Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Юрий Померанцевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqpress.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
— Ерекше талантты актер, көрерменнің көзайымы болған тұлға Юрий Борисович қазақ театры мен киносының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол бізге терең мағыналы, шынайы сезімге толы ерекше туындылардың тұтас шоғырын сыйлады. Юрий Померанцевтің өмірі мен шығармашылық жолы — өнерге деген адалдық пен риясыз қызметтің, патриотизмнің, парасаттылық пен жомарттықтың үлгісі. Юрий Борисович халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген тұлға. Ол жас ұрпақтың дана тәлімгері болды, — делінген жеделхатта.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз