Жамбыл облысындағы бес баланың қазасына сіріңке немесе оттық себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.
— Мен анасының бес баланы, соның ішінде жеті айлық сәбиді қалдырып, үйден шығуына не себеп болғанын толық білмеймін. Маңызды себептер болған да шығар, бірақ сонда да қайғылы жағдай болды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Ең алдымен, үй көпқабатты екенін және орталық жылыту жүйесіне қосылғанын айта аламыз. Пеш жоқ. Жылу орталықтан келеді, батарея сынды электр аспаптары мен майлы радиаторлар болмаған. Электр сымдарының бұзылуы, аспаптардың тұйықталуы да анықталған жоқ. Бұл төмен калориялық от көзі болуы мүмкін. Бұл балалардың от аспаптарын абайсыз қолдануы, мүмкін сіріңке немесе оттық, — деді министр.
Ведомство басшысы нақты себеп анықталып жатқанын айтты.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз