ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Сарқұловты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Тиісті құжат 2024 жылғы 25 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп жазылған құжатта.

2024 жылғы 23 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының жаңа орынбасарлары болып тағайындағаны белгілі болды:

  • Марат Жұмабаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры;
  • Алмас Наймантаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Еске салайық, Асқар Әмерханов 2023 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болды. 2024 жылы 16 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты.

Фото: Akorda.kz