Алматыда көлік қағып кеткен әйелдің жағдайы белгілі болды

Алматыда көлік қағып кеткен әйелдің жағдайы белгілі болды

Алматыда көлік қағып кеткен әйелдің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Зардап шеккен адамды № 4 қалалық аурухананың дәрігерлері қарады. Алғашқы көмек көрсетілді, содан кейін амбулаториялық ем ұсынылды. Науқастың жағдайы тұрақты. Оның өміріне қауіп төнетіндей жарақаттары жоқ», — деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салсақ, есірткіге масайған «Субару» көлігінің жүргізушісі Сейфуллин мен Жібек жолы көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті.