Сәтпаевта белгісіз біреулер 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді

Сәтпаевта белгісіз біреулер 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді

Сәтпаев қаласында 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

20 тамыз күні сағат 01.00-де белгісіз тұлға атыс қаруын қолданып, Сәтпаев қаласының 41 жастағы тұрғынын өлтірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» әрекеті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Оқиға орнында Қарағанды облысы Полиция департаментінің және Сәтбаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеуде. Жасалған қылмыстың түрлі нұсқалары тексерілуде», — деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.