Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды, деп хабарлайды Qazaqpress.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды, — делінген хабарламада.
Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері белгілі болды.
Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:
— қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;
— жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;
— өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру, — делінген хабарламада.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз