UFC ұйымының екі салмақ бойынша бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке оралып, жеңіл салмақта өнер көрсететінін айтты.
Ирландиялық спортшы тексеруден өтіп, сегізбұрышқа қайта оралатынын жариялады.
«McGregor FAST зертханасынан келдім. Денемді толық тексерді, нәтижелері де шықты. Жеңіл салмақ, күт мені», — деп жазды Конор Twitter желісіндегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, Макгрегор маусым айында үлкен спорттан кететінін айтқан болатын.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз