Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Алматыда қалқанша безінің түйіндік түзілімдерін емдеудің бірегей инновациялық әдістері енгізілуде

admin by admin
1 марта, 2024
Алматыда қалқанша безінің түйіндік түзілімдерін емдеудің бірегей инновациялық әдістері енгізілуде

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да қалқанша безінің түйіндік түзілімдерін емдеудің жоғары тиімді әдісі — радиожиілікті аблация енгізілуде. 2 пациентке, Түркістан облысынан 47 жастағы әйелге және Жамбыл облысынан 43 жастағы ер адамға аз инвазивті операция жасауға Астана қаласынан интервенциялық онкорадиолог Нияз Малаев көмектеседі.

Байланысты

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

Екі науқасқа да уытты емес бір түйінді зоб диагнозы қойылды — бұл функцияның бұзылуынсыз қалқанша безінің қатерсіз патологиясы. Симптомдар түйіннің көлеміне және оның орналасуына байланысты: косметикалық ақау, тыныс алу мен жұтудың қиындауы, тамақ ішу кезінде ыңғайсыздық сезіну, дауыстың өзгеруі.

«Біздің клиникада терапиялық бейіндегі пациенттер, соның ішінде қант диабеті, қалқанша безінің аурулары және т.б. науқастарға медициналық көмек көрсетіледі. Қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін емдеудің бірегей, аз инвазивті әдісі — радиожиілікті аблацияны енгізу біздің пациенттерге хирургиялық араласусыз  қалқанша безінің түйіндік түзілімдерінен арылуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Біз Астана қаласының Ұлттық ғылыми медициналық орталығының дәрігері, әріптесіміз Нияз Бейсенұлына қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз», — дейді ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

«Радиожиілікті аблация — ісік тініне әсер етудің заманауи әдістерінің бірі. Оның мақсаты — ісікті толығымен жою, осы әсердің нәтижесінде қалқанша без түйіндерінің патологиялық жасушалары жойылады, бездің сау тіндері зақымдалмайды. Бұл әдіс қалқанша безінің түйіндерін хирургиялық алып тастауға  тамаша балама болып табылады», — деп атап өтті Нияз Бейсенұлы.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда қалқанша безінің қатерсіз түйіндік ісіктерін хирургиялық алып тастауды қамтитын стандартты терапия қолданылған.

Қалқанша безін аблациялау процедурасын пациенттер жақсы өткереді және шамамен 30 минуттай уақытты алады. Процедурадан кейін шамалы ауырсынудың пайда болуы қосымша ауырсынуды басуды қажет етпейді.  Радиожиілікті аблация қауіпсіз. Бұл әдістің артықшылығы — аз инвазивтілік және процедураның қысқа мерзімділігі, жақсы терапиялық әсер және асқынулардың болмауы.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

КІАҒЗИ эндокринология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., MD PhD Лаура Даньярованың пікірі бойынша, РЧА-ға негізгі көрсеткіштері:

— науқастың хирургиялық араласудан бас тартқан кезде, 3,0 см-ден асатын қалқанша безінің қатерсіз түйіндері, қысылу белгілерін және/немесе эстетикалық проблемалардың туындауы;

— құрамында 70%-дан астам кисталық компонент, сондай-ақ іргелес органдардың қысылуын тудыратын өсіп келе жатқан түйіндер бар барлық дерлік қатты және аралас қатты кисталық түйін түзілімдеріне жасауға болады.

РЖА процедурасының алдында түйіндік түзілім биопсиясы және цитологиялық зерттеу қажет.

Пациент Туреханова Ойдин: Мен 3 жыл бойы ауырамын, Ташкентке бардым, Қазақстанда емделдім – маған барлық жерде ота жасау ұсынылды, бірақ мен бас тарттым. Менің жолым болып, Алматыда осы клиникада қалқанша безінің радиожиілік абляциясын жасай бастапты. Операциясыз емдеуге болады екен. Бүгін алғыс айту күні, мүмкіндікті пайдаланып, дәрігерлерге ризашылығымды білдіргім келеді. Олардың тынымсыз еңбегіне, алтын қолдарына, кәсіби шеберліктеріне алғысым шексіз!

Алдағы уақытта ҒЗИ-да мамандар даярлауды және көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, қалқанша безінің қатерсіз түзілімдерін РЖА жүргізуді жоспарлап отыр.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ақпан айында шекарада 2 559 заң бұзушы ұсталды

Келесі жаңалық

Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады
Денсаулық

Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады

10 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
Денсаулық

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

2 апреля, 2026
Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды
Денсаулық

Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды

2 апреля, 2026
Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

30 марта, 2026
7 қалалық клиникалық аурухананың проктолог дәрігерлері ұзақ уақыт аурудан зардап шеккен науқастың өмір сүру сапасын қалпына келтірді
Денсаулық

7 қалалық клиникалық аурухананың проктолог дәрігерлері ұзақ уақыт аурудан зардап шеккен науқастың өмір сүру сапасын қалпына келтірді

27 марта, 2026
Келесі жаңалық
Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Құтқарып, ана атануға мүмкіндік берді: алматылық әйел дәрігерлерге алғысын білдірді

Құтқарып, ана атануға мүмкіндік берді: алматылық әйел дәрігерлерге алғысын білдірді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады

Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады

3 июня, 2024
Головкин мен Шеремета салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Головкин мен Шеремета салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

18 декабря, 2020
Тоқаев әлемдік шахмат элитасының өкілдерімен кездесті

Тоқаев әлемдік шахмат элитасының өкілдерімен кездесті

3 мая, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
  • Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті
  • Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек?

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.