Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді

Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді

Тирана қаласында (Албания) грек-рим күресінен олимпиадалық емес салмақтарда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ержет Жарлықасын финалға шықты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 63 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда поляк Мишал Трачщты қапы қалдырды.

Ширек финалда франциялық Стефан Клементті мерзімінен бұрын ұтты.

Ал жартылай финалда ресейлік Садық Лалаевты 8:0 есебімен тізе бүктірді.

Е.Жарлықасын белдесуінің бәрі ойдағыдай болғанын, енді чемпиондық атақ үшін барын салатынын жеткізді.

Ержет Жарлықасын 29 қазан күні финалда әзербайжандық Нихат Маммадалимен алтын жүлдені сарапқа салады.

Фото: Olympic.kz