ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ел азаматтарына АҚШ шекарасына заңсыз түрде кірмеуге кеңес берді, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгінде Айбек Смадияров қазақстандықтар АҚШ аумағына өзге әдіспен өтуге тырысып жатқанын да жоққа шығармайды.
«Ондай жайттер орын алған, иә, олар, әрине, дипломаттарға жүгінді ғой, жалпы ондай адам саны шамамен ондаған шығар, бірақ жүздеген не мыңдаған деп айта алмас едім», – деді ол.
«Егер олар заңсыз шекара асып кетсе, олар өздері жайлы ақпаратын барынша жасырады. Демек, бізде статистика жоқ деген сөз. Біздің сүйікті азаматтарымызда еркін көшіп-қайтып жүру үшін толық құқығы бар. Ыстамбұлға, одан әрі Мексикаға билет сатып алуға болады, егер оралмасаңыз және айтпай кетсеңіз, біз сіздің қайда ұшқаныңызды іздемейміз», – деп түсіндірді спикер.
Жалпы, ол қазақстандықтарға сол елдің аумағына кіргісі келсе, АҚШ елшілігіне құжаттарын тапсыруға кеңес берді.
«Егер сізде төлқұжат, жарамды виза болса, саяхаттау әлдеқайда оңай болады. Уақытыңызды, денсаулығыңызды, жеке қаржыңызды, бастысы, жүйкеңізді үнемдейсіз. Бірақ, заңды айналып өтіп кіруге тырыссаңыз, тек өзіңізге қиындық тудырасыз…», – деп түйіндеді Айбек Смадияров.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз