Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды

Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды

Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды, деп хабарлайды Qazaqpress Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Театрымыздың актері, жаны жайсаң Сағат Жылгелдиев ағамыз дүниеден өтті… Театр ұжымы, әріптестері марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Бақұл болыңыз аға! Сіздің жарқын бейнеңізді әріптестеріңіз, ұжым, өзіңіздің сүйікті көрермендеріңіз мәңгі жадында сақтайды, — делінген естіртуде.