Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Экономика

Kaspi Касса – қазақстандық кәсіпкерлерге арналған тегін сервис

admin by admin
23 января, 2023
Kaspi Касса – қазақстандық кәсіпкерлерге арналған тегін сервис

Мемлекеттік кірістер комитеті мен Kaspi.kz салық органдарының екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимылы аясында қазақстандық бизнес үшін пилоттық жобаны іске асыруда. Бұл жоба кәсіпкерлерге бір құрылғыда касса мен төлемдік POS-терминалды тегін алуға мүмкіндік береді.

Байланысты

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу

Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Қаржы министрлігімен және Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, біз жаңа Kaspi Касса бірегей сервисін аштық, оның үш қарапайым артықшылығы бар. Біріншіден, Kaspi Касса – толықтай тегін сервис. Екіншіден, сервисті тікелей Kaspi Pay қосымшасында небәрі 1 минут ішінде онлайн қосуға болады. Үшіншіден, кез келген әдіспен төлеген кезде барлық чектер автоматты түрде жасалады. Өткен жылы біз пилоттық жобаны іске қосып, сүйікті клиенттерімізден көптеген жақсы пікірлер алдық. Биыл біз Kaspi Касса пилоттық жобасын ұлғайтуды жалғастырамыз. Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетіндегі әріптестерімізге бірлесе жұмыс атқарғаны үшін тағы да алғыс білдіремін. Осы жобаның көмегімен біз қазақстандық кәсіпкерлер, әсіресе шағын және орта бизнес компаниялары үшін бизнесті жүргізу жағдайларын бірге жеңілдетіп, жақсарта алатынымызға сенімдімін», — деп пікірін білдірді.

Азамат Панбаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

«Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректерді тегін берудің балама нұсқасы мәселесін пысықтады. Нәтижесінде кәсіпкерлердің шығынын қысқартуға және фискалдық чек беруді оңайлатуға бағытталған екінші деңгейдегі банктермен осы механизмді сынақтан өткізу үшін пилоттық жоба іске қосылды. Бұрын ЖК кассалық құрылғы үшін, оны қосу және қызмет көрсету үшін, сондай-ақ фискалдық деректер операторының қызметі үшін бөлек ақы төлейтін. POS-терминалдардың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы кәсіпкерлер мұндай шығындарды қысқарта алады. Мұның бәрі Комитет жүзеге асыратын сервистік модель тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады».

Асхат Кабдулов, жеке кәсіпкер, LOFT барбершоп:

«Бұрын біз басқа провайдердің онлайн-кассасын қолданатын едік. Алдымен оны ұзақ уақыт қосып, ЭЦҚ парольдерін енгізетінбіз, онда үнемі бір ақаулар болатын. Содан кейін кассир барлық чекті қолмен толтыратын, бұған көп уақыт кететін. Оның үстіне бұл қызмет үшін ақы төлеуге тура келетін. Kaspi Кассаны біз бірнеше секунд ішінде тегін қостық, сондай-ақ оны пайдаланғанымыз үшін ештеңе төлемейміз. Ал клиенттеріміз Kaspi Gold немесе Kaspi QR арқылы төлеген кезде, Kaspi Касса чектерді өзі жасақтап, оларды клиенттерге Kaspi.kz қосымшасына автоматты түрде жібереді. Бұл төлемдерді қабылдау бойынша еңбек шығынымыздың тура 80%-ға қысқарғанын білдіреді!»

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Касымхан Али, жеке кәсіпкер, оқытушы:

«Маған тегін кассаны әп-сәтте қосуға болатынын, енді чектерді қолмен толтырудың қажеті жоқ екенін айтқан кезде, мен сенбедім. Мұның шындық екеніне сені мүмкін емес! Мен бірден бухгалтерімізге, Kaspi.kz-ке, салық органына телефон соқтым. Бұл рас болып шықты! Қостық, қолданып жүрміз, өте ыңғайлы. Kaspi Кассамен барлық төлемдерді автоматтандырдық, бұл расымен де қуантады!»

Kaspi Касса – бұл Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы тегін сервис, ол Kaspi POS, басқа банктің POS-терминалы арқылы және қолма-қол ақшамен төлем қабылдағаннан кейін фискалдық чектерді қалыптастырады. Сервисті 1 минут ішінде онлайн қосуға болады. Жаңа Kaspi Касса сервисінің көмегімен QR арқылы, қолма-қол ақшамен, картамен немесе қашықтан ақы қабылдауға болады. Ақшалай есеп айырысудың барлық түрлері бойынша онлайн-чектер автоматты түрде қалыптастырылады және Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіледі және мұның бәрі тегін. Кәсіпкерлер үшін бұл жұмысты жеңілдетеді және шығындарын үнемдейді. Мемлекеттік кірістер комитетіне «көлеңкелі» экономикамен күресуге және бюджет кірісін арттыруға көмектеседі.

Пилоттық жобаның алғашқы кезеңінде Kaspi Кассаны «Қызметтер» санатында жұмыс істейтін кәсіпкерлер қоса алады. Жақын арада тауарлар номенклатурасын қоса отырып, Kaspi Касса барлық кәсіпкерлер үшін қолжетімді болады. Сервис туралы толығырақ Kaspi Гидтен қараңыз.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

СІМ қазақстандықтарға АҚШ-қа заңсыз кіруге тырысудың қажеті жоқ дейді

Келесі жаңалық

Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден озды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті
Бизнес

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

24 июня, 2025
2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу
Басты

2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу

11 июня, 2025
Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті
Бизнес

Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті

29 мая, 2025
Энергетикалық сусындарға акциз енгізу: бизнес неге қарсы және бұл шешім Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?
Бизнес

Энергетикалық сусындарға акциз енгізу: бизнес неге қарсы және бұл шешім Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?

22 апреля, 2025
Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
Басты

Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

17 апреля, 2025
inDrive қызметі жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жүргізушілер үшін салық агенті міндетін атқарады
Экономика

inDrive қызметі жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жүргізушілер үшін салық агенті міндетін атқарады

7 апреля, 2025
Келесі жаңалық
Танымал композитор Арман Дүйсенов  өмірден озды

Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден озды

Бір күнде қанша адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда коронавирустан тағы бір өлім тіркелді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Желіде Сабина Алтынбекованың тойында түсірілген видео жарияланды

Желіде Сабина Алтынбекованың тойында түсірілген видео жарияланды

28 декабря, 2020
Елімізде бір тәулікте 5648 адам коронавирус жұқтырған

Кейінгі тәулікте Қазақстанда қанша адамнан COVID-19 анықталды?

26 октября, 2021
Өткен тәулікте коронавируспен 2618 науқас тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 6 358 жағдайы тіркелді

26 августа, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды
  • Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады
  • Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.