Қостанай әкімі ауысты

Қостанай әкімі ауысты

Қостанайға жаңа әкім келді, деп хабарлайды Qazaqpress Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қостанай қаласы мәслихатының депутаттарының келісімімен және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің бұйрығымен Марат Күнісбайұлы Жүндібаев Қостанай әкімі болып тағайындалды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қайрат Жұмашұлы Ахметов өз еркімен қызметінен босатылды.

Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған қызметі үшін алғыс айтты.