Бибісара Асаубаева Мәскеуде жеңіс тұғырынан көрінді
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде әйелдер арасында чемпион болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2 300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады. Сонымен қатар 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті.
Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы биыл қатысушылар саны 500-ден асты.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Таразда дүниеге келген. Ол – әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық спорт шебері (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021) – шахмат тарихындағы ең жас шахматшы. Рапид бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021). Азия Чемпионы (2021).
Фото: worldrapidandblitz2022.fide.com