұзату сияқты бірнеше жеке рәсімнен тұрады. Олардың әрқайсысы бөлек дайындықты, безендіруді, дастарқан жайып, ұйымдастыруды талап етеді. Соның нәтижесінде үйлену тойына жұмсалатын жалпы шығын бірнеше есеге дейін ұлғаюы мүмкін.

The post Тойдың құны: Қазақстанда 2026 жылы той өткізу қанша тұрады? appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Суд по делу Бажкеновой: несмотря на опровержение Генпрокуратуры, материал всё равно опубликовали
В Бостандыкском районном суде № 2 Алматы огласили показания бывшего заместителя прокурора города Нурлана Ауганбаева, признанного потерпевшим по одному из эпизодов уголовного дела в отношении экс-главного редактора Orda.kz Гульнары Бажкеновой, пишет Optimism.kz.

Сам Ауганбаев в заседании не участвовал — сейчас он находится за границей. Поэтому суд исследовал протокол его допроса, составленный на стадии досудебного расследования.

Поводом для признания его потерпевшим стала публикация, в которой утверждалось, что высокопоставленный сотрудник прокуратуры был задержан при получении взятки в размере 600 тысяч долларов.

По словам Ауганбаева, о материале он узнал 30 мая 2024 года во время отпуска с семьёй. Ссылку на публикацию ему прислали в Telegram. Открыв её, он увидел свою фотографию рядом с сообщением о якобы совершённом коррупционном преступлении.

В своих показаниях он заявил, что изложенные сведения не соответствуют действительности. По его словам, его никогда не задерживали, а службу в органах прокуратуры он продолжал в обычном режиме.

Также Ауганбаев опроверг информацию о своей причастности к январским событиям 2022 года и так называемому «делу Хоргоса». Он пояснил, что в тот период осуществлял прокурорский надзор за законностью расследований и сам ни по одному уголовному делу не проходил.

Несмотря на ответ Генпрокуратуры, публикация вышла

Особое внимание в своих показаниях Ауганбаев уделил тому, что до выхода материала редакция направила запрос в Генеральную прокуратуру для проверки информации.

По его словам, журналистам официально сообщили, что сведения о задержании заместителя прокурора не соответствуют действительности. Однако публикация всё равно вышла, при этом авторы сослались на анонимные источники.

Позже аналогичные утверждения появились в Telegram-канале издания, а затем были озвучены и в ролике на YouTube.

Эту последовательность действий потерпевший расценил как умышленное распространение заведомо ложной информации, наносящей ущерб его чести, достоинству и деловой репутации.

Что установила экспертиза

В ходе заседания суд также исследовал заключение судебной психолого-филологической экспертизы.

Эксперты пришли к выводу, что публикация содержит именно утверждения о фактах, а не оценочные суждения. В частности, речь идёт о сообщениях о получении взятки, задержании, увольнении, допросах и участии в фальсификации уголовных дел.

Согласно заключению специалистов, если подобные сведения не соответствуют действительности, они формируют у аудитории негативное представление о человеке и способны причинить вред его деловой репутации.

Какие документы изучил суд

Помимо показаний Ауганбаева, суд исследовал официальные ответы Генеральной прокуратуры, Антикоррупционной службы и Департамента экономических расследований Алматы.

Из материалов дела следует, что примерно за час до публикации журналисты связались со старшим помощником Генерального прокурора по взаимодействию со СМИ. Им сообщили, что информация о задержании и отстранении от должности заместителя прокурора не соответствует действительности.

Несмотря на это, материал был опубликован.

В свою очередь Антикоррупционная служба и Департамент экономических расследований сообщили следствию, что уголовные дела в отношении Нурлана Ауганбаева не возбуждались, сведений о его задержании не имеется, а правоохранительные органы его никогда не задерживали. Эти обстоятельства подтверждаются официальными документами.

The post Суд по делу Бажкеновой: несмотря на опровержение Генпрокуратуры, материал всё равно опубликовали appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Ішкі істер министрлігі “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды
Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен “Кітап оқитын ұлт – Читающая нация” қоғамдық қоры “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын бірлесіп жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, — деп хабарлайды.

Құжатқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пен “Кітап оқитын ұлт — Читающая нация” қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков қол қойды.

Жоба Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлығын іске асыру, сондай-ақ қоғамда жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңды құрметтеу және оны сақтаудың маңызын азаматтардың саналы түрде түсінуіне бағытталған “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.

Меморандумға сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлері “Кітап оқитын мемлекеттік қызметші” арнайы бағыты бойынша өтетін “Кітап оқитын ұлт” республикалық кітап оқу марафонына қатысады. Алты ай ішінде қатысушылар 15 кітап оқып, өздерінің әсерлерімен бөлісіп, жоба аясындағы зияткерлік іс-шараларға қатысады.

Марафонның басты мақсаты — тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуды кеңінен насихаттау және мемлекеттік қызметшілер арасында үздіксіз өзін-өзі дамыту дағдысын орнықтыру.

Жоба өзінің өзектілігі мен тиімділігін дәлелдеп үлгерді. 2025 жылы марафон пилоттық режимде Қарағанды, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында өткізіліп, түрлі жас санаты мен мамандықтағы 189 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері марафон жеңімпаздарының қатарынан көрінді. Қостанай облысы полиция департаменті штабының талдау, жоспарлау және бақылау бөлімінің бастығы Гүлзат Мұстафина II орынды иеленсе, Теміртау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы өрт сөндіру бөлімінің бастығы Владимир Конев III орынға ие болды. Олардың жетістігі білімге ұмтылу мен үздіксіз даму мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі екенін айқын көрсетті.

Пилоттық кезеңнің табысты нәтижелері бастаманы республикалық деңгейде кеңейтуге және оған мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тартуға берік негіз қалады.

— Кітап оқу — полиция қызметкерінің кәсіби және рухани дамуының маңызды негізі. Ол білімді жетілдіріп, ой-өрісті кеңейтеді, патриоттық рух пен жауапкершілік сезімін нығайтады. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен 2024 жылдан бастап бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Министрлікте және өңірлік департаменттерде кітапханалар ашылды. Полиция қызметкерлері кітап оқуда қызығушылық танытып, әр ай сайын жаңа кітап оқып жүр. Сонымен қатар министрлікте жыл сайын детектив жанырындағы “Серт” конкурсы өткізіледі. Үздік шығармалар кітапта шығарылады. Министрлік шығарған кітаптар цифрлық кітапханаға енгізілуде, — деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков.

— Оқу мәдениетін дамыту – Мемлекет басшысы айқындаған жалпыұлттық міндет. Біз үшін Ішкі істер министрлігінің жобаға қосылуы ерекше маңызды. Полиция қызметкерлерінің марафонға қатысуы қазіргі мемлекеттік қызметшінің тек өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, сонымен қатар білімге, дамуға және өзін-өзі жетілдіруге ұдайы ұмтылатын тұлға екенін көрсететін жарқын үлгі болады деп сенемін, — деп атап өтті “Кітап оқитын ұлт — Читающая нация” қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков.

Меморандумға қол қойылуы тараптардың кітап оқу мәдениетін дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайту және Қазақстанда жаңа оқу мәдениетін қалыптастыру жолындағы күш-жігерін біріктіруге деген ұмтылысын айғақтайды.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

The post Ішкі істер министрлігі “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары
2026 жылғы 6 тамызда Жезқазған қаласында Қазақстандық қоғамдық даму институты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Азаматтық қоғам және партиялар. Өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын іздеу жолында» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының аймақтық отырысын өткізді.

Іс-шараға өңірдің үкіметтік емес секторы, академиялық қауымдастығы мен ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, қоғамдық қорлардың басшылары, сондай-ақ Ұлытау және өңірдегі Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Отырыс барысында сарапшылар саяси жаңғыру жағдайындағы азаматтық қоғамның рөлін, оның саяси партиялармен өзара іс-қимылын, қоғамдық диалог пен азаматтық белсенділікті дамытуға ықпалын талқылады. Сондай-ақ электоралдық мәдениет, халықтың саяси үдерістерге қатысуы және қоғамдық сенім деңгейі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, 5 тамыз күні саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен өткен теледебаттарға талдау жасалды. Қатысушылар аталған іс-шараның кең аудиторияны саяси процестерге тартудағы маңызын жоғары бағалады.

Отырысты ашқан ҚҚДИ Институционалдық талдау және реформалар орталығының директоры Риззат Тасым:

«Азаматтық қоғам бүгінде саяси үдерістердің толыққанды қатысушысына айналды, ал оның саяси партиялармен өзара іс-қимылы жүйелі сипатқа ие болды. Қоғамдық ұйымдар партияларға халықтың сұранысын тереңірек түсінуге, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеруге және азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді. Мұндай әріптестік қоғамдық диалогтың жаңа тетіктерін қалыптастырып, азаматтардың елдің саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді», – деп атап өтті.

«Zertteu Research Institute» ҚҚ директорының орынбасары Алтынай Нұркеева Ұлытау облысы орнықты дамыту жобасын мысалға келтіре отырып, азаматтық сектордың жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылының нақты тәжірибесі туралы айтып берді:

«Жоба аясында үкіметтік емес ұйымдардың, депутаттардың, қоғамдық кеңестер мүшелерінің және бастамашыл топтардың қатысуымен жергілікті қауымдастықтардың қажеттіліктеріне бағалау жүргізіліп, олардың бастамалары іске асырылды. Тәжірибе көрсеткендей, жергілікті мемлекеттік органдар мен бастамашыл топтар проблемаларды анықтау кезеңінен бастап жобаларды іске асыруды мониторингтеуге дейін серіктестік негізінде жұмыс істеген жағдайда жобалардың сапасы артып, халықтың сенімі күшейеді. Сонымен қатар қоғамдық институттардың жаһандық трансформациясы жағдайында саяси партиялар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесін кеңінен дамыту қажет».

Спикердің айтуынша, саяси партиялардың бағдарламаларының тиімділігін және мемлекеттік басқару сапасын арттыру үшін азаматтық сектормен бағдарламаларды әзірлеу кезеңінде де, оларды іс жүзінде іске асыру барысында да тұрақты әріптестік орнату маңызды.

Қазақстан Азаматтық альянсының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Әсем Асанханова мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығына тоқталды:

«Бүгінде жергілікті деңгейде қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтитын көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Бұл ретте ынтымақтастық мәдениетін дамыту айрықша маңызға ие. Үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, мемлекеттік органдар және азаматтық қоғамның басқа да институттары бірлесіп әрекет етуі қажет. Күш-жігерді біріктіру арқылы ғана нақты әрі тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге болады».

Өз кезегінде, ҚҚДИ Қоғамдық үдерістерді зерттеу орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы Әлия Масалимова:

«Президенттік реформалардың логикасына сәйкес өңірлік дамудың басты мақсаты – экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру. Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігі, халық пікірін ескеру, кері байланыс тетіктерін дамыту және өңіраралық теңгерімсіздікті азайту азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейіне, соның ішінде электоралдық күн тәртібіне де тікелей әсер етеді. Бүгінде өңірлер мемлекеттік шешімдер қабылдау барысында барынша ескерілуі тиіс қоғамдық сұранысты қалыптастыратын маңызды субъектілерге айналып отыр», – деп атап өтті.

Облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлбану Сейтжанова жаңа Конституцияның қабылдануы мен сайлау науқаны аясында азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі кеңінен талқыланып отырғанын айтты.

«Саяси партиялар азаматтық секторды дамыту мәселелерін белсенді түрде көтеріп келеді. Құрылған Қазақстан Халық Кеңесі азаматтық бастамаларды ілгерілетуге және қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналады. Сонымен қатар Аналар кеңесі отбасы институтын нығайту, тәрбие жұмысын жетілдіру, тәлімгерлікті дамыту, өмірлік тәжірибе алмасу және қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізуде. Осындай институттар арқылы азаматтық қатысу мен әлеуметтік жауапкершілік мәдениеті қалыптасады», – деді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның және жұмыс топтарының мүшесі Самал Садыкова азаматтық қоғам мен партиялық дамуды нығайтудағы әлеуметтік және инклюзивті жобалардың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға бағытталған бастамалар қоғамдағы жаңа әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді:

«Ерекше балалардың ата-аналары күн сайын кездесетін кедергілер мен қиындықтарды бәрінен жақсы біледі. Сондықтан мемлекеттік органдар мен саяси партиялар деңгейінде осы саланы дамытуға және қолдау көрсетуге қатысты кез келген шешімдер мен бастамалар міндетті түрде ата-аналардың қатысуымен және олардың пікірін ескере отырып қабылдануға тиіс. Бұл қоғамның ерекше қажеттіліктері бар адамдарды толыққанды азамат ретінде қабылдауына ықпал етеді».

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекет, саяси партиялар және азаматтық қоғам институттары арасындағы тиімді әріптестікті одан әрі дамыту қоғамдық сенім мен саяси мәдениетті нығайтудың негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті. Сарапшылар пікір алмасуға, ортақ шешімдер әзірлеуге және қоғамдық-саяси үдерістерге азаматтардың қатысу тетіктерін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсынымдар қалыптастыруға мүмкіндік беретін осындай диалог алаңдарын тұрақты түрде өткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

The post Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Алматыда өндірістік жарақаттану мен сақтандыру тәуекелдерін төмендетудегі ESG рөлі талқыланады
Сарапшылар, бизнес, қаржы секторы және мемлекеттік органдардың өкілдері ESG құралдарының өндірістік жарақаттануды азайтуға және бизнестің тұрақтылығын арттыруға қалай көмектесетінін талқылайды.

2026 жылдың 11 тамызында Алматыда «ESG, қызметкерлердің қауіпсіздігі және сақтандыру тәуекелдерін төмендету» форумы өтеді. Іс-шараны «BCC Life» ӨСК» АҚ және «PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы ұйымдастырды.

Форум еңбекті қорғау, орнықты даму және жұмыс берушілердің сақтандыру тәуекелдерін басқару саласындағы практикалық шешімдерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік бизнестің, қаржы секторының, халықаралық ұйымдардың және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдерін біріктіреді.

Жумабек Жаныкулов, «PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы төралқасының төрағасы:

«Бүгінгі таңда еңбек қауіпсіздігі мәселелері міндетті талаптарды сақтаудан әлдеқайда асып түседі. Жұмыс берушілер үшін бұл бизнестің тұрақтылығы, адами капиталды сақтау және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі. Корпоративтік басқарудың, қауіпсіздік мәдениетін дамытудың және тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдері компаниялардың стратегиялық дамуының бір бөлігі болуы тиіс. Форум жұмыс берушілерді, мемлекет, қаржы секторы мен сараптамалық қоғамдастық өкілдерін ашық диалог және Қазақстанда өндірістік жарақаттануды төмендетуге және жауапты бизнесті дамытуға ықпал ететін практикалық шешімдер әзірлеу үшін біріктіреді«.

Орнықты даму, корпоративтік басқару және ESG-есеп беру мәселелеріне көбірек көңіл бөлу жағдайында жұмысшылардың қауіпсіздігі кәсіпорындардың тұрақтылығының негізгі факторларының біріне айналады. Өнеркәсіптік компаниялар үшін өндірістік жарақат деңгейі қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне ғана емес, сонымен қатар өндірістік процестердің үздіксіздігіне, қаржылық нәтижелерге, инвесторлармен, банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және реттеушілермен қарым-қатынасқа әсер етеді. Сондықтан еңбекті қорғау мәселелері ESG стратегиясы мен корпоративтік басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуда.

Гульжан Джаксымбетова, «BCC Life» ӨСК» АҚ Басқарма Төрайымы:

«Бүгінгі таңда қызметкерлердің қауіпсіздігі жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар бизнесті тұрақты дамытудың маңызды элементі болып табылады. ESG тәсілдері корпоративтік басқару, жарақаттанудың алдын алу, сақтандыру қорғанысы және компаниялардың ұзақ мерзімді тұрақтылығы мәселелерін біріктіре отырып, өндірістік тәуекелдерді басқару бойынша жүйелі жұмыс құруға мүмкіндік береді. Форум тиімді практикалық шешімдерді іздеу бойынша мемлекет, бизнес және қаржы секторы арасындағы кәсіби диалог алаңына айналады».

Форум барысында қатысушылар өндірістік тәуекелдерді төмендетудің заманауи тәсілдерін, сақтандыру нарығында орнықты дамуды реттеуді дамытуды, жұмыс берушілердің әлеуметтік тәуекелдерін басқаруда сақтандыру тетіктерін қолдануды, тәуекелдерді бағалау кезінде ESG-деректерді және қаржылық емес есептілікті пайдалануды, сондай-ақ қаржы секторының корпоративтік басқару сапасына және ақпаратты ашуға қойылатын талаптарын талқылайды.

Компаниялардың ESG-күн тәртібіне еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті біріктіру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін басқару көрсеткіштерін қолдану және тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудағы сақтандырудың рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

Форум бағдарламасында-үш тақырыптық сессия және «ESG Қазақстан өнеркәсібіндегі жарақаттану мен сақтандыру тәуекелдерін төмендетудің нақты құралы бола ала ма?». Қатысуға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚРРДА), Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC), Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), ЦентрКредит Банкінің, Қазақстан қор биржасының (KASE), халықаралық консалтингтік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ бизнестің, салалық бірлестіктердің және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері шақырылды.

Форум өнеркәсіптік, өндіруші, энергетикалық, құрылыс, көлік, өндірістік және инфрақұрылымдық компаниялардың басшыларына, өндіріс директорларына, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандарына, ESG және тұрақты даму, тәуекел менеджменті, HR, корпоративтік басқару, заң мәселелері және сақтандыру салаларына бағытталған. Қатысушылар қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыруға, өндірістік және сақтандыру тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ бизнестің тұрақтылығын нығайтуға ықпал ететін өзекті реттеуші талаптармен, халықаралық тәжірибелермен және заманауи құралдармен таныса алады.

The post Алматыда өндірістік жарақаттану мен сақтандыру тәуекелдерін төмендетудегі ESG рөлі талқыланады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Freedom Holding Corp. Bilim Group компаниясындағы үлеске ие болды
Freedom Holding Corp. жетекші технологиялық компаниялардың бірі – «Bilim Group LTD» ЖШС-нің негізгі қатысушысы атанды.

Мәмілені Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мақұлдады. Бұл оның барлық қажетті реттеуші талапқа сәйкестігін растап, тараптарға EdTech саласындағы бірлескен стратегиялық бастамаларды іске асыруға кірісуге мүмкіндік береді.

Жаңа бірлескен кезең Freedom Holding Corp.-тың EdTech сервистерінің жоғары сапасын әрі қолжетімділігін дамыту мақсатындағы цифрлық трансформацияны ілгерілетуге, сондай-ақ елдің IT-секторының бүкіл өңірдегі жаңа экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге деген стратегиялық ұстанымын айқын көрсетеді. Одан әрі даму аясында перспективалы зерттеулерге инвестиция құю, озық білім беру контенті мен әдістемелерін жасау, жасанды интеллект құралдары мен білім беру аналитикасын енгізу арқылы педагогтарды қолдауға бағытталған бастамаларды іске асыру, сондай-ақ оқытуды дараландыру технологияларын дамыту көзделіп отыр.

Freedom экожүйесі аясында EdTech бағытын дамыту технологиялар мен өнімдердің маңызды әлеуметтік рөл атқарып, қоғам үшін бәсекеге қабілетті маңызы бар бастамаларды іске асыруға мүмкіндік беретін жаһандық үрдісті көрсетеді. Бұл білім беру саласындағы инновацияларды қолдап, елдің адам капиталын дамытуға ықпал етеді.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры:

«Біз үшін бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы EdTech сервистерін ең озық технологиялар арқылы дамытуға бағытталған стратегиялық қадам болып отыр. Қаржылық және білім беру технологияларының синергиясы миллиондаған пайдаланушы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, қоғам үшін маңызды әрі пайдалы сервистерді ыңғайлы форматта және тегін ұсынуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Осы бағыт аясында біз қол қойылған келісім негізінде OpenAI компаниясымен ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ EdTech сервистерін SuperApp экожүйесіне интеграциялап, ең заманауи қазақстандық өнімдер, әзірлемелер және халықаралық серіктестіктердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сапалы электрондық білім беру қызметтерімен қамтылатын пайдаланушылар санын кезең-кезеңімен арттыруды көздейміз.».

Рауан Кенжеханулы, Bilim Group.-тың негізін қалаушы:

«Бұл синергия – технологияларды дамыту жолындағы көпжылдық стратегиялық серіктестігіміздің заңды жалғасы. Бұл ынтымақтастық қазірдің өзінде елеулі нәтижелерін көрсетті. Freedom Bank-пен бірлескен жобалардың арқасында қазақстандық оқушылар оқу үлгеріміндегі үздік жетістіктері үшін сыйақы ала алады. Бұл олардың білім алуға деген ынтасын арттырып қана қоймай, сондай-ақ жеке қаржылық сауаттылығын дамытуға да ықпал етеді. Біз құзыреттер мен ресурстарды біріктіру инновацияларды жылдамырақ әрі тиімдірек енгізуге, сондай-ақ цифрлық білім беру шешімдерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бұл қазіргі әлемде адам капиталының өсіміне негіз болатын маңызды фактор.».

Анықтама:

Компания туралы

Freedom Holding Corp. – қаржылық қызметтер көрсететін, телекоммуникация, әуе билеттері мен мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сату, онлайн-супермаркет қызметтерін ұсыну және басқа да көптеген бағыттарда қызмет атқаратын әртараптандырылған компания.

Freedom Holding Corp. еншілес компанияларын қоса алғанда, 11,8 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және басқа да елдерді қоса алғанда, 22 мемлекетте орналасқан. Freedom Holding Corp.-тың жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында (SEC) тіркелген және Nasdaq Capital Market алаңында FRHC тикерімен саудаланады.

Bilim Group – Қазақстан мен Орталық Азиядағы білім беру технологиялары саласындағы ең ірі компаниялардың бірі. 2011 жылы құрылған стартап бүгінде цифрлық контент, білім беру үдерістерін автоматтандыру, кадрлық және қаржылық есеп жүргізу, сондай-ақ тьюторинг және цифрлық кітапханалар бағыттарындағы бірқатар IT-сервисті біріктіреді. Осы шешімдердің барлығы бірігіп, күніне шамамен 1 млн бірегей пайдаланушыны қамтитын бірыңғай EdTech экожүйесін қалыптастырады.

2025 жылғы қарашада Вашингтонда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, OpenAI және Freedom Holding Corp. арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы келісімге сәйкес BilimClass платформасы арқылы Қазақстанның 160 000-нан астам педагогы конфиденциалдылық пен деректерді қорғаудың күшейтілген шараларымен қамтамасыз етілген ChatGPT Edu – білім беру саласына арналған бағдарламаның арнайы нұсқасына қол жеткізді.

The post Freedom Holding Corp. Bilim Group компаниясындағы үлеске ие болды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Не имела доступа к размещению публикаций и выполняла поручения Бажкеновой – экс-корреспондент Orda.kz Дуйсенова
В Алматы продолжается судебное разбирательство в отношении бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой. Сегодня в суде были заслушаны показания свидетелей.

В связи с нахождением одной из свидетельниц – Сандугаш Дуйсеновой за пределами страны, она предоставила письменные показания, которые прокурор зачитал в ходе судебного заседания. Согласно этим показаниям, она работала собственным корреспондентом сайта и выполняла поручения Бажкеновой. В ее обязанности входили сбор информации и выезды на места происшествий.

При этом свидетельница сообщила, что проверка достоверности полученной информации осуществлялась путем подготовки проектов официальных запросов, которые она передавала в редакцию. Решение о дальнейшем направлении этих запросов соответствующим адресатам, а также о публикации входило в исключительную компетенцию главы редакции Гульнары Бажкеновой.

Несмотря на то, что свидетельница работала корреспондентом и занималась журналистской деятельностью, доступа к размещению публикаций на сайте Orda.kz у нее не было.

В суде она дала показания по нескольким эпизодам, рассматриваемым в рамках дела о распространении заведомо ложной информации.

Один из эпизодов касался материалов о бывшем рыбинспекторе «С». По словам свидетельницы, при подготовке материала она проводила фотосъемку, после чего передала собранную информацию и проект статьи главному редактору.

Еще один эпизод связан с АО НК «Казахстан Темир жолы». Как сообщила свидетельница, поручение подготовить материал она получила от Бажкеновой, которая также предоставила ей исходные данные. По ее словам, экс-главред дала указания относительно ракурсов съемки и необходимости зафиксировать предполагаемые нарушения на железнодорожных путях.

При этом, как пояснила свидетельница, у нее возникли сомнения относительно дальнейшей публикации материала, поскольку предполагаемых нарушений обнаружено не было. Об этом она сообщила экс-главе Orda.kz. Тем не менее впоследствии материал был отредактирован и опубликован со значительными изменениями.

Также свидетельница дала показания по эпизоду, связанному с ТОО «ECSAD». По ее словам, исходные материалы были получены от неустановленного источника. После подготовки записи она передала ее Бажкеновой, после чего материал был опубликован.

После публикации компания разместила опровержение. Как сообщила свидетельница, она предложила дополнительно проверить опубликованную информацию, на что получила отказ от Бажкеновой.

Напомним, что подсудимая Г.Бажкенова обвиняется в совершении уголовных преступлений, связанных с присвоением и растратой вверенного имущества в особо крупном размере, незаконной предпринимательской деятельностью и распространением заведомо ложной информации.

The post «Не имела доступа к размещению публикаций и выполняла поручения Бажкеновой – экс-корреспондент Orda.kz Дуйсенова appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Жаңа жобалар, инвестициялар және өнеркәсіптік коопреация. Ташкентте Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумы өтті
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған үш күндік жұмыс сапарының екінші күні Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды дамытуға, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, өндірістік кооперацияны нығайтуға және экономикалық өсудің жаңа бағыттарын айқындауға арналды.

Сапардың екінші күніндегі басты оқиғасы – Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумы. Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының, бизнес қауымдастығының, салалық қауымдастықтардың, даму институттарының және кәсіпкерлерінің өкілдерін бір алаңға жинады.

Форумға қатысушыларға «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов, Өзбекстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Даврон Вахабов және Өзбекстанның салалық бірлестіктерінің басшылары құттықтау сөз сөйледі.

Форум барысында Қанат Шарлапаев мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтардың және даму институттарының өкілдеріне Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын таныстырып, бүгінде өңірлік экономикалық интеграцияның басты қозғаушы күштерінің бірі кәсіпкерлік қауымдастық екенін атап өтті.

Оның айтуынша, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа инвестициялық жобалар, бірлескен өндірістер, сауда байланыстарын кеңейту және бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастыру арқылы нақты мазмұнмен толығуына жүйелі түрде ықпал етіп келеді.

Қанат Шарлапаев Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге барлық алғышарттарға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, өзара іс-қимылдың келесі кезеңі бірлескен инвестицияларға, заманауи өндірістік тізбектерді қалыптастыруға және жоғары технологиялық салаларды дамытуға негізделуі тиіс.

Бұл үрдісті экономикалық көрсеткіштер де растайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 16,2%-ға өсіп, 4,8 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстан экспорты 24,6%-ға артып, 3,52 млрд АҚШ долларын құрады. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айында өзара сауда көлемі 2,3 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,2%-ға ұлғайды. Бүгінде Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азия елдерімен саудасының 55%-дан астамын қамтамасыз етеді. Бұл екі ел экономикасының өзара толықтырушы сипатын және ынтымақтастық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы ынтымақтастықтың келесі кезеңінде өндірістік кооперацияны кеңейтуге басымдық берілуі тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің кәсіпорындары өзара сауданы дамытумен қатар, жоғары қосылған құны бар өнімдерді бірлесіп өндіруге бағытталуы қажет.

Бірінші бағыт – кәсіпорындардың шикізат ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз етудің ашық тетіктерін қалыптастыру және металлургия, химия өнеркәсібі, полимерлерді өңдеу, сондай-ақ тұйық циклді экономика жобалары бойынша ынтымақтастықты кеңейту.

Екінші бағыт – көлік-логистикалық инфрақұрылым мен сыртқы сауда рәсімдерін цифрландыру. Басым міндеттердің қатарында цифрлық «бір терезе» жүйесін жедел енгізу, теміржол логистикасын жетілдіру, кедендік және фитосанитариялық бақылауды оңтайландыру, сондай-ақ трансшекаралық сауда үшін қолайлы жағдай жасау бар.

Үшінші бағыт – өзара инвестицияларды ұлғайту, бірлескен өндірістерді іске қосу және энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу өнеркәсібі сияқты басым салаларда өндірісті оқшаулау (локализация) жобаларын қолдау.

Форумның практикалық нәтижелерінің бірі – ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі. Өзбекстанның Glasfit Energy компаниясы мен «Қазақстандық арматуралық-оқшаулағыш зауыты» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды. Құжат жоғары вольтты электр жеткізу желілеріне арналған өнімдерді жеткізу саласындағы ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға, өндірістік кооперацияны кеңейтуге және қазақстандық өнімнің Өзбекстан нарығына жеткізілім көлемін ұлғайтуға бағытталған.

Іскерлік бағдарламаның екінші күні аясында қазақстандық делегация Өзбекстанның жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарын – Zelal Textile тоқыма компаниясын, ARCA Mebel жиһаз орталығын, TEXNOPARK өнеркәсіп кешенін және CRAFERS кондитерлік фабрикасын аралады. Кездесулер барысында тараптар кәсіпорындардың өндірістік әлеуетімен танысып, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, технологиялар алмасу және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Форум Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері арасындағы B2B форматындағы кездесулермен аяқталды. Келіссөздер жаңа серіктестер табуға, бірлескен жобаларды талқылауға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік беретін тиімді алаң болды.

Форум қорытындысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Палата, Өзбекстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы және екі елдің уәкілетті мемлекеттік органдарының қатысуымен тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық жұмыс тобын құруды ұсынды. Сонымен қатар тарифтік, шикізаттық және кедендік тетіктерді үйлестіру жөніндегі бірлескен жол картасын әзірлеу, сондай-ақ екі ел арасындағы тауар қозғалысының кедергісіз жүзеге асуын қамтамасыз ететін цифрлық сервистерді жедел енгізу ұсынылды.

Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумы екі елдің іскерлік қауымдастықтары арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, стратегиялық әріптестікті жаңа инвестициялық жобалар, бірлескен өндірістер, ұзақ мерзімді келісімшарттар және орнықты өндірістік кооперация арқылы нақты нәтижелерге ұластыруға дайын екенін көрсетті.

The post Жаңа жобалар, инвестициялар және өнеркәсіптік коопреация. Ташкентте Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумы өтті appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Жетінші арнада саяси партиялардың қатысуымен өткен сайлауалды телевизиялық дебат аяқталды
АСТАНА, 5 тамыз 2026 жыл – Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдерінің қатысуымен өткен телевизиялық сайлауалды дебат өз мәресіне жетті. Білім беру жүйесін дамыту тақырыбына арналған ауқымды пікірталас Жетінші арнаның тікелей эфирінде көрсетілді.

Теледебатқа «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», Қазақстан Халық партиясы, «Ауыл», «Ақ жол» және Respublica партияларының өкілдері қатысты. Эфир барысында олар білім беру саласын дамытуға қатысты сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және негізгі басымдықтарын ұсынды.

Дебат басталар алдында тікелей эфирде қатысушылардың сөз сөйлеу ретін анықтайтын ашық жеребе тарту рәсімі өтті. Жоба төрт кезеңнен тұрды. Партия өкілдері сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырып, білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды, бір-біріне сұрақ қойып, көрермендердің сауалдарына жауап берді және сайлаушыларға қорытынды үндеулерін жолдады.

Пікірталас барысында білім беру жүйесін цифрландыру, жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту, білікті жұмысшы кадрларды даярлау, экологиялық мәдениетті дамыту, ауыл жастарын қолдау бағдарламаларын жетілдіру, педагогтердің мәртебесін арттыру және қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.

Кезеңдер арасындағы үзілістерде Жетінші арнаның арнайы студиясында саясаттанушылар мен білім беру саласының сарапшылары партиялардың ұсыныстарын талдап, пікірталасқа кәсіби баға берді.

Онлайн дауыс беру қорытындысы

Эфир бойы көрермендер QR-код арқылы ұйымдастырылған онлайн дауыс беруге қатысып, «Қай партия спикерінің сөзі сізге көбірек ұнады?» деген сұраққа жауап берді.

Онлайн дауыс беруге 73 628 көрермен қатысты.

Қорытынды нәтиже төмендегідей болды:

«Әділет» партиясы – 45,48 %;

«Ауыл» партиясы – 15,58 %;

Respublica партиясы – 12,01 %;

ЖСДП – 9,71 %;

«Ақ жол» партиясы – 7,98 %;

Қазақстан Халық партиясы – 6,96 %;

«Байтақ» партиясы – 1,58 %;

«Ешқайсысын қолдамаймын» – 0,70 %.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, телевизиялық дебат саяси партиялар, сарапшылар қауымдастығы және сайлаушылар арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Интерактивті формат көрермендерге пікірталасты тамашалап қана қоймай, сұрақ қойып, пікір білдіруге және онлайн дауыс беру арқылы өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік берді.

Теледебаттың толық жазбасы, эфирдің үздік сәттері, сахна сыртындағы эксклюзивті материалдар және қосымша бейнематериалдар Жетінші арнаның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

Телевизиялық дебат Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, Жетінші арнаның тікелей эфирінде көрсетілді.

The post Жетінші арнада саяси партиялардың қатысуымен өткен сайлауалды телевизиялық дебат аяқталды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Жетінші арнада» сайлауалды теле дебаттың аралық дауыс беру нәтижесі жарияланды
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан сайлауалды телевизиялық дебаттар жалғасуда. Тікелей эфирді «Жетінші арна» көрсетуде. Дебат барысында көрермендер QR-код арқылы онлайн дауыс беріп, аралық нәтижелер жарияланды.

Дебаттың алғашқы кезеңдерінде партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, білім беру жүйесін дамытуға қатысты бастамаларын ұсынды. Қазіргі уақытта қатысушылар бір-біріне сұрақ қойып, бағдарламалардағы басымдықтар, оларды іске асыру тетіктері және мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасуда.

Партиялардың негізгі ұсыныстары

«Әділет» партиясының өкілі Рауан Кенжеханұлы білім беру жүйесін цифрландыруға бағытталған бастамаларды таныстырды. Партия жасанды интеллектіні білім беру саласына кеңінен енгізуді, жеке деректерді қорғауды, цифрлық қауіпсіздікті күшейтуді және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруды ұсынады. Сондай-ақ алдағы бес жылда 5 миллион қазақстандықты цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дағдыларына оқыту жоспары ұсынылды.

Respublica партиясының өкілі Мейрамгүл Мәдәлі жоғары білімнің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беретінін айтты. Партия шетелдік талапкерлерге арналған цифрлық қабылдау жүйесін енгізуді, қос дипломды бағдарламаларды кеңейтуді, білім экспортын дамытуды, тәуелсіз аккредиттеу жүйесін жетілдіруді және жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін кеңейтуді ұсынды.

ЖСДП өкілі Максут Насибулов жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, тегін жоғары білім беру популистік бастама емес және мұндай тәжірибе Еуропаның бірқатар мемлекетінде сәтті жүзеге асырылып келеді. Партия білім алу мүмкіндігі азаматтардың қаржылық жағдайына тәуелді болмауы тиіс деп есептейді.

«Байтак» партиясының өкілі Аслан Байзаханов экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, экологиялық ағарту жұмыстары балабақшадан бастап мемлекеттік басқару жүйесіне дейін үздіксіз жүргізілуі қажет. Сонымен қатар партия 150 мыңнан астам адамды қамтыған экологиялық сауаттылық бағдарламаларын жүзеге асырғанын мәлімдеді.

Қазақстанның Халық партиясының өкілі Бейбіт Құсайынов колледждерді бейінді жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына беру бастамасын ұсынды. Оның пікірінше, бұл студенттердің өндірістік тәжірибеден өтіп, оқуын аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді және жұмысшы кадрлар тапшылығын азайтуға ықпал етеді.

«Ауыл» партиясының өкілі Шахмардан Байманов «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының орындалуын бақылауды күшейтуді ұсынды. Сонымен бірге ауылдық квота арқылы оқуға түскен түлектер оқуын аяқтағаннан кейін туған ауылдарына барып еңбек етуі тиіс екенін атап өтті.

«Ақ жол» партиясының өкілі Дулат Тастекей педагогтердің еңбек жағдайын жақсарту мен жалақысын көтеру қажеттігін айтты. Сондай-ақ партия білім беру және әлеуметтік саясат саласындағы заңнамалық бастамаларды жүйелі түрде ұсынып келе жатқанын жеткізді.

Онлайн дауыс берудің аралық нәтижелері

Тікелей эфир барысында көрермендерге «Қай партия өкілінің сөзі өтімді?» деген сұрақ қойылып, QR-код арқылы дауыс беру ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытқа дейін 30 842 көрермен онлайн дауыс беруге қатысқан.

Аралық нәтижелер төмендегідей:

«Әділет» партиясы – 42,53 %;

ОСДП – 9,57 %;

«Байтак» партиясы – 1,32 %;

Қазақстанның Халық партиясы – 10,13 %;

«Ауыл» партиясы – 17,58 %;

«Ақ жол» партиясы – 7,22 %;

Respublica партиясы – 10,88 %;

«Ешқайсысын қолдамаймын» – 0,77 %.

Онлайн дауыс беру тікелей эфир аяқталғанға дейін жалғасады. Қорытынды нәтижелер телевизиялық дебаттар аяқталғаннан кейін жарияланады.

The post «Жетінші арнада» сайлауалды теле дебаттың аралық дауыс беру нәтижесі жарияланды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Астанада жеті саяси партияның қатысуымен теле дебат басталды
Жетінші арнада саяси партиялардың қатысуымен телевизиялық сайлауалды дебаттар басталды

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен телевизиялық сайлауалды дебат басталды.

Жоба тікелей эфирде «Жетінші арнада» көрсетіліп жатыр. Дебаттар басталар алдында саяси партиялардың өкілдері өз жақтастарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ«Жетінші арнаның» тікелей эфирінде қатысушылардың сөз сөйлеу кезегін анықтайтын ашық жеребе тарту рәсімі өтіп, оның қорытындысы бойынша дебаттағы сөз сөйлеу реті белгіленді.

Дебаттардың негізгі тақырыбы – білім беру жүйесін дамыту.

Жоба интерактивті форматта өтіп, Қазақстандағы жеті саяси партияның өкілдерін біріктірді:

1. Respublica партиясы – Мейрамгүл Мадали;

2. «Ақ жол» партиясы – Дулат Тастекей;

3. ЖСДП – Максут Насибулов;

4. «Әділет» партиясы – Рауан Кенжеханұлы;

5. «Байтақ» партиясы – Аслан Байзаханов;

6. «Ауыл» партиясы – Шахмардан Байманов;

7. Қазақстанның Халық партиясы – Бейбіт Құсайынов.

Дебаттар төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде партия өкілдері өздерінің сайлауалды

бағдарламаларын таныстырып, ашық пікірталасқа қатысады.

Екінші кезең білім беру жүйесін дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылауға арналған.

Үшінші кезеңде қатысушылар студиядағы көрермендердің сұрақтарына жауап береді. Соңында сайлаушыларға қорытынды үндеу жасайды.

Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – көрермендердің белсенді қатысуы. Тікелей эфир барысында QR-код арқылы онлайн дауыс беру ұйымдастырылған. Көрермендер «Қай партия өкілінің сөзі өтімді?» деген сұраққа жауап бере алады. Дауыс берудің аралық нәтижелері екінші кезеңнен кейін, ал қорытындысы тікелей эфир соңында жарияланады.

Телевизиялық дебаттың тікелей трансляциясы «Жетінші арнаның» эфирінде, сондай-ақ арнаның ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында көрсетіліп жатыр.

Тікелей эфир сілтемелері:

https://www.youtube.com/@TheSevenNews

https://www.youtube.com/@TheSevenChannel

https://www.tiktok.com/@tv7_kz

https://www.facebook.com/tv7kz

https://t.me/tv7_kaz

The post Астанада жеті саяси партияның қатысуымен теле дебат басталды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Жаңа адамдар және Дала Қырандары жастар ұйымдарының өкілдерімен Адал азамат мектебінің екінші кездесуін өткізді
Астанада Жаңа адамдар және Дала Қырандары Қозғалыстары іске қосқан Әділет партиясының кадрлық резерві — Адал азамат мектебінің екінші кездесуі өтті. Кездесуге өз саласы арқылы азаматтық белсенділік танытып жүрген түрлі бағыттағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар білім, спорт, мәдениет және медицина салаларындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында азаматтық белсенділік әртүрлі қырынан талқыланды. Қатысушылар адам капиталын дамыту, креатив, тәртіп пен саясаттың қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты. Әртүрлі тақырып қозғалғанымен, барлық спикерлер Адал азамат мектебінің бастамасын қолдайтындарын және оның мақсат-міндеттерімен бірге жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді. Олардың ойлары мектептің негізгі қағидаттары мен бағдарламасымен үндесіп, жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыру идеясын қолдады.

Екінші кездесуде белсенділер мен қонақтар бір-бірінің қызмет бағыттарымен танысты.

Қазақстан ұлттық брейкинг құрамасының аға жаттықтырушысы Жеңіс Шерхан шәкірттерін таныстырып, олар көрермендерге брейк-данстан арнайы көрсетілім ұсынды.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу жөніндегі Халықаралық ғылыми-өндірістік травматология және ортопедия орталығының маманы, медициналық волонтерлік жобалардың қатысушысы Аружан Маштай еліміздегі медицинаның дамуы туралы баяндады.

Серік Өмірбаев — Жас Барыс спорт клубының өкілі, дзюдо және қазақ күресінен спорт шеберлігіне кандидат, қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері және Ерсаян Жанат — дзюдодан спорт шеберлігіне кандидат, қазақ күресінен спорт шебері, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионы қатысушыларға қазақ күресі мен дзюдоның бірнеше әдісін көрсетті.

Қазақстанның STREET WORKOUT and STREETLIFTING федерациясының өкілі Рамазан Омаров шәкірттерімен бірге street workout элементтерін таныстырды.

ZEIN COMPANY компаниясының негізін қалаушы Зейн Жақитов BMX-фристайлдағы шеберлігін көрсетіп, әсерлі трюктер орындады.

Қазақстан Республикасының спорт шебері, баскетболдан (5х5 және 3х3) Қазақстан чемпионы, баскетбол функционері, Jump Astana жобасының жетекшісі Исмаил Бимендин өз тәрбиеленушілерін таныстырды. Бүгінде олар Жаңа адамдар баскетбол командасының құрамында өнер көрсетеді.

Кездесу спорт, медицина, саясат, мәдениет және азаматтық бастамалар саласындағы белсенді азаматтарды бір алаңға тоғыстырды. Адал азамат мектебінің басты мақсаты — түрлі бағыттағы жастарды біріктіріп, олардың тәжірибесін тоғыстыру, өзара ынтымақтастықты дамыту және Әділетті Қазақстанды бірге құру жолында жаңа мүмкіндіктерге жол ашу.

The post Жаңа адамдар және Дала Қырандары жастар ұйымдарының өкілдерімен Адал азамат мектебінің екінші кездесуін өткізді appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Партиялар өңірлерді аралады: олар дәрігерлермен, жұмысшылармен, фермерлермен және студенттермен не туралы сөйлесті?
Елордада сайлау стратегиялары талқыланып жатқанда, өңірлерде ветеринариялық станциялар, аяқкиім фабрикалары мен тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау сияқты күнделікті мәселелерге толы өмір жалғасуда. Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қай өңірлерге барып, тұрғындармен қандай тақырыптарды талқылағанына шолу жасаймыз.

«Әділет» партиясы студенттермен, оқытушылармен, кәсіпкерлермен және креативті индустрия өкілдерімен тікелей диалог жүргізу тактикасын таңдады. Қостанай облысының Боровское ауылында кандидат Еділ Хамза жергілікті тұрғындармен кездесіп, өңір үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал Батыс Қазақстан облысында тұрғындар, кәсіпкерлер, шығармашылық сала өкілдері, жастар мен еңбек ұжымдарымен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу мәселелерін талқылады. Бұл тақырыптар ауқымды саяси мәлімдемелерден гөрі қарапайым көрінгенімен, әрбір тұрғынның өміріне тікелей қатысты. Таныстырылымға экологтер, мүлік иелері бірлестіктерінің өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар Құрылтай депутаттығына кандидат Анаргүл Әбенова жер үлесі иелерімен кездесіп, жер қатынастарына қатысты мәселелерді талқылады.

«Байтақ» партиясы әртүрлі өңірлерде экологиялық ұйымдар мен кәсіпорындар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіп, табиғатты қорғау саласының сарапшы мамандары қатысқан талқылау ұйымдастырды. Кездесулердің күн тәртібіне қарағанда, партия қоршаған ортаны қорғау мәселесін басты назарда ұстап отыр.

Қазақстанның Халық партиясы әлеуметтік саясат мәселелерін күн тәртібіне шығарды. Астанада кандидаттар Ләззат Ақтаева мен Нұржан Бияқаев қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына барып, дәрігерлер мен фельдшерлермен кадр тапшылығы, еңбек жағдайы және шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру мәселесін талқылады. Кездесу барысында жедел жәрдем қызметінің жұмысы, кадрлық қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы және шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесі қамтылды.

«Ауыл» партиясының өкілдері партия төрағасы Қайрат Айтуғановтың бастауымен Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ветеринариялық қызметтің жұмысына қатысты мәселелер талқыланып, саланың қызметіне қатысты өзекті мәселе көтерілді.

«Ақ жол» демократиялық партиясы өндіріс орындарын аралау бағытын таңдады. Таразда партия төрағасы Дания Еспаева «ТаразКожОбувь» кәсіпорнына барып, жұмысшылармен өндіріс цехында жүздесті. Ал Атырауда кандидат Ермекқали Юсупов ITC WEST логистикалық орталығында болды. Еңбек ұжымдарымен кездесулер Жамбыл, Атырау, Ұлытау облыстарында, Қостанай мен Шымкентте де өтті. Партия өкілдері еліміздің өзге өңірлерінде де тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырды. Сонымен қатар «Ақ жол» кандидаттары Respublica партиясы өкілдерінің мәлімдемесіне пікір білдірді. Мәжілістің бұрынғы депутаты Меруерт Қазбекова экс-депутат Олжас Көпбековтің депутаттық сауалдарға қатысты мәлімдемесіне өз көзқарасын білдірді.

Respublica партиясы төрағасының орынбасары Жанат Ысқақов ТМД халықаралық байқаушылар миссиясының өкілдерімен кездесті. Тараптар сайлау науқанына дайындықты, сайлауалды штабтың жұмысын, үгіт-насихат жүргізу ерекшеліктерін, цифрлық платформаларды пайдалануды, сондай-ақ партиялық тізімді жасау мен кандидаттарды іріктеу мәселелерін талқылады. Халықаралық байқаушылар миссиясының өкілдері өз кезегінде  жұмыстың қағидаттары мен әдістері туралы айтып берді. Түркістанда партия басшылығының, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың және партия жақтастарының қатысуымен форум өтті. Форум барысында әлеуметтік-экономикалық күн тәртібі, заңнама және өзге де мәселелер талқыланып, партия өкілдері қатысушылардың сұрағына жауап берді. Сонымен қатар Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Қазақстанның Халық партиясының бұрынғы төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың мәлімдемесіне пікір білдіріп, партияның бұл мәселеге қатысты бұдан ары жария пікірталасқа қатыспайтынын айтты.

Осылайша, партиялар өздерінің дәстүрлі бағыттары бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Бірі экология мен әлеуметтік сала мәселелеріне басымдық берсе, енді бірі өндіріс орындары мен өңірлерде халықпен тікелей диалог орнатуға назар аударды. Сонымен қатар сайлау науқанының тағы бір қыры – партиялардың бір-бірін сынауы, қарсы тараптың мәлімдемелеріне жауап беруі және өз ұстанымдарының ара-жігін айқындауға ұмтылысы қатар өрбіп жатыр.

The post Партиялар өңірлерді аралады: олар дәрігерлермен, жұмысшылармен, фермерлермен және студенттермен не туралы сөйлесті? appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Қазақмыс» Қазақстандағы ең терең шахта оқпанының құрылысына кірісті
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС соңғы жылдардағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірін іске асыруға кірісті. Компания Қарағанды облысындағы «Нұрқазған» кен орнының Шығыс учаскесінде «Ауа жеткізуші-клет-2» шахта оқпанының құрылысын бастады. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 32,5 млрд теңгеден асады.

Жаңа оқпанның жобалық тереңдігі 1 283,9 метрді құрайды. Бұл Қазақстандағы ең терең шахта оқпаны болады. Аталған нысанның құрылысы кен орнының Шығыс учаскесін игерудегі маңызды кезең саналады және «Қазақмыс» Тобына қарасты ең ірі тау-кен өндіруші кәсіпорындардың бірінің одан әрі тұрақты дамуына серпін береді.

Құрылыстың басталуына арналған салтанатты рәсімге «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков, Басқарма төрағасының орынбасары – тау-кен өндірісі және байыту жөніндегі бас операциялық директор Мұқан Үңгітбаев, бейінді құрылымдық бөлімшелердің басшылары, «Нұрқазған» кеніші мен мердігер ұйымның өкілдері қатысты.

«Бүгін біз «Нұрқазған» кенішінің алдағы бірнеше онжылдықтағы дамуын айқындайтын жобаны бастағалы тұрмыз. Бұл – адамдардың қауіпсіздігіне, өндірісті дамытуға және компанияның шикізаттық базасын нығайтуға бағытталған инвестиция. Жаңа шахта оқпаны кен орнының Шығыс учаскесін игеруге, кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және оның одан әрі дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Жаңа шахта оқпаны жерасты қазбасын таза ауамен қамтамасыз етуге, жұмыскерлер мен жабдықты қауіпсіз жеткізуге, сондай-ақ кен орнының Шығыс учаскесінде жаңа кен қорын ашуға мүмкіндік береді. Құрылыс барысында 65 мың текше метрден астам тау жынысын қазып шығарып, шахтаның қолданыстағы деңгейжиектерімен тоғыз түйісу құрылысын салу қажет.

Оқпанды үңгілеу жұмысын 2031 жылы аяқтау жоспарланған. Одан кейін нысанды технологиялық жабдықпен жарақтандыру кезеңі басталады. Оның аясында клетті көтергіш монтаждалып, бас желдеткіш қондырғысы мен жерасты қазбаларына берілетін ауаны жылытуға арналған модульдік жылу энергетикалық қазандығы салынады.

Шығыс учаскесін дамыту жұмысы екінші шахта оқпаны – «Желдеткіш-2» нысанының құрылысымен жалғасады. Компания аталған жобаға 2027 жылы кірісуді жоспарлап отыр. Құрылыс аяқталған соң жаңа оқпан шахтада пайдаланылған ауа ағынын сыртқа шығаруды, кеніштен резервтік шығу жолын және кен қорын қосымша игеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Екі оқпан бірлесіп кен орнының Шығыс учаскесін тиімді әрі қауіпсіз игеруге қажетті заманауи инфрақұрылым қалыптастырады.

«Нұрқазған» кен орны – «Қазақмыс» Тобының негізгі активтерінің бірі. Кен орнындағы мыс пен алтынның және күмістің расталған қоры тау-кен байыту кешенінің 40 жылдан астам тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал жаңа жобаны іске асыру кәсіпорынды одан әрі дамытуға және компанияның минералдық-шикізат қорын нығайтуға негіз болады.

The post «Қазақмыс» Қазақстандағы ең терең шахта оқпанының құрылысына кірісті appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады
Ұлыбританияның Legatum Institute сараптамалық орталығы Prosperity Index (Әл-ауқат индексі) рейтингінің жаңа шығарылымын жариялады. Рейтинг елдерді экономикадан бастап азаматтардың жеке бостандықтарына дейінгі ондаған көрсеткіш бойынша бағалайды.

Жаңартылған рейтингте Қазақстан әлем бойынша 66-орынға тұрақтады. Осылайша ел посткеңестік Орталық Азия мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды.

Аймақтағы өзге елдердің көрсеткіштері төменірек. Қырғызстан 87-орынға, Өзбекстан 94-орынға жайғасса, Түрікменстан 150-орынмен өңірдегі тізімді түйіндеді. Биыл Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқа мемлекеттердің арасындағы айырмашылық айтарлықтай ұлғайған.

Қазақстан осы рейтингке қатысқан жылдары ең жоғары 63-орынға көтерілген. Бұл – ел тарихындағы ең үздік нәтиже. Ал ең төменгі көрсеткіші 82-орын болған. Барлық бақылау кезеңіндегі Қазақстанның орташа көрсеткіші шамамен 72-орын деңгейінде.

Индекс нені бағалайды?

Prosperity Index үш негізгі бағыт бойынша қалыптастырылады. Бірінші бағыт ел экономикасы мен халықтың өмір сүру сапасын қамтиды. Екіншісі азаматтардың жеке бостандықтарының деңгейін бағалайды. Үшінші бағыт қоғамның жай-күйі мен әлеуметтік байланыстардың беріктігін саралайды.

Бағалау барысында денсаулық сақтау, білім беру, инвестициялық ахуал және басқа да ондаған көрсеткіш ескеріледі. Legatum Institute жыл сайын рейтингпен бірге Қазақстанға қатысты толық талдауды да жариялап отырады.

Халықаралық деңгейде мойындалған рейтинг

Legatum Institute экономика мен әлеуметтану салаларын ұштастыра зерттейтін беделді сараптамалық орталықтардың бірі саналады. Prosperity Index 2007 жылдан бері жарияланып келеді және бүгінде әлемнің 167 елін қамтиды.

Индекс әдістемесін Дүниежүзілік банк пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сарапшылары да өздерінің елдік шолуларын әзірлеу кезінде пайдаланады.

Қазақстанның көрсеткіші жақсарды

2011 жылдан бері Қазақстан рейтингте 17 сатыға көтерілді. Ең үлкен ілгерілеу денсаулық сақтау саласында байқалған. Сарапшылар бұл көрсеткіш бойынша соңғы онжылдықтағы өсім индекс санаттарының ішіндегі ең жоғары нәтижелердің бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ Legatum Institute сарапшылары Қазақстанның білім беру жүйесі мен экономикалық сапа көрсеткіштері бірнеше жылдан бері елдің басты артықшылықтарының қатарында тұрақты сақталып келе жатқанын мәлімдеді.

The post Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Үргенішке билеттер 37 000 теңгеден: FlyArystan тікелей рейстерге науқан жариялады
FlyArystan әуекомпаниясы Алматы – Үргеніш – Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерге арналған науқанның басталғанын хабарлайды. Арнайы ұсыныс аясында жолаушылар төрт күн ішінде әуебилеттерді тиімді тарифтермен сатып ала алады.

Билеттерді сату кезеңі 2026 жылғы 5-8 тамыз аралығында өтеді. Науқандық билеттермен 2026 жылғы 3 қыркүйек пен 15 қараша аралығында саяхаттауға болады.

Науқан аясында келесі тарифтер:

Алматы – Үргеніш – бір бағыттағы билет 38 000 теңгеден бастап;

Үргеніш – Алматы – бір бағыттағы билет 37 000 теңгеден бастап қолжетімді.

Арнайы бағамен ұсынылатын билеттерді әуекомпанияның ресми www.flyarystan.com сайтынан, FlyArystan мобильді қосымшасынан, сондай-ақ туристік агенттіктер арқылы сатып алуға болады. Көрсетілген баға базалық тариф бойынша есептелген және оған салмағы 7 кг-ға дейінгі және өлшемі 56 × 23 × 36 см болатын бір дана қол жүгін алып жүру кіреді.

Еске салайық, Алматы – Үргеніш бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Жаңа бағыт Үргеніш әуежайынан небәрі 30 шақырым жерде орналасқан, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген көне Хиуа қаласына, сондай-ақ Хорезм облысының басқа да туристік көрікті жерлеріне ыңғайлы қатынауға мүмкіндік береді.

The post Үргенішке билеттер 37 000 теңгеден: FlyArystan тікелей рейстерге науқан жариялады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Респонденттердің 89,4%-ы алдағы сайлау туралы хабардар –сауалнама нәтижелері
Қоғамдық саясат институты сауалнамасының нәтижелері 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы туралы халықтың хабардар болу деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Зерттеу деректеріне сәйкес, респонденттердің 89,4% алдағы сайлау туралы хабардар («Сіз 2026 жылғы 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтетіні туралы білесіз бе?»): 55,2% сайлау туралы толық хабардар екенін, тағы да 34,2% сайлау туралы естігенін, бірақ егжей-тегжейлі білмейтінін мәлімдеді.

Құрылтай сайлауы туралы хабардар болу деңгейі респонденттердің жас ерекшелігіне тікелей статистикалық тәуелді екені байқалады: респонденттің жасы ұлғайған сайын оның сайлау туралы хабардар болу деңгейі де арта түседі. Сайлау туралы хабардар болу деңгейі ауыл тұрғындары арасында жоғары.

Әлеуетті электоралды белсенділік көрсеткіші де азаматтардың дауыс беруге дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 72,3% Құрылтай сайлауына қатысуға ниетті екенін мәлімдеді («Сіз 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында дауыс беруді жоспарлап отырсыз ба?»). Сонымен қатар, респонденттердің 11,9% дауыс беруге қатысуды жоспарламайтынын мәлімдеді. Ал 15,8% әлі нақты шешім қабылдамаған, оның ішінде жауап беруге қиналған респонденттердің 0,5%-ы бар.

Әлеуетті электораттың басты ерекшеліктерінің бірі оның сабақтастығы болып отыр. Атап айтқанда, сайлауға қатысуға ниетті респонденттердің 87,6% 2026 жылғы 15 наурызда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға да қатысқан («Сіз төменде көрсетілген сайлау науқандарының қайсысына қатыстыңыз/дауыс бердіңіз?»). Бұл елдегі негізгі саяси науқандарға үнемі қатысатын азаматтардың тұрақты тобы қалыптасқанын көрсетеді.

Сайлауға қатысуға ниетті азаматтардың электоралдық таңдауы бойынша «Әділет» партиясы алда келеді. Аталған партияға респонденттердің 67,3% дауыс беруге дайын екенін білдірді («Сіз Құрылтай сайлауында қай партияға дауыс бересіз?»). Партияны қолдау деңгейі 36-60 жастағы респонденттер, ауыл тұрғындары арасында жоғары екені байқалады. Атап өтерлігі, осы партияны қолдайтындар сайлауға қатысуға ниетті респонденттер арасында шоғырланған.

Екінші орынға 6,2% нәтижесімен «Ауыл» партиясы орналасты. Әрі қарай «Respublica» – 5,5%, «Ақ жол» – 4,8%, ЖСДП – 4,3%, ҚХП – 3,9%, «Байтақ» – 1,1%  көрсеткіштерімен жайғасты.

Ал респонденттердің 1,6% барлық партияларға қарсымын деп дауыс беруді ниет етсе, 5,3% әлі шешім қабылдамағанын айтты.

Талдау нәтижелері партияны таңдауға ықпал ететін негізгі фактор («Жоғарыда көрсетілген партиялардың біріне дауыс беруіңізге негізгі себеп қандай?», респонденттің бірнеше жауап нұсқасын таңдау мүмкіндігі болды) –  оның бастамаларына берілетін оң баға екенін көрсетті, бұл жауапты  респонденттердің 44,4% таңдаған, екінші орында – респонденттердің белгілі бір партиямен тұрақты байланысты сезінуі ( «Мен – осы партияның жақтасымын» – 29,2%). Одан кейін «Қазақстанның келешегі осы партиямен байланысты» (25,3%) және «Партияның сайлаушылармен жұмыс істеу тәсілі маған ұнайды» (14,7%) деген пікір жиі кездеседі.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері азаматтардың алдағы Құрылтай сайлауына деген ынтасының жоғары деңгейде екенін және электоралдық жұмылдырудың жеткілікті дәрежеде қалыптасқанын көрсетеді.

Сауалнаманы Қоғамдық саясат институты 2026 жылғы 7-27 шілде аралығында ұлттық репрезентативті іріктеме негізінде жүргізді. Іріктеме көлемі – 18 жастан асқан 8000 респондент (17 облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары). Іріктеме қателігі – ±1,19%. Деректерді жинау әдісі – жаппай сауалнама (face-to-face). Қоғамдық саясат институты деректерді ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес ҚР Орталық сайлау комиссиясын 2026 жылғы 4 шілдедегі № KQ—26/14 жазбаша хабардар ету негізінде жариялайды.

The post Респонденттердің 89,4%-ы алдағы сайлау туралы хабардар –сауалнама нәтижелері appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

«Мұра жіптері»: Ә. Қастеев музейінде Батима Заурбекованың гобелен өнеріне арналған ауқымды көрме өтеді
Алматы қаласындағы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі қазақстандық суретші, Қазақстандағы ұлттық гобелен мектебінің негізін қалаушы Батима Заурбекованың туғанына 80 жыл толуына арналған «Мұра жіптері» атты көрменің ашылатынын хабарлайды. Көрме 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 8 қараша аралығында өтеді. Экспозицияда музей қорынан және суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған 80-нен астам туынды – гобелендер, кескіндеме және графика жұмыстары ұсынылады.

Гобелен – бейне қылқаламмен емес, тоқыма станогында жіп арқылы тоқылып жасалатын көркем кілем. Қазақстанда бұл өнер түрі XX ғасырдың екінші жартысында ерекше қарқынмен дамып, суретшілер дәстүрлі кілем тоқу мен киіз ою-өрнегін бейнелеу өнерінің жаңа бағыты ретінде жаңаша пайымдай бастады. Осылайша халықтық өрнек, ұлттық нақыш және заманауи кескіндеме тілін ұштастырған қазақстандық гобелен мектебі қалыптасты. Сол мектептің бастауында тұрған көрнекті тұлғалардың бірі – Батима Заурбекова.

Батима Заурбекова – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Оның жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылығы қазақстандық гобелен өнерінің дамуына айрықша ықпал етіп, ұлттық дәстүр мен заманауи көркемдік тілді табиғи үйлестіре білді.

Көрме Батима Заурбекованың шығармашылығын әлемдік мәдениет кеңістігі аясында таныстырып, оның негізгі идеялары мен көркемдік ізденістерін халықтық өнер және модернизм бағытындағы кескіндемемен сабақтастықта ашады.

«Мұра жіптері» көрмесінің экспозициясы үш зал арқылы өтетін көркем саяхат ретінде ұйымдастырылған.

Көрме бағыты музейдің тұрақты экспозициясынан басталады. Мұнда сәндік-қолданбалы өнердің таңдаулы үлгілері Батима Заурбекова шығармашылығының ұлттық көркемдік дәстүрмен сабақтастығын айқындай түседі. Павильонның қалың қабырғалары суретші туындыларында жиі көрініс табатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесін еске салады. Сонымен қатар бұл кеңістік үйдің, пананың және қасиетті мекеннің символына айналып, Заурбекова шығармашылығындағы адам мен табиғаттың тұтастығы, материал мен қолөнердің киелілігі сияқты басты тақырыптарды ашады.

Екінші залда стильдік тұрғыдан жақын туындылар бірнеше тақырыптық аймаққа топтастырылған. Әрбір аймақ суретшінің шығармашылық әлеміндегі белгілі бір бағытты бейнелейді. Кеңістіктің ашық құрылымы келушілерге өз бағытын еркін таңдауға мүмкіндік береді: шығармалар әртүрлі қырынан көрініп, жаңа үйлесімдерде қабылданады, ал музыкалық сүйемелдеу оларды түсінудің қосымша мәдени кілтіне айналады.

Көрменің соңғы бөлігінде әйел бейнесінің көпқырлылығы көрініс табады. Композицияның өзегінде төбеден ілінген шаңырақ орналасқан, оның айналасына ұлттық киімдегі қазақ аруларының портреттері қойылған. Бұл көркем шешім әйел бастауын өмір сабақтастығы мен ұрпақтар жалғастығы идеясымен байланыстыра көрсетеді.

Осы бөлімде келушілер суретші туралы деректі фильмді тамашалап, мұрағаттық фотосуреттермен таныса алады. Сондай-ақ арнайы оқу тоқыма станогында жұмыс істеп көріп, гобелен тоқу үдерісінің қыр-сырымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болады.

«Мұра жіптері» көрмесі дәстүрлі ретроспективалық көрме шеңберінен шығып, гобеленді бүгінгі күнмен үндесе алатын, көрерменмен өнер тілі арқылы сұхбат құратын заманауи әрі өміршең көркемдік медиум ретінде таныстыруды мақсат етеді.

Көрме кең аудиторияға арналған: өнертанушыларға, дизайнерлерге, сәулетшілерге, сондай-ақ дәстүрден тек тарихи мұра емес, қазіргі заманға сай көркемдік тіл іздейтін шығармашылық қауымдастық өкілдеріне қызықты болмақ.

Ондаған жылдар өтсе де Батима Заурбекованың гобелендері көрерменмен үй, жады және ұрпақтар сабақтастығы туралы сыр шертуді жалғастырып келеді. «Мұра жіптері» көрмесі – бүгінгі күнде де өмір сүруін тоқтатпаған өткенмен қауышуға мүмкіндік беретін ерекше мәдени оқиға.

The post «Мұра жіптері»: Ә. Қастеев музейінде Батима Заурбекованың гобелен өнеріне арналған ауқымды көрме өтеді appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді
2026 жылдың тамыз айында #АуылФутбол жобасы аясында ұйымдастырылатын балалар футболынан Halyk Open Cup республикалық турнирі өтеді. Биылғы жарыс жобаға бірнеше жыл бойы қолдау көрсетіп келе жатқан негізгі серіктес – Halyk қайырымдылық қорының 10 жылдығына орайластырылған.

Halyk қайырымдылық қоры #АуылФутбол жобасына 2023 жылы қолдау көрсете бастады. Содан бері қордың көмегімен 25-тен астам тегін турнир, соның ішінде үш республикалық чемпионат өткізілді. Осы қолдаудың арқасында еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген командалар жарыстарға тегін қатысып, спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілуде және жол шығындарын өтеуде көмек алуда.

Биыл Halyk Open Cup турниріне Қазақстанның ауылдық жерлердің 16 командасы қатысады. Жас спортшылар үшін бұл – тек жеңіс жолында бақ сынау ғана емес, сонымен қатар басқа өңірлерден келген құрдастарымен танысу, тәжірибе алмасу және үлкен футбол мерекесінің атмосферасын сезіну мүмкіндігі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар мен медальдарға, сондай-ақ командалық және жекелей спорттық сыйлықтарға ие болады.

«#АуылФутбол жобасы жеті жылға жуық уақыт бойы тек ауыл командаларына арналған турнирлерді ұйымдастырып келеді. Бұл балаларды қалалық және ауылдық топтарға бөлу әрекеті емес; біздің мақсатымыз – ауылдық балаларға қолдау көрсету. Ірі қалаларда жарыстар мен коммерциялық турнирлер тұрақты түрде өткізіліп тұрғанымен, ауыл командасы үшін тіпті бір реттік сапардың өзі айтарлықтай қаржылық және ұйымдастырушылық күш-жігерді талап етеді. Сондықтан да республикалық деңгейдегі әрбір турнир балалар үшін нағыз футбол мерекесіне және осы спорт түрімен айналысуды жалғастыруға деген үлкен ынталандыру көзіне айналады», – деп атап өтті #АуылФутбол жобасының авторы Серік Мәмбетов.

Бұқаралық спортты қолдау және балалардың әлеуетін дамыту — Halyk қайырымдылық қорының басты басымдықтарының бірі. Соңғы онжылдықта қор өңірлерді дамытуға ерекше назар аудара отырып, бүкіл ел аумағында жүздеген әлеуметтік бастаманы жүзеге асырды.

«Қазақстандық спортшылар халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып, жаңа буынға шабыт сыйлайды. Біз үлкен жеңістердің баланың спорттағы алғашқы қадамдарынан басталатынына сенеміз. Дәл сол себепті Қор дарынды балаларға өз әлеуетін ашуға көмектесетін жобаларға қолдау көрсетеді. Биыл Қорымыздың құрылғанына 10 жыл толып отыр. Біз бұл атаулы датаны балалармен, жаттықтырушылармен және Қазақстандағы жасөспірімдер спортын дамытуға күнделікті үлес қосып жүрген барша жандармен бірге атап өтуге қуаныштымыз. Бұл турнир қатысушыларға жарқын сәттер мен тартымды ойын сыйлап, өз күштеріне деген сенімді нығайта түссін», – деді Halyk қайырымдылық қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Қормен бірлескен жұмыс барысында #AuylFootball жобасы бірқатар ауқымды бастамаларды жүзеге асырды. Ел аумағында турнирлер өткізумен қатар, жоба ауыл жаттықтырушыларына арналған оқыту курстарын (Қазақстан футбол федерациясының оқу бағдарламасына негізделген және UEFA лицензиясын алуға мүмкіндік беретін) ұйымдастырды, өзінің #АуылФутболCoach білім беру бағдарламасын іске қосты, сондай-ақ 100-ден астам ауылдық команданы спорттық киімдер мен жаттығу жабдықтары сияқты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Қордың қолдауының арқасында ауылдық үздік командалар Астана, Алматы және шетелде өтетін беделді жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. 2025 жылы ауылдық команда алғаш рет Ташкенттегі халықаралық турнирге барды, сондай-ақ болашағынан үлкен үміт күттіретін жас футболшылар үшін оқу-жаттығу жиындары өткізілді.

Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты – жаттықтырушылар қауымдастығын дамыту болды. 2023 жылы ауылдық жерлердегі жаттықтырушылар мен талантты жас спортшыларды қолдау мақсатында Қазақстандағы алғашқы #АуылФутболAwards ұлттық сыйлығы тағайындалды. 2025 жылы елімізде ауыл футболы жаттықтырушыларының тұңғыш басқосуы өтіп, онда Қазақстанның барлық өңірінен келген мамандар бұқаралық спортты дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

#АуылФутбол жобасының операторы — «Арман Ауыл» жеке қорының президенті Айгерим Болаттың айтуынша, ауылдық жерлерде жасөспірімдер спортын табысты дамытуда бапкер жұмысы шешуші фактор болып қала береді.

«Жылдар өте келе біз жастар спортындағы басты ресурс – инфрақұрылымның өзі емес, балалармен күнделікті жұмыс істейтін маман екенін түсіндік. Спорт алаңын салып, команданы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге болады, алайда кәсіби білікті, ынталы әрі құрметке ие жаттықтырушы болмаса, тұрақты нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан ауылдық жерлердегі жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін арттыру – жобаның басты бағыттарының бірі. Осы көзқарасты қолдап, мамандарды оқыту ісіне тұрақты түрде демеушілік жасап келе жатқан Halyk қайырымдылық қорына шын жүректен алғыс айтамыз. Бұл – тек футболға ғана емес, сонымен қатар Қазақстан балаларының болашағына салынған инвестиция», – деп атап өтті Айгерим Болат.

Бүгінде #АуылФутбол жобасы Қазақстан бойынша 140-тан астам ауылдық футбол командасын біріктіріп, ауылдық жерлерде жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталған ауқымды қоғамдық бастамаға айналды; шағын жоба ретінде басталған іс бүгінде бүкіл елді қамтыған қозғалыс деңгейіне көтерілді. Бұл жетістікке қол жеткізуге 2023 жылдан бері сенімді серіктес ретінде ауыл жастарының футболын дамытуға тұрақты түрде қаржы бөліп келе жатқан Halyk қайырымдылық қорының жүйелі қолдауы зор үлес қосты.

Қордың қаржылық қолдауымен 2026 жылдың күзінде #АуылФутболCoach мектебі аясында бетпе-бет оқыту сабақтарын өткізу және Қазақстан жаттықтырушыларының екінші басқосуын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

The post Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар жоғары қызығушылық танытуда
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бүгін өткен отырыста 9 шет мемлекеттен және 4 халықаралық ұйымнан ұсынылған 155 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттері Қазақстанда өтетін Құрылтай сайлауына жоғары қызығушылық танытып отыр.

2026 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясына 9 шет мемлекеттен және 4 халықаралық ұйымнан 155 халықаралық байқаушының кандидатурасын аккредиттеуге ұсынған.

Олардың қатарында:

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан – 86 байқаушы;

ТМД Байқаушылар миссиясынан – 22 байқаушы;

ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан – 23 байқаушы;

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан – 6 байқаушы.

Сонымен қатар шет мемлекеттерден Ресей Федерациясынан 3 байқаушы ұсынылса, Әзербайжан, Армения, Иордания Хашимит Корольдігі, Қырғызстан, Молдова, Мьянма және Румыниядан әрқайсысынан екі өкіл, Украинадан бір кандидатура ұсынылды.

Аталған халықаралық миссиялардың құрамына Австрия, Әзербайжан, Албания, Беларусь, Бельгия, Босния және Герцеговина, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Қырғызстан, Латвия, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Польша, Ресей, Румыния, Солтүстік Македония, Словения, Тәжікстан, Түркия, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия және Швецияны қоса алғанда 29 елдің атынан 74 депутат кіреді.

Бұдан бөлек, Орталық сайлау комиссиясы аккредиттеген делегациялар құрамында шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының 12 делегациясы бар. Оның ішінде Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Пәкістан және Ресейдің орталық сайлау комиссияларының төрағалары келеді. Сондай-ақ Тәжікстан, Түркия және Өзбекстанның орталық сайлау органдарының басшылары да сайлауды байқауға қатысатынын растады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бүгінгі күнге дейін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан барлығы 251 халықаралық байқаушы аккредиттелді. Аккредиттеу жөніндегі жаңа ұсыныстардың келіп түсуіне қарай халықаралық байқаушылардың тізімі толықтырылып отырады.

The post Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар жоғары қызығушылық танытуда appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Дауыс үшін тартыс жалғасуда: партиялар не ұсынып отыр?
Бірі таңғы жүгіруге шықса, енді бірі қоғамдық тыңдау өткізіп, ауыл-аймақты аралап жүр. Ал кей партиялар кәсіпкерлердің мәселелерін талқылап, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесуде.

«Әділет» өңірлік сапарын жалғастыруда: басты назарда – ауылды дамыту және әділетті қоғам

«Әділет» партиясының өкілдері «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені аясында өңір тұрғындарымен кездесулерін жалғастырды. Бұл жолы партия өкілдері Солтүстік Қазақстан облысына барып, ауыл тұрғындарымен жүздесіп, елді мекендердегі ең өзекті мәселелерді талқылады. Кездесулер қорытындысында тұрғындар ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты 100-ге жуық ұсыныс айтты.

Спортшылармен, еңбек ұжымдарымен және туризм саласының өкілдерімен өткен кездесулерде параспортшыларды қолдау, балалар және бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарын салу, ауыл жаттықтырушыларына грант бөлу, сондай-ақ ArtSport және Damubala бағдарламаларын қаржыландыру мәселелері көтерілді.

«НОВОПЭК» кәсіпорнында партия өкілдері отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және инвестиция тарту жоспарларына тоқталды. Сондай-ақ экономикадағы орта бизнестің үлесін қазіргі 7%-дан 20%-ға дейін арттыру көзделіп отырғанын мәлімдеді.

Бурабай ауданында туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, инфрақұрылымды жаңғырту, балалардың сауықтыру орталықтарын қолдау, экотуризм мен агротуризмді өркендету, отбасылық қонақүйлер мен жергілікті өндірушілерге қолдау көрсету жайы сөз болды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында табиғатты қорғау мәселесіне де ерекше назар аударылды.

Партия өкілдерінің айтуынша, өңірлік сапар барысында тұрғындардан жиналған ұсыныстар алдағы жұмыста ескерілмек.

Кешке «Әділет» партиясының мүшелері «Жеңіс» – «Елімай» футбол матчын тамашалап, командаларға қолдау білдірді. 700-ге жуық белсенді көпшілікпен бірге футбол мерекесінің көрігін қыздырды.

ОСДП-ның азаматтық тыңдауы: ТКШ реформасынан кибералаяқтықпен күреске дейін

ОСДП төрағасы Асхат Рахымжанов бастаған партия өкілдерінің кездесулері Қарағандыда өткен азаматтық тыңдаудан басталды. Іс-шараға қала тұрғындары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.

Талқылаудың өзегіне қарағандылықтарды күнделікті толғандыратын мәселелер арқау болды. Атап айтқанда, коммуналдық саланың жұмысы, кибералаяқтықтың көбеюі және өнеркәсіптік өңірдегі экологиялық ахуал сөз болды.

Кандидаттар ұсынған бастамалардың қатарында тарифтер, күрделі жөндеу және тұрғындардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын ТКШ және МИБ бойынша жеке палата құру бар. Сонымен қатар интернет-алаяқтықпен күрес шараларын күшейту және ауа мен судың жай-күйі туралы мәліметтерге ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету ұсынылды.

Партия өкілдері Қарағанды тұрғындарымен де кездесіп, лайықты еңбек жағдайы, қала инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

«Байтақ» партиясы экологиялық бағытты жалғастыруда

«Байтақ» жасылдар партиясы экологиялық бастамаларын ілгерілетуді жалғастырып, сайлауалды науқанын таңғы марафоннан бастады.

Партия ұйымдастырған марафонның алғашқы аялдамасы Арал болды. Экологиялық қозғалыс белсенділері табиғат алдындағы жауапкершілікті басты ұстаным ретінде алға тартып отыр.

Келесі қадам – «Биік мақсат – мықты команда» атты акцияның басталуы. Құрылтай депутаттығына кандидат Ұлан Мұсаев пен оның пікірлестері таза Қазақстан жолындағы ортақ мақсат төңірегінде бас қосты.

Үгіт-насихат кезеңінде «Байтақ» партиясы таза ауа мен судың маңызын, сондай-ақ адам денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтауды насихаттауға басымдық беріп отыр.

Қазақстан Халық партиясының басымдықтары

Қазақстан Халық партиясының өкілдері spina bifida диагнозы бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелеріне назар аударды. Кандидаттар Болат Смағұлов, Ильяс Болатович және Виктор Поднебесный «Spina Bifida» қоғамдыққорының өкілдерімен кездесті.

Ата-аналар күнделікті кездесетін қиындықтары туралы айтып берді. Олардың қатарында медициналық көмек пен оңалту қызметтерін алу, қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілу және әлеуметтік қолдауға қол жеткізу мәселелері бар.

Кездесу барысында тараптар балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жүйелі шешімдерді талқылады.

Фермерлер, жастар және қымыз: «Ауыл» партиясы ауыл тұрғындарын несімен таңғалдырды?

«Ауыл» партиясы ауыл тұрғындарымен тікелей диалогты жалғастыруда. Бұл жолы партия төрағасы Қалижан Айтуғанов Құрылтай депутаттығына кандидаттармен бірге Ақмола облысындағы Үлгі ауылының тұрғындарымен кездесті.

Партия өкілдері сайлауалды бағдарламасын таныстырып, фермерлерді қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және жастар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға басымдық берді.

Сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға және ауылдық отбасылардың табысын арттыруға бағытталған «Құс: ауладан дастарқанға дейін» жобасына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары жолдарды жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік қолдау және жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.

«Ақ жол» сайлауалды науқанын подкаст, велошеру және сайлаушылармен кездесулер арқылы жалғастыруда

«Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды жұмысын бірден бірнеше форматта жалғастырып жатыр. Партия Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қатысуымен өтетін подкасттар сериясын жариялады. Алғашқы қонақ – Юрий Ли. Ол қаржылық қауіпсіздік, микрокредиттеу және алаяқтықпен күрес мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А. Айболатовтың велошеруі жалғасуда. Батыс Қазақстан облысының тумасы әрі «Ақ жолды» қолдаушы азамат тұрғындардың аманат-тілектерін арқалап, Астанаға бет алған. Қазір ол Ақтөбе облысының Қобда ауданына жетті.

Ал партия атынан Құрылтай депутаттығына кандидат Андрей Линник Алматыдан Жамбыл облысының Меркі ауылына велосипедпен жолға шықты. Онда ол сайлауалды штабтың сайлаушылармен кездесулеріне қатысады.

Маңғыстау облысындағы партияның сайлауалды штабы да ерекше акция ұйымдастырды. Штаб өкілдері Қазақстанның Мемлекеттік туы мен «Ақ жол» партиясының туын көтеріп, ашық теңізге шықты. Партия бұл бастаманы алға нық қадам басудың, кәсіпкерлікті қолдаудың, әділетті экономика құрудың және ел үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашудың символы деп атады.

Сонымен бірге Қостанай мен Көкшетауда сайлаушылармен кездесулер өтіп, партия өкілдері тұрғындарды сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Respublica кәсіпкерлермен кездесуде төрт күндік жұмыс аптасына қатысты ұсынысты сынға алды

Respublica партиясы саяси қарсыластарының бастамаларына қатысты ұстанымын ашық білдіруді жалғастыруда. Бұл жолы ОСДП-ның төрт күндік жұмыс аптасына көшу туралы ұсынысы сынға ілікті.

Алматыда кәсіпкерлермен өткен бизнес-кездесуде Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Мақсат Кикимов мұндай бастама жұмыс берушілер үшін туындайтын экономикалық салдарды ескермейтінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жұмыс уақыты қысқарған жағдайда жалақыны бұрынғы деңгейде сақтау ұсынылып отыр, алайда бизнестің қосымша шығындарын кім және қалай өтейтіні түсіндірілмеген.

Кездесу кәсіпкерлермен ашық диалог форматында өтті. Жиын барысында бизнесті дамыту мәселелерімен қатар, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіретін қолданыстағы тосқауылдар да талқыланды.

The post Дауыс үшін тартыс жалғасуда: партиялар не ұсынып отыр? appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қазақмыс 6,7 млрд теңгеге тау-кен шахта жабдығының сенімділігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруда
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тау-кен шахта жабдығының сенімділігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруда. Осы мақсатта ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге, негізгі тораптарды қалпына келтіруге және кәсіпорындарды қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге компания қосымша 6,7 млрд теңге бағыттады.

Бөлінген қаражат жабдықтың техникалық дайындығын тиісті деңгейде ұстап тұруға, өндірістік үдерістің сенімділігін арттыруға және кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы қаржыландыру көлемінің 1,463 млрд теңгесін ағымдағы жөндеу жұмысына, ал 5,313 млрд теңгесін өздігінен жүретін тау-кен шахта жабдығының негізгі тораптарын күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге бағыттау көзделген.

Қаржыландырудың негізгі бөлігі – жалпы көлемнің 77%-ын құрайтын 5,2 млрд теңгесі – Жезқазған өңірінің кәсіпорындарына бағытталды. Балқаш өңіріне 835 млн теңге, Қарағанды өңіріне 725 млн теңге қарастырылған. Қаражат өндірістік жүктеме көлемін, пайдаланылатын техника санын және өңірлерде жөндеу бағдарламасын іске асыру қажеттілігін ескере отырып бөлінді.

Бағдарлама аясында тау-кен шахта жабдығының 216 торабын қалпына келтіру көзделген. Бүгінде 28 торап толық қалпына келтіріліп, 15 торап жаңасына ауыстырылды. Тағы 80 торап бойынша тапсырыс берілсе, 124 торапқа қатысты жұмыс қолданыстағы шарт сомасын ұлғайту аясында жүзеге асырылуда.

Жөндеу бағдарламасы белсенді кезеңге жетті. Қазіргі уақытта бөлінген қаражаттың 1,216 млрд теңгесі игерілді, тағы 4,797 млрд теңгесі жөндеу жұмысын орындауға бағытталды. Қалған қаражат ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жалғастыруға, тораптар мен қосалқы бөлшектер қорын толықтыруға, сондай-ақ жыл соңына дейін жөндеу бөлімшелерін қажетті материалмен қамтамасыз етуге жұмсалады.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-на тиесілі тау-кен шахта жабдығының паркі 747 техника бірлігін құрайды. Жабдықтардың техникалық дайындық коэффициенті (ТДК) 0,84 деңгейінде. Бұл жоспарлы көрсеткішке сәйкес келеді және өндірістік міндетті орындауға қажетті техниканың дайындық деңгейін және кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Жабдықтың сенімділігін арттыру – Қазақмыстың өндірістік активтерді жаңарту бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі. Компания жөндеу жұмысының көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтып, жөндеу инфрақұрылымын нығайтуда, сондай-ақ кәсіпорындарды қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етіп, техниканы қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға жағдай жасауда.

The post Қазақмыс 6,7 млрд теңгеге тау-кен шахта жабдығының сенімділігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруда appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Өскеменнің тұрғыны өзінің аты-жөні соғысқа қатысқандар тізімінде жарияланғаннан кейін Бас прокурорға жүгінді
Өскеменнің тұрғыны Андрей Котов Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловқа бейнеүндеу жолдады. Ол өзінің аты-жөні Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты делінген қазақстандықтардың тізіміне енген жарияланымға байланысты жағдайға назар аударуды сұрайды.

Котовтың айтуынша, ол ешқашан соғысқа қатыспаған. Осыған байланысты ол журналист Лұқпан Ахмедияровтың әрекетіне құқықтық баға беруді сұрап отыр.

Андрей Котовтың айтуынша, 2024 жылы Ахмедияров Instagram және YouTube желілерінде Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысқа қатысты делінген Қазақстан азаматтарының тізімін жариялаған. Котов сол тізімнен өзінің деректерін көргенін айтады.

«Мен бұл қарулы қақтығысқа да, соғысқа да қатысқан емеспін. Украинада ешқашан болмағанмын және бұл ақпаратты толығымен жоққа шығарамын. Бұл тізімге қалай кіріп кеткенімді білмеймін», – деді Котов бейнеүндеуінде.

Ер адамның айтуынша, жарияланым шыққаннан кейін оған полиция қызметкерлері келіп, қайда болғаны және қайда барғаны туралы сұрақтың астына алған. Котов құқық қорғау органдарына сұратылған барлық ақпаратты бергенін айтады.

Алайда Котовтың сөзінше, жарияланымның салдары оның күнделікті өміріне де әсер еткен. Оның отбасымен, достарымен, әріптестерімен және көршілерімен қарым-қатынасы нашарлаған. Енді ол айналасындағы адамдардың сұрақтарына жауап беріп, соғысқа қатыспағанын қайта-қайта дәлелдеуге мәжбүр екенін айтады.

Котовтың айтуынша, ол туралы ақпарат тиісті деңгейде тексерілмей таратылған. Сондай-ақ ол кейін Ахмедияровтың бейнежарияланымын көргенін айтады. Котовтың сөзінше, журналист онда нақты ол туралы айтылмағанын, әңгіме аты-жөні ұқсас басқа адам жайында болғанын мәлімдеген. Алайда Котов бұл пікірмен келіспейді. Өйткені оның айтуынша, жарияланған тізімдегі адамның аты-жөні мен туған күні оның деректерімен сәйкес келген.

Енді Өскеменнің тұрғыны Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловқа тікелей жүгініп отыр. Ол прокуратурадан болған жағдайдың мән-жайын анықтап, оған құқықтық баға беруді және тиісті шаралар қабылдауды сұрайды.

«Құрметті Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов, осы мәселеге назар аударып, тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймын. Лұқпан Ахмедияровты жауапқа тартып, заң аясында қатаң жазалауды сұраймын», – деді Андрей Котов өз үндеуінде.

The post Өскеменнің тұрғыны өзінің аты-жөні соғысқа қатысқандар тізімінде жарияланғаннан кейін Бас прокурорға жүгінді appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті
Туыстарымен арадағы қарым-қатынастың бұзылуы және жұмысынан айырылып қалу қаупі – Руслан Мұхамедов журналист Лұқпан Ахмедияровтың жарияланымынан кейінгі жағдайын осылай сипаттайды. Оның айтуынша, жарияланған материалда оның есімі Ресей тарапынан Украинаға қарсы соғысқа қатысып жүргендің тізіміне енгізілген.

Журналист Лұқпан Ахмедияровтың жарияланымынан өзінің деректерін тапқан Мұхамедов Бас прокурор мен Ішкі істер министріне бейнеүндеу жасады.

Бейнеүндеуінде ол журналист өзінің Украина мен Ресей арасындағы әскери қақтығысқа қатысқаны туралы тексерілмеген ақпарат таратқанын айтады. Мұхамедов мұны жоққа шығарып, Ресейге соғысқа қатысу үшін емес, тек жұмыс істеу үшін барып жүргенін мәлімдеді.

«Мен Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істеймін. Бұл жағдайға менің ешқандай қатысым жоқ», – дейді ол.

Мұхамедовтің айтуынша, ақпарат тарағаннан кейін оның беделіне нұқсан келген. Ол кейбір достарымен және туыстарымен қарым-қатынасы үзілгенін айтып, енді бұл жағдай жұмысына да кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды.

Мұхамедовтің ерекше наразылығын тудырған жайт – ақпараттың, оның пікірінше, тиісті деңгейде тексерілмей жариялануы. Бейнеүндеуінде ол Facebook желісінен оқыған жазбаға да тоқталып, сөз бостандығының шегі мен ақпарат таратқан адамның жауапкершілігі туралы пікір білдіреді.

«Сөз бостандығы тексерілмеген ақпаратты жариялауға құқық бермейді», – дейді Мұхамедов.

Оның басты талабы – өзінің деректері бұл тізімге қалай енгенін анықтап, журналист Лұқпан Ахмедияровтың әрекетіне құқықтық баға беру.

«Мен қылмыскер емеспін. Мен – адал атына нұқсан келген азаматпын. Осы журналисті заң бойынша қатаң жазалауды сұраймын», – деп Руслан Мұхамедов өз үндеуін аяқтады.

The post Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі
Қоғамдағы тәртіп пен өзара сыйластық ең алдымен адамныңкүнделікті мінез-құлқы мен мәдениетінен басталады. Сәлемдесу әдебі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, білімге ұмтылу — ғасырлар бойы халқымыздың рухани құндылықтарыныңнегізін құрап келеді. Бүгінде бұл мәселелер тек мемлекеттікдеңгейде ғана емес, діни ортада да кеңінен насихатталыпотыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қоғамдық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселесінеайрықша назар аударып келеді. Мемлекет басшысы жастардыбілім алуға, кітап оқуға, дүниетанымын кеңейтуге, заман талабына сай бәсекеге қабілетті болуға үнемі шақырады. Президенттің айтуынша, елдің ертеңі – білімді әрі тәрбиеліұрпақтың қолында. Бұл ұстаным қоғамның рухани дамуынабағытталған маңызды қағидалардың біріне айналды.

Мемлекет көтеріп отырған осы құндылықтарды діни қауым да қолдап, жұртшылық арасында әдептілік, білім жәнежауапкершілік тақырыптарын тұрақты түрде насихаттапкеледі.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Жұмабай Қуандықұлы мұсылманның сәлемдесу әдебішариғатта нақты көрсетілгенін атап өтеді.

«Екі ер адам бір-бірімен кездескен кезде қол алысыпамандасса жеткілікті. Алыс сапардан немесе көптен бері бір-бірін көрмеген адамдар болса, төс қағысып амандасуынарұқсат етіледі. Ал екі ер кісінің сүйісіп амандасуы немесесоған ұқсас артық әрекеттер – біздің дінімізде де, дәстүріміздеде құпталмайтын дүние», — деді ол.

Имамның айтуынша, қарапайым амандасудың өзі адамныңтәрбиесі мен мәдениетін айқындайтын маңызды көрсеткіш. Дін де, қазақы салт-дәстүр де қарапайымдылық пен ұстамдылықты жоғары қояды.

Ал «Бір мұнаралы тас» мешітінің наиб имамы Абдулла Ержанұлы кез келген жетістік білімнен басталатынын ерекшеатап өтті.

«Тәуекел жасау үшін мұсылман адамға ең алдымен білімкерек. Құран Кәрімде түскен алғашқы әмір – «Оқы!». Демек, білім алу қандай да бір амалдан бұрын тұрады. Болашағымызбаянды болсын десек, өсіп келе жатқан ұрпақты ең алдыменбілімді етіп тәрбиелеуіміз қажет», — деді Абдулла Ержанұлы.

Оның айтуынша, білім мен әдеп — бір-бірінен ажырамайтынұғымдар. Нағыз білім адамды ізгілікке, жауапкершілікке жәнеқоғам алдындағы міндетін дұрыс түсінуге жетелейді.

Осы ойды Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев те жалғастырады.

«Ең алғашқы аят – «Оқы!». Ілім-ғылыммен басталады. Қазақта «Білімді адам мыңды жығады, білекті адам бірдіжығады» деген сөз бар. Ілім алу – инемен құдық қазғандай, ал сол ілімге амал жасау – кірпікпен құдық қазғандай. Білімніңшамшырағы ешқашан сөнбеуі керек. Егер жастарымызбілімді болса, қоғамда сауатты адамдар алға шығады», — дейді Амантай Садиев.

Бас имам білімнің адамды тек кәсіби тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да кемелдендіретінін атап өтті.

Ал «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы НұрсұлтанУәлиұлы мұсылман мәдениетіндегі сәлемдесудің маңызынатоқталды.

«Шариғатымызда екі мұсылман кездескен кезде қол алысып, «Ассалаумағалейкум», «Уағалейкүмәссалам» депамандасады. Пайғамбарымыздың хадисінде: «Екі мұсылманкездесіп, қол алысса, қолдары ажырағанға дейін Алла Тағалаолардың күнәларын кешіреді» делінген. Ал құшақтасыпнемесе сүйіп амандасуға қатысты сұрақ қойылғанда, Пайғамбарымыз «Жоқ» деп, тек қол алысып амандасудықұптаған», — деді ол.

Бұл насихаттардың барлығы бір ғана мақсатқа бағытталған. Ол – қоғамда тәртіпті, мәдениетті, білімді әрі жауапты азаматқалыптастыру. Сәлемдесу әдебінен бастап, білімге ұмтылуғадейінгі құндылықтардың барлығы қоғамдық келісімдінығайтып, адамдар арасындағы сыйластықты арттырады.

Қазақ халқы ежелден тәрбиені бірінші орынға қойған. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді», «Тәрбие – тал бесіктен» деген нақылдар да осының дәлелі. Бүгінде бұлқағидалар мемлекеттік саясатпен де, діни насихатпен де үндесіп отыр.

Жастардың білімге ұмтылуы, үлкенді құрметтеп, кішіге ізеткөрсетуі, қоғамдық орындардағы мәдениетті мінез-құлқы – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі. Сондықтан әдеппен білімді қатар дәріптеу – елдің болашағына салынған еңмаңызды инвестициялардың бірі.

The post Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Балқаш мыс балқыту зауытының өндірістік қуаттары жаңартылуда
«Қазақмыс» Тобы өндірістік нысандарды жөндеу және жаңғырту бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыруды жалғастыруда. 2026 жылғы ең ірі жобалардың бірі «Kazakhmys Smelting» ЖШС-ның Балқаш мыс балқыту зауытын кешенді жаңғырту болды. Жобаға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі 21,8 млрд теңгені құрайды.

Бағдарлама негізгі технологиялық жабдыққа күрделі жөндеу жүргізуді, энергетикалық және өндірістік инфрақұрылымды жаңартуды, сондай-ақ өндірістік үдерістің сенімділігін, тиімділігін және тұрақтылығын арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруды қамтиды.

Негізгі жабдықты жаңғырту

Бағдарламаның басты бағыттарының бірі негізгі металлургиялық агрегаттарға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу болды.

2026 жылы құны 5 млрд теңгеден асатын Ванюков пешіне (ПВ-1) күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Жүргізілген жұмыс жабдықтың жобалық сипаттамасын қалпына келтіріп, балқыту өндірісінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар күрделі жөндеу аясында алғаш рет кәдеге жарату қазандығының 25 панелі ауыстырылды. Металлургтердің кәсіби шеберлігі мен тынғылықты жұмысының нәтижесінде күрделі жөндеу небары 28 күнде аяқталды. Бұл кәсіпорын тарихындағы жаңа рекорд болды.

Келесі кезеңде құны 5,4 млрд теңгеден асатын ПВ-2 Ванюков пешіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру 2027 жылдың көктеміне жоспарланған.

Ауқымды жаңғырту жұмысы күкірт қышқылы цехында да жалғасуда. Мұнда салмағы 240 тонна болатын, 2008 жылдан бері пайдаланылып келген жабдықтың орнына жаңа жылу алмастырғыш пайдалануға берілді. Жобаның құны 780 млн теңгеден асты. Жаңа агрегат технологиялық үдерістің сенімділігін арттырып, металлургиялық газды тазарту тиімділігін күшейтті.

Анод пештері мен конвертерді жаңғырту жұмысы да кезең-кезеңімен жалғасуда. Құны 1 млрд теңгеден асатын №2 анод пешіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ биыл қыркүйек айында №3 анод пешіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Бағдарлама аясында №1 конвертерге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Ал тамыз айында №5 конвертерді жөндеу жоспарланған. Әр жобаның құны шамамен 810 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар Балқаш мыс балқыту зауытының негізгі технологиялық жабдықтар паркін жаңарту жұмысы жалғасуда. 2026 жылдың соңына дейін жалпы құны 1,3 млрд теңгеге қож тасығыштар, көпірлі крандар және шөміштерді жеткізу жоспарланып отыр.

Бұл өндірістік үдерістің сенімділігін арттырып, жабдықтың жоспардан тыс тоқтап қалу жағдайын азайтуға мүмкіндік береді.

Өндірістік инфрақұрылымды жаңарту

Технологиялық жабдықты жаңғыртумен қатар кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын ауқымды жаңарту жұмысы да жүргізілуде.

Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізу, жекелеген нысандарды қайта жаңғырту, 13 560 шаршы метр ішкі жолға асфальт төсеу және аумақты абаттандыру жұмысы жалғасуда. Бұл міндетті іске асыруға 2026 жылы 7,75 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Еңбек жағдайын жайлы әрі қауіпсіз етуге ерекше назар аударылуда. Зауыт жұмыскерлерінің бастамасымен бақылау-өткізу пунктінен өндірістік алаңдарға дейін жабық жаяу жүргіншілер жолы салынды. Өндірістік ғимараттардың шатырын жөндеу және зауыт басқармасы ғимаратының қасбетін жаңарту жұмысы жалғасуда. Балқаш мыс балқыту зауытының тарихына арналған муралдың салынуы абаттандырудың маңызды элементі болды.

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша осыған ұқсас жобалар Жезқазған мыс балқыту зауытында да жүзеге асырылуда.

Кешенді жаңғырту бағдарламасы жабдықтың сенімділігін айтарлықтай арттыруға, технологиялық үдерістің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға, жұмыскерлер үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауға, сондай-ақ Балқаш мыс балқыту зауытының өндірістік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

The post Балқаш мыс балқыту зауытының өндірістік қуаттары жаңартылуда appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Үкіметте техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары айқындалды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еңбек нарығы мен экономиканың сұранысына сай білікті мамандар даярлауға бағытталған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын таныстырды. Министрдің мәліметінше, соңғы үш оқу жылы ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау едәуір күшейді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы 48,4 мың орынға ұлғайды. Соның нәтижесінде колледж студенттерінің саны 542,7 мыңнан 556,2 мың адамға дейін өсті.

Кадр даярлау көрсеткіштерінде де оң үрдіс байқалады. Соңғы үш жылда бітірушілер саны шамамен 20%-ға артты. Оның ішінде жұмысшы біліктілігі бойынша түлектер саны 26,5%-ға, орта буын мамандары бойынша 17%-ға көбейді.

Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жетілдіру алдағы кезеңдегі басым міндеттердің бірі болмақ. Осы бағытта колледждердің білім беру бағдарламаларын жаңарту, еңбек нарығының сұранысына сәйкес кадрлар даярлау сыныптауышын өзектендіру және мамандар даярлаудың заманауи тәсілдерін енгізу жұмыстары жалғасады.

Осыған байланысты Аида Балаева Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес техникалық мамандықтардың беделін арттыруға және экономиканың басым салаларына қажетті білікті кадрларды даярлауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Кеңес барысында экономикаға қажетті кадрларға деген сұранысты болжау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Вице-премьер ең алдымен заман талабына сай келмейтін және еңбек нарығында сұранысы жоқ білім беру бағдарламаларын қысқартып, олардың орнына нақты қажеттілікке негізделген жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу жұмыстарын жалғастырудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жасанды интеллектінің, инновациялардың, цифрландыру мен роботтандырудың қарқынды дамуы жағдайында кадрларға деген қажеттілікті болжау жүйесі де жаңа талаптарға сай қалыптастырылуы тиіс.

Сонымен қатар колледждердің инфрақұрылымын жаңғыртуға және материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық беру қажеттігі айтылды.

Дуальды оқыту жүйесін кеңейту және жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастықты күшейту де маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Сондай-ақ экономиканың кадрларға деген қажеттілігін болжау тетіктерін жетілдіру және бизнес қауымдастықпен әріптестікті дамыту жұмыстары жалғасады.

Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына сай тұрақты түрде жаңартып отыруды, колледждердің жұмыс берушілермен байланысын күшейтуді және дуальды оқыту жүйесін одан әрі кеңейтуді тапсырды. Сонымен қатар цифрландыру, роботтандыру және инвестициялық жобаларды іске асыру үдерістерін ескере отырып, экономикаға қажетті кадрларға тұрақты болжам жасауды қамтамасыз ету, колледждердің инфрақұрылымын жаңғырту, өндірістік практиканы ұйымдастыру тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу міндеті жүктелді.

The post Үкіметте техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары айқындалды appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халықаралық музыкалық байқауларда жүлделі орындарға ие болған қазақстандық жас өнерпаздармен кездесті. Кездесуге Ақерке Амалят, Жасмина Түзелова, Ален Бәсен, сондай-ақ олардың ұстаздары мен ата-аналары қатысты.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаған Аида Балаева Мемлекет басшысы елдің орнықты дамуының басты алғышарты саналатын адами капиталды дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті. Президент өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, ұлттық бірегейлікті нығайтуда мәдениет пен өнердің орны ерекше екенін үнемі айтып келеді. Жаңа Конституцияда мәдениет пен ұлттық құндылықтар мемлекетті дамытудың маңызды негіздерінің бірі ретінде бекітілген. Сондықтан дарынды балалар мен жастарды қолдау – ел болашағына салынған стратегиялық инвестиция.

«Бүгін сіздермен бірге бүкіл Қазақстан қуанып отыр. Осындай әрбір жеңіс – еліміздің ортақ жетістігі. Бұл биік нәтижелердің артында жас өнерпаздардың таланты мен табандылығы, ұстаздардың кәсіби шеберлігі және ата-аналардың қолдауы тұр. Қазақстандық балалардың халықаралық сахнада өз өнерін сенімді танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуі отандық өнер мектебінің деңгейі биік екенін көрсетеді. Сіздерге жаңа жеңістер мен шығармашылық табыс тілеймін», – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Ақерке Амалят 2026 жылы өткен «Витебскідегі славян базары» XXXV халықаралық өнер фестивалінің эстрадалық ән орындаушылар байқауында І орынды иеленіп, «Лира» арнайы сыйлығына ие болды.

Жасмина Түзелова аталған фестиваль аясындағы балалар байқауында ІІ орынды жеңіп алды. Сонымен қатар оған авторлық ән жазуға мүмкіндік беретін арнайы сертификат табысталды.

Жас виолончельші Ален Бәсен Италияда өткен Rovere d’Oro XXXVII халықаралық музыка байқауының жеңімпазы атанды. Ол «Жас таланттар» секциясының екінші жас санатында мүмкін болған 100 ұпайдың 100-ін жинап, Primo Premio Assoluto марапатына ие болды.

Кездесу барысында жас орындаушылардың кәсіби қалыптасуына елеулі үлес қосқан ұстаздар мен ата-аналардың еңбегі де ерекше аталып өтті.

Байқау жеңімпаздары, олардың ата-аналары мен ұстаздары халықаралық өнер додаларынан алған әсерлерін жеткізді. Сондай-ақ дарынды балаларға көрсетіліп жатқан қолдау үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Қатысушылар мәдениет пен өнерді дамытуға көрсетілетін қолдау және жаңа мүмкіндіктер жетістіктерге жетелейтінін айтты.

The post Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Президент тапсырмасына сәйкес Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынып, 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады
Мемлекет басшысының шикізатты терең өңдеуді дамыту және қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Qazaq Smelter» ЖШС арасындағы мыс қорыту зауытын салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімді мақұлдады.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жаңа өндіріс Қарағанды облысының Балқаш қаласында жүзеге асады. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 750 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорнының құрылысы 2027 жылы басталады, пайдалануға беру 2030 жылға жоспарланған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 300 мың тонна катодты мыс, 10 тонна алтын, 300 тонна күміс және 1,5 млн тоннадан астам күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы.

Жоба 1,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейді. Кәсіпорын іске қосылған кезде қызметкерлердің 90%-ы басшылық лауазымдарды қоса алғанда, қазақстандық мамандарды құрайтын болады, алдағы бес жыл ішінде олардың үлесі 95%-ға дейін артады. Сондай-ақ инвестор Қарағанды облысының оқу орындарында 50 студентті даярлау бойынша міндеттемелер алады.

Жаңа қуаттарды іске қосу ел ішінде мыс шикізатын қайта өңдеу көлемін бір жарым есеге арттырып, жылына 800 мың тоннадан астам көлемге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қосылған құны жоғары өнімнің экспорты жылына 460 мың тоннадан 760 мың тоннаға дейін өседі. Сонымен қатар өндіріс заманауи технологиялармен және цифрлық шешімдермен жабдықталатын болады.

Осы жылдың алты айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,8%-ға ұлғайды. Өсім машина жасау, тамақ және химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын шығаруда және басқа да салаларда байқалады. Осы кезеңде елімізде 232 мың тонна катодты мыс өндірілді.

Катодты мыс – қосылған құны жоғары өнім шығарудың негізгі шикізаты. Ол электр кабельдері мен жабдықтарын, құбырларды, құрылыс материалдарын, автомобиль бөлшектерін, сондай-ақ қола, жез және басқа да мыс қорытпаларын өндіруде қолданылады.

The post Президент тапсырмасына сәйкес Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынып, 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

FlyArystan мен «Арда Хива» Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік әріптестікті кеңейтуде
FlyArystan әуекомпаниясы «Арда Хива» туристік кешенімен бірлесіп Алматы қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның туроператорларына арналған кездесуді өткізді. Іс-шара Алматы — Үргеніш — Алматы жаңа халықаралық бағытының ашылуына арналды.

Кездесуге Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулдығының өкілдері қатысып, бұл екі ел арасындағы туристік және іскерлік ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын айқындай түсті.

Кездесу барысында әуекомпаниясы жаңа бағыттың мүмкіндіктерін таныстырса, «Арда Хива» туристік кешенінің өкілдері Хорезм облысының туристік әлеуеті мен FlyArystan жолаушыларына арналған арнайы туристік топтамалар туралы ақпарат ұсынды. Туристік топтамаларға қонақүйде тұру және экскурсиялық бағдарлама кіреді.

Үргеніш қаласы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген көне Хиуа қаласынан небәрі 30 шақырым жерде орналасқан.

Осы айдың басында FlyArystan мен «Арда Хива» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Алматыда өткен бұл кездесу аталған меморандумды іске асырудағы келесі маңызды қадам болды.

Алматы — Үргеніш — Алматы бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстер 3 қыркүйекте басталып, аптасына екі рет — бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Билеттер FlyArystan мобильді қосымшасында, әуекомпаниясының ресми сайтында және өзге де сату арналары арқылы қолжетімді.

The post FlyArystan мен «Арда Хива» Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік әріптестікті кеңейтуде appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Каникул экономикасы: жазда ата-аналардың шығыны қалай өзгереді
Жазғы демалыс – балалардың далада көбірек уақыт өткізіп, саяжайға барып, лагерьлерде демалатын немесе аулада ойнайтын кезеңі. Осыған байланысты ата-аналардың шығыны да арта түседі. Велосипед, самокат, саяжайға арналған бассейн, роликтер немесе үстел ойындары – мұның бәріне сұраныс әсіресе жаздың басында күрт өседі. OLX Қазақстанның талдау қызметі балаларды жазғы демалысқа дайындау қанша тұратынын есептеп шықты. Бұл ретте көптеген санаттарда қайталама нарық сападан айтарлықтай ұтылмай-ақ шығынды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Велосипед – жаздағы ең сұранысқа ие сатып алулардың бірі

Көптеген отбасы үшін велосипед жазғы демалыстың ажырамас бөлігі саналады. Маусым айында жаңа велосипедтің орташа бағасы 90 мың теңгені құрады. Ал қайталама нарықтағы бағалар әлдеқайда қолжетімді: маусымда пайдаланылған велосипедтің орташа құны 57 мың теңге болды.

Яғни қолданылған велосипедті сатып алу шамамен 35 мың теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Әсіресе бірнеше баласы бар отбасылар үшін мұндай айырмашылық айқын сезіледі. Өйткені көбіне бірден екі немесе үш балаға жаңа велосипед сатып алуға тура келеді.

Самокат пен роликтер шығынды екі есеге жуық азайтады

Самокаттар да сұранысын жоғалтқан жоқ. Маусым айында жаңа самокаттың орташа бағасы 76 мың теңгені құрады. Ал дәл сондай үлгіні қайталама нарықтан шамамен 34 мың теңгеге табуға болады.

Баға айырмашылығы роликті конькилерде бұдан да айқын байқалады. Жаңа роликтердің орташа бағасы 27 мың теңге болса, пайдаланылғандарының бағасы 9 мың теңгеден сәл ғана асады. Осылайша үнем көлемі 18 мың теңгеден асады. Балалардың спорттық жабдықтардан тез өсіп кететінін ескерсек, роликті конькиді қайталама нарықтан сатып алу – өте тиімді шешім.

Үрлемелі бассейн – жазғы маусымдағы ең қымбат сатып алулардың бірі

Аптап ыстық басталғанда көптеген отбасы саяжайға немесе жеке үйге арналған бассейн сатып алады. Дәл осы санатта жаңа және пайдаланылған тауарлардың бағасы арасындағы айырмашылық ең үлкендердің бірі.

Маусым айында жаңа үрлемелі бассейннің орташа бағасы 82 мың теңгені құрады. Бұл оны маусымдық ең қымбат сатып алулардың қатарына қосады. Ал қайталама нарықта жағдай мүлде басқаша: маусымдағы орташа баға небәрі 44 мың теңгені құрады.

Тіпті маусымдық баға өсімінен кейін де қолданылған бассейнді сатып алу ондаған мың теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе бассейнді жылына бірнеше апта ғана пайдаланатын отбасылар үшін тиімді.

Ойын приставкалары: тиімді ұсынысты бірден табу оңай емес

Осындай жағдай ойын приставкалары нарығында да байқалады. Маусым айында жаңа приставканың орташа бағасы 64 мың теңгені құраса, пайдаланылғанының орташа бағасы 95 мың теңге болды.

Алайда жаңа және пайдаланылған приставкалардың бағасын салыстырғанда нақты үлгілерді ескеру қажет. Кейбір танымал құрылғылар шығарылғанына бірнеше жыл өтсе де бағасын жоғалтпайды. Әсіресе олардың техникалық жағдайы жақсы болса немесе сатылымда сирек кездессе, бағасы жоғары болып қала береді.

Сондықтан қайталама нарықтан тиімді ұсынысты бірден табу әрдайым мүмкін емес. Шынымен үнемдеу үшін хабарландыруларды салыстырып, нақты үлгілердің бағасын тұрақты бақылап отырған жөн.

Артық шығынсыз жаз: балаларға көбірек қуаныш сыйлай отырып бюджетті қалай үнемдеуге болады

Баланы жазғы демалысқа дайындау отбасы бюджетінің елеулі шығындарының біріне айналуы мүмкін. Дегенмен бағаға жүргізілген талдау көрсеткендей, артық қаражат жұмсамай-ақ балаларға қызықты әрі есте қаларлық жаз сыйлауға болады.

Велосипедті, самокатты, роликті конькиді немесе үрлемелі бассейнді міндетті түрде жаңадан сатып алу қажет емес. Ұсыныстарды салыстыру арқылы әлдеқайда тиімді бағамен лайықты нұсқаны тауып, тауар санатына қарай ондаған, тіпті жүздеген мың теңгеге дейін үнемдеуге болады.

Сонымен бірге тиімді үнемдеу тек жаңа немесе пайдаланылған тауарды таңдаумен шектелмейді. Нақты үлгілердің бағасын салыстырып, тауардың жай-күйін мұқият бағалап, қолайлы ұсыныс табылғанша асықпай іздеген дұрыс. Осындай ұтымды тәсіл отбасы бюджетін тиімді жоспарлауға және балаға дәл сондай жарқын әсерлер мен белсенді жаз сыйлауға мүмкіндік береді.

The post Каникул экономикасы: жазда ата-аналардың шығыны қалай өзгереді appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Әлеуметтанулық зерттеу: әділдік, жауапкершілік пен заң бұлжымастығына деген қоғамдық сұраныс бар
Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары бойынша II тоқсандағы әлеуметтанулық зерттеу деректері бойынша (Қазақстанның барлық өңірлерінен 2 400 респондент), азаматтардың «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі хабардар болу деңгейі 87,3% құрайды.

Президент Қ.К.Тоқаев жүргізіп отырған саясаттың басты басымдықтарының бірі саналатын бұл қағидаттың халық үшін жоғары мәнге ие болуы азаматтардың әділдік, жауапкершілік және заңды бұлжытпай орындауға негізделген мемлекетті дамытуға деген сұранысын айғақтайды.

Сонымен қатар, бұл идеологема қала және ауыл тұрғындарына бірдей жақсы таныс: ауылдық жерлерде тұрғындардың 85,1%-ы бұл қағидат туралы біледі. Бұл мемлекеттік саясат ірі қалалар шеңберінен аспайды деген стереотипті жоққа шығарады.

Зерттеу нәтижелері аталған конституциялық қағидаттың қоғамдық сұранысқа толық сәйкес келетінін көрсетеді. Әр түрлі жастағы азаматтар заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын бірдей жоғары бағалайды, яғни, заңдылықты ел дамуының негізгі шарттарының бірі ретінде танитын тұрақты қоғамдық консенсустың қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Бұдан бөлек, азаматтардың басым бөлігі заң мен тәртіпті сақтауды мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігі ретінде қарастырады. Мұндай көзқарас заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық мәдениетті нығайтуда мемлекет пен қоғамның өзара жауапкершілігіне негізделген жаңа Конституция қағидаттарына сәйкес келеді.

Әлеуметтанулық зерттеу деректері бойынша, «елде заң мен тәртіпті сақтауға ең алдымен кім жауапты?» деген сұраққа респонденттердің жауаптары мынадай: 43,6%-ымемлекет пен азаматтар жауапкершілікті тең дәрежеде көтереді деп есептейді; 30,6%-ыжауапкершілік әрбір қазақстандыққа жүктеледі деп санайды.

Осылайша, халықтың 74,2%-ы заң мен тәртіпті қамтамасыз етуді азаматтардың жеке жауапкершілігі немесе мемлекетпен қатар көтеретін жауапкершілігі деп қарастырады.

Жас бойынша талдау көрсеткендей, бұл ұстаным барлық буын өкілдеріне тән. Жеке жауапкершіліктің ең жоғары көрсеткіші жастар арасында байқалады: 18-28 жас аралығындағы азаматтардың 52,8%-ы заң мен тәртіптің сақталуна бірінші кезекте әрбір азамат жауап береді деп есептейді.

Сонымен қатар, сауалнама деректері Президенттің негізгі бастамаларына, маңызды азаматтық ұстанымдарға деген азаматтардың көзқарастарын және инфрақұрылымның жағдайына деген ризашылық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

Азаматтардың 67,1%-ы Президенттің «Таза Қазақстан» тұжырымдамасынбасым бастамалардың қатарында атаған. Таза ел, таза ниет туралы идея ұрпақтар сабақтастығын күшейтіп, мамандықтарды байланыстырады: бастаманы студенттердің 65,4%-ы, 46-60 жас аралығындағы орта буын өкілдерінің 68,8%-ы, жеке еңбек қызметімен айналысатындардың 66,3%-ы және жоғары білімі бар респонденттердің 67,0%-ы  тең дәрежеде қолдайды. «Тазалық» тақырыбы бюджеттік және корпоративтік секторлардың шекарасынан асып, «Таза Қазақстан» идеялық тұрғыда  кең аудиторияға өркен жайды.

Инфрақұрылым жағдайына ризалықдеңгейінің өсе түскені байқалады, бұл жерде жекелеген нысандар мен қызмет түрлері бойынша оң бағалаудың өсу көрсеткіші 78%-ға дейін артқан. Ризалықтың ең жоғары деңгейі әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолжетімділігіне қатысты тіркелді.

«Инфрақұрылымдық рейтингтің» ең жоғарғы қатарында мектептер орналасты: бес қазақстандықтың төртеуі немесе 78,9%-ы білім ордаларының қолжетімділігіне ризалығын айтқан. Сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің (73,8%), балабақшалардың (73,5%) және спорт кешендерінің (72,3%) қолжетімділігіне қатысты аса жоғары ризалық деңгейі тіркелді. Демалыс және серуен орындарының  (73,7%) болуы да жоғары бағаланады.

Корреляциялық талдау нәтижесі бойынша, мемлекеттің жұмысына ризалық пен және ол туралы хабардар болудың ең жоғары көрсеткіші балалары бар отбасыларда, көпбалалы отбасыларда, 28 жасқа дейінгі жастар мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлері арасында тіркелген.  Бұл ретте отбасы неғұрлым үлкен болса және адамның өз мекенімен, жұмысымен әрі балаларымен байланысы неғұрлым берік болса, мемлекеттік институттардың қызметіне берілген баға да соғұрлым жоғары.

Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының маңыздылығынқазақстандықтардың 66%-ы атап өтті.

Бұл бастама жастардың көңілінен шықты деуге толық негіз бар: 18-28 жас аралығындағы топта оны 65,2%-ы қолдаса, ең экономикалық белсенді 29-45 жас аралығындағы топта бұл көрсеткіш 68,6%-ды құрайды.

Бұған қоса, сауалнамаға қатысқандардың 60,7%-ы жасанды интеллект технологияларын ел дамуының негізгі салаларына белсенді енгізуді қолдайды. Ал технологиялық жаңашылдықтар ең алдымен ертеңгі жұмыс орны мен болашағы осыған тікелей байланысты студенттер мен жастардың арасында тез сіңіп келеді.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижесі қоғамның ел дамуының біртұтас стратегиясын қолдайтынын көрсетеді. Әсіресе, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, технологиялық өркендеуге, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, білім беру мен заманауи экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамалар ел ішінде кеңінен қолдау тауып отыр. Бұл қоғамның заманауи құндылықтар мен ұзақ мерзімді басымдықтарға негізделген ізгі өзгерістерді күтетінін аңғартады.

«Қазақстандық қоғамдық даму институты деректерді ОСК-ның 2026 жылғы 8 шілдедегі №ОСК-11-07/1290 жазбаша хабарламасына сәйкес жариялайды.

The post Әлеуметтанулық зерттеу: әділдік, жауапкершілік пен заң бұлжымастығына деген қоғамдық сұраныс бар appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

KMF Банк және Proparco Қазақстанда шағын бизнесті қаржыландыруды кеңейтуде
Алматы, шілде. KMF Банк және Proparco — AFD тобына (Agence Française de Développement, Франция) кіретін даму қаржы институты $50 млн. көлемінде қаржыландыруды тарту туралы келісімге қол қойды.

Қазақстанның микро және шағын бизнеске қызмет көрсетуге маманданған қаржы институты — KMF Банк Proparco ұсынған 50 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарыз есебіненкәсіпкерлерді қаржыландыруды кеңейтеді. Бұлқаржыландыру өңірлер мен шалғай елдімекендердегібизнеске ерекше көңіл бөле отырып, бүкіл ел бойынша кәсіпкерлерге ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын алуға мүмкіндікті арттыра түседі.

Шағын бизнес Қазақстан экономикасының негізгі драйверлерінің бірі болса да әлі күнге, әсіресе, еліміздің ірі қалаларынан тыс жерлерде ұзақ мерзімді қаржыландыруға қолжетімділігі шектеулі. Инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейту кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірлердің барынша теңдестірілген экономикалық дамуына ықпал ететін болады.

KMF Банк несие портфелінің 90%-дан астамы бизнесті қаржыландыруға бағытталған. Кең филиалдық желінің және кәсіпкерлерді қолдаудың 30 жылға жуық тәжірибесінің арқасында банк өзін бүкіл ел бойынша шағын бизнеспен жұмыс істейтін Қазақстанның жетекші қаржы институттарының бірі ретінде танытты.

50 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі несие желісі KMF Банкке кәсіпкерлерге несие беру ауқымын дәуір кеңейтуге, оларға инвестиция салуға, бизнесті дамытуға және бүкіл Қазақстан бойынша жергілікті экономиканы нығайтуға қосымша мүмкіндіктер беруге жол ашады.

«Микро және шағын бизнесті қолдау – стратегиямыздың негізгі бағыты. Proparco-мен жасалған келісім кәсіпкерлерді қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, халықаралық жетекші даму институттарының бірімен серіктестігімізді нығайтады. Бұл Қазақстанда шағын бизнесті қаржыландырудың орнықты экожүйесін қалыптастыру жолындағы тағы бір маңызды қадам», – деді KMF Банк Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

«Біз жаңа қаржыландырудың арқасында KMF Банкпен серіктестігімізді нығайтуға қуаныштымыз. Қазақстанның жетекші қаржы институттарының біріне ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын ұсына отырып, Proparco шағын бизнесті одан әрі дамытуға, қаржылық қолжетімділікті кеңейтуге және ел экономикасының жеке секторының орнықты өсуіне атсалысады», – деп атап өтті Proparco Еуразия бойынша өңірлік директоры Стивен Гардон.

Бұл мәміле Proparco мен KMF Банк арасындағы төртінші мәміле және Қазақстанда кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге және жеке секторды дамытуға деген ортақ ұстанымға негізделген көпжылдық серіктестікті көрсетеді. Сондай-ақ бұл мәміле инклюзивті және орнықты экономикалық өсуге атсалысатын жетекші жергілікті қаржы институттарын қолдау арқылы Proparco-ның Орталық Азиядағы қатысуын одан әрі нығайтады.

Proparco туралы

Proparco — Францияның даму қаржы институты және Франция даму агенттігі тобының (AFD Group) жеке сектормен жұмыс жасау жөніндегі бөлімшесі. 50 жылдан астам уақыт бойы Proparco 115-тен астам елдегі компаниялар мен қаржы институттарын қаржыландыру және қолдау арқылы Африка, Азия, Латын Америкасы, Еуразия және Таяу Шығыс елдерінің орнықты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық дамуына атсалысып келеді.

Proparco жаңартылатын энергетика, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау және білім беруді қоса алғанда, дамудың негізгі секторларында айтарлықтай сараптамаға иелік етеді. Ұйым қаржылық құралдардың кең спектрін ұсынады — компанияларды дамытудың әртүрлі кезеңдеріне бейімделген кепілдіктер, несиелер және инвестициялар, сондай-ақ серіктестерінің тиімділігі мен орнықтылығын арттыруға бағытталған Propulse бағдарламасы арқылы техникалық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар DigitalAfrica еншілес компаниясы Африка елдеріндегі дамудың алғашқы кезеңдеріндегі технологиялық стартаптарды қаржыландыруға маманданған.

26 өкілдікті қамтитын халықаралық желінің арқасында Proparco өз клиенттерімен және олардың серіктестерімен тығыз жұмыс істейді, әділетті және орнықты әлем құруға ықпал етеді.

Proparco AFD тобының құрамына кіреді және әлемнің 100-ден астам елінде жеке сектор жобаларын қаржыландырады. KMF Банкпен ынтымақтастық халықаралық даму институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті қаржыландыруға және Орталық Азиядағы қызметін кеңейтуге деген қызығушылығын растайды.

KMF Банк ұзақ жылдар бойы халықаралық даму қаржы институттарымен серіктестік орнатып келеді. Proparco-мен жаңа келісім халықаралық серіктестердің банкке деген сенімінің және оның Қазақстандағы микро және шағын бизнесті қаржыландырудағы рөлінің тағы бір дәлелі болды.

Банк операцияларын жүргізуге ҚНРДА 15.07.2026 ж. берген № 1.1.719.137 лицензия

The post KMF Банк және Proparco Қазақстанда шағын бизнесті қаржыландыруды кеңейтуде appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Әлеуметтік желілерде танымал қазақстандықтың атынан жалған сайлауалды үгіт таратылуда
⚡️Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұған дейін Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт науқаны кезеңінде жалған ақпарат пен манипуляциялық контенттің таралу қаупі артуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде қазақстандық танымал тұлғаның бейнесі пайдаланылған жалған жарияланымның таралып жатқаны анықталды. Онда азаматтар саяси партиялардың бірін қолдауға және бұқаралық іс-шараға қатысуға шақырылады. Сонымен қатар, аталған тұлғаның атынан саяси партияны қолдағаны үшін ақшалай сыйақы берілетіні туралы жалған уәделер таратылуда.

Жарияланымда аты аталған тұлғаның өзі бұл ақпаратты ресми түрде теріске шығарып, оқырмандарына оның жалған екенін мәлімдеді.

📌 Орталық азаматтардың сайлау заңнамасының негізгі талаптарын білуінің маңыздылығына назар аударады. Көп жағдайда заң талаптарының өрескел бұзылуы осындай манипуляцияларды бірден тануға мүмкіндік береді.

Сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес азаматтың  бейнесін оның жазбаша келісімінсіз үгіт материалдарында пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес  кандидатты немесе саяси партияны қолдау  үшін ақшалай төлемдер, тауарлар, қызметтер, қайырымдылық көмек, лотереялар не өзге де материалдық игіліктерді уәде ету арқылы сайлау алдындағы үгіт-насихатты  жүргізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, таралып жатқан жарияланымда өткізілуі ресми түрде расталмаған бұқаралық іс-шараға қатысуға шақырулар бар. Рұқсат етілмеген бұқаралық іс-шараларға қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және тек уәкілетті субъектілер арқылы жүзеге асырылады.

‼️Азаматтарды мұндай жарияланымдарға сын тұрғысынан қарауға шақырамыз. Егер таратылып жатқан ақпарат заң талаптарына анық қайшы келсе, саяси қолдау үшін ақшалай сыйақы уәде етсе немесе танымал тұлғалардың бейнесін олардың келісімінсіз пайдаланса, оның шынайылығына күмәндануға толық негіз бар. Сайлау науқанының барысы туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алып, тексерілмеген хабарламаларды таратпаңыз.

The post Әлеуметтік желілерде танымал қазақстандықтың атынан жалған сайлауалды үгіт таратылуда appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қанат Бозымбаев ЭКСЖ Ұлттық жобасын іске асыру бойынша негізгі міндеттерді белгіледі
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын жүзеге асыруға жауапты Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев алдағы жұмыстың үш негізгі бағытын айқындады. Өңірлердің басым бөлігі жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Дегенмен, әкімдіктерге 2026 жылдың жобаларын ерекше бақылауға алып, жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен бірге өңірлер қажетті процедураларды уақытылы өткізіп, келесі құрылыс маусымында жұмысты үзіліссіз бастау үшін 2027 жылға арналған жобаларды алдын ала дайындауы тиіс.

Тұтынушыларды есептеу құралдарымен (есептегіштермен) қамтамасыз етуге бөлек көңіл бөлінді. Тікелей жауапты министрліктерге әкімдіктермен бірлесіп, әр өңірдің қажеттілігін анықтау және 2029 жылға дейін есептегіштерді орнатудың нақты жоспарын бекіту тапсырылды. Қанат Бозымбаевтың пайымдауынша, су, жылу және электр энергиясын тұтынуды толық есепке алмайынша, коммуналдық саланы толыққанды цифрландыруға өту мүмкін емес.

Тағы бір тапсырма коммуналдық қызметтерді төлеу кезіндегі тұрғын үй көмегіне қатыстыболды. Оны тағайындау рәсімін жеңілдетіп, автоматтандыру жоспарлануда. Ол үшін бірыңғай есеп айырысу орталықтары мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялануы тиіс, осылайша қажетті мәліметтер автоматты түрде түсіп, азаматтарға құжаттарды қайта жинаудың қажеті болмайды.​​​​​​​​​​​​​​​​

The post Қанат Бозымбаев ЭКСЖ Ұлттық жобасын іске асыру бойынша негізгі міндеттерді белгіледі appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

FlyArystan Almaty Marathon қатысушыларының әуебилеттеріне 30% жеңілдік ұсынады
FlyArystan әуекомпаниясы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорымен серіктестігін жалғастырып, 2026 жылғы 27 қыркүйекте өтетін Almaty Marathon жүгіруінің серіктесі ретінде тағы да қолдау көрсетеді. Серіктестік аясында марафонға қатысушылар арнайы промокод арқылы FlyArystan әуебилеттерін 30% жеңілдікпен рәсімдей алады.

Йохан Эйдхаген, «FlyArystan» АҚ Президенті және бас атқарушы директоры:

«FlyArystan Almaty Marathon-ның серіктесі ретінде екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп келеді. Бұған дейін біз Алматы, Астана және Түркістан қалаларындағы өткен жүгіру жарыстарына қолдау көрсеттік. Бұл әріптестік компаниямыз ұстанатын құндылықтарды айқын көрсетеді. Әуекомпаниясында жүгірумен айналысатын қызметкерлердің өз қауымдастығы қалыптасты: олар марафондар мен басқа да спорттық іс-шараларға тұрақты қатысып, бір-бірін белсенді өмір салтын ұстануға шабыттандырады. Біз спорт адамдарды біріктіріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, өмірде де, саяхатта да алға ұмтылуға жігер береді деп сенеміз».

Промокод марафонға ресми тіркелген қатысушыларға ғана беріледі. Билеттерді www.flyarystan.com ресми сайтынан немесе FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Ұсыныс науқан талаптарына сәйкес Алматы қаласына және кері бағыттағы рейстерге қолданылады.

Жекелендірілген промокодтар Алматы марафонының ұйымдастырушылары тіркеуді сәтті аяқтап, қатысу жарнасын төлегеннен кейін қатысушыларға ұсынады.

Салтанат Қазыбаева, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры:

«Биыл Almaty Marathon өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы уақыт ішінде бұл шара өңірдегі ең ірі жүгіру жарыстарының біріне айналып, Қазақстанның түрлі қалалары мен басқа елдерден келген мыңдаған қатысушыны біріктірді. Көпшілік үшін марафонға дайындық жарыс күніне дейін басталып, оған сапарды жоспарлау мен Алматыға ұшуды да қамтиды. FlyArystan-мен серіктестік қатысушыларға бұл сапарды барынша ыңғайлы ұйымдастыруға және мерейтойлық Almaty Marathon-ға алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді».

Промокод тек FlyArystan әуекомпаниясының Қазақстан ішіндегі тікелей және транзиттік рейстеріне жарамды. Жеңілдік марафон өтетін күннен екі күн бұрын және екі күн кейінгі рейстерге қолданылады. Науқан бір бағыттағы және барып-қайту билеттеріне де қатысты.

Промокодты қалай пайдалануға болады?

Промокодты енгізу өрісі брондау рәсімінің соңғы кезеңінде, төлем жасау алдында пайда болады. Промокодты енгізгеннен кейін «ОК» батырмасын басу қажет, әрі қарай жеңілдік әуебилетінің құнына автоматты түрде қолданылады.

Промокодты пайдалану шарттары:

– Промокод бір реттік қолжануға жарамды;

– Бір ғана брондауға қолданылады;

– Бір ересек жолаушыға (18+) арналған;

– Басқа науқан немесе промокодтармен бірге қолданылмайды;

– Жеңілдік тек негізгі тарифке қолданылады, оған әуежайлық, сервистік алымдар мен қосымша қызметтердің құны кірмейді.

FlyArystan әуекомпаниясы промокодты тек бір рет пайдалануға болатындықтан, барып-қайту билеттерін бір брондау арқылы рәсімдеуді ұсынады. Егер билеттер бөлек сатып алынса, промокодты екінші брондауға қолдану мүмкін болмайды.

FlyArystan-ның стандартты тарифіне салмағы 7 кг-ға дейінгі және өлшемі 56 × 23 × 36 см болатын бір дана қол жүгі кіреді. Қосымша қызметтерді алдын ала, яғни, билетті брондау кезінде рәсімдеген жолаушылар 70%-ға дейін үнемдей алады.

Қатысушыларға арналған арнайы ұсыныстан бөлек, FlyArystan марафон аумағында өзінің интерактивті аймағын ұйымдастырады. Онда іс-шара қонақтарын түрлі ойын-сауық белсенділіктері, жүлделер ұтысы және брендтік кәдесыйлар күтеді.

The post FlyArystan Almaty Marathon қатысушыларының әуебилеттеріне 30% жеңілдік ұсынады appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Қазақстанның еңбек нарығында әйелдердің рөлі нығайып келеді
2026 жылғы I тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуі деректері бойынша, Қазақстандағы жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4 527,1 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,6 мың адамға немесе 0,9% көп.

Олардың ішінде 3 602,0 мың адам (экономикадағы жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санының 79,6%) жалдамалы қызметкерлер болса, 925,1 мың адам (20,4%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жұмыспен қамтылған әйелдердің ең көп үлесі дәстүрлі түрде білім беру саласында шоғырланған. Бұл салада 902,2 мың әйел еңбек етеді, бұл жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санының 19,9% құрайды. Екінші орында көтерме және бөлшек сауда саласы – 877,6 мың адам (19,4%), үшінші орында денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы – 426,3 мың адам (9,4%). Сондай-ақ өнеркәсіпте 388,1 мың әйел (8,6%), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында 351,2 мың әйел (7,8%) жұмыспен қамтылған.

Бір жыл ішінде жұмыспен қамтылған әйелдер санының ең жоғары өсімі жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында (+25,7%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында (+21,9%), көлік және қоймалау қызметінде (+16,2%) және өнеркәсіпте (+7,6%) тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде жұмыспен қамтылған әйелдер санының ең жоғары өсімі Қарағанды облысында (+7,8%), Ақтөбе облысында (+6,5%), Алматы қаласында (+6,3%) және Түркістан облысында (+6,1%) байқалды.

Қала халқы арасында жұмыспен қамтылған әйелдер саны ауылдық жерлермен салыстырғанда жоғары болды. Қалалық жерлерде жұмыспен қамтылған әйелдер саны 3 008,5 мың адамды құрады.

The post Қазақстанның еңбек нарығында әйелдердің рөлі нығайып келеді appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Бизнес-күн тәртібі үшін бәсеке: «Ақ жол» мен Respublica арасында өткір ашық пікірталас өрбіді
Қазіргі сайлауалды науқан алғашқы күндерден-ақ бұрынғылардан айтарлықтай ерекшеленіп отыр. Бұрын үгіт кезеңі көбіне ресми кездесулер мен бағдарламаларды таныстырумен шектелсе, бүгінде партиялар әлеуметтік желілерді белсенді игеріп, дәстүрлі емес ашық форматтарды пайдаланып, бәсекелестерімен ашық пікірталасқа түсуде.

Үгіт-насихат науқанының алғашқы аптасының соңына қарай партиялар өз бағдарламаларын таныстыру кезеңінен сайлаушылардың назарын аудару жолындағы неғұрлым белсенді бәсекеге көшуде. Сайлауалды науқан қарқынды әрі мазмұнды сипат ала бастады.

«Әділет» партиясы бірқатар жария іс-шара өткізді. Түркістанда кәсіпкерлермен, аграршылармен және түрлі сала өкілдерімен кездесулерден кейін партия концерттік бағдарлама мен дрон-шоу қамтылған кешкі Open Air ұйымдастырды. Іс-шаралар барысында дене шынықтыру және спорт саласына қатысты мәселелер де көтерілді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) сараптамалық пікірталасқа басымдық беріп, сонымен бірге бәсекелестерінің бағдарламаларын ашық сынға алған алғашқы партиялардың бірі болды. Дөңгелек үстелде партия өкілдері бірқатар партия бағдарламаларының жекелеген ережелерін сынға алып, блогерлер мен шоу-бизнес өкілдерін партиялық тізімдерге енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұдан бөлек, партия скандинавиялық жүріс бойынша республикалық спорттық акция өткізді. Акция ел өңірлерінде жалғасады.

«Байтақ» жасылдар партиясы өз науқанын экологиялық күн тәртібі төңірегінде жүргізуді жалғастыруда. Марафоннан бөлек, партия ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамытуға, биоалуантүрлілікті сақтауға және табиғат қорғау заңнамасын жетілдіруге арналған сараптамалық алаң құруға бастамашылық етті. Осылайша, партия өзінің бейінді тақырыбына берік екенін көрсетті.

Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) еңбек ұжымдарымен кездесулер барысында бәсекелестердің жекелеген ұсыныстарын сынға алды. Атап айтқанда, партия өкілдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мемлекеттік реттеуді жою жөніндегі бастамаларға қарсы шығып, ЖСДП бағдарламасының әлеуметтік саясат саласындағы жекелеген ережелерін де сынға алды.

«Ауыл» партиясы дәстүрлі құндылықтар мен халықпен тікелей диалогқа басымдық беруді жалғастыруда. Республикалық штабын ашқаннан кейін партия өңірлерде брендтелген киіз үйлер орната бастады. Сонымен қатар партия өкілдері әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерді белсенді пайдаланып, азаматтардың сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, партиялық тізімдердің құрамы мен кадр саясатын сынай отырып, бәсекелестерімен ашық пікірталасқа түсуде.

Науқанның үшінші күніндегі ең елеулі оқиғалардың бірі «Ақ жол» мен Respublica партиялары арасындағы өзара пікірталас болды. «Ақ жол» өкілдері Respublica бағдарламасының жекелеген тезистері партия өкілдерінің іс-әрекеттеріне қаншалықты сәйкес келетініне күмән келтіріп, мәлімделген қағидаттар мен партияның кейбір мүшелерінің қоғам алдындағы бейнесі арасындағы қайшылықтарды көрсетті. Бұған жауап ретінде Respublica «Ақ жолдың» өнеркәсіптік саясат саласындағы ұсыныстарын жеткілікті пысықталмаған әрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтиды деп сынап, сонымен қатар отандық өндірісті дамыту жөніндегі өз көзқарасын ұсынды. Осылайша, қазіргі уақытта осы екі партия арасында ең елеулі ашық бағдарламалық пікірталас қалыптасты.

Жалпы, үгіт науқанының үшінші күні сайлау науқанының неғұрлым қарқынды кезеңге өткенін көрсетеді. Партиялар дәстүрлі емес коммуникация форматтарын барған сайын белсенді пайдаланып, танымал саяси бейне қалыптастыруға ұмтылып, бәсекелестерімен мазмұнды пікірталасқа түсуде. Нәтижесінде сайлауалды науқан мазмұнды әрі бәсекелі бола түсуде.

The post Бизнес-күн тәртібі үшін бәсеке: «Ақ жол» мен Respublica арасында өткір ашық пікірталас өрбіді appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Ұлытау облысының әкімі «Қазақмыс» тобының негізгі өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысты
Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен бастаған облыс әкімдігінің делегациясы  «Қазақмыс» Тобының өңірдегі негізгі өндірістік, салынып жатқан және әлеуметтік нысандарын аралады. Өңір басшысымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі және компанияның бейінді бағыттарының басшылары бірге жүрді.

Сапар бағдарламасындағы алғашқы өндірістік нысан Батыс Жезқазған кенішінің №67 шахтасы болды. Мұнда облыс әкіміне кен өндірудің технологиялық үдерісі, заманауи жерасты техникасының жұмысы және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қолданыстағы стандарттары таныстырылды.

Бұдан кейін делегация «Қазақмыс Барлау» ЖШС-ның бұрғылау алаңына барды. Мұнда Басқарма төрағасының орынбасары – геологиялық барлау жөніндегі бас операциялық директор Ғалым Нұржанов заманауи бұрғылау қондырғыларының жұмысымен таныстырып, компанияның геологиялық барлау бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады. Бүгінде Ұлытау облысында өңірдің минералдық-шикізат қорын толықтыруға бағытталған ауқымды геологиялық барлау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында 50 мың қума метрден астам аумаққа бұрғылау жұмысын жүргізу жоспарланған.

Сапар барысында облыс әкімі Сәтбаев қалалық ауруханасы жанынан салынып жатқан жаңа травматологиялық пункттің құрылысымен танысты. Жаңа нысан қала тұрғындары мен кәсіпорын жұмыскерлері үшін шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Нысанды пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

Осыдан соң делегация Сәтбаев қаласындағы Кенші даңқы алаңына барып,  жүргізіліп жатқан жөндеу және абаттандыру жұмысымен танысты. Жаңартылған алаң кеншілер еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі ретінде қала тұрғындарының басын қосатын заманауи қоғамдық кеңістікке және түрлі мәдени-көпшілік іс-шара өтетін орынға айналмақ.

Сапар бағдарламасы бойынша тағы бір нысан салынып жатқан геологиялық кластер болды. «Қазақмыс» өкілдері «Ұлытау университеті» КЕАҚ вице-ректоры Дәрмен Ташатовпен бірге тау-кен саласына жоғары білікті маман даярлауға бағытталған заманауи ғылыми-білім беру базасының жобасын таныстырды.

Бұдан кейін облыс әкімі NAMYS спорт кешенінде болып, нысанның қызметімен және балалар мен жасөспірімдер спорт академиясын ашу жоспарымен танысты. Құны 8,1 млрд. теңгені құрайтын жоба аясында ауданы 5 мың шаршы метрден асатын, 150-200 тәрбиеленушіге арналған заманауи кешен салу көзделген. Академияның ашылуы 2026 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Осыдан соң өңір басшысы «Жастар» саябағын қайта жаңғырту жұмысымен танысты. Құны 4,9 млрд. теңгені құрайтын жоба аясында жаяу серуендеу және велосипед жолдары, субұрқақ пен заманауи балалар ойын алаңдары салынып, көгалдандыру жұмысы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта демонтаж жұмысы аяқталып, абаттандырудың негізгі кезеңіне дайындық жүргізілуде. Қайта жаңғырту жұмысын 2026 жылдың қазан айында аяқтау көзделіп отыр.

Сапар қорытындысында тараптар Ұлытау облысында өнеркәсіп, геологиялық барлау, әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамыту жөніндегі ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екендерін растады.

The post Ұлытау облысының әкімі «Қазақмыс» тобының негізгі өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысты appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Жаңа адамдар және Дала Қырандары Әділет партиясының кадрлық резервін даярлайтын Адал азамат мектебін іске қосты
Астанада Жаңа адамдар және Дала Қырандары Қозғалыстары жас көшбасшылар мен сарапшыларды даярлауға арналған, Әділет партиясының кадрлық резервін дайындайтын Адал азамат мектебін таныстырды. Іс-шараға БАҚ өкілдері, жастар және қоғамдық ұйымдар, спорт федерациялары мен клубтарының өкілдері, еліміздің түкпір-түкпірінен келген белсенді жастар қатысты.

Бағдарламаның негізінде Мәселе менде қағидаты жатыр: адам тәрбие объектісі емес, жеке даму субъектісі ретінде қарастырылады. Мектептің жұмысы меритократия, ашық диалог, жеке жауапкершілік және жасампаз патриотизм қағидаттарына негізделеді. Бағдарламаға қатысу тегін. Іріктеу ұйымға арнайы мүше болу арқылы емес, үміткердің нақты тәжірибесі мен ынтасы бойынша жүргізіледі.

Асель Баденова, Жаңа адамдар Қозғалысының негізін қалаушы:

«Бүгінде Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық бастамалардың өкілдерінен құралған белсенді жастар қауымдастығы қалыптасты. Ендігі қадам – осы әлеуетті біріктіріп, түрлі саладағы реформаларды жүзеге асыра алатын жас көшбасшыларды даярлау. Сондықтан Жаңа адамдар және Дала Қырандары Қозғалыстары жас көшбасшыларды, сарапшыларды және Әділет партиясының кадрлық резервін даярлайтын Адал азамат мектебін іске қосады».

Мейрболат Тоитов, Дала Қырандары Қозғалысының үйлестірушісі:

«Бүгінде Қазақстанға осындай белсенді әрі жауапты жастар қажет. Дала Қырандары мен Жаңа адамдар осыған дейін Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы мәлімдеді. Ал бүгін біз келесі қадамды жүзеге асырамыз. Елдің белсенді жастарын біріктіретін, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін және кадрлық резерв даярлайтын мектепті ашамыз. Сондықтан Адал азамат мектебінің ашылуы – осы уақытқа дейін атқарған жұмысымыздың заңды жалғасы. Біздің мақсатымыз — қоғамға нақты пайдасын тигізетін, жауапты әрі тәртіпті көшбасшыларды тәрбиелеу».

Алпамыс Әбілов, Жаңа адамдар Қозғалысының баспасөз хатшысы:

«Келесі қадам – Алматыда өтетін Әділетті Қазақстан үшін атты жастар Конвенті болады. Біз еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастар ұйымдарын, азаматтық бастамаларды және белсенді жастарды осы ауқымды алаңға шақырамыз. Егер сіздер жауапкершілік алып, азаматтық жобаларды жүзеге асыруға, ел дамуына үлес қосуға және Әділетті Қазақстанды бірге құруға дайын болсаңыздар, тамыз айында өтетін Конвентте сіздерді күтеміз».

Қатысушыларды тіркеу ашық. Байланыс нөмірі: +7 707 070 40 50.

Конвенттің нақты өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады. Барлық ақпарат тіркелген қатысушыларға жіберіледі. Әділетті Қазақстан үшін жастар Конвентінде кездескенше!

The post Жаңа адамдар және Дала Қырандары Әділет партиясының кадрлық резервін даярлайтын Адал азамат мектебін іске қосты appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.

Партиялар сайлаушылармен жүздесті: науқанның екінші күнінде күн тәртібі қалай өзгерді?
Науқанның екінші күнінде партиялар салтанатты рәсімдерден өңірлердегі практикалық жұмысқа ден қойды. Егер алғашқы күні негізгі оқиға сайлауалды штабтардың ашылуы болса, енді кандидаттар сайлаушылармен алғашқы кездесулерін өткізіп, облыстарға сапарларын бастап, кәсіпорындар мен салалық алаңдарды аралауға кірісті.

Сонымен қатар әрбір саяси партия түрлі аудиторияларға бағытталып, халықпен қарым-қатынастың өзіндік форматын таңдады.

«Әділет» партиясы үгіт-насихат науқанының өңірлік кезеңін Түркістан облысынан бастады. Күні бойы кандидаттар зиялы қауым өкілдерімен, педагогтермен, медицина қызметкерлерімен, қолөнершілермен, спортшылармен, кәсіпкерлермен және өңір тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Кездесулер барысында инфрақұрылымды дамыту, туризм, шағын бизнес, ауылдық аумақтарды өркендету және әлеуметтік сала мәселелері талқыланды. Сонымен қатар сайлауалды науқан аясында «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуендері жұмысын бастады.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Астанада журналистердің, саясаттанушылардың және блогерлердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара барысында сайлауалды науқан, партиялық бәсеке және кадр саясаты мәселелері талқыланды.

«Байтақ» жасылдар партиясы науқанын Астанада экологиялық марафон өткізу арқылы. жалғастырды. Іс-шара Триатлон паркінде өтіп, оған 200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Құрылтай депутаттығына кандидаттар, партия белсенділері, еріктілер мен экобелсенділер болды. Қатысушылар 2,5 шақырым қашықтықты еңсергеннен кейін іс-шараға қатысушылармен кездесу өткізді.

Қазақстанның Халық партиясы (ҚХП) сайлауалды науқанын Павлодар облысында жалғастырды. Онда кандидаттар өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесулер барысында еңбек жағдайлары, әлеуметтік сала және өндірістік қауіпсіздікке қатысты мәселелер талқыланды.

Науқанның екінші күні «Ауыл» партиясының басшылығы AUYL JASTARY жастар қанатының үгіт-насихат іс-шараларын өткізу бойыншадайындығымен танысты. Бұл іс-шаралар сайлауалды кезеңде еліміздің барлық өңірінде өткізіледі деп жоспарланған. Сонымен қатар Құрылтай депутаттығына кандидаттар Астанадағы «СтальЦинк» кәсіпорнына барып, өндіріс жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында өндірісті дамыту, кәсіпкерлік, өңірлік экономика және еңбек адамын қолдау мәселелері талқыланды. Күн соңында Құрылтай депутаттығына кандидат Жигули Дайрабаевтың қатысуымен партияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тікелей эфир өтті.

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері партия төрағасы Дания Еспаеваның жетекшілігімен сайлаушылармен кездесулерін жалғастырды. Кездесулер барысында экономикалық саясат, кәсіпкерлікті қолдау және қатысушыларды қызықтырған өзге де мәселелер талқыланды. Сондай-ақ сайлауалды науқанын өткізуге қатысты бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Respublica партиясының өкілдері өңірлік сапарларын Қарағанды облысынан бастады. Делегация бірнеше ауыл шаруашылығы кәсіпорнына барып, шаруашылық басшыларымен және аграрлық сектор қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту және саладағы қолданыстағы реттеу мәселелері талқыланды.

Жалпы, сайлауалды науқанның екінші күні ресми басталу кезеңінен сайлаушылармен практикалық жұмыс кезеңіне көшкенін көрсетті. Саяси партиялар өңірлік күн тәртібіне, еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғам өкілдерімен кездесулер өткізуге, сондай-ақ тақырыптық қоғамдық іс-шаралар мен ашық пікірталастар ұйымдастыруға басымдық берді.

The post Партиялар сайлаушылармен жүздесті: науқанның екінші күнінде күн тәртібі қалай өзгерді? appeared first on Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz.