Қазақстанда өткен тәулікте 116 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
24 қарашадағы мәлімет бойынша, 817 адам коронавирус инфекциясынан (–666+ және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 122 пациент стационарда, 695 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
— 7 адамның жағдайы ауыр,
— 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
— 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз