Қазақстанда бір тәулікте 70 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда бір тәулікте 70 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 70 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

21 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 765 адам коронавирус инфекциясынан (–1 595+ және 170 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 625 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.