Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақ дәрежесінде IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды.
Отандасымыз желтоқсанның 18-і, АҚШ-тың Флорида штатында польшалық Камил Шереметамен күш сынасады. Айта кетер жайт, Головкиннің қарсыласы кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген.
Геннадий өзінің соңғы кездесуін былтыр украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізген болатын.