Әнші Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепіл төлеп, қамаудан босатылады, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Алматы облысы Кеген аудандық сотының қаулысымен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдіктінің Төреғали Әлихановқа қатысты «Бұзақылық» 293-бабының 1-бөлігі бойынша он миллион теңге сомасына кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бұл бұлтартпау шарасын қолдану тәртібі ҚК мен ҚІЖК-де нақты жазылған», — деп хабарлады Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз