Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Қазақстанда өткен тәулікте 369 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында — 74, Алматы қаласында — 31, Шымкент қаласында — 3, Ақмола облысында — 39, Ақтөбе облысында — 3, Алматы облысында — 11, Атырау облысында — 6, Шығыс Қазақстан облысында — 14, Жамбыл облысында — 4, Батыс Қазақстан облысында — 2, Қарағанды облысында — 70, Қостанай облысында — 8, Қызылорда облысында — 3, Маңғыстау облысында — 4, Павлодар облысында — 44, Солтүстік Қазақстан облысында — 50, Түркістан облысында — 3.

Сондай-ақ, Қазақстанда 765 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында — 77, Алматы қаласында — 32, Шымкент қаласында — 0, Ақмола облысында — 65, Ақтөбе облысында — 13, Алматы облысында — 13, Атырау облысында — 14, Шығыс Қазақстан облысында — 17, Жамбыл облысында – 24, Батыс Қазақстан облысында — 43, Қарағанды облысында — 121, Қостанай облысында — 131, Қызылорда облысында — 12, Маңғыстау облысында — 3, Павлодар облысында — 107, Солтүстік Қазақстан облысында — 81, Түркістан облысында — 12. Елімізде барлығы 953 971 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2021 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 907 254 адам, 2-компонентін 8 382 069 адам салдырды.