Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына сәйкес Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалсын», — делінген ҚР Президентінің Жарлығы мәтінінде.