Иманбектің Еуропа мен АҚШ-та жеке туры өтеді
Қазақстандық диджей, Грэмми сыйлығының иегері Иманбек (Imanbek) Зейкенов әлемдік турын жария етті, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Рахмет» туры жарияланды. Уақыты туралы хабардар болыңыздар», — деп жазды Иманбек Instagram парақшасында.
Диджейдің музыкалық туры 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы 24 концерт береді деп жоспарланып отыр.
Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт бермек.