Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгінгі сот процесі марқұм Салтанат Нүкенованың ұялы телефонын зерттеуден басталды.
Прокурор WhatsApp желісіндегі С.Нүкенова мен Қ.Бишімбаевтың хат алмасу мәтінін жариялады. Оның ішінде аудио жазбалар да бар.
Бишімбаев марқұм Салтанаттың ұялы телефонында «Махаббатым» деген атпен сақталған екен.
Жазбалардың біріне тоқталсақ, 2023 жылдың 8 қарашасында Бишімбаев Салтанатқа былай деп жазады:
«Салта, сен маған дезодорантқа тапсырыс бермедің бе? Мен спорт залындамын, енді есіме түсті. Әдеттегідей ұмыттың ба?» — дейді Қ. Бишімбаев.
Оған Салтанат былай жауап береді:
«Тапсырыс бердім, жаным. Қазір әкеледі. Өткен жолы мен курьерге кейінірек тапсырыс бергім келген. Қазір беремін саған. Кешірші, өтінемін. Бүгін мен SMM бойынша тағы біраз жұмыс істедім. Сен әлі жолдасың ба?» — деп С. Нүкенова жауап қатқан.
Фото: скриншот трансляции судебного процесса
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз