Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Алматылық дәрігерлер босанған әйел мен салмағы 1 келі сәбиді аман алып қалды

admin by admin
5 апреля, 2024
Алматылық дәрігерлер босанған әйел мен салмағы 1 келі сәбиді аман алып қалды

Александра ауыр екі жақты субтотальды вирустық-бактериялық пневмония диагнозымен №4 қалалық клиникалық ауруханада емделіп жатқанда төртінші баласын дүниеге әкелді.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

«Жүкті әйел бас ауруы, қан қысымының жоғарылауы, ентігу, әлсіздік шағымдарымен қабылдау бөліміне түскен. Онда екі жақты субтотальды пневмония анықталды. Терапевтер консультацияға гинекологтарды шақырды. Науқаста ауыр преэклампсия диагнозы, 26 апта жүктілік мерзімі анықталды. Әйел дереу жансақтау бөліміне жатқызылды, одан әрі емдеу және тексеру қатаң түрде жансақтау бөлімінде жүргізілді, сонда клиникалық, зертханалық және аспаптық тексерулер жүргізілді, бірнеше жалпы қалалық консилиум өткізілді», — дейді Алматы №4 қалалық клиникалық аурухана гинеколог дәрігері Анжела Умаркулова.

Қалалық консилиум науқасты алдағы 48 сағат ішінде кесарь тілігі арқылы босандыру туралы шешім қабылдады. Мамандардың алдында науқас пен оның баласын аман алып қалу міндеті тұрды.

Осы мақсатта №2 перинаталдық орталықтан акушерлік-неонаталдық бригада шақырылды. Кесарь тілігі №4 қалалық клиникалық аурухананың оталық бөлімдерінің бірінде жасалды.

Салмағы 1 кг 400 г қыз бала дүниеге келді, нәрестені неонаталдық бригада қабылдап, жаңа туған нәрестелерге арналған арнайы инкубаторда баланы одан әрі күту үшін перинаталды орталыққа жеткізді.

«Босанған әйелдің жағдайы өте ауыр деп бағаланып, ол одан әрі емделу үшін №4 қалалық клиникалық ауруханада қалдырылды. Мұнда науқас 12 күн болды. Осы уақыт аралығында критикалық көрініс бірнеше рет қайталанып, реаниматологтар барлық асқынуды түзетіп, оны тұрақты жағдайға жеткізді. Әйелдің жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды», — деп атап өтті №4 қалалық клиникалық аурухананың гинекологы Анжела Умаркулова.

Көпбейінді стационарда босану стандартты жағдайға жатпайды, сәби акушерлік көмек ерекше ұйымдастырылған арнайы жағдайда дүниеге келу керек. Александраның ауыр халін, диагноздың ауырлығын және ана мен баланың өміріне төнген қауіпті ескерген дәрігерлер ауруханада кесарь тілігін жасады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Әйелдің өмірі үшін №4 қалалық клиникалық аурухананың гинекологтары, реаниматологтары, терапевтері, хирургтары және кардиологтары күресті.

«Ауыр акушерлік анамнез. Созылмалы анемия. Ауруханадан тыс екі жақты субтотальды ауыр вирусты-бактериялық пневмония. Тыныс алу жеткіліксіздігі. Пневмоторакс. Созылмалы артериялық гипертензия. Жүрек жеткіліксіздігі. Диффузды токсикалық алқым ісуі. Гипертиреоз. Декомпенсация. Гестациялық қант диабеті» — бұл дәрігерлерді тік тұрғызған «тосынсыйдың» толық жиынтығы емес.

Қазір Александра мен оның сәбиінің өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ. №2 қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері баланы шығаруға дайындап жатыр. Толық сауығып кеткен анасы перзентханаға қызына барған.

«Қазір медицинаны жалқаулар ғана сынамайды. Ал мен мені және жаңа туған қызымды аман алып қалған Алматы дәрігерлеріне рахмет айтып, шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Маған төртінші кесарь тілігін екі тамаша дәрігер – №2 қалалық периналдық орталық директорының емдеу бөлімі бойынша орынбасары Куренова Гульнара Байбусыновна және №4 қалалық клиникалық ауруханаға жетекшілік ететін ҚРМУ профессоры Бодыков Гани Жандиярович жасады. Менің мерзімінен екі ай  бұрын шала туған, салмағы 1482 грамм, қызымды №2 қалалық перинаталдық орталығының неонатологы Сарбас Айнұрым Әліпбайқызы қабылдады, ал менің өмірім үшін №4 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде күресті жалғастырған бөлім меңгерушісі Дәулетбеков Жандос Шымыртайұлы мен реанимация дәрігері Болатов Қайрат Әділбекұлы болды. Өзімді жақсы сезінген соң гинекология бөлімшесінің дәрігері Кевирова Зухра Тлевалдиевнаның бақылауында болдым. Екі бөлек аурухананың дәрігерлерінің бірлескен іс-әрекеті үлкен ұйымдастырылған жұмыс. №4 қалалық клиникалық аурухана әкімшілігіне: директор Досмаилов Біржан Серікбекұлына, оның орынбасарлары Биконуров Нұржан Омарұлы мен Райымжанов Тимур Тахирұлына ерекше алғысымды білдіремін.

Әлеуметтік желі заманында қателескен дәрігерлердің атын атап, әр қателігін ашып жазып, абыройын түсіруден қорықпаймыз! Біз қашан соңғы рет дәрігердің ауыр жұмысын бағалап, оған жай ғана «рахмет» деп ризашылығымызды білдірдік?! Бізге жақсылық жасағандардың аты-жөнін біле бермейміз, бірақ мен әдейі уақыт тауып, барлық құтқарушыларымның лауазымы мен есімін біліп алдым — бұл алғыстың белгісі ретінде менің қолымнан келетін ең азы», — дейді алматылық Александра Роздина.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Теміртауда түнгі төбелес кезінде бір жігітке оқ тиген

Келесі жаңалық

Роман Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Роман Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді

Роман Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді

Су тасқынынан қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі әзірленді

Су тасқынынан қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі әзірленді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қайрат Әділгерей әйеліне су жаңа көлік сатып әперді

Қайрат Әділгерей әйеліне су жаңа көлік сатып әперді

29 ноября, 2023
Интернет-алаяқтар туралы шағымдардың 30%-ы мерекелік маусымға тиесілі: не істеу керек?

Интернет-алаяқтар туралы шағымдардың 30%-ы мерекелік маусымға тиесілі: не істеу керек?

27 декабря, 2024
Кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Өткен тәулікте елде 1717 адамнан коронавирус анықталды

4 октября, 2021

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі
  • Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
  • Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.