Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
«Боранбаевты Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚҚА) қызметкерлері ұстады. Оның ісіне қатысты Алматы департаменті емес, Астанадағы Қаржы мониторингі агенттігінің бас кеңсесінің адамдары жұмыс істеп жатыр. Қазір Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жақын күндері Алматыда тергеу жұмыстары өткізіледі», – делінген ашық ақпарат көздерінде.
Еске салсақ, Қайрат Боранбаев – Қазақстан ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы, «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы және түрлі бизнестің иесі болып табылатын ірі кәсіпкер.
Боранбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасымен туысқан. Қайрат Боранбаев – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима 2013 жылы Дариға Назарбаеваның ортаншы ұлы Айсұлтан Назарбаевқа күйеуге шықты. Айсұлтан 2020 жылы тамызда Лондонда қайтыс болды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз