Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақ дәрежесінде IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды.
Отандасымыз желтоқсанның 18-і, АҚШ-тың Флорида штатында польшалық Камил Шереметамен күш сынасады. Айта кетер жайт, Головкиннің қарсыласы кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген.
Геннадий өзінің соңғы кездесуін былтыр украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізген болатын.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз