Конор Макгрегор UFC-ге қайта оралғанын мәлімдеді

Конор Макгрегор UFC-ге қайта оралғанын мәлімдеді

UFC ұйымының екі салмақ бойынша бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке оралып, жеңіл салмақта өнер көрсететінін айтты.

Ирландиялық спортшы тексеруден өтіп, сегізбұрышқа қайта оралатынын жариялады.

«McGregor FAST зертханасынан келдім. Денемді толық тексерді, нәтижелері де шықты. Жеңіл салмақ, күт мені», — деп жазды Конор Twitter желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Макгрегор маусым айында үлкен спорттан кететінін айтқан болатын.