Kaspi.kz қосымшасы жұмыс істей бастады
Kaspi.kz қосымшасындағы ақау жойылды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
«Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызмет түрі жұмыс істейді. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, сүйікті клиенттерімізге «Қолдау көрсеткеніңіз үшін рақмет!» айтамыз.
29 қазан мен 4 қараша аралығында Kaspi QR арқылы Kaspi Gold және Kaspi Red-дан төлем жасаған кезде әрбір сатып алу үшін 5 пайыз бонус береміз», — делінген хабарламада.
Мұның алдында қосымшаның жұмысында техникалық ақаулар болғаны хабарланған еді. Kaspi.kz өкілдері қазақстандықтардың шағымына жауап бере отырып, ақау тез арада жойылады деп уәде берген еді.
Фото: Sputniknews.kz