Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Тығырықтан тек бірге шыға аламыз

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
20 августа, 2021
Тығырықтан тек бірге шыға аламыз

Біздің заманымызда түрлі проблемалар көп. Соның бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық. Бұл тақырып әсіресе маңызды. Біз бұл туралы талай рет жаздық, әлі де жазамыз. Өйткені бұл зұлымдықпен күрессе, түбінде жеңіске жетуге болады және адамдардың өмірі жеңілдейді. Әсіресе әйелдер мен балалардың өмірі күрт өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Алдыңғы мақалаларда біз көрсеткіштерді көрсетіп, заң баптарын қарастырдық, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресіп жүрген адамдармен сұхбаттасып, олар әңгімелерімен бөлісті және т.б. Бірақ бұл жолы есту қабілеті нашар адамдар арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтқымыз келеді. Өкінішке қарай, бұл тақырып көп қозғалмайды. Сондықтан, бұл тақырып ерекше және ол туралы жазуды парызымыз деп санаймыз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, әлем халқының 5% -дан астамында есту қабілеті нашар, ал бұл 430 миллион адам, оның 34 миллионы балалар құрайды. Қазақстанда есту қабілеті бұзылған 18 мыңнан астам адам тұрады, 12 мыңы ым тілінде сөйлейді және барлығына да әртүрлі деңгейде көмек қажет болуы мүмкін.

Әрине, олардың әрқайсысының отбасысы болуы ықтимал және олар да өзгелер сияқты, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Бірақ негізгі тақырыпқа оралайық. Жақында Қазақстан Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен бірлесіп, әзірлеген «Qolda» жедел көмек көрсету бағдарламасының үшінші кезеңі басталды.

Ауылдық аймақтардағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен қайта оңалту жобасы аясында QazYmCenter қоғамдық бірлестігі бағдарламаға қатысушылардың бірі болды. Олар есту қабілеті бұзылған адамдарға көмектеседі. Қоғамдық бірлестіктің қызметі туралы білу үшін Optimism.kz тілшісі қауымдастық директоры Зарина Буровамен сұхбаттасты.

Өзі жайлы

Зарина Бурова 29 жаста. Ол Шымкент қаласында дүниеге келген. Оның отбасындағылардың бәрі жақсы естиді дейді. Ал 9 жасында әпкесімен бірге саңырау балаларды көріпті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

— Біз олардың не туралы және қалай сөйлесетінін білгіміз келді – деп бастады директор өз әңгімесін. – Біз ол балаларды бізге ым тілін үйретуін сұрадық. Олар келісті. Оқу кезінде бәрін тез қағып алатынбыз және алты айдың ішінде тез дағдыланып, меңгердік.

Сол кездері Зарина саңырауларға көмектесіп, ауруханаларға, мектептерге және басқа да жерлерге бірге жүріп, халыққа айтқандарын аударып отырған. Содан бері есту қабілеті нашар адамдар оның негізгі ортасына айналды. Қазір ол сурдоаудармашы.

— Ақырында мен жақсы мылқау жігітке тұрмысқа шықтым – ол әңгімесін жалғастырады. – Міне, 9 жылдай бірге бақытты өмір сүріп келеміз.

QazYmCenter туралы

QazYmCenter қоғамдық бірлестігі 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестік ымдау тілі мамандары мен есту қабілеті бұзылған адамдармен құрылды. Оның басты мақсаты – ым тілін дамыту мен танымал ету, есту қабілеті шектеулі жандардың заңды құқықтарын қорғау, ым тілінде ақпараттық бейнероликтер шығару.

Қауымдастықтың негізгі филиалы Алматыда орналасқан, бірақ олар тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша өз жұмыстарын Өскемен мен оған жақын ауылдарда жүргізетін болады. Зарина есту қабілеті нашар адамдардың зорлық-зомбылықпен проблемалары көп болғандықтан осы тақырыпты таңдағанын айтады. Оларда жеткілікті ақпарат жоқ.

— Қазіргі таңда абьюз тақырыбы өте кең тараған. Зардап шеккендер үшін дағдарыс орталықтары құрылды, сенім телефондары бар, оларға психологиялық, әлеуметтік және физикалық көмек көрсетіледі. Ал есту қабілеті бұзылған адамдар үшін бұлардың ешқайсысы қарастырылмаған. Оның үстіне, соған байланысты ақпарат та аз. – деп қосты қауымдастықтың директоры – Оған қоса есту қабілеті нашар адамдар психологтарға сирек жүгінеді, бірақ тәжірибемізге сүйенсек, әрбір екінші адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын болжай аламыз.

Әдістемелер

QazYmCenter екі режимде жұмыс істейді – онлайн және офлайн. Ең алдымен, олар Instagram әлеуметтік желісінде арна ашты. Арнада олар есту қабілеті бұзылған адамдарға пайдалы әлеуметтік роликтер шығарады.

— Арна олар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда не істеу керектігін және қайдан көмек сұрау керектігін білуі үшін ашылған – деді Зарина. – Офлайн бізде күнделікті кеңсе жұмыс істейді (мекен-жайы: Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 38), онда кәсіби психолог бар. Ол өзіне жүгінгендерге кез келген сәтте көмектесуге дайын. Сонымен қатар сурдоаудармашысы бар сенім телефоны жұмыс істейді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы пікір

Зарина Бурова отбасылық зорлық-зомбылықты бәрі бірге қолға алмайынша, оны толықтай жою мүмкін емес деп есептейді.

— Мүмкін, бұл тақырып қалыпты жағдайға айналып кеткен шығар, тұрмыстық зорлық-зомбылық өте жиі кездеседі. Сондай-ақ, мен ата-анасының балағат сөздер айтқанын немесе әкесі анасына қалай қол көтергенін көрген балалар бұл қалыпты жағдай деп санайды деп ойлаймын. Өкінішке қарай, кейбіреулері өскенде де өзін солай ұстайды – деді ол. – Ал есту қабілеті нашарларға келетін болсақ, тіпті қиын. Қайталап айтамын, олар үшін арнайы дағдарыс орталықтары, қажет мамандар, сурдоаудармашылар, психологтар жоқ. Себебі, бұл басқа «мәдениет». Есту қабілеті нашар адамдарға бәрін тереңірек, жіктеп түсіндіру керек.

Qolda жұмысы

QazYmCenter командасы кем дегенде 250 естімейтін адамға көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Олар қалалар мен ауылдарға саяхат жасайды, мектептерді аралайды.

— Біз мектептерді бір себеппен таңдадық. Біздің ойымызша, барлық балалар кішкентай кезінен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кезіккенде өзін қалай ұстау керектігін білуі керек – деді Зарина. – Сондықтан біз инстаграмымызды бейне-роликтермен толықтыруды жалғастырамыз. Өйткені, бұл есту қабілеті бұзылған адамдарға көбірек көмек көрсету үшін өте жақсы құрал.

Әңгіме соңында Зарина Бурова: «Бұл – ерекше әлем, және оны тікенді кірпімен салыстыруға болады» – деді.

— Біздің міндетіміз – есту қабілеті нашар адамдарға көмектесу үшін, бізбен проблемаларын ашық талқылай алуы үшін сеніміне қол жеткізу. Олар біздің көмегімізді қабылдай бастағаны да өте маңызды. Біз олардың әрқайсысы бұл проблемамен бетпе-бет жалғыз қалмайтынына көндіріп отырмыз. Ақырында бұны тек бірге жеңе аламыз – деп қорытындылады ол сөзін.

Tags: Qoldaесту қабілет нашар адамдаркөмекқоғамдық бірлестік
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 153 адам қайтыс болды

Келесі жаңалық

Сәтпаевта белгісіз біреулер 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
Категориясыз

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

9 мая, 2026
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді
Категориясыз

Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

8 мая, 2026
FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады
Категориясыз

FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады

8 мая, 2026
FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі
Категориясыз

FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі

8 мая, 2026
Келесі жаңалық
Сәтпаевта белгісіз біреулер 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді

Сәтпаевта белгісіз біреулер 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді

Ескелді ауданында астық жинау науқаны қарқынды өтуде

Ескелді ауданында астық жинау науқаны қарқынды өтуде

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Байғабыловқа жаңа міндеттер жүктелді

Байғабыловқа жаңа міндеттер жүктелді

3 февраля, 2021
Алматы коронавирус бойынша «сары аймаққа» енді

Алматы коронавирус бойынша «сары аймаққа» енді

17 ноября, 2020
К24: Қазақстандық көшбасшылар цифрлық болашаққа жол ашуда

К24: Қазақстандық көшбасшылар цифрлық болашаққа жол ашуда

23 сентября, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
  • Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
  • Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.