Отандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева Түркия еліндегі алапат өрт оқиғасына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі Instagram парақшасында жазба жариялап, көпшілікті дұғада болуға шақырды. Оның сөзінше, өрттің бірден бірнеше жерде тұтануы тегін емес.
— Түрік ағайындарымызға Алланың Өзі жәрдем берсін. Апат айтып келмейді. Десек те, бірнеше жерде өрттің бір мезгілде тұтануы тегін емес сияқты. Желіде от қойып жатқан күдіктілердің видеолары таралуда. Қаншама адамның, жан-жануардың обалын мойынға арқалап кетуден сақтасын Алла. Алайда, Алла бәрін көріп тұр! Пейіліміз тарылмасын. Не тапсақ та пейілімізден, ниетімізден табатынымызды ұмытпайық! Тілсіз жауды ауыздықтап, қалыпты тіршілік қайта оралсын инша Аллаһ. Жер бетін жамандық жайласа, Алла апаттар жібереді. Алладан кешірім және дұға тілейік. Жүніс ғ.с. киттің ішінен алып шыққан — дұға! Бізді де кез келген қиындықтан алып шығар ең күшті қару – ол дұға – деп жазды әнші.
Айта кетелік, Алтынай Жорабаева жақында Түркияның Алания қаласынан өзіне үй сатып алған болатын. Шетелден баспаналы болып, оны барынша насихаттаған эстрада жұлдызы кейін өнердегі әріптестеріне жақпай қалды. Балғынбек Имаш желіде Жорабаеваны сынға алған еді.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз