Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Мәдениет

«Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті

admin by admin
26 февраля, 2024
«Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті

2024 жылдың 22-23 ақпанында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы өтті.

Байланысты

Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді!

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Жас ақындар айтысының мақсаты – айтыс өнерін жастар арасында кеңінен насихаттау, ақындық дәстүрді жаңғырту, жас ақындардың қабілеттері мен шешендік өнерін шыңдау, олардың көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, төл өнерімізді дәріптеу.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жыр додасына еліміздің ЖОО-ның жас жүйріктері мен Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан сынды шетелден келетін жалпы саны 40-қа жуық ақындар қатысты.

Биыл қазақтың «Үш бәйтерегі» Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған аламан айтыстың Бас жүлдесін (500 000 теңге) — Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университеттің студенті Қайдаров Бексұлтан алды. Ал І орынды — Моңғолия елінің жас жүйрігі Адилхан Іңкәрбек (400 000 теңге), ІІ орынды — (300 000 теңге) Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Қонарбай Мұхтар мен Қорқыт ата атындағы Кызылорда университетінің студенті Ержігіт Дильназ иеленді. ІІІ орынды (200 000 теңге) — Қырғызстанның жас ақыны Қалыбекұлы Ырыскелді мен Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Өмірбеков Нұрдаулет және Каспий өңірі Болашақ колледжінің студенті Алиев Жанболат қанжығасына байлады.

Одан бөлек, «Темірхан Тебегенов» атындағы арнайы жүлдені Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенті Ақылжанов Асет, «Оразалы Досбосынов» атындағы арнайы жүлдені Өзбекстанның жас жүйрігі Қожамұратов Ринат, «Есенқұл Жақыпбек» атындағы арнайы жүлдені Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Ергалиев Алихан, «Ерік Асқаров» атындағы арнайы жүлдені Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ университетінің студенті Сәуірхан Сұлтан, «Әселхан Қалыбекова» атындағы арнайы жүлде қорын Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Төленбек Нұртілеу, «Жарқынбек Наушабеков» атындағы арнайы жүлдені Шәкәрім университетінің студенті Еркінұлы Қуаныш, «Қонысбай Әбілов» атындағы арнайы жүлдені Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университетінің студенті Тауекелов Нұрсерік, «Әзімбек Жанқұлиев» атындағы арнайы жүлдені М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Бәтей Аят, ҚР Мәдениет қайраткері, «Зейнолла Сәнік» атындағы мәдениет қорының жүлделерін Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері Даярбек Санжар мен Саулет Нұршапағат иеленсе, «Дара Дарын» жобасының арнайы жүлдесін Өзбекстанның ақыны Қожамұратов Ринат, «Өзбекәлі Жәнібеков» атындағы арнайы жүлдені Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Кәдірбай Батыржан алды.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының қолдауымен, «ASSYLTAS» қоғамдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекеевтің демеушілігімен өткен екі күндік шараға: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағы» РҚБ басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев, Алтын домбыра иегері, Айтыстың ақтаңгері Еркебұлан Қайназаров, Филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы қазылық етті. Ал сөз бәйгесін айтыскер ақын, О.Досбосынов атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Шұғайып Сезімханұлы жүргізді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

 

 

 

 

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматылық педиатр көкжөтел ауруы туралы айтып берді

Келесі жаңалық

Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам құтқарылды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді!
Мәдениет

Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді!

15 июня, 2026
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті
Мәдениет

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті

9 июня, 2026
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Мәдениет

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

9 июня, 2026
Табиғат балалар көзімен: Қазақмыс шығармашылық байқау жеңімпаздарын анықтады
Мәдениет

Табиғат балалар көзімен: Қазақмыс шығармашылық байқау жеңімпаздарын анықтады

5 июня, 2026
Мақсим Горький атындағы театрға ұлттық мәртебе беріледі: ұжым Президентке ризашылығын жеткізді
Мәдениет

Мақсим Горький атындағы театрға ұлттық мәртебе беріледі: ұжым Президентке ризашылығын жеткізді

31 мая, 2026
Park Live Almaty кеңейіп жатыр: лайн-апқа Robbie Williams қосылды. Әнші фестивальдің қосымша күнінде хедлайнер болады
Мәдениет

Park Live Almaty кеңейіп жатыр: лайн-апқа Robbie Williams қосылды. Әнші фестивальдің қосымша күнінде хедлайнер болады

29 мая, 2025
Келесі жаңалық
Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам құтқарылды

Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам құтқарылды

Алматы орталығында төбелескендер ұсталды

Алматы орталығында төбелескендер ұсталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Сенат депутат Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Сенат депутат Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

30 декабря, 2021
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 53 адам қайтыс болды

Кейінгі тәулікте коронавирустан қанша адам қайтыс болды?

21 января, 2022
Мопедистер полистерді рәсімдеуге міндетті болады: 2025 жылы сақтандыру нарығындағы негізгі өзгерістер

Мопедистер полистерді рәсімдеуге міндетті болады: 2025 жылы сақтандыру нарығындағы негізгі өзгерістер

17 января, 2025

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
  • «Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
  • Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.