Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жаңа кәсіпкерлерге долларлық миллиардерлерден 5 кеңес

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
10 августа, 2021
Жаңа кәсіпкерлерге долларлық миллиардерлерден 5 кеңес

Жеке бизнес – бұл қорқыныш пен белгісіздікке толы саяхат. Әр қадам салмақты және жоспарлы болуы керек. Тәуекел мен сәттілік тек ауыр жұмыстың нәтижесі. Qazaqpress табысқа жету жолындағы табысты кәсіпкерлердің кеңестер жиынтығын ұсынады.

Байланысты

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады

TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды

Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

500 жыл өмір сүретіндей кейіп танытпаңыз.

Билл Гейтс, Microsoft негізін қалаушылардың бірі және әлемдегі ең бай адам.

Бос жүрген әрбір секунд – бұл жіберіп алған мүмкіндік. Дайындал, көзде, ат! – демекші, өкінішке қарай, көптеген кәсіпкерлер бұл фразаның үшінші бұйрығына жете алмай жүр. Мұқият жоспарлау, стратегия құру және ресурстарды іздеуден бөлек, осының бәрін жүзеге асыру да маңызды. Нарық үнемі дайын емес және қолайлы сәт келмегендей көрінгенде, бір орында тапталып, қалып қою да ықтимал. Бірақ жұмыртқа жармай ас болмайды, сондықтан қайта құлап, қайта тұрып, қателіктерінен үйренген адам ғана бәсекелестеріне шаң бастырмайды. Әркім қателеседі, бірақ қатені түзетуге болады. Қолдан келмейтін нәрсе – жоғалған уақытты ғана қайтару.

Егер адамдарға өз жетістіктеріңіз туралы айтпасаңыз, олар туралы ешкім білмеуі де мүмкін.

Дональд Трамп, АҚШ-тың бұрыңғы президенті және әлемдегі ең танымал кәсіпкерлердің бірі.

Өз өніміне не қызметіне ғашық болу – кәсіпкерлердің жиі кездесетін қателігі. Олар бағдарламалауға, өнімді әзірлеуге, әдемі кеңсеге ақшасын аямайды, алайда маркетинг жайлы ұмытып кетеді. Сан-алуан дүниемен қаныққан әлемде өнім өз-өзін сатады деп топшылау ақымақтық. Сіздің бизнесіңіз қаншалықты керемет болса да, егер ол ешкімді қызықтырмаса, мәнісі жоғалады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ешқашан жарнамаға, қауіпсіздікке және сақтандыруға қаражат аямаңыз, сол кезде бизнесіңіз көтеріле бастайды.

Джон Дэвисон Рокфеллер, өз заманының ірі мұнай компаниясының негізін қалаушы, әлемдегі бірінші долларлық миллиардер.

Бюджетті үнемдеуге болмайтын тағы бір маңызды аспект – қауіпсіздік. Егер сіз кез келген стартапты графикалық түрде елестетсеңіз, өрлеу мен құлаудың қисық сызығына ұқсас. Өкінішке қарай, құламай жүру мүмкін емес, бірақ көбінесе қателіктер дамудың серпініне айналады. Жалғыз шара тек сенімді компаниямен бизнесті сақтандыру арқылы құлдырауды азайту. Кәсіпкерлерге тұрақтылық пен төлем қабілеттілігіне кепілдік берілген және бизнестің әр түрлі бағыттары бойынша сақтандыру өнімдерін ұсынатын «Номад Иншуранс» компаниясын мысалға келтірсек те болады.

Сіз бәсекеден тек үйреніңіз. Көшірсеңіз, өлесіз.

Джек Ма, 51,5 миллиард долларлық Alibaba Group негізін қалаушы.

Кейбір кәсіпқой кәсіпкерлер табысқа жету үшін көп жылдар бойы ізденістер мен тәжірибелер өткізген бәсекелестеріне еліктеуге тырысады. Басқа адамдардың қателіктерінен сабақ алу, шабыттану, уақытпен дәлелденген әдістерді қолдану және олардың негізінде жаңа нәрсе ойлап табу – бұл табысты компаниялардың жолы және соқыр көшірмеге қарағанда әлде-қайда тиімдірек. Бәсекелік ортаны мұқият зерттеп, бағалаған абзал және өз статистикаңыздан қорытынды жасаған дұрыс.

Табысқа ұмтылыңыз, бірақ соған лайықты болыңыз. Ешқашан алдамаңыз немесе ұйқыңызды төрт бөліп, ұятыңызға маза бермейтін әрекет жасамаңыз.

Ричард Брэнсон, Virgin Group негізін қалаушысы, Ұлыбританиядағы ең бай адамдардың бірі.

Беделдің түсуі – бизнестің аяқталуымен тең. Бір рет алданған клиент немесе серіктес қайтып келмек түгілі, «жақсы» жарнама да жасап кетеді. Кәсіпкерлік өзеніне кірген кезде, әлеуметтік жауапкершілікті де өз мойныңызға аласыз, сондықтан бизнесті лайықты түрде жүргізіп, «зиян келтірме» қағидасын ұстану аса маңызды.

Tags: бизнескеңесәлем байлары
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Арыс станциясында сары фосфор өрті: Ауа сапасы тексерілді

Келесі жаңалық

Қарағандыда карантинде той жасады деген шенеунік қызметінен босатылды

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады

21 мая, 2026
TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды
Категориясыз

TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды

21 мая, 2026
Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты
Категориясыз

Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

21 мая, 2026
Қазақмыста өмірді сақтайтын 5 минуттық жиналыстар өтті
Категориясыз

Қазақмыста өмірді сақтайтын 5 минуттық жиналыстар өтті

21 мая, 2026
Alatau City Garant алғашқы ұшқышсыз әуе таксиін және Alatau City-ге жеткізуші дрондарды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant алғашқы ұшқышсыз әуе таксиін және Alatau City-ге жеткізуші дрондарды сақтандырды

20 мая, 2026
Қазақмыс Жыланды кенішін дамытып, кеншілердің еңбек жағдайын жақсартып жатыр
Категориясыз

Қазақмыс Жыланды кенішін дамытып, кеншілердің еңбек жағдайын жақсартып жатыр

20 мая, 2026
Келесі жаңалық
Қарағандыда карантинде той жасады деген шенеунік қызметінен босатылды

Қарағандыда карантинде той жасады деген шенеунік қызметінен босатылды

Ақмола облысы «қызыл» аймаққа кірді

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 7235 адам тіркелді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мария Захарова: Ресейліктер қудалауға ұшырап отыр

Мария Захарова: Ресейліктер қудалауға ұшырап отыр

7 марта, 2022
Ерұлан Жамаубаев: Өңірлерде 54 млрд.теңге игерілмеген

Ерұлан Жамаубаев: Өңірлерде 54 млрд.теңге игерілмеген

10 декабря, 2020
POCO X6 Pro смартфонына шолу: бюджеттік санаттағы артықшылық/басымдылық

POCO X6 Pro смартфонына шолу: бюджеттік санаттағы артықшылық/басымдылық

22 февраля, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады
  • TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды
  • Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.