29 қазан басты рөлдерде Азат Жұмаділ мен Зухра Сайпи ойнайтын «Сен кімсің?» атты шорт-сериалдың тұсауы кесілді

29 қазан басты рөлдерде Азат Жұмаділ мен Зухра Сайпи ойнайтын «Сен кімсің?» атты шорт-сериалдың тұсауы кесілді
{"tiktok_developers_3p_anchor_params":"{"capability_name":"capcut_photo_editor","editType":"image_edit","enterFrom":"new_image","source_platform":"mobile_1","client_key":"aw889s25wozf8s7e","os":"ios","appVersion":"19.7.0","source_type":"vicut","product":"vicut","region":"KZ","pictureId":"A69D5DB3-44D3-4EE4-8423-B4DDA5690082"}","source_type":"vicut","data":{"region":"KZ","client_key":"aw889s25wozf8s7e","os":"ios","appVersion":"19.7.0","capability_name":"capcut_photo_editor","editType":"image_edit","product":"vicut","source_platform":"mobile_1","enterFrom":"new_image","source_type":"vicut","pictureId":"A69D5DB3-44D3-4EE4-8423-B4DDA5690082"}}

Freedom Кино мен ТВ ұсынған, режиссер Ернұр Башпайдың жаңа жобасы экшен, треш-комедия және мелодрама жанрларын ұштастырады. Сериалдың бірінші маусымы көлденең форматта түсірілген 30 қысқа бөлімнен тұрады.

29 қазан жадынан айырылу, шындықты іздеу және өмірді қайта бастау мүмкіндігі туралы «Сен кімсің?» сериалының премьерасы өтті. Басты рөлдерді көрерменге «Бір тоқсан» сериалынан таныс Азат Жұмаділ мен Зухра Сайпи сомдады.

Сериалдың алғашқы 15 бөлімі Freedom SuperApp қосымшасында қолжетімді. Оның бес бөлімі Freedom Кино мен ТВ YouTube-арнасында жарияланды 1-ші бөлім. Сондай-ақ сериалдың кейбір бөлімдері Instagram мен TikTok платформаларында да шығады. Әр бөлімнің ұзақтығы шамамен үш минутты құрайды. Сериалдың негізгі тілі — қазақ тілі.

Сюжеттің өзегінде — бейтаныс жерде қолдары кісенделген күйде есін жиған жігіт пен қыз. Олар бір-бірін де, бұған дейін болған оқиғаларды да есіне түсіре алмайды. Жандарында белгісіз адамның мәйіті мен ақша салынған кейс жатыр. Көп ұзамай кейіпкерлер өздерін біреулердің аңдып жүргенін түсініп, аман қалуға және айналасында болып жатқан жайттардың мән-жайын анықтауға тырысады.

Жауап іздеу барысында олар өздерінің өткені туралы өздерінен де көп білетін адамдарды кездестіреді. Әрбір жаңа дерек оқиғалардың өрбуіне қатысты түсініктерін өзгертсе, жадын қалпына келтіруге деген талпыныстары күтпеген жаңалықтарға жетелейді. Енді кейіпкерлер кімге сенуге болатынын және осы оқиғаларға дейін олардың арасында қандай байланыс болғанын анықтауы керек.

«„Сен кімсің?“ шорт-сериалы — қысқа форматтың өзіндік талаптары бар туынды. Бір маусым 30 бөлімнен тұрады, сондықтан оқиға қарқыны әрдайым жоғары болуы керек. Көрермен сериалды бір деммен тамашалау үшін динамика мен экшнге толтырдық.

Сырттай қарағанда, бұл — қарқыны жоғары, эмоцияға толы, батыл әрі кей тұстары әдейі әсіреленген оқиғаларға құрылған сериал. Алайда оның астарында мүлде басқа мән жатыр. Біз жобаны әдейі жеңіл дүние ретінде ұсындық. Бірақ әр әзіл мен әрбір тосын көріністің астарында терең мағына бар, оны біз әдейі енгіздік. Сондықтан бұл сериал алғашқы көргендегідей жай ғана жеңіл дүние емес», — дейді сериал режиссері Ернұр Башпай.

«Кейіпкерлерді жадынан айыру арқылы біз көрерменді сериалдың атауында жасырылған басты сұраққа жетелейміз: „Сен кімсің?“. Жігіт пен қыздың аман қалуға және оқиғалардың шын мәнісін ашуға тырысқанын бақылай отырып, көрермен де еріксіз: өткенімізден айырылсақ, біз кім болып қаламыз? Өзге адамға деген сенім өмірді жаңадан бастауға көмектесе ала ма? деген сауалдарға ой жүгіртеді.

Сериалда терең мағынаға ие екі-үш маңызды тақырып қозғалады. Бұл — жобаның негізгі өзегі, ал оқиғаның қарқыны мен динамикасы — оның сыртқы қабаты ғана. Сериалды соңына дейін көрген әр адам одан өзі үшін маңызды бір ой түйіп, толғануға себеп табатынына сенімдімін», — деп толықтырды Ернұр Башпай.

Азат Жұмаділ мен Зухра Сайпи сомдаған кейіпкерлер оқиғаларға әртүрлі реакция білдіреді: жігіт күмәнданып, ар-ұжданына сай әрекет етуге тырысса, қыз батыл әрі импульсивті қимылдайды. Мінездеріндегі осы айырмашылықтар комедиялық жағдайлар мен тартыстарға негіз болады. Осындай оқиғалар арқылы кейіпкерлер бір-бірін біртіндеп түсіне бастайды.

Сериалда сондай-ақ Мерей Аджибеков, Дина Тасбулатова, Кенжебек Башаров, Абзал Жақып, Райымбек Ермек, Данияр Арипов, Айжулдыз Адайбекова, Дастан Орынбай, Фариза Байтлеу, Канат Архабаев, Ерлан Отралиев и Нуркабыл Капассов.

«Біз мықты сценарийге, жоғары деңгейдегі продакшнға және актерлердің шынайы ойынына көңіл бөлдік. Бұл жоба бізге қысқа форматтың әлеуетін зерттеп, цифрлық платформаларға арналған контенттің жаңа форматын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Freedom Кино мен ТВ бас продюсері Алишер Утев.

Кейіпкерлерді жадынан айыру арқылы біз көрерменді сериалдың атауында жасырылған басты сұраққа жетелейміз: «Сен кімсің?». Жігіт пен қыздың аман қалуға және оқиғалардың ақ-қарасын ажыратуға тырысқанын бақылай отырып, көрермен де еріксіз өткенінен айырылған адамның кім болып қалатыны және өзге адамға деген сенім өмірді жаңадан бастауға көмектесе ала ма деген сауалдарға ой жүгіртеді.

Сериалдың жаңа бөлімдері мен жобаға қатысты жаңалықтарды Freedom Кино мен ТВ-ның ресми парақшаларынан бақылауға болады.