Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырып алған Франция басшысы Эммануэль Макронға денсаулық тіледі, деп хабарлайды Qazaqpress.
— Президент Эмманюэль Макронға тезірек сауығып, Францияның игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіре отырып, коронавирус індетін еңсереді деп сенемін!, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.
Еске салсақ, Франция президенті Эммануэль Макрон коронавирусты жұқтырып алған. Диагноз алғашқы симптомдар басталған кезде жүргізілген RTPCR тесті негізінде қойылғандығы атап өтілген.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз