«ҚазМұнайГаз» компаниясының ресми сайтының мәліметінше, бүгінгі таңда алаяқтар арнайы сайт, қосымша және әлеуметтік желілерде парақшалар жасап, сол арқылы жарнама таратып, қазақстандықтарға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына ақша салуды ұсынып жатыр. Сөйтіп алаяқтар мұнай мен газды сатудан жылдам пайда табуға уәде береді, деп хабарлайды Qazaqpress.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ешқандай инвестициялық жобаларға Қазақстан азаматтарының қаражатын тартпайтынын мәлімдейді. Таратылып жатқан жарнама жалған және ақпараттық манипуцияға жатады.
Бейне kmg.kz сайтынан алынды
Үстіне қоса кетелік, Youtube және әлеуметтік желілердегі жарнамада көрсетілген видео-бейне материалдар ресми парақшалар мен интернет кеңістіктен алынған.
Компания Қазақстан азаматтарын қырағы болып, тек ресми ақпарат көздеріне құлақ асуға шақырады.
Компания қызметі туралы ақпарат тек ресми сайтта, сондай-ақ компанияның YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында орналастырылады.
Толығырақ: КазМұнайГаз компаниясының Instagram парақшасынан біліңіздер.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз