Шағын футбол әуесқойлары үшін бірегей оқиға 27 сәуірде Алматы қаласында өтеді. Parimatch беттинг компаниясы өзінің бренд амбассодоры, қазақстандық шағын футбол жұлдызы Арнольд Кнаубпен бірлесіп ашық жаттығу мен мастер-класс ұйымдастырады.
Ашық жаттығу Қаныш Сәтпаев көшесі, 29/3 мекенжайында орналасқан «Қайрат» стадионының (шағын алаң) аумағында өткізіледі.
«Бірінші кезекте іс-шара мүмкіндігінше көп жастарды спортқа, нақтырақ айтқанда футболға баулу, олармен кәсіби спортшының тәжірибесімен бөлісу мақсатында ұйымдастырылады. Спорт ұлт пен біздің барлық жастарымыздың денсаулығын нығайтады,ол спорттағы ең маңызды нәрсе», — депкәсіби спортшы Арнольд Кнауб өз ойымен бөлісті.
Қатысушыларды белсенді жаттығулар, мастер класс және қатысушылар командалары арасында жалпы жүлде қоры 300 000 теңге құрайтын қорытынды турнир күтеді!
Қатысуға алғашқы болып 40 тіркелген адамдарды Parimatch-тан жағымды тосын сый күтеді.
Іс-шараға қатысу мен кіру толығымен тегін, оған қоса кез келген адам үшін қол жетімді. Қатысу үшін өзіңізбен бірге ауыстырылатын спорттық киім мен аяқ киім болуы тиіс.
«Мұндай ивенттерді жиі өткіземіз. Биыл мұндай іс-шаралар көп болады, өйткені біз амбассадорларымызбен белсенді жұмыс істейміз, олардың саны артып келеді, бұл бізді қатты қуантады. Арнольд Кнаубтың белсенді өмірлік ұстанымы бар және бұл турнирді өткізу бастамасы оған тиесілі. Біз бұл идеяны толығымен қолдадық, өйткені біз оның мүдделеріне ортақпыз, оны қоғамымыздың денсаулығына қосқан үлесіміз деп білеміз. Беттинг әрқашан спортты дамытуды мақсат еткен, біз оның жарқын өкілдері ретінде жылдан жылға осы ұстаныммен келеміз», — деп Parimatch Kazakhstan коммуникациялар бөлімінің басшысы Мария Богородская пікірімен бөлісті.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз