Белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай қайтыс болды

Белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай қайтыс болды

Телевизия және радио ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress Qazaq Radiosy сайтына сілтеме жасап.

— Радио және телевизия саласының ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай 70 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, — делінген хабарламада.

Бүкіл саналы ғұмырын Әбдірәлі Бөлебай қазақстандық журналистиканың дамуына зор үлесін қосуға арнады.

Айта кетсек, Әбдірәлі Бөлебай өмірінің соңында дейін Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарды.