Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Тоқаевқа 5G технологиясы сынақтан сәтті өткені туралы баяндалды

Агзам Текенов by Агзам Текенов
8 апреля, 2022
Тоқаевқа 5G технологиясы сынақтан сәтті өткені туралы баяндалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Байланысты

Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады

Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті

01.04.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындылары, цифрландыру және IT саласының даму перспективалары жөнінде, сондай-ақ телекоммуникация бағытындағы жұмыстың сапасын арттыруға қатысты Президент тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы есеп берілді.

Министрдің айтуынша, адам мүддесіне қызмет ететін сервистерді енгізу аясында ең қажетті деген 18 құжат жеке деректерді қорғау шараларын міндетті түрде сақтай отырып, платформаны танымал ету арқылы цифрлық форматқа ауыстырылған.

Бұдан бөлек Бағдат Мусин Қасым-Жомарт Тоқаевқа «цифрлық теңсіздікті» жою, интернетпен қамтамасыз етуге және оның сапасына қатысты бақылау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы да есеп берді. Былтыр 628 елді мекенде Интернет сапасы жақсартылса, биыл тағы да 140 ауылда осындай жұмыстар жүргізілмек.

Президентке мобильді операторлардың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G технологиясының сынақтан сәтті өткізілгені туралы баяндалды. 2022 жылы республикалық маңызы бар қалаларда коммерциялық мақсатта іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар министр телекоммуникация нарығын одан әрі дамыту жоспарын ұсынды. Атап айтқанда, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының компаниялар тобын монополиядан арылту жұмыстары жүргізіледі, бәсекелестік ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар заңнамалық бастама қабылданбақ.

Бағдат Мусин Президентке Қазақстанды цифрландыру аясында энергетика, жер қойнауын пайдалану, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жерді қашықтан зонттау спутниктерін пайдалана отырып, су және жер ресурстарын мониторингтеу салаларындағы бірқатар стратегиялық жоба туралы баяндады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

IT саласын дамытуға баса мән берілді. Astana Hub технопаркінің жұмысы, соның ішінде шетелдік IT компанияларды Қазақстанға әкелу туралы айтылды.

Президент отандық IT секторды қолдауға бағытталған нақты шаралар әзірлеуге және халықаралық нарықта жетістікке жеткен шетелдік IT компанияларға көмек көрсетуді тапсырды.

Кездесу барысында министр «ҰАТ» акционерлік қоғамының ресурстары негізінде осындай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар отандық IT компаниялардың сарапшыларын тарта отырып, цифрландыру платформасын құруды ұсынды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Келесі жаңалық

Димаш Құдайберген Джеки Чанды туған күнімен құттықтады

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады
Категориясыз

Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады

16 апреля, 2026
Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті
Категориясыз

Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті

16 апреля, 2026
Категориясыз

01.04.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

16 апреля, 2026
1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
Категориясыз

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

15 апреля, 2026
Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
Категориясыз

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

15 апреля, 2026
Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді
Категориясыз

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

15 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Димаш Құдайберген Джеки Чанды туған күнімен құттықтады

Димаш Құдайберген Джеки Чанды туған күнімен құттықтады

Шыны зауытының 200 қызметкері Болат Назарбаевтың адамдарының басқыншылығынан сескеніп, қарсы шықты

Шыны зауытының 200 қызметкері Болат Назарбаевтың адамдарының басқыншылығынан сескеніп, қарсы шықты

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Өткен тәулікте 11 адам коронавирус жұқтырды

12 апреля, 2022
Ақтөбе «сары» аймаққа кіріп, өңірде карантин шаралары күшейтілді

Ақтөбе «сары» аймаққа кіріп, өңірде карантин шаралары күшейтілді

22 марта, 2021
Қазақстандағы референдум қорытындысы жарияланды

Қазақстандағы референдум қорытындысы жарияланды

7 июня, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады
  • Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.