26 сәуірде Алексей Цой бірінші болып қазақстандық вакцинаны салдырады

26 сәуірде Алексей Цой бірінші болып қазақстандық вакцинаны салдырады

26 сәуір күні Қазақстанда отандық вакцинамен екпе жасау науқаны басталады, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«26 сәуірде Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында шығарылған және өңірлер бойынша 50 мың доза мөлшерінде бөлінетін QazCovid-in қазақстандық вакцинасымен вакцинация басталады», — деп жазды ведомство Facebook парақшасында.

Айта кетсек, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге отандық QazVac вакцинасымен екпе алады.