Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Қоғам

Freedom Holding Corp. компаниясы Арал теңізінің экологиялық жүйесін қалпына келтіру жобасы шеңберінде сексеуіл отырғызуды жүзеге асырды

admin by admin
10 апреля, 2024
Freedom Holding Corp. компаниясы Арал теңізінің экологиялық жүйесін қалпына келтіру жобасы шеңберінде сексеуіл отырғызуды жүзеге асырды

Freedom Holding Corp. компаниясы Арал теңізінің экологиялық жүйесін қалпына келтіру жөніндегі USAID жобасы шеңберінде Қызылорда облысындағы Аралдың құрғаған түбінде орналасқан «Достық» аллеясында сексеуіл отырғызды. Қара сексеуіл тәлімбағының ашылуын атап өткен іс-шара Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жахановтың, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турловтың және Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) директорының орынбасары Зәуреш Әлімбетованың қатысуымен өтті.

Байланысты

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды

USAID өңірлік жобасы – Арал теңізінің құрғаған түбінде жасыл жамылғы жасаудың оазистік әдісінің бірегей мысалы. Оазистік өсу нүктелері тұщы немесе аздап тұздалған су көздерінің міндетті түрде болуын көздейді, бұл осы аумақта сексеуілді ғана емес, сондай-ақ өсімдіктердің басқа түрлерін отырғызуға және жемдік шөптердің егістік жайылымдарын ұйымдастыруға, жабайы және үй жануарлары үшін суару жүйелерін құруға мүмкіндік береді.

Климаттың өзгеруі салдарын азайтуға көмектесетін өсімдіктер мен топырақтың көміртекті сіңіруін арттыру «Орман оазисін» құрудың қосымша артықшылығы болады.

2023 жылы Freedom Holding Corp. компаниясы және USAID 150 гектар жерге қара сексеуілді пилоттық отырғызу бойынша ХАҚҚ жобасын қолдады. 2024 жылы «Freedom Шапағат» арнайы қайырымдылық қоры және халықаралық донорлар арқылы қосымша 336 гектар жерге қара сексеуілді отырғызуға, сондай-ақ Аралдың экологиялық жүйесін қалпына келтірудің кешенді бағдарламасы шеңберінде 1000 гектар жайылымдарды қалпына келтіруге жәрдемдесу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен Қазақстанда алғаш рет ХАҚҚ және Qazaq Carbon климаттың өзгеруі мәселесін шешуге және парниктік газдар шығарындыларын айтарлықтай азайтуға көмектесетін көміртекті сертификаттау бойынша мүмкіндіктерді бағалау жөнінде жұмыстар жүргізуде. Көміртекті реттеудің бұл экономикалық тетігі компанияларды зиянды шығарындыларды өтеп, азайтуға ынталандырады және еліміздің бүкіл аумағында және көрші мемлекеттерде масштабтауға болатын көміртекті кредиттің қазақстандық моделін құруға көмектеседі. Сексеуіл отырғызуды көміртекті сертификаттау сексеуіл ормандарын кем дегенде 20 жыл бойы күтіп ұстау, сондай-ақ өсімдіктерге күтім жасау және отырғызу аумағын кеңейту үшін тұрақты кірісті қамтамасыз етеді.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Биыл Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету Қазақстанға өтті. Біздің ел алдағы үш жылда ұйымды басқарады. Бұл біз бизнес ретінде түсінетін әрі бөлісетін үлкен миссия мен жауапкершілік. Себебі бірлескен күш-жігермен ғана осындай бірегей су қоймасының жағдайын жақсартуға қол жеткізуге болады. Бұл міндет Қорға, үкіметтік емес ұйымдарға және біз, яғни бизнес-қоғамдастыққа қатысушы барлық елдің күш-жігерін шоғырландыру кезінде ғана орындалады».

Бақыт Жаханов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:

«USAID жобасы сексеуілді суару үшін ұңғыманы бұрғылауды көздейтін оазистік тәсілді Аралда тиімді іске асыруға болатындығын көрсетеді. Сондықтан бұл тәжірибені көбірек оазистер пайда болып, орман тез өсіп, жануарлар суаратын жерге келіп, құстар ұшып, биоәртүрлілік пайда болуы үшін тарату керек. 2022 жылы сексеуіл 250 мың гектар жерге, 2023 жылы 193 мың гектардан астам жерге отырғызылды. Жұмыстар, оның ішінде Freedom Holding Corp. компаниясы сияқты әлеуметтік жауапты бизнес өкілдерінің қолдауымен жалғасатын болады.»

Зәуреш Әлімбетова, Қазақстан Республикасындағы ХАҚҚ директорының орынбасары:

«Қазіргі уақытта біздің алдымызда сексеуіл отырғызудың тиімділігі міндеті тұр. Бұған тек ғылыми және инновациялық тәсілдер арқылы қол жеткізуге болады. Біз «Оазис» деп атаған USAID жобасының учаскесінде іс жүзінде сексеуілді отырғызудың прогрессивті эксперименттік әдістері іске асырылуда, олар оның өмір сүруін жақсартуға ықпал етуі тиіс: Аралдың құрғаған түбінде тәлімгер құру, тамыр жүйесі жабық сексеуіл өсіру, суару үшін ұңғыманы бұрғылау. Freedom Holding Corp. компаниясымен «Оазисті» одан әрі орнықты басқаруды қолдау бойынша жасалған келісім инновациялық тәсілдерді қолдануға, отырғызу тиімділігіне ықпал ететін болады және Аралдың экологиялық жүйесін қалпына келтіруге үлес қосатыны сөзсіз.».

 

Freedom Holding Corp. компаниясы үшін Аралдың экологиялық жүйесін қалпына келтіру жобасы БҰҰ Жаһандық шартына қол қоюшы ретінде енгізілетін ESG-қағидаттары мен қабылданған міндеттемелерді іс жүзінде іске асыру болып табылады (Орнықты даму мақсаты 13: Климаттың өзгеруіне қарсы күрес).

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Еліміздің аумағында су басқан үйлердің саны белгілі болды

Келесі жаңалық

Көкжөтел жүкті әйелдерге қандай қауіп төндіреді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы
Қоғам

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

26 июня, 2025
Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды
Қоғам

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

12 июня, 2025
“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды
Қоғам

“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды

12 июня, 2025
Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген  балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда
Басты

Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда

2 мая, 2025
Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды
Технология

Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды

25 апреля, 2025
Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті
Қоғам

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті

23 апреля, 2025
Келесі жаңалық
Көкжөтел жүкті әйелдерге қандай қауіп төндіреді

Көкжөтел жүкті әйелдерге қандай қауіп төндіреді

Алматылық травматологтар науқастың аяғын 10 см ұзартты

Алматылық травматологтар науқастың аяғын 10 см ұзартты

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Volkswagen, Toyota және Hyundai: 2025 жылы қазақстандықтар қандай көліктерді сатып алды

Volkswagen, Toyota және Hyundai: 2025 жылы қазақстандықтар қандай көліктерді сатып алды

16 января, 2026
Қазақстанда отандық өнімдерді бірінші қатарға орналастырмақ

Қазақстанда отандық өнімдерді бірінші қатарға орналастырмақ

22 февраля, 2023
Президент Үкіметті отставкаға жіберді

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

5 февраля, 2024

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
  • «Қазақмыс» Жезқазған өңірі кәсіпорындарын кешенді жаңғыртуды жалғастыруда
  • Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.