Алматы онкологиялық орталығының дәрігерлері коронавирус пандемиясы кезеңінде қабылдауды, диагностика жүргізуді, емдеуді жалғастырып күніне кем дегенде 15 операция жүргізіліп отыр.
Жылдың басынан бері 605 операция жасалды. Осылайша, бірінші тоқсанның нәтиежсі бойынша Алматы қалалық онкологиялық орталығында барлығы 4 мыңнан астам онкологиялық науқастар емделіп шықты, бұл дегеніміз өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 14,9%-ға жоғарлады. Сонымен қатар, емдеумен қамтудың арқасында өлім салдарының деңгейі азайып, пациенттердің тіршілікке деген құлшынысы көбейді. Олардың арасында 600 пациент хирургиялық тұрғыда, 3549 пациент химиотерапевтік тұрғыда, 200 пациент сәулелік терапия алу ретінде емделіп шықты.
Алматы қаласында үш айдың ішінде бастапқы қатерлі аурушаңдықпен 1092 пациент есепке алынды. Онкологиялық скрининг жүргізу кезінде аурушаңдықтың ерте сатысындағы 46 қатерлі ауру өскіні анықталды. Онкологиялық орталығының бас дәрігері Нұрсұлтан Ізмағамбетовтың айтуы бойынша, аурушаңдық құрылымы бойынша 1-орында сүт безінің қатерлі ісігі (15,8%), 2-орында колоректалды қатерлі ісік (9,6%), 3-орында өкпе ісігі (7,7%). Жылдың басынан бері Орталықта 207 халықаралық телепатология жүйесі арқылы биоүлгі бойынша телекеңес, 220 молекулярлық-генетикалық зерттеу, 741 КТ және МРТ диагностикалық зерттеуі жүргізілді. Мамандар халықты жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады.
«Скринингті өткізу ерте сатыдағы симптомсыз қатерлі ісікті анықтаудағы тиімді әдіс болып табылады. Пациентті емдеуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым оның толығымен сауығу мүмкіндігі артады»- дейді Нұрсұлтан Ізмағамбетов.
Скринингтік тексерістен өтудің нәтижесінде соңғы 3 жылдың ішінде сүт безінің қатерлі ісігі бойынша 200 жағдай, жатыр мойнының қатерлі ісігінің 40 жағдайы және 50-ден астам тік және тоқ ішектің қатерлі ісігі анықталды. Сонда да, барлық жоғарыда аталып өткен анықталған қатерлі ісіктің 90% мөлшері аурудың 1-2 сатысында, яғни оны тиімді әрі толығымен емделуіне әкелуі өте қуанышты.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз