Қара жұма аяқталғаннан кейін: қазақстандықтар жыл бойы қандай тауарларды тиімді бағаға сатып ала алады?
Тұрмыстық техниканы тиімді сатып алу үшін Қара жұманы немесе маусымдық жеңілдіктерді күтудің қажеті жоқ. OLX Қазақстанның аналитикалық қызметі тұрмыстық техниканың бес танымал түріне қатысты OLX платформасындағы және электроника дүкендеріндегі бағаларды салыстырып, сатып алушылар қай жерде көбірек үнемдей алатынын анықтады.
Нәтижелер хабарландырулар платформасындағы екінші нарықтағы ұсыныстар сауда жеңілдіктері кезеңіне қарамастан, жаңа техника сатып алуға балама бола алатынын көрсетеді.
Дүкендермен салыстыру: баға айырмашылығы 53%-ға дейін жетеді
Ең үлкен баға айырмашылығы теледидар санатында байқалды. Дүкендерде теледидардың орташа бағасы шамамен 257 мың теңге болса, OLX-тегі хабарландыруларда медианалық баға 120 мың теңгені құрады. Бұл дүкен бағасынан 53%-ға төмен.
Екінші орында тоңазытқыштар мен кір жуғыш машиналар тұр. Дүкендерде тоңазытқыштың бағасы шамамен 290 мың теңге болса, жеке сатушыларда 155 мың теңге болды. Ал кір жуғыш машинаның дүкендегі бағасы 245 мың теңгені, OLX-тегі бағасы 130 мың теңгені құрады. Екі санатта да OLX-тен сатып алу 47%-ға тиімдірек болды.

Ыдыс жуғыш машинаның дүкендегі бағасы шамамен 232 мың теңге болса, хабарландырулар платформасында 165 мың теңге болды. Яғни, баға айырмашылығы 29%-ды құрады.
Ең аз айырмашылық шаңсорғыштар санатында тіркелді: дүкендерде олардың бағасы шамамен 80 мың теңге, ал OLX-те 65 мың теңге болды. Бұл 19%-ға төмен.
Жеңілдікті күтпей, ұсыныстарды салыстырыңыз
Талдау екінші нарықта үнемдеу мүмкіндігі тек ірі сауда науқандары кезінде ғана емес, жыл бойы бар екенін көрсетеді. Қарастырылған бес санаттың барлығында хабарландырулар платформасындағы техника дүкендердегіден қолжетімді болды. Бұл жаңа және қолданыста болған тауарларға да қатысты.
Платформадағы ұсыныстар саны да мұндай тауарларға сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Қараша айында OLX Қазақстанда тоңазытқыш сатуға қатысты 24 мыңнан астам, кір жуғыш машиналар бойынша 17 мыңнан астам және теледидарлар бойынша 14 мыңнан астам хабарландыру жарияланды.
Мұндай таңдау сатып алушыларға бір немесе бірнеше дүкеннің ұсыныстарымен шектелмей, техниканың сипаттамаларын, жағдайын және бағасын салыстыруға мүмкіндік береді.
Хабарландырулар платформасы нақты бюджетке сай тауар таңдауға және қолжетімді ұсыныстың сипаттамалары мен жағдайы қажеттіліктерге толық сәйкес келсе, жаңа модель үшін артық төлемеуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе көшіп-қону, пәтерді жабдықтау немесе бірден бірнеше тұрмыстық техниканы ауыстыру кезінде өзекті.
Әрине, техника таңдағанда тек бағасына ғана емес, оның жағдайына да назар аудару маңызды. Сатып алмас бұрын құрылғының жұмыс істеп тұрғанын тексеріп, пайдалану мерзімін, құжаттарының бар-жоғын және жөндеу тарихын нақтылаған жөн. Ірі тұрмыстық техниканы сатып алар алдында негізгі функцияларын тексеру ұсынылады.
Түптеп келгенде, тиімді сатып алу дегеніміз – міндетті түрде уақыты шектеулі науқан аясындағы жеңілдікпен тауар алу емес. Кейде қолайлы ұсыныстарды салыстырып, қажетті нұсқаны таңдау жеткілікті. OLX Қазақстанның деректері мұндай тәсіл электроника дүкендеріндегі бағамен салыстырғанда 19%-дан 53%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Сондықтан Қара жұма үнемдеудің қосымша мүмкіндігі болғанымен, жалғыз жолы емес. Тиімді ұсыныстарды жыл бойы табуға болады.