Алматыдан 835 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Qazaqpress.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 18 желтоқсанда Алматы уақытымен 9 сағат 53 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 835 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.1.
MPV магнитудасы – 4.5.
Тереңдігі – 160 шақырым.
Дүмпу Алматы қаласында сезілмеді.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз