Қазір ақша айырбастау орындарында доллар 470-480 теңге аралығында сатылуда. АҚШ валютасының айырбас бағамының күрт өскені Қазақстанның негізгі мұнай экспортының проблемасымен байланысты. Жақын арада доллар 500 теңгеден асу мүмкін, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Экономист Рахым Ошақбаев 31 арнаға берген сұхбатында жағдайдың одан әрі өзгеру мүмкін екенін, теңге құлдырап, доллар бағасы әлі шарықтайтынын айтты.
Неліктен доллар бағамы өсуде?
Ресей сотының Каспий мұнай құбырын тоқтату туралы шешімі доллардың динамикасына әсер етті, себебі бұл Қазақстанның өз мұнайын экспорттауын қиындатты. Жағдай қашанға дейін созылатыны белгісіз, сондықтан алдағы уақытта бәрін күтуге болады.
Мұнай құбыры жұмысының тоқтағаны саяси шешіммен байланысты болу мүмкін, соның кесірінен Қазақстан экспорттан келетін кірісті аз алатын болды және валюталық саудаға араласа алмайды. Нәтижесінде ұлттық валюта одан әрі құнсыздану мүмкін.
Әдетте нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арқасында болжам жасалады. Ал қазіргі уақытта өте жайсыз болжамдар бар. Бұл Каспий мұнай құбыры жұмысының тоқтатылуына және оның нарыққа тигізетін әсеріне байланысты.
Ұлттық банк араласу мүмкін бе?
Ұлттық банктің наурыздағыдай валюталық интервенция жасағаны дұрыс па екен? Болжам бойынша Банк интервенция жасамай, валютаның құлдырауына жол беру мүмкін. Өйткені, қазір валюта бағамы 1 доллар – 560 теңге деңгейінде тұрғанын және оның әлі төмендеу ықтималдығы бар екенін көрдік.
Жақын арада басқарылатын валюта бағамы 500-ден төмендеу мүмкін деген болжам бар. Тек жалғыз сұрақ – қашан түспек?
Discussion about this post