Ақтөбе әуежайы 17-27 наурыз күндері аралығында қызмет көрсетуін тоқтатады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлия Молдағұлова әуежайының әкімшілігі әлеуеттік желідегі парақшасы арқылы хабарландыру таратты. Онда әуежайдың 10 күн бойы жабық болатыны ескертілген.
«Әуежайдың 17-27 наурыз күндері аралығында жөндеуге жабылатынын хабарлаймыз. Билеттерді қайтару немесе қайта брондау сұрақтары бойынша сатып алу орындарына жүгінуді сұраймыз. Қазіргі жағдай үшін кешірім сұраймыз», — деп жазылған парақшада.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз