Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Білім

Аймағамбетов бұдан былай мектеп директорлары қалай тағайындалатынын айтты

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
25 августа, 2021
Аймағамбетов бұдан былай мектеп директорлары қалай тағайындалатынын айтты
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр

Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог

«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады

Ведомство басшысының сөзінше, директорлар конкурс арқылы 5 жылға тағайындалады.

— Біріншіден, енді мектеп директорының міндетін атқарушысы болып үш айдан аспайтын және бір реттен артық емес мерзімде ғана істеуге болады. Осы кезеңде конкурс өткізіліп, жаңа басшы тағайындалуы керек.

Ережеде белгіленгендей, мектеп директорының бос немесе уақытша бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру бос орын пайда болғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде білім басқармасының ресми сайтында және аккаунтында орналастырылуы керек.

Осылайша, бос немесе уақытша бос директор лауазымына конкурс жарияламай ақ, жылдар бойы директордың міндетін атқарушысы болып жұмыс істеп жүре беруге енді жол берілмейді – деп жазды министр Facebook парақшасында.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда елімізде мектеп басшысы лауазымына 700-ден астам бос жұмыс орындарында директордың міндетін атқарушы адамдар жұмыс істейді.

— Екіншіден, ережеде директордың уақытша бос лауазымына (бала күтіміне байланысты демалыс, оқу және т.б.) тағайындау регламенттелетін болады. Мұндай жағдайларда да ұйым басшысы тікелей тағайындау емес, конкурс арқылы анықталатын болады.

Үшіншіден, енді директор лауазымына конкурсты аудандық білім бөлімдері емес, облыстық білім басқармалары өткізетін болады. Яғни, конкурстық рәсімдерді ұйымдастырады және директорларды анықтайды. Содан кейін директордың кандидатурасы бойынша құжаттар еңбек шартын жасасу үшін білім бөліміне жіберіледі. 5 жылға тағайындалады – деді министр.

Байқаудың өзі бірнеше кезеңнен тұрады:

  • кандидаттардың директор лауазымына құжаттарды тапсыру;
  • білім басқармасындағы кадр қызметі кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру;
  • үміткерлерге арналған электрондық тестілеу (басқарушылық құзыреттер, педагогика, психология, ҚР Заңнамасы бойынша емтихан);
  • емтиханды сәтті тапсырса, оқу орнының Қамқоршылық кеңесінің алдында мектептің даму жоспарын қорғау;
  • Білім басқармасындағы әңгімелесу (Қамқоршылық кеңесінің алдында мектептің даму жоспарын сәтті қорғап шыққан үміткерлер жіберіледі).

Айта кетелік, Қамқоршылық кеңесінің құрамына ата-аналар, педагогика саласының еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Білім бөлімі барлық кезеңнен өткен үміткермен тиісті еңбек шартын жасап, оны директор етіп тағайындау туралы бұйрық шығарады. Сонымен қатар Аймағамбетов болашақ директорларға қойылатын біліктілік талаптары туралы айтты.

  1. Біріншіден, болашақ директорлар міндетті түрде менеджмент курстарынан өтіп, тиісті сертификаттары болуы керек.
  2. Екіншіден, директор лауазымына басшы ретінде жұмыс өтілі бар кәсіби мұғалімдер тағайындалуы мүмкін, ал жалпы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы қажет.
  3. Үшіншіден, үміткер тағайындалғанға дейін соңғы екі жыл білім беру саласында жұмыс істеуі тиіс.
  4. Төртіншіден, тағы бір жаңашылдық — кадр резервін құру. Алғашқы екі кезеңнен сәтті өткен, бірақ білім басқармасында әңгімелесуден өтпеген үміткерлер бір жылға резервке алынуы мүмкін. Бұл үміткерлерге мектептің Қамқоршылық кеңесімен келісе отырып, бір жыл ішінде директор лауазымына тағайындалу құқығын береді.
  5. Бесіншіден, биылдан бастап директорларды ротациялау институты енгізілетін болады.

— Директорларды тағайындау рәсімдері мен оларды материалдық қолдау жөніндегі осы өзгерістің барлығы директор лауазымына лайықты, барынша даярланған кандидаттарды таңдауға және білім беру ұйымдары басшыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Сайып келгенде, бұл – білім беру сапасына әсер етеді – деп қорытындылады министр.

Tags: Білім және Ғылым министрлігідиректорконкурстағайындау
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Министр Балаева «Хабар 24» журналисін әкімдіктен шығарып жібергендерге қатысты пікір білдірді

Келесі жаңалық

ПЛАС медиахолдингі «Финтех без границ. Цифровая Евразия» 2-ші Халықаралық ПЛАС-Форумын өткізеді

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр
Білім

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр

8 апреля, 2026
Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог
Білім

Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог

6 октября, 2025
«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады
Білім

«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады

23 сентября, 2025
«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті
Білім

«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті

3 июля, 2025
Алматыдағы UIB университетінде вебтундар жасауға арналған дәрістер мен воркшоптар өтуде
Білім

Алматыдағы UIB университетінде вебтундар жасауға арналған дәрістер мен воркшоптар өтуде

29 мая, 2025
SDU University-де жасанды интеллект зерттеулеріне арналған жаңа блок ашылды
Білім

SDU University-де жасанды интеллект зерттеулеріне арналған жаңа блок ашылды

28 марта, 2025
Келесі жаңалық
ПЛАС медиахолдингі «Финтех без границ. Цифровая Евразия» 2-ші Халықаралық ПЛАС-Форумын өткізеді

ПЛАС медиахолдингі «Финтех без границ. Цифровая Евразия» 2-ші Халықаралық ПЛАС-Форумын өткізеді

Ескелділік ағайын 100 пайыз екпе алды

Ескелділік ағайын 100 пайыз екпе алды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Түркістанда жаңадан салынған көп қабатты үй өртенді

Түркістанда жаңадан салынған көп қабатты үй өртенді

15 января, 2024
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

15 мая, 2021
Қазақстанда 17 полицей коронавирустан қайтыс болған

Қазақстанда 17 полицей коронавирустан қайтыс болған

1 июля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады
  • TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды
  • Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.