Алматы қаласында екі ер адам төбелесіп, біреуі тапаншадан оқ атты, деп хабарлайды Qazaqpress.
Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Полиция өкілдерінің мәліметі бойынша, Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
— Таныс адамдар арасында қақтығыс болғаны анықталды. Олардың бірі газ тапаншасын қолданған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті — 1989 жылы туған ер адам ұсталды. Сотталушының айтуынша, ол қылмыс құралын лақтырып жіберген, бұл факт тексеріледі. Тергеу жалғасып жатыр, — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз