Нигерияда болған жол-көлік апатынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды The Nation Newspaper газеті.
Нигерияның жол қозғалысы қауіпсіздігі Федералдық корпусының мәліметінше, бағдарлы автобус және төрт көлік соқтығысқан. Көптеген жолаушылар түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
Жол апаты Кадуна штатының Джар-мармара кентінде болды.
Алдын ала деректерге қарағанда, автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, өзге төрт автомобильмен соқтығысқан.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз