Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Алматыда коронавирустың мутацияланған штамдары анықталды: Бекшин үндеу жасады

Агзам Текенов by Агзам Текенов
27 марта, 2021
Жандарбек Бекшин Алматының «қызыл» аймаққа кіру себебін түсіндірді

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына маска режимі мен әлеуметтік қашықты сақтап, адам көп жиналатын жерге бармауға шақырды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Байланысты

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады

TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды

Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

Бүгін Алматыда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, вице-министр Ажар Ғиният пен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова бастаған республикалық комиссия мүшелерінің қатысуымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық комиссияның кеңейтілген шұғыл отырысы өтті.

«Жиында биылғы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәселелер талқыланды. Қала стационарлары мен емханаларындағы пациенттер мен персонал ағынының қозғалысын сақтау, халыққа медициналық көмек көрсету, инфекциялық бақылау талабының сақталуы тұрғысынан бірқатар медициналық ұйымдардың жұмысы тексерілді. Сондай-ақ, қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің қатысуымен жедел штаб өткізілді»,- дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол республикалық комиссия мүшелері қалада эпидемияға қарсы қабылданған шараларды мақұлдағанын жеткізді.

«Алматыда жүзеге асырылған жұмыс алгоритмін, бұрын бекітілген аймақтарға бөлу жоспарларын іске асыруды және инфекциялық қауіпсіздікті сақтауды, сондай-ақ үйдегі стационарлардағы адамдарға медициналық бақылау жүргізу үшін Телемедицина орталығын пайдалану қажеттігін ескере отырып, соматикалық медициналық ұйымдарды ковидтік бағдарға ауыстыру схемасын қолдады. Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар бойынша бірқатар тапсырма берілді», — дейді ол.

Алматы «қызыл» аймақта тұр. Биыл мегаполисте КВИ-ді жұқтырған 12 800 адам тіркелді. Мутацияға түскен штамның барын ескере отырып, індетті жұқтырудың жоғарғы деңгейі сақталуда.

Өзгерістер байқалған аймақтарды геномдық ретке келтіру нәтижелері белгілі болды – коронавирус «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамдарына тән мутациялар анықталды.

Жаңа штамдардың контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штамдардың жұқтыру көрсеткіші 70% дейін жоғары. Яғни, бұл инфекция – өте жұқпалы. Міне,осы жағдай мегаполисте анықталған инфекциялардың өршуіне әкелді.

Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Ж.Бекшин қала тұрғындарына үндеу жасады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Құрметті алматылықтар және қала қонақтары. Бүгінде өзіңізді КВИ-ден қорғаудың жалғыз жолы – вакцинация. Сәуір айында біз вакциналардың жаңа дозаларын күтіп отырмыз. Сонымен қатар, Алматыда екі миллион тұрғынның бар екенін, сондай-ақ көші-қонның жоғары деңгейін ескере отырып, қазір жаңа штамдар айналымы аясында баршаңызды ковидке қарсы шараларды күшейтуге шақырамын. Бетперде режимі мен әлеуметтік қашықты сақтап, қоғамдық орындарға бармауға, адам көп жиналатын жерден аулақ болуға шақырамын», — дейді қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Шымкентте және Түркістан облысында «MeeToo» мобильді қосымшасын әзірлеу жобасы басталды

Келесі жаңалық

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады

21 мая, 2026
TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды
Категориясыз

TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды

21 мая, 2026
Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты
Категориясыз

Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

21 мая, 2026
Қазақмыста өмірді сақтайтын 5 минуттық жиналыстар өтті
Категориясыз

Қазақмыста өмірді сақтайтын 5 минуттық жиналыстар өтті

21 мая, 2026
Alatau City Garant алғашқы ұшқышсыз әуе таксиін және Alatau City-ге жеткізуші дрондарды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant алғашқы ұшқышсыз әуе таксиін және Alatau City-ге жеткізуші дрондарды сақтандырды

20 мая, 2026
Қазақмыс Жыланды кенішін дамытып, кеншілердің еңбек жағдайын жақсартып жатыр
Категориясыз

Қазақмыс Жыланды кенішін дамытып, кеншілердің еңбек жағдайын жақсартып жатыр

20 мая, 2026
Келесі жаңалық
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1260 адам жұқтырған

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты

Қазақстанда коронавирустың «ұлыбританиялық» және «оңтүстікафрикалық» мутациясы расталды

Қазақстанда коронавирустың «ұлыбританиялық» және «оңтүстікафрикалық» мутациясы расталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда АЕК пен ең төменгі зейнетақы өседі

Қазақстанда доллар бағамы түсті

9 февраля, 2023
Lynk & Co Қазақстанда: Жаңа 03 және 09 модельдеріне алдын ала тапсырыс қабылдау басталды

Lynk & Co Қазақстанда: Жаңа 03 және 09 модельдеріне алдын ала тапсырыс қабылдау басталды

12 июня, 2025
Теңге нығая бастады

Теңге нығая бастады

3 марта, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады
  • TikTok, Meta, Яндекс және басқалары тікелей эфирде: AMDG конференциясының спикерлері жарияланды
  • Microsoft Work Trend Index 2026: ИИ енгізудің тиімділігі компаниялардың жұмыс тәсілін қалай өзгертетініне байланысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.