Денсаулығының ауыр жағдайына байланысты Болат Назарбаев толықтай туыстарының қарауында. Оның үлкен қызы Гүлмира эксклюзивті сұхбат берді. Ол әкесінің рейдерлік шабуыл жасады деген айыбына, «Алтын Орда» сауда нарығының ахуалына және әкесінің өсиетіне қатысты не білетінін айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Экспресске сілтеме жасап.
Гүлмира ӘБІШЕВА (НАЗАРБАЕВА) – Болат Назарбаевтың үлкен қызы. Ол сот жүйесінде 19 жыл еңбек етті. 2018 жылы Алматы облысы бойынша Қарасай ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы қызметінен бала күтіміне байланысты демалысқа шығып, 2021 жылы әкесінің денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан кеткен.
Қазір Гүлмира Шамалған маңында тұрып, бос уақытын толығымен әкесіне арнайды. Дәрігерлермен араласады, дәрі-дәрмек сатып алады, тіпті шетелде емделу кезінде бірге еріп жүрді.
Гүлмираның айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде Болат Назарбаевтың отбасысы онымен бірге Израильде болған. Онда ол кеңірдекті алып тастауға арналған күрделі операциядан кейін қалпына келіп отырды.
— Қаңтар айында біз Қазақстанда болған жоқпыз. Ол кезде папаның өмірі үшін күрестік. Мұнда не болғанын, қалай болғанын да білген жоқпыз, біз тек әкеме қамқор болдық. Күн сайын дұға еттік.
— Осы жерде болған барлық оқиғадан кейін Қазақстанға қайтудан қорықпадыңыздар ма?
– Бұл біздің Отанымыз, біз неге қорқуымыз керек? Қалай қайтпасқа, осында туылғанбыз. Біз ешкімнен ештеңе тартып алған жоқпыз, ешкімге жамандық жасаған жоқпыз, неге қорқуымыз керек?
– Болат Әбішұлы немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын біледі ме?
– Әрине, ол мұның бәрін түсінеді. Сөйлей алмайды, есте сақтау қабілеті жартылай нашар, бірақ қайткенмен де бәрін түсінеді.
Соңғы кездері БАҚ-та «Алтын Орда» сауда нарығының иесі Болат Назарбаев деген қауесет тарауда. Оған қоса, Елбасы ағасының айналасындағылардың тарапынан рейдерлік әрекеттер туралы ақпарат жиі жариялана бастады. Болат Назарбаевтың қызының айтуынша, 2015 жылы ауырып қалғаннан бері әкесі бизнесті мүлдем тоқтатып, барлық істерін сенімді адамдарға тапсырған.
«Ол барлық істерін маңайындағы сенімді адамдарға тапсырды, ал қазір олар жоқ. Біз барлық жерде рейдерлік іс-әрекеттер туралы оқып, естіп отырмыз, бірақ бұл туралы хабарымыз жоқ. Бұл менің алғашқы ашық сұхбатым. Қазір ол туралы көп өсек пен арандатушылық тарап отыр. Олар оның атын қолдан келгенше қолданып, қаралап жүр», – деп пікірін білдірді Гүлмира.
Қасында жоқ достары турасында айта кетелік. Гүлмираның айтуынша, бұрын Болат Назарбаевтың үйі қонаққа лық толы болатын, ал сырқаттанып қалғалы және белгілі оқиғалардан кейін барлығы Шамалғанға барар жолды әп-сәтте ұмытып кеткен.
«Бізбен бір дастарханда отырып тамақ ішкен, жылдар бойы бізбен бірге тұрған ағайын, әпке-сіңілідеріміздей болған көптеген достар – қазір ондай адамдар өте аз, жоқ десе болады. Тек туыстарымыз, отбасымыз, балаларымыз, немере-шөберелеріміз қалды айналамызда. Бұрын бізге делегация болып топырлап келетін, қазір олай емес. Оның денсаулығына уайымдап, көңілін білуге тек қарулас бауырлары мен сыныптастары келіп тұрады, қалғандары қашып кеткен», – деді Гүлмира.
Гүлмира Назарбаева емделу үшін Қазақстанға оралу шешімін отбасымен ақылдасып қабылдағандарын айтты. Олар Болаттың өз отанында тезірек сауығып кететініне үміт артты.
«Жалпы, мен олардың қылықтарының бәріне көзімді жұмып қойғанмын, шындықты тек Алла Тағала біледі, біз бейбіт өмір сүреміз, ешкім ешқайда қашқан жоқ, БАҚ жаңалықтарына сәйкес біз қашып, барлық үйлерді тастап кеткен жоқпыз. Біз ешқайда барған жоқпыз, туыстарымыздың бәрі осында. Біз тек әкеммен емделуге бардық, болды. Оның өмірі үшін күрестік», – деді Гүлмира.
Болат Назарбаевтың денсаулығы ауыр жағдайда болғанмен, отбасында өсиет туралы сөз жоқ. Қалай болғанда да, үлкен қызы әкесі қабілетті болғанның өзінде оған ешқандай құжат көрсетпегенін айтты. Ал, 2012 жылдан бері Тұңғыш Президенттің ағасы төртінші әйелі Динарамен тұрып жатыр. Олардың екі баласы бар.
Болат Назарбаевтың 36 жастағы әйелі Динара алғаш рет болашақ жарымен қай жерде танысқанын, жас айырмашылығы мен оны отбасында қалай қабылдағаны туралы айтып беруді жөн көрді. Эксклюзивті сұхбатты келесі мақалаларымыздан оқыңыздар.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз